«2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
ақпарат
Өнеркәсіп
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 91,5 млрд. теңге сомаға немесе ұқсас кезеңге 136,6 % өнім өндірілді. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айына жоспар-тапсырма 35,0 % орындалды.
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына өңдеуші құрылымда ең көп үлес алатын өнеркәсіп көлемі (86,3 %), 79005,8 млн. теңгеге өнім өнідірілді бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңінен 40,0 % көп.
2011 жылы индустриализация картасына енген жобалардың іске асуы жалғастырылды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Өскемен арматура зауыты» АҚ мұнай газ жабдығы өндірісі көлемын арттыруға мүмкіндік беретін «Өндірістік қуаттарды жаңғырту, өндірістік қуаттарды кеңейту» жобасы іске асырылады, бұл мұнай газ жабдық өндірісін ұлғайту мен жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Мамыр айында жылына 70 мың тонна катод мырышын және 10 мың тонна қара қорғасын шығаруға мүмкіндік беретін, яғни мырыш шығару облысында шикізаттық бағыттан кетуге және үздік әлемдік стандартқа сәйкес жоғары қосымша құн өнімін алуға мүмкіндік беретін «Казцинк» ЖШС «Мыс балқыту және электролиз зауыты» жобасы жобалық қуатқа шығуы жоспарлануда. 689 жұмыс орыны құрылатын болады.
«АЗИЯ АВТО» АҚ «ШҚО және Өскемен қаласында автокомпоненттер өндірісі бойынша толық циклды және технологиялық парк авто зауытының құрылысы» - «Жылына 60 мың жеңіл автокөлікке дейін жинау қуаттылығын ұйымдастыру» жобаларының 1 кезеңын жүзеге асыру жалғастырылуда.
2010 жыл экономикалық дағдарыстан кейінгі тез көтерілген жыл болып белгіленді: таза кіріс 2009 жылғы шығынмен салыстырғанда бірнеше рет артты және 361,4 млн. теңгені құрады.
2011 наурыз айында төрт жаңа KIA автокөлік өндірісі қосылатын болады және бір уақытта KIA көлігін шығару үшін ерекше арналған жаңа төртінші жинау желісінің ашылуы болады. Тамыз айында Chevrolet жаңа сериялы жинау басталады. Сонымен қатар 2011 жылы қосымша темір жолдар және жылына 60 мың автокөлік шығару арқасында 900-1000 жұмыс орынын құру үшін штат санын маңызды арттыруды қажет ететін кәсіпорындар үшін контейнерлік алаңшалар салынатын болады
Ауылшаруашылығы
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына ауыл шаруашылығы өнімінің жеке меншік салмағы 311,2 млн. теңгені 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 2,2 есе өсіммен және жоспар тапсырма 183,7 млн. теңгені құрады.
265,3 тонна ет (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 100,5 %), 825,0 тонна сүт (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 100,2 %), 325,8 мың дана жұмыртқа (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 100,2 %).
Шағын бизнес
Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындары (заңды тұлғалар) 6973 бірлікті құрады, оның ішіндегі әрекеттегі – 4283 бірлік, олардың ішіндегі белсенділер - 2869 (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 101,3 % және жоспар тапсырма 97,8 % ).
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына кәсіпкерлік субъектілерден мемлекеттік бюджжетке түсім 4,9 млрд. теңгені (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 121,3 %), оның ішінде: жергілікті бюджет – 1699,8 млн. теңге (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 137,8%), қалалық бюджет – 840,8 млн. теңге (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 123,4 %).
Инфляция жағдайы
Статистика мәліметіне сәйкес қала бойынша тұтынушы тауарларға және қызметтерге бағалар мен тарифтердің жинақ өсім қарқыны 2011 жылдың наурыз айында өткен аймен салыстырғанда – 101 % құрады, 2010 жылдың желтоқсан айына – 103,4 %, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 0,3 %-ға төмен.
Азық-түлік тауарлар
2011 жылдың қаңтар – наурыз айларына азық-түлік тауарлар тобы бағасының өсім қарқыны 108,9 %-ды құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 3,4 %-ға жоғары. 2011 жылдың наурыз айына – 102,5 %
2011 жылдың қаңтар айынан наурыз айындағы кезеңге 66 негізгі азық-түлік өнімдерінің атауларынан 53 атау бойынша бағаның артуы тіркелді. Бағаның көптеп артуы келесі тауарларда: жоғары сорттағы ұнға баға – 3,9 %-ға, бірінші сорттағы ұнға – 2,4 %-ға, жарма (қарақұмық) – 3,3 %-ға, тары – 6,8 %-ға, қара бидай наны – 4,6 %-ға, бірінші сорттағы ұннан жасалған нан – 6,3 %-ға, макарон – 3,1 %-ға, сиыр етінің жауырын және төс еттері – 5,3 %-ға, сүйегімен қой еті – 2,8 %-ға, сүйегімен жылқы еті – 3,2 %-ға, пастерленген сүт – 1,6 %-ға, сары май – 1,2 %-ға, алма – 5 %-ға, қырық қабат – 5,5 %-ға, пияз – 3,3 %-ға, сәбіз – 3,6 %-ға, қияр – 7,3 %-ға, қызанақ – 19,6 %-ға, қант – 6,3 %-ға тұз – 6,7 %-ға.
Бағаның төмендеуі екі атауда тіркелды: жұмыртқа – 4,2 %-ға және картоп – 0,9 %-ға.
11 азық-түлік түрлері бойынша баға өзгеріссіз қалды, соның ішінде: шошқа етінің жауырын бөлігі, тауық еті, шикі сүт, өсімдік майы.
Азық-түлік емес тауарлар
2011 жылдың қаңтар – наурыз айларына азық-түлік емес тауарлар тобы бағасының өсім қарқыны 100,1%-ды құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 4,1 %-ға төмен. 2011 жылдың наурыз айына – 100,1 %.
Азық-түліктік емес тауарлар тобы бойынша 35 негізгі атаулардан бағаның артуы 7 атау бойынша тіркелді: фильтрлі темекі – 1,6 %-ға, ерлер костюмі – 0,9 %-ға, ерлер шалбары – 0,9%-ға, ерлер шұлығы – 4,3 %-ға, кір жуатын ұнтақ – 1,1 %-ға, тіс пастасы – 1 %-ға, иіс сабын – 1 %-ға.
28 атау бойынша баға өзгеріссіз қалды.
Қызмет көрсету мен тарифтер
Қызмет көрсету мен тарифтер бойынша 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына бағаның өсім қарқыны – 101,1 %-ды құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 0,4 %-ға төмен. 2011 жылдың наурыз айына – 100,4 %.
Қызмет көрсету бойынша 34 негізгі атаудан бағаның өсуі 5 атау бойынша тіркелді: әйелдер көйлегін жеке тігу – 2,8 %-ға, ерлер костюмін химиялық тазалау – 6,3 %-ға, киімдерді жуу және үтіктеу – 1,2 %-ға, әйелдер залындағы сәнді жасалған шаш – 0,6 %-ға, қол сағаттарды жөндеу – 2,6 %-ға.
29 атаудың бағасы өзгеріссіз қалды.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында Өскемен қаласы әкімдігімен белгілі жұмыстар жүргізілуде.
Бірінші қажетті тауарларға күнделікті баға мониторингі жүргізіледі.
Инфляциялық үдірістерді тежеу бойынша 766 меморандумға қол қойылды. 10 % аспайтын сауда үстемесін қолдану туралы шарттың сақталуын бақылау шағын аудандар бойынша баға мониторингін іріктеу жолымен іске асырылады.
Ай сайын 1 кг 43 теңге бағасымен сауда жүйелерінде белгіленген 5 % сауда үстемесімен сату үшін 30 тоннадан 40 тоннаға дейін 1 сұрыпты ұн бөлінеді.
Қаланың 13 негізгі наубайхана кәсіпорындарымен бөлшек жүйеге 1 сортты әлеуметтік нанды бір бөлкесін 40 теңгеден аспайтын бағамен жеткізу жалғастырылуда.
«Шығыс-Сүт» ЖШС, «Эмиль» ЖШС басшыларымен майлылығы 2,5 % пастерленген сүтті ірі дүкендерге және әлеуметтік бөлімдерге литрі 126 теңгеден белгіленген бағамен жеткізіліп, дүкендерде 135 теңгеден сатылды. «Багратион-Ұлан» 105 теңгеден жеткізіп, ары қарай 115 теңгеден сатылды.
«Екімбаев» ШҚ-мен келісім бойынша қаланың ірі дүкендеріне 80 теңге бағасымен бөлшектеп сату үшін 65 теңге бағасымен (ҚБС-сыз) картоп жеткізілуде.
Апта сайын демалыс күндері жәрмеңкесі өткізіледі. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Өскемен қаласы аумағында ауылшауашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен 8 демалыс күні жәрмеңкесі өткізілді, онда қала және аудандардың кәсіпкерлерімен, шаруа қожалықтарымен ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдері, нан-тоқаш және шұжық өнімдері, бал және басқа азық тауарларының кең ассортименті сатылады. Шұғыл ақпарат бойынша демалыс күндері жәрмеңкесінде барлығы 28,9 млн.теңгеден астам сомада тауар сатылған.
Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды 10 % аспайтын сауда үстемесімен сататын 2 дүкен жұмыс істейді және 14 дүкенде бөлімдер ұйымдастырылды.
Бірінші қажетті тауарлардың бағасын тежеу мәселесі тұрақты бақылауда тұр.
Инвестиция
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына негізгі капиталға инвестиция 7,7 млрд. теңгені бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 108,9 % және жоспар-тапсырмаға 95,8 % құрады.
Тұрғын-үй құрылысы
2011 жылдың қаңтар-наурызына қолданысқа 122 кв. метр, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 5,8 % мен жоспар-тапсырмадан 1,9 % құрады.
2011 жылы Өскемен қаласында Мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы аясында пайдалануға беру жоспарлануда:
– 19-шы тұрғын аудандағы (3, 4позициялы) жалпы ауданы 17,4 мың м2 екі тұрғын үйді;
22-ші тұрғын аудандағыжалпы ауданы 3,4 мың м2 43 жеке тұрғын үйлерді;
Өтепов көшесі бойындағы жалпы ауданы 5,7 мың м2 жалға берілетін тұрғын үйді.
«Нұрлы көш» бағдарламасының аясында 28-ші тұрғын ауданда жалпы ауданы 7,2 мың шаршы метр 100 жеке тұрғын үйлерді (квартал Б) және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 10,9 шаршы метрге тең 150 тұрғын үйді салу жоспарлануда (квартал В).
2011 жылдың екінші тоқсанында Молдағұлова көшесі бойынша жалпы ауданы 5,4 мың ш. метр (5, 6 позициялы) 16 тұрғын аудандағы екі тұрғын үйді және жалпы ауданы 2,0 мың ш. метр 19 тұрғын аудандағы (7 позициялы) шағын жанұялық жатақхана.
2011 жылдың қаңтарынан наурызы бойынша 2008-2010 жылдарға Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын-үй құрылыс Бағдарламасы аясында 20 несиелік пәтер 93,9 млн. теңге жалпы сомаға жүзеге асырылды.
2011 жылдың қаңтар-науырызында пайдалануға 122 ш. метр берілді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне 5,8 % және жоспар-тапсырмадан 1,9%.
2011 жылдың 1 тоқсанында құрылыс деңгейінің 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеуі бүгінгі күнде Өскемен қаласында пайдалануға енгізу ағымдағы жылдың аяғында жоспарланған 2010 жылы басталған «ауыспалы» нысандардың құрылысы бар.
2010 жылы барлығы пайдалануға 75,9 мың метр тұрғын үйлер, оның ішінде бюджеттік қаражаттардың есебінен 64,0 мың кв. метр енгізілді. 2011 жылға бюджеттік қаражатардың есебінен 33,3 мың метр пәтер енгізілу жоспарлануда.
Тіршілікпен қамтамасыз ету мәселерін шешуде
Ерекше көңіл қаланың санаитарлық жағдайын жақсартуға жолдарды жөндеуге канализация, сумен қамтамасыз ету желілерін жөндеуге құрылысқа ерекше көңіл бөлінді.
Ауылдарда сумен қамтамасыз ету желісін қайта қалпына келтіру мен құрылыс бойынша коммуналдық қызметтерді қамтамасыз етуді жақсарту үшін жұмыстар атқарылуда: 17 ҚСС дан 14 ҚСС қысымды канализация колекторын қайта қалпына келтіру бойынша, «Элеваторный» су құдығының құрылысы бойынша: Бабкина мельница, Үлбі, Ахмер, Сол жағалау, Самсоновка.
2011 жылы жоғарыда тұрған бюджеттің трансферттері есебінен 19 тұрғын ауданның бірінші шағын ауданында инженер-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 1,2 млрд. теңге және «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 1,3 млрд. теңге бөлінді.
Өскемен қаласының көшелерін көктемгі кезде төтенше жағдайларды ескерту мақсатында 64,1 мың. куб. метр қар шығарылды. Тазалау, шайқау мен тұрып қалған қалған суларды шайқау жұмыстары орындалды.
2011 жылы қалалық бюджеттен 30 млн. теңге қаланың коммуналды меншігіне кірген лифтерді күрделі жөндеуге қаражаттар бөлінді. Жұмыстарды орындау үшін 4 лифтер анықталды. Бүгінгі күнде лифт жабдықтарын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2011 жылдың бірінші тоқсанында сыртық жарықтандыру мен жарық шамдарының ағымдық жөндеуіне 47,0 млн. теңге бөлінді оның ішінде электроэнергияны төлеуге 18,0 млн. теңге. Өскемен қаласында пайдалануда 14544 жарық шоғырлар, жалпы ұзындығы және кабелді желілер 667,3 км бар.
Бүгінгі күнде мердігерлік ұйымдармен қысқы кезеңде мемлекеттік тұрғын үй қорының апатты және ескірген үйлерін ұстауға және мемлекеттік тұрғын үй қорының ішкі үйлі инженерлік желілерін ұстауға келісім шарт жасалды.
Еңбек нарығы және жұмыс бастылық
Тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігі 162,9 мың адамды олардың ішінде қаланың кәсіпорындарында жұмыс жасайтын тізімді саны – 108,0 мың адам (былтырғы жылға 101,8 %). 2011 жылдың 1 сәуірде жұмыссыздар саны 1370 адамды бұл былтырғы жылдың көрсеткішіне 15,6 % аз. Тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігіне ресми тіркелген жұмысыздар 0,8 % құрады.
Есептік кезеңге қоғамдық жұмыстарға 573 жұмыссыздар қатысты, жастар тәжірібиесіне 111 адам бағытталды, әлеуметтік жұмыс орындарға – 35, кәсіптік оқытуға – 316 адам. Жұмыспен қамтамасыз ету органдардың қолдауында барлығы 777 адам (барлық жолданғандардан 40 %).
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларына 1214 жаңа жұмыс орындары құрылды (2010 жылдың ұқсас кезеңіне 97,0 %).
2011 жылдың 1 наурызына Өскемен қаласы бойынша орта еңбекақы төлемі 70186 теңге мөлшерде қалыптасты, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 19,6 % жоғары.
2011 жылдың 1 сәуріне ірі және орта кәсіпорындард бойынша еңбекақының қарызы 3,2 млн. теңгеге өсті және 44,4 млн. теңгені құрады, олардың ішіндегі кешіктірілгені 29,7 млн. теңге.
Әлеуметтік сала
Өскемен қаласында 2011 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайына 36 мектепке дейінігі ұйымдар бар: 6 мектеп-бала бақшалар, 23 мемлекеттік және 6 мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар, бір үйдегі бала бақша.
Бала бақшаларда және мектепке дейінгі шағын-орталықтарда барлығы бағдарламалармен қамтамасыз етілгені 13513 балалар, бұл 2 жастан 6 жасқа дейін балалардың жалпы санынан 93,0 % құрайды.
Бүгінгі күнге қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында 3099 өтініш (олардың тұрғылықты мекен жай бойынша ауыстырылды).
2011 жылдың ақпанында коммуналдық меншікке екі бала бақша қайтарылды 240 орынды Тәуелсіздік даңғылы, 26/2 мекен жайы бойындағы және Севастопольская /1 840 орынды 4 бала бақшалар ғимараты, 28 тұрғын ауданда 250 орынды 1 бала бақшаның құрылысы. Орынды , Егорова көшесі бойындағы
2011 жылы Жаңа-явленка ауылында орналасқан 280 орынды бала бақшаны және «УМЗ» АҚ қаражаттары есебінен енгізілетін Өтепова көшесі 22/2 бала бақшаны енгізу жоспарлануда. Правда, 4 көшесі бойындағы 120 орынды бала бақшаны сатып алу жоспарлануда.
73,5 млн. теңге жалпы сомаға 8689 аз қамтылған азаматтарға қайырымдылық көмекті қосқанда материалдық және натуралды көмек көрсетілді.
Тұрғын-үй көмегі 1205 аз қамтылған отабасыларға 5,7 млн. теңге сомада көрсетілді, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алушы-отбасылар саны 1,4 есе сомаға азайтылды, төлем сомасы 1,3 есеге азайды.
1,8 млн. теңге сомаға 93 отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек көрсетілді, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 1,3 есеге азайтылды, төлем сомасы 1,2 азайтылды.
18 жасқа дейінгі балаларға көмек 192 отбасыларға 344 балаларға 1,4 млн. теңге сомасында көрсетілді, 2010 жылдың қаңтарымен салыстырғанда алушылардың саны 1,2 есеге азайтылды, төлем сомасы 1,1 есеге азайды.
22,8 млн. теңге жалпы сомаға 1204 мүгедектерге жеке атаулы көмектер көрсетілді.
5,1 млн. теңге көлемінде 510 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, 22,4 млн. теңге сомасында 2903 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға, коммуналдық төлемдерді төлеуге материалдық көмек көрсетілді.
2011 жылдың басынан «әлеуметтік такси» әлеуметтік-маңызды басқа мекем елер және қаланың медициналық мекемелерінен оларды жұмысқа тасымалдау бойынша , мүгедектерден 125 тапсырыстар түсті.
Тұрақты мекен жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік қорғау орталығында 172 адам өтті олардың ішінде 21 адам жұмысқа орналастырылды.
Аз қамтылған азаматтарға қолданған әлеуметтік қолдаулардың арқасында кедейшілік деңгейінен төмен орта жанбасылық кіріске ие азаматтардың санын 1752 дейін төмендетуге қол жеткізілді.
2011 жылы Өскемен қаласында 165,9 млн. теңге жалпы сомаға «Жол картасы» шараларын жүзеге асыру 110,6 млн. теңге облыстық бюджеттің трансферттерінен және 55,3 млн. теңге қалалық бюджеттің ортақ қаржыландырылуынан, оның ішінде нысанлар бойынша:
– Тәуелсіздік даңғылы 26/2 бала бақшаның ағымдық жөндеуі (38,6 млн. теңге);
– Севастопольская көшесі 14/1, бала бақшаның ағымдық жөндеуі (56,5 млн. теңге), жабдықтау (18,0 млн. теңге);
– Правда көшесі бойында бала бақшаның құрылысы (41,4 млн. теңге)
– ЖСҚ әзірлеу (3 ғимарат) (11,3 млн. теңге).
Салық және бюджет
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 24328,4 млн. теңге немесе 158,5 % құрады.
Қалалық бюджеттің кіріс бөлігіне 3790,5 млн. теңге немесе жоспардан 103,0 %.
Жеке түсімдер бойынша кірістер 2395,4 млн. теңгені немесе жоспардан 104,8 % және жоспар-тапсырмадан 2,8 % құрады.
Бюджеттің кіріс бөліктерінің болжам көрсеткіштерін орындау мақсатында бюджетке қосымша резервтер іздестіру бойынша алгоритмдер іс-шаралары орындалуда. Қосымша резервтер іздестіру бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысында 2011 жылдың 1 сәурінде жергілікті бюджетке 91,6 млн. теңге алынды.
2011 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша барлық деңгейдегі бюджетке берешектер 24213,7 млн. теңге сомасында қалыптасты, жыл басымен салыстырғанда 2559,2 млн. теңгеге өсті. Қалалық бюджетке түсетін салықтар бойынша берешек 176,7 млн. теңгені жыл басымен салыстырғанда 43,0 млн. теңгеге өсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 3660,0 млн. теңгені немесе жоспарға 99,9 % құрады.
Қалада 2011 жылдың қаңтар наурызы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлық болып саналады. Жыл басынан барлығы санитарлық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін 651,6 мың теңге сомасына айыппұл салынды, санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына жауап берілмейтін нысандарға сотқа 6 өтініштер жіберілді, 80 санитарлық ұйғарым берілді, 5 адам жұмыстан босатылды.
Өскемен қаласының аумағында жалпы қылмыс жасағандар бойынша ашылғандар пайызы 2,8 % артты 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда және 54,4 % құрады.
Есепті кезеңде қалада қоғамдық-саяси жағдайлар тыныш сақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |