Экономиканыѕ дамуы кґбінесе мемлекеттіѕ ќаржы жїйесініѕ жаєдайына байланысты



жүктеу 1,6 Mb.
бет5/7
Дата26.05.2018
өлшемі1,6 Mb.
#17933
1   2   3   4   5   6   7
;
      Халіауыл - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы немесе аудандағы ауыл халқының саны;

б- j-функционалдық кіші тобы бойынша (барлық өңірлер бойынша сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі. Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есептеу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша жергілікті жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;


      е) тығыздық коэффициенті:

  ;

мұндағы - Қазақстан Республикасы немесе тиісті облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы;

рі - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың тығыздығы;

В (бета) - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халқы тығыздығының республикалық орташа деңгейден немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) облыстық орташа деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттер шығындарының ұлғаюын ескереді;



ж) жолдарды ұстау коэффициенті:

;
      мұндағы Nі - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті маңызы бар жолдарын ұстау нормативі;
       - республика бойынша орта есеппен жолдарды ұстау нормативі;
       з) кедейлікті есептеу коэффициенті (табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

;
      мұндағы bі - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

Кедейлікті есепке алу коэффициенті жергілікті бюджеттердің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халқы үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;



и) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:       

 ;

мұндағы di - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) жылыту маусымының кезеңі;


          - Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен жылыту маусымының кезеңі;
       у (гамма) - жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті жергілікті бюджеттердің жылытуға жұмсайтын шығындарының Қазақстан Республикасындағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

Алматы және Астана қалалары үшін ағымдағы шығындарды есептегенде, олардың ерекше мәртебесін ескере отырып, өлшемі Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленетін арттыру коэффициенттері қолданылады.

Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарды қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөліп анықталады.


      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

          



;
мұндағы КШі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;

ЕШі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;

k - күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

k коэффициентінің шамасы:

республикалық бюджет пен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің келемін айқындау үшін - Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен;

облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - облыстың бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды жалпы көлемі екі бөліктен тұрады:

бірінші бөлік облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаспен анықталады;

екінші бөлік облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаспен анықталады.

Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:



           ;

     мұндағы ШБЕі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындар;

ЕШі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша ағымдағы есептік шығындар;

r1 - бюджеттік даму бағдарламалары бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне шығындардың пайыздық қатынасының шамасы;

КБКі - і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) кірістерінің болжамды көлемі;

r- бюджеттік даму бағдарламалары бойынша кірістердің болжамдық көлемінің пайыздық қатынасының шамасы.

      r1 және rкоэффициенттерінің шамасы:

республикалық бюджет пен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен;

облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - облыстың бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (жергілікті уәкілетті органдар) жергілікті бюджеттердің алдағы үш жылдық кезеңге болжамды көрсеткіштерін анықтау үшін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін анықтау есептерін белгіленген мерзімде Республикалық бюджет комиссиясының (облыстардың бюджет комиссияларының) қарауына енгізеді.

      Республикалық бюджет комиссиясында (облыстың бюджет комиссиясында) қарағаннан кейін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бөлінісінде жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы тиісті заңда (мәслихат шешімінде) белгіленеді.

Сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен (мәслихат шешімімен) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар салалар - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек бойынша жергілікті бюджеттер шығыстарында көзделуі қажет қаражаттың ең аз көлемі белгіленуі мүмкін.



жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау