7
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ 1 /2013
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
МОБИЛЬДІК ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ:
БОЛМЫСЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
Ашықбеков Е.Т. – Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті
басқармасының бастығы
Бұл мақалада ақша төлемдері мен аударымдарын
мобильдік байланыс құралдарын пайдалана отырып
жүзеге асырумен байланысты қызметтер тура-
лы айтылады. Соңғы жылдардағы технологиялық
жетістіктер банк шотын қашықтықтан басқару,
ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу, сондай-
ақ өзге де күнделікті қаржылық операцияларды жа-
сау үшін мобильдік қондырғыларды пайдалануға
мүмкіндік жасады. Мұндай қызметтер әлемнің
көптеген елдерінде кеңінен тараған және қаржылық
(төлем) қызметтердің даму эволюциясындағы
маңызды бағыт ретінде қарастырылады. Бүгінгі
күні мобильдік төлемдерді ендіруде және дамы-
туда Азия аймағының елдері алдыңғы қатарда,
олардың ішінде Жапония, Корея және Сингапур бар.
Соңғы жылдары бұл процеске Африканың, Оңтүстік
Шығыс Азияның және Латын Америкасының
кейбір дамушы елдері ерекше белсенді араласуда.
Мобильдік технологиялар негізінде жаңа төлем
қызметтерін дамытудың өзектілігі еліміздің көлемі
мен географиялық ерекшелігін ескерсек, айрықша
арта түсуде. Нарықтың бұл сегменті Қазақстанда
өзінің қалыптасу кезеңінде және белсенді даму
қарсаңында. Осыған байланысты, мақалада әлемнің
түрлі елдерінде енгізілген жобаларға қысқаша шолу,
ағымдағы жағдайға, қолданылатын технологияларға
және Қазақстанда мобильдік төлем қызметтері
нарығын дамытудың перспективті бағыттарына
талдау жасалған.
1. Мобильдік төлем қызметтерін ендірудің және
дамытудың әлемдік тәжірибесі
Бүгінгі күні әлемде мобильдік төлем қызметтерінің
екі бағыты (үлгісі) дамуда, олар:
1. Мобильдік банкинг – мобильді телефон басқару
және банк шоттарына қол жеткізу құралы ретінде пай-
даланылатын қызмет. Бұл ретте барлық төлемдер
мен аударымдар мобильді телефон иесінің банк
шотындағы ақша пайдаланыла және сол ақшаның
есебінен жүзеге асырылады. Қызмет SMS-банкинг
қызметінің көмегімен немесе мобильді телефонға са-
лынатын арнайы мобильдік қосымшалар көмегімен
іске асырылады.
2. Мобильдік операторлар жүйелерінің негізіндегі
мобильдік төлемдік сервис – мобильдік байланыс
операторларында орналастырылған абоненттер
ақшасының көмегімен мобильді телефонды пайда-
лана отырып ақша төлемдері мен аударымдарын
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қызмет. Бұл модель-
де ақша операциялары абоненттің банк шоттарын
пайдаланбай-ақ абоненттің мобильдік оператордағы
абоненттік шотында есепке алынатын қаражатының
жұмсалмаған бөлігі есебінен жүзеге асырылады.
Егер бірінші бағыт негізінен Батыс Еуропа елдерінің
көпшілігіне тән болса, мобильдік төлемдердің екінші
бағыты не үлгісі Азия, Африка және Латын Америка-
сы, сондай-ақ ТМД кейбір елдерінде кеңінен тараған.
Мобильдік банкингте қызмет банктердің клиенттері
болып табылатын тұлғаларға (негізінен бұл төлем кар-
точкаларын ұстаушылар) арналған және қолданылып
жүрген Интернет-банкинг, банкоматтар желісі және
өзге де автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету
қондырғылары арқылы қашықтықтан қызмет көрсетуге
қосымша төлем операцияларын жасаудың қолайлы
тәсілі деп қарастырылады. Мобильдік операторлар
негізіндегі мобильдік төлемдер үлгісі барлық мобильдік
байланыс абоненттері, оның ішінде банктік қызмет
көрсетумен қамтылмаған әрі банктермен және өзге
реттелетін қаржы ұйымымен шарттық қатынастары
жоқ тұлғалар үшін мобильдік операторлардың
жүйелері, тәуелсіз сервис-провайдерлер не мобильдік
операторлар арқылы төлемдік сервистер көрсету
мүмкіндігін болжайды.
Gartner компаниясының болжамы бойынша 2016
жылға қарай жарты миллиардқа жуық адам мобильдік
төлемдерді пайдаланатын болады және нарықтың
көлемі $600 млрд. жетеді. Бұл ретте мобильдік
төлемдер көбіне Азия-Тынық мұхиты аумағында
және Африкада таралатын болады. Бұл көрсетілген
аумақтардағы халқының көп бөлігінде банк шоты жоқ
және банктердің қызметтерін пайдаланбайтын да-
мушы елдерде соңғы жылдары мобильдік байланыс
операторларының қатысуымен мобильдік төлемдер
жүйесінің белсенді дамуымен байланысты.
Қазіргі кезде мобильдік төлемдер жүйесінде мына
технологиялардың көбірек таралғанын жалпы әлемдік
практикаға жасалған талдау көрсетіп отыр:
1. SMS – технология. Төлем мобильдік байланыс
операторының сервистік нөмірін пайдалану негізінде
SMS хабарлар алмасу арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні SMS сервис дамушы елдерде ақша ауда-
рымдарын жүзеге асыру және шоттарды төлеу үшін
көбіне оны пайдаланудағы қарапайымдылығымен
кеңінен таралуда. Алайда, бұл технология төлемнің
өлшемдерін қолмен теру қажеттігіне байланысты
біршама қолайсыз, ол өз кезегінде, бұл технология-
ны барлық төлем түрлері үшін пайдалануға мүмкіндік
бермейді, сондай-ақ жүргізілетін транзакциялар
қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан бірқатар
кемшіліктері бар.
2. Мобильді телефонға немесе SIM – картаға
(Applet не Midlet) салынатын және орнатылатын
арнайы бағдарламалық қосымшаны пайдалану
негізіндегі технологиялар. Мұндай қосымшалармен
жұмыс істеу үшін абонент (клиент) олардың WAP неме-
се GPRS көмегімен оларды мобильді қондырғыға ал-
дын ала салуы не тиісті қосымша «салынған» арнайы
SIM-картаны сатып алуы тиіс. Мобильдік төлемдер
технологиялары әлеміндегі қазіргі кезде қолданылып
жүргендердің ішінде осы технология толыққанды
банкингті қамтамасыз етеді және берілетін ақпараттың
қосымша қорғанышын, оның ішінде электрондық
цифрлық қолтаңбалар тетігін пайдалануға кепілдік
бере отырып, клиентке кез келген төлем операция-
ларын жасауды қамтамасыз етеді. Алайда мобильдік
төлемдердің бұл технологиясының таралуына
мобильдік байланыс абоненттерінің жеткілікті түрде
хабардар болмауымен және мұндай технологияны
қолдануға қажетті дағдыларының болмауымен кедергі
келтіруде.
3. Контактісіз технологиялар, олардың ішіндегі
ең көп тарағандары NFC (Near Field Communication)