Экономиканыѕ дамуы кґбінесе мемлекеттіѕ ќаржы жїйесініѕ жаєдайына байланысты


Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық қүралдар арасындағы рөлі



жүктеу 1,6 Mb.
бет2/7
Дата26.05.2018
өлшемі1,6 Mb.
#17933
1   2   3   4   5   6   7

1.3. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық қүралдар арасындағы рөлі

Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші жағынан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатьша қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипа-тьша байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі - боліп түратын қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде бо-луы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді қүндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объек-тивтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынас-ты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.

Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің релі ең алдымен осы бюджет (әсірісе шығындары) арқылы үлттық та-быс және жалпы ішкі онімді болу мен қайта белу процестері-мен анықталады. Ол ақша қаражаттарын экономика секторла-ры, іс-әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып, жалпы экономикаға әсер етеді, себебі ол барлық үлттық шаруа-шылықтың бюджеті. Экономиканы реттейтін басқа қаржылық қүралдар арасындағы бюджеттің ролі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді ай-туға болады:


  • бюджет мемлекеттің қолында үлттық табыстын бір бөлегін оңашаландыруға байланысты қайта бөліс қатынастарының ерекше экономикалық формасы және табыстьщ сол бөлігін бүкіл қоғам мен оның әрбір аумақтарыныц мұқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;

  • бюджет арқылы ұлттық табыс немесе сирек - ұлттық байлық экономика салалары, ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қайта бөліс атқарылады;

  • бюджеттік қайта бөліс пропорциялары қаржыньщ басқа буындарына қарағанда кобінесе үлғайтылған қайта өнді-рістің жалпы мүқтаждарымең және қоғам дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында түрған міндеттемелерімен анықталады;

  • бюджеттік қайта бәліс аумағы мемлекеттік қаржы қүрамын-да орталық орынды қалайды, себебі бюджет қаржының басқа буындарымен салыстырғанда бастапқы дәрежеде.

Бюджеттік қатынастың бөлістік сипаты мемлекетке бюджет-тік экономикаға әсер ететін нақты түтқа мен қоғамдық ілгерлік-ке ынта ретінде пайдалануға мүмкіншілік береді - бүл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа қүндық түтқаларымен (баға, несие жәнет.б.) бір типті. Бірақ мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімді құндық бөліс саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бұл оны эко-номиканы басқарудың орталандырылған жалпымемлекеттік құралына - республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады. Бұл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін орталан-дыру негізінде мемлекет қарастырған әлеуметтік-экономикалық дамуды қаржыландыруын қамтиды, екінші жақтан қосымша резервтер айқындау мен сапалық көрсеткіштерді жақсартуға белсенді әсерін тигізеді.

Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады.



Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашылығы - ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл мемлекетке бюджет арқылы бар-лық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталандыра басқа-руға мүмкіншілік береді. Екіншіден, бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланыста.

Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономи-калық, қаржылық және ондірістік көрсеткіштер талданады және анықталады, қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының бай-ланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстары-мен тұжырымды қиыстыруға жетеді.

Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бюджеттік көрсеткіштердің нақты-адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс-әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдала-нуға негіз тудырады. Бюджеттік көрсеткіштер арқылы қоғамдық қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы жүрісі мен шаруа-шылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр түрлі процестерді қадағалауға болады. Бюджет көрсеткіштерін орындау дәрежесі экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп, сондағы жаратымды және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.

Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпымемлекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады. Бұл мемле-кеттің экономикалық және қаржылық саясатып іске асыруға арналған әсершіл құрал Қаржылық бақылау барлық деңгей-дегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау, жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекет-тің активтері мен гранттарын пайдалану және т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бұл бақылау уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық ұйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі бо-лып табылады.



Қаржылық бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің экономикалық категория ретіндегі бақьшау функция-сы табылады. Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясының әрекеті кең шекара мен бәрін қамтушы сипатпен айрықша таны-лу, соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана қоғамдық өнім құнын бюджеттік беліс саламен шектелмей бірталай аумаққа әсерін тигізеді. Сондықтан, қаржьшық бақылауы экономиканың барлық саласындағы іс-әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді. Оның іс-әрекет процесінде бюджеттің атқа-руы, ақша қаражаттарының уақытымен және толық түсуі, оларды тиімді пайдалануы тексеріледі.

Демек, қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъек-тілер мен жалпы мемлекет бойынша барлық ресурстарды пай-далану бақылауын іске асыру болады. Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асы-рып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі тексеріледі.

Қаржылық ресурстарды бюджет арқылы бөлудің қоғамдық өндіріске әсері сандық және сапалық жақтарымен сипатталады.

Сандық жагы бюджет арқылы қайта болінген қаржы ресурстары-ның үйлесімдері мен деңгейі бойынша білінеді. Қаржы ресурстары түсінігі ретінде мемлекет пен шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарының жиынтық қоры болғандықтан, олардың өсуінің негізгі факторы болып жалпы үлттық табыстың үлғаюы табылады. Мемлекеттің қаржы ресурстарының сандық мөлшері жиынтық қаржы баланста көрсетілуі мүмкін. Мұндай балансқа бюджеттік жүйенің барлық ресурстарына қоса Үлттық қор ресурстары мен барлық меншік формадағы шаруашылық субъектілерінің ресурс-тары жатады.

Бюджет арқылы бөлінетін қаржы ресурстардың экономикаға тигізетін әсерінің сапалық сипаты келесілермен сипатталады: біріншіден, мемлекет бюджеттік қаражаттар салымының бағытта-рын пайдаланады; екіншіден, мемлекет осы қаражаттарды экономика дамуьшың қосымша ынта ретінде және оларды жүмылдыру мен елдің экономикалық өсуін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жоғарлатуға жүмсау әдістерін қолданады.

Мемлекеттік бюджет экономикалық ынта ретінде басқа экономикалық ынталардан айыратын белгілі ерекшелігі бар. Бюджет-тің экономикалық ынта ретіндегі рөлі тек қана бюджеттік қатынас-тар үйымдастыру формалары арқылы кәсіпорындарды неғұрлым жоғары экономикалық нәтижеге жетуін қүштарлау емес, оның рөлі ең алдымен бас шаруашылық субъектінің, яғни мемлекеттің мүдделерін іске асырудағы бюджеттің әрекетімен байланысты. Егер қаржы ресурстарды бюджеттік қайта бөліс арқылы ғылыми-техникалық прогресс тездетілсе, қоғам өндірісінің салалық және аумақтық қүрылымы жетілдірілсе, экономикалық өсудің факторлары белсендірілсе, онда бүл арада бюджеттің экономикаға тигізген тек сандық әсері ғана емес, мүнда бюджет барлық қоғам өндірісінің экономикалық рента ретінде сипатталады.



1.4. Бюджеттік жүйе түсінігі жэне экономикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің ма-ңызды қүрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын - бюджетті - қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке түлғалар мен аймақтар арасыңдағы барлығы қаржылық қатынас-тар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен қүқықтық нор-маларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.

2005 жылы қаңтар айының 1 жүлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе қүрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:



  • республикалық бюджеті;

  • облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;

аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері

мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе қүры-лымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен ¥лттық қор қарасты-рылады. Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жыл-ға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республика-лық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республика-лық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республика-лық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергіліқті мемлекет-тік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.

Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мүндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарльгғымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағьшда төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.

Қазақстан Республикасының ¥лттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері қүрайды. Бүл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Бюджеттік жүйе қызмет атқаруыпың негізі келесі қаржылық қатынастары:


  • мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;

  • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюд-жет тарапынан қаржыландыру жөнінде;

  • мемлекеттіц халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;

  • қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы минис-трлігі, Үлттық банк және т.б.);

мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен. Қаржылық қатынастардың барлық бүл формалары мемле-кетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен қүқықтық нормалар негізінде басқарылады.

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасьшда басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген.

Ынтымақтық принцип - бюджеттік жүйенің ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бүл принцип Кеңес Одағының бюджеттік жүйесінде болды. Қазіргі қезеңде жергілікті билік органдарының дербестікке ие болғанына және оларға қаржыльгқ ресурстармен билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық принцип босаңсытылып қалды.

Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шьгғыстар жалпы бірыңғай жүйесі бар екені осы ынтымақтық принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі.

Бюджеттік жүйенің ынтымақтық принципі бірыңғай қүқықтық база, бірыңғай бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу,

бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдала-ну, статистикалық және қаржылық ақпаратқа қажетті бюджет-тік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Бүл принципті қолданған бюджетті қүрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар бюджеттік баптардың болмауына әсерін тигізеді.



Толыгу принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, объективті окәне сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың өзара талаптары мен талаптар қүқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нет-то түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық қаржы операцияларьш көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жүмсалған шығын-дарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді.

Қазіргі кезенде әлемдік тәжірибеде бүл принциптің лайық-тылығы шамалы деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы қүралдарын қалыптасуда орталықтырылған әдіс қолданады, сондықтан 1998 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған.



Шынайшылық принцип деген бюджегтің қабылданған көр-сеткіштерінің республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономи-калық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.

Шынайшылық принцип бюджет атқару жөнінде есеп беруді бүрмалауын болдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджет-тік белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және бюджеттікрезер-втер барлығымен қуаттандырылған негіздегі барлық кіріс көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.

Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пән оны атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат қүралдарьшда жариялауын керек етеді. Бұл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шьіғындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік бе-реді. Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады - ол бюджеттік заңнамалар аумағыңдағы нормативтік-қүқықтық актілер, бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөніңде басқа да ақпа-раттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу.

Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестпік принципі маңында олардың кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қальштасу мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бүл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жүмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізіңде бюджеттік процесті өз еркі іске асыруына қүқық берумен қамтылады.



Бұл принцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жүмсау жөніндегі құқықтарын бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюд-жеттерді атқарған процесте қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке қайтарьш алуы мен жергілікті бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса оларға қосымша шығындар салуы жіберілмейді.

Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буында-рының түсімдер көздері заңмен бекітілу мен бюджет қүралдарын әрбір деңгейдегі билік органдарының заңмен анықталған өкі-леттіктері негізінде пайдалану құқықтары камтиды. Барлық дең-гейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы саясатының қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарасты-ру мен бекіткенде олардьщ тапшылықтарының шекті мөлшері тағайындалуы мүмкін.

Бюджеттік жүйе қашанда болса түрақты әрекетте болуы ке-рек, яғни бюджеттік құрылыста, бюджеттік процесте, бюджеттік процедуралар мен қатынастарда ешқандай дөрекі өзгерістерсіз. Бұл бірізділік принципке негізделеді. Ол принцип мемлекеттік басқару органдары бюджеттік қатынастар аумагындағы бүрын қа-былданған шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді.



Кейбір уақытта мелекетте экономиканың бөлек бір салалары немесе іс-әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті бо-лады. Осыған байланысты ел немесе аймақтардың әлеуметтік-эко-номикалық дамуының басымдылықты бағыттары жасалады. Сон-дықтан, басымдылықтық принциптің түсінігі бюджеттік жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылыкты бағыттарға сәйкес іске асыруды білдіреді.

Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік жүйе әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы көлемінде пайдалана отырып, бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен қарастырылған белгілі бір әсершіл нәтижеге жету қажеттілік та-лаптарға бағынады. Бүл тиімділік және нәтижелік принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оньщ керек екендігі больш бюджеттік құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістік-терді қамтамасыз ету табылады.

Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюд-жеттік заңнамалар талаптарьш орындауы тиіс. Сондықтан бюд-жеттік жүйеде жауаптылық принцип іске асуда, себебі бүл при-нциптің талабы - бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.

Жоғарыда айтылған принциптер негізінде әр мемлекет өз бюджеттік жүйесін жетілдіреді, бірақ біртұтас және федералды мемлекеттердің бюджеттік жүйелерін үйымдастыруда мемле кеттік құрылымына байланысты ерекшеліктер бар. Мемлекеттің федералдық жайластырушылығына үшбуынды бюджеттік жүйе сәйкес. Мүндай жүйенің маңында орталық бюджет (одақтық, федералдық), федерация мүшелерінің бюджеттері (республика, штаттар) және жергілікті бюджеттер кіреді. Біртүтас мемлекеттер-де екібуынды бюджеттік жүйе қолданылады - орталық (республикалық) бюджет жэне жергілікті бюджеттер.

Федералды жайластырушылықты мемлекеттерде бюджеттік жайластырушылық бюджеттік федерализм принциптеріне не-гізделеді. Федерализм басқару әдіс ретінде мемлекеттің барлық мүдделерін оның әрбір белімдерінің мүдделерімен тіркестіреді және аумақтардың өздеріне берілген сауалдарды шешу дербестігін сақтай отырьш, елдің бірлігі мен тұтастығын қамсыз етеді.

Сондықтан, бюджеттік федерализмді федералдық билік пен ұлт-мемлекеттік және әкімші-аумақтық билік арасындағы әрбір деңгейдегі бюджет кірістерін оңтайлы, ғылыми-негізді бөлу мен олардың шығындарын қаржыландыру себебіндегі қатынастар деп анықтауға болады. Бюджеттік федерализм төменде көрсетілгендей негізделеді:


  • федералдық бюджеттің бастаушы рөлін сақтап, аумақтық бюджеттердің дербестігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы мүдделерді тіркестіруге;

  • әрбір буынның бюджеттер құқықтарының теңбе-теңдігі мен үшбуынды бюджеттік жүйе барлығына;

  • аймақтарға қаржылық жәрдем көрсету мен олардьщ да-муын теңестіру мақсатына федералдық бюджеттен бөлінген құралдардың көлемі есебінің мемлекеттің барлық субъек-тілеріне біріккен критерийлерді пайдалану.

Кірістерді федералдық деңгейде орталықтандыру жалпы-мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындау, мемлекет қаржыларьшың тұрақтылығын қамтамасыз ету мен аймақтар арасында қаржы ресурстарьш қайта бөліс үшін өндіріледі. Кірістерді бюджеттер арасында бөлгенге дейін биліктіц әрбір деңгейіне жүктелген өкілеттікке сәйкес олардың шығыстары шектелуі тиіс. Федералды мемлекеттерде жергілікті бюджеттердің кіріс пен шығыстары федерация мүшелерінің бюджеттеріне, ал федерация мүшелері өз кірістері және шығыстарымен федералды бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде жергілікті бюджеттер өз кірістері және шығыстарымен республикалық бюджетке кір-мейді, яғни олар дербесті болады. Жоғары экономикалық және әлеуметтік тиімділікке жету үшін шығыстар неғұрлым жергілікті әкімші-аумақтық бірлікке жақын болуы қажет, себебі сол бірлік мүдделеріне жүмсалатын шығыстар. Мемлекет біртұтас немесе федералды болсьпі олардың бюд-жеттік жүйелерінде бюджеттер әр түрлі деңгейде оңашалану мен дербестігі болуы мүмкін, бірақ та орталық бюджет маңында әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтанды-рылған деңгейге байланысты төменгі түрған бюджеттерге қаты-насты белгілі бір реттеуші рөлі сақталады. Қазақстан Республикасында, екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады - республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер.

2.1. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік катынастар деп атайды. Бүл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мүқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша қүралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану бай-ланысынан түрады.

Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қар-жылық ресурстарды қалыптастыру, бөліс және қайта бөліс про-цестері арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр түрлі деңгейдегі бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар мен бюджеттік жайластырушылық арқылы.

Бюджеттік қүрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байла-нысының үйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайлас-тырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді.

Бюджеттік қүрылым елдің мемлекеттік қүрылымдық фор-масымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді қүрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын қүрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасының бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртүтас формасына сәйкес, мүнда ел-дің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекет-тілік те жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағьшады. Жалпы айтқанда, бюджеттік қүрылым әрекеттегі негізгі қүқықтық актілер және экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады.

Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қа-тынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындағы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шек-теу, бюджет деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды белу әдістерінің бірлестігі табылады.

Бюджетаралық қатынастар белгілі принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде келесі бюдже-таралық принциптер мазмұндалған:


  • төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен арақатынасьшдағы теңбетендік;

  • түсімдердің келесі шектеу критерийлерін есепке ала оты-рып, оларды тиімді бөлу:

а) төмен тұрған бюджеттер маңында тиянақты сипаттары бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;

ә) мемлекеттік мекемелер керсеткен қызметтерге теленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде сол қыз-меттерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;

б)қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғасты-руы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғүрлым дең-гейіне бекітіледі;

в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғүрлым
оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет денгейіне бекітіледі;


г) тиянақты аумақтық салықтық база бойьшша жинайтын са-
лықтар жергілікті бюджеттер маңына бекітіледі.


  • әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік деңгей-лерді қамтамасыз етуді теңестіру;

  • жергілікті атқарушы органдардың мөлшерлес деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік қызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді неғүрлым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететін мемлекеттік органдар маңына бекіту;

  • мемлекеттік қызмет көрсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет сапасын жоғарлату мен оларды алушылардың сүраныстарын жақсы білу үшін қызмет атқаруды бюджеттік жүйенің неғүрлым төменгі деңгейіне беру;

алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет дең-гейінің жауапкершілігі.

Тәжірибеде бюджетаральгқ қатынастарды реттеудің әр түрлі формалары бар. Олар бюджет деңгейінің әр біреуінің салықтық потенциалы, аймақтардың мүқтаждықтарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі бойьшша бюдже-таралық қатынастар реттеудің формалары ортамерзімді фискал-дық саясатқа сәйкес тағайындалады.

Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қа-тынастарды реттеу формалары жөнінде ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетара-лық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі.

Трансферттер механизмі бюджеттік ретгеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қа-лыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сон-дықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.

Жаца Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа қүрылымда қалыптасады. Қүрылымға келесі бөлімдер кіреді:



1. Кірістер:

  • салықтық түсімдер;

  • салықтық емес түсімдер;

  • негізгі капитал сатудың түсімдері;

  • ресми трансферттер түсімдері.

  1. Шығындар;

  2. Операциалық қалдық;

  3. Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;

Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық - қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;

  1. Бюджет тапшылығы (профициті);

  2. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пай-далану) - займдар түсу, займдарды өтеу, бюджет құралдары қал-дығының қозғалысы.

Жоғарыда келтірілген құрылым бойынша бюджеттің бекітуі мен оны атқару жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері маңында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар келтіріледі. Және де ресми трансферттерден басқа кірістерде мақсатты арнаулары болмайды.

Бюджет шығындары маңында қайырылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік құралдар алынады. Олар мемлекеттік меке-мелерінің іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен заңды тұлғаларға субси-диялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми транс-ферттер де жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Үлттық қорға төлейтін төлемдер.



Бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырмасы опе-рациялық қалдық (сальдо) деп аталады. Бұл арада, егерде бюджет шығындары кірістерінен асьш түссе, онда теріс операциялық қал-дық болады, ал кері болса - онда оң операциялық қалдық болады. Теріс операциялық қалдық жіберіледі, егерде бюджет шығындары-на даму бюджеттік бағдарламалар болса, бірақ оның шекті көлемі мемлекеттің ортамерзімді фискалдық саясатпен анықталады.

Қазіргі уақытта ақысыз бюджеттік қаржыландырумен қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайда-ланады. Мұндай несиелер қайтару және өтелу шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен алы-нады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджет-тік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюд-жет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.

Мемлекеттің қаржы активтермен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша қалдық (саль-до) деп аталады. Қаржы активтермен мүліктену маңында занды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қа-тысу үлесі мен құндьг қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оператив-тік немесе шаруашылық басқарудағы заңды тұлғалар мен халықа-ралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын сатудан түскен бюджет кірістері табылады.

Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңьшда бюджет шығында-рының оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егер-де бюджет кірістері оның шығындарынан асьш түссе, онда бюд-жеттік профицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының (профициттің) мөлшері операциялык қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты минустағанға тең.

Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканьщ Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюд-жет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшылығы арқылы анықталады.

Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар құралдарын, бюджет құралдарыньщ бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеуте жұмсау. Оның көлемі займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған займдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.

Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс өз алды мемлекеттік билік-тің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.

Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджет-тік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол Бюд-жеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңна-малы-нормативтік актілермен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:


  • тұтастық - оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюд-жеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;

  • дербестік - оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қайнар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;

  • теңгерушілік - оның маңындағы барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынстарды дұрыс тағайындалуына.

Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюд-жет тұрақтылығы мен аймақтар және іс-әрекет салалары ара-ларындағы ақша қүралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақ-тау қажет - ол мемлекеттің барлық қаржы саясаттының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.

Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметті-экономикалық ортамер-зімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте керсетілген басқа бір маңызды жағдай - ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің функцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрінеді:



  • мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттары-ның әрекеттесуінде;

  • әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;

  • салықты-фискалдық құралдарды жетілдіруде;

  • бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;

  • бюджеттердің кірістері мен шығындарының келемі мен құрылымын тағайындағанда;

  • республикалық бюджет тапшылығының көлемін анық-тағанда;

  • жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;

  • мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын баға-лауда.

Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс-әрекеттің барлық сатыларында келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

  • жеке салықтық пен басқа түсімдер бойынша және әлеу-метті-экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағ-дарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау;

бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайьшдау;

  • ұлттық валюта түрақтылығын қамтамасыз ету мен эконо-микадағы инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық тұрақтылықтың жалпы бағдарламасымен бюд-жетті қиыстыру;

  • экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тап-шылығын қысқарту мен жою;

  • әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатьшда мем-лекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс-әрекет салалары арасында қайта бөлу арқы-лы бюджеттік реттеуді іске асыру;

  • әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметті-экономикалық бағ-дарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату;

  • заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттеме-лерін орындау кезінде олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау.

Бюджеттік процестің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган - ол Экономика және бюджеттік жос-парлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет сая-сатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жол-дауы, ортамерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағым-ды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша-несиелік пен фискалдық саясаттың негізгі бағыттарының негізінде жасалады.

Үсынылған құжаттар ұйғарымды болған кезде Республи-ка Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Рес-публикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюд-жеттерді құрастыру мен атқару Тәртібімен басшылық етеді.

Елдің бюджеттік жайластырушылық пен бюджеттік құқық-тарға негізделген бюджеттік процесс мазмұнымен оның іс-әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс-әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:


  1. Бюджет жобасын құрастыру;

  2. Бюджетті қарау және бекіту;

  3. Бюджетті атқару;

  1. Бюджетті атқару жөнінде есеп беруді құрастыру мен оны бекіту.

Бюджет қалыптастырудың бірінші кезеңінде мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдар өз функцияларын орындауға қажетті ақша құралдарының көлемін анықтау мақ-сатпен әр деңгейдегі бюджеттердің жобасы құрастырылады. Бұл процеске дейін елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттары анықталады, жалпы экономика мен оньщ салалары және аймақтар дамуының болжамдық параметрлері жасалады, қаржы баланстар дайындалады. Бюджетті жасау үшін бастапқы көрсеткіштер ретін-де алдымыздағы жылғы жалпы ішкі өнім көлемі мен оның өсу қарқыны, инфляциалық процестер мен ұлттық валютаның АҚШ долларына қатынасты ортажылдыд курсы сияқты макроэкономи-калық көрсеткіштер пайдаланады.

Бюджет жобасы атқарушы биліктің органдарымен жасалады, яғни республикалық бюджетті - бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган, ал жергілікті бюджеттерді - тиісті жер-гілікті органдар. Бюджет құрастыру барысында - ол елдің эко-номикасына әсері, қаржы ресурстардың әлеуметті-экономика-лық бағдарламалармен келістілігін қамтамасыз ету, бюджеттік құралдар бөлудің қажетті пропорциялары мен басымдылықта-рын және бюджет тапшылығын өтеу қайнар көздерін белгілеу сияқты сауалдар шешіледі. Бюджет жобасын жасауда мемлекеттің әлеуметті-экономикалық саясатының бірізділік және ауыспалы-лық принциптері міндетті түрде сақталуы тиіс.

Бюджет жобаларын құрастыру толығымен Республика Үкі-меті мен жергілікті биліктің тиісті атқарушы оргаңдарына жүк-телгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасау-дың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті қүжаттармен жүмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.

Келесі кезенде жоғары және жергілікті атқарушы органдар-мен (Үкімет және тиісті әкімшілік) мақұлданған бюджет жобасы қарастыру мен бекітуге өкіддік органдарға (Парламент және тиісті маслихат) келіп түседі. Мұнда бюджет жобасы арнайы комитет-тер мен комиссияларда қаралады, яғни бюджет баптары анықтап талданады, нәтижәсінде тұжырым беріледі. Содан кейін бюджет жобасы Парламент палаталарында - Мәжіліс пен Сенатқа бюджет талқылауға түседі. Республикалық бюджет Парламент палаталары-ның бірге отырысында, ал жергілікті бюджеттер маслихаттар оты-рысында бекітіледі. Бюджеттік процестің осы кезеңінде алдыңғы қаржы жылғы республикалық бюджет жөнінде заң қабылданады.

Бюджетті атқару кезеңі бекітілген қаржы бәлуге сәйкес бекітілген кірістер алу мен шығыстарды іске асыру және бюджет тапшылығын қаражаттандыру мен профицитті пайдалану жасала-ды. Бұл кезең қаржы немесе бюджет деп аталатын күнтізбелі жыл бойы созылады. Бюджеттерді атқаруды Үкімет пен тиісті жергілік-ті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Осы әрекетте олар келесі принциптерді қолданады:



  • уақтылы принципі, яғни бюджет түсімдерін бекітілген мер-зімде есепке қосу мен бюджет құралдарын уақытында пай-далануды талап ету;

  • бюджет құралдарын арнаулы пайдалану принципі, яғни бюджеттен бөлінген ақша құралдарын оларды іске асыруын реттейтін нормативті-құқықтық актілер мен бюджеттік бағ-дармалар паспорттарына сәйкес арнауда қатаң пайдалану-ды талап ету;

  • бюджетті бірқалыпты атқару принципі, яғни бюджеттік жыл соңында төлемдер көлемінің қорландыруын жібер-меу үшін жыл бойы бюджет құралдарын анықтап бөлуді талап ету;

  • кассаның бірлестік принципі, яғни түсімдерді есепке алу мен шығындарды қаржыландыру бойынша жүргізілетін барлық қаржы операцияларды Үлттық валюта арқылы біріккен қа-зыналық есеп шотпен іске асыруды талап етеді.

Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін бюджет про-цесінің ақырғы кезеңі - ол бюджет атқару жөніндегі арнайы орган-дардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар - ол республи-калық бюджетті атқару жөніндегі орталық окілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.

Бюджет жүйесінің қызмет етуі заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдарының бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.

Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері бойынша анық-тама берілген, кірістер мен шығындардың атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған. Мұнда тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Үлттық қордың қалып-тасу тәртібі, қайнар квздері мен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған.

Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік органдар қүрылымына ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Респуб-ликалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, ҚР Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді. Бюджеттік кодекс бойынша Қазақстан Республикасы Прези-дентінің бюджеттік қатынастарды реттеу аумағьшдағы уәкіддігі республикалық бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау, Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі Ережені, оның құрамьш анықтау, бекіту, еддің бюджет-тік саясатының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.

Бюджеттік кодекске сәйкес елдің заңнамалық органы - Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық бюджеті және оған енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту, Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді атқарады.

Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыр-тқы бақылау жүргізуінің тәртібін тағайындау мен оны іске асыру, мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын жасау, қабылданған шешімдерді атқаруына мониторинг жүргізу және заңнамалы-нор-мативтік актілерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді.

Бюджеттік кодекске сәйкес ҚР Үкіметінің бюджеттік қатына-стар аумағындағы құзыретіне келесі қызметтер кіреді:


  • әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдістерін анықтау;

  • бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ететін әр түрлі процедуралар тағайындау мен бекіту;

  • республикалық бюджет пен оны атқару жөніндегі есепті ҚР Парламентіне ұсынылу;

  • ҚР Ұлттық банкімен бірге ҚР Үлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану женінде жылдық есеп беру.

Бюджеттік кодексте бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, ішкі бақылау жоніндегі орталық окілетті органдар және облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана мен аудандардың қүқықтары бекітілген.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік басқару аумағьшдағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті екілдік пен атқарушы органдардың уәкілділігі, үйымдастыруы мен іс- әрекет тәртібін анықтайды. Осы Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы - ол тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс-әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан қүрайды.

Жергілікті өкіддік орган - ол жергілікті түрғындармен сай-ланушы, олардың жігерлерін әлпеттейтін және оны іске асыру мен бақылау үшін заңнамалар негізінде шаралар анықтап, қол-данатын сайламалы орган - Мәслихат. Мәслихаттың уәкілдігіне тиісті аумақтардың жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарларын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару бойынша сыртқы бақылау жүргізу мен сол жөніндегі есеп беруді қарастыру жасайтын өзінің ревизиялық комиссиясын сайлайды.

Жергілікті атқарушы органдар - әкімгершіліктер заңнамаларға сәйкес тиісті аумақтар бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюджеттер жасап, мас-лихаттарға бекітуге үсынады және олардың атқаруын қамтамасыз етіп, сол жөнінде есеп беруді қалыптастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалык және қаржылық негізін келесілер құрады:


  • жергілікті бюджет;

  • заңды тұлғалар маңында бекітілген коммуналдық мүлік;

  • заңнамаларға сәйкес бекітілген басқа да коммунаддық мүлік.

«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты ҚР заңын-да бюджетің кірістері мен шығындарын қалыптастыру және рет-теу жөніндегі арнайы ережелері де анықталады. Мемлекет және оның аумақтық белімдерінің бюджетті-қүқықтық мәртебесі негізі - ол осы қүқықты іске асыруға пайдаланатын кең таралған бюд-жеттік уәкіліктікті құрайтын дербестік бюджет жөніндегі құқық. Биліктің әрбір деңгейіндегі уәкіліктікте өз ерекшеліктері бар, бірақ бюджеті қалыптастыру, оны атқару және бөлінген бюджеттік ақша беруді пайдалануын бақылау процестері биліктің атқарушы органдарының уәкіліктігінде болады.


жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау