Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет6/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

9

ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ       1 /2013

ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Vizcaya  Argentaria  (BBVA)  банкі  Telefonica  Moviles 

байланыс  операторының  қатысуымен  «Mobipay»  жо-

басын іске асырды. Осы жүйе одан әрі Испаниядағы 

мобильдік  төлемдердің  жетекші  жүйесі  болды  және 

«Mobipay  International»  брэндімен  халықаралық 

деңгейге белсенді түрде шыға бастады. 

Бельгияда 

мобильдік 

төлемдерді 

Banksys 


банкаралық клиринг компаниясы дамытуда, оның база-

сында Бельгияның негізгі мобильдік операторларының 

қатысумен мобильдік төлемдердің платформасы іске 

қосылды. Австрияда өзгеше жағдай қалыптасты. Осы 

елде  ірі  мобильдік  операторлар  өзінің  абоненттеріне 

төлем  қызметтері  көрсету  үшін  банк  лицензияла-

рын  сатып  алды  және  мобильдік  төлемдерді  да-

мытуды  жалғастыруда.  Чехияда  ірі  мобильдік  опе-

раторлар  және  банктер  бірлесіп  әмбебап  төлем 

инфрақұрылымын бірлескен күшпен құру мақсатында 

мобильдік төлемдер жөніндегі альянс құрды. 

Сондай-ақ  Еуроаймақтың  мобильдік  төлемдер 

нарығында  соңғы  уақытта  мамандандырылған  ком-

паниялар  –  техникалық  шешімдерді  әзірлеушілер 

белсенді рөл атқара бастағанын атап өту керек, олар 

мобильдік  төлемдерге  арналған  бірегейлендірілген 

стандарттары  мен  шешімдерін  дамытуда.  Осын-

дай  жобалар  мобильдік  операторлар  мен  сауда 

ұйымдарын іске қоса отырып бірыңғай әмбебап төлем 

инфрақұрылымын құруға бағытталған. Бірыңғай плат-

форма  шеңберінде  кез  келген  мобильді  телефонның 

–  жүйе  қатысушысының  абоненттері  бөлшек  сау-

да  орындары  мен  Интернет-дүкендері  қоса  алғанда 

жүйеде тіркелген саудагерлердің тауарлар мен қызмет 

көрсетулер үшін ақыны өзінің мобильді телефонының 

нөмірін енгізе отырып қана төлей алады. Әрбір төлем 

абонент тарапынан оның мобильді телефонына про-

вайдерден  SMS-хабармен  алынған  транзакцияның 

арнайы  кодын  немесе  PIN-кодты  енгізу  арқылы  рас-

талады. 


АҚШ-та төлемдер жасау үшін мобильді телефонды 

пайдалану практикасы пайдаланушыда банк шотының 

және төлем карточкасының бар екенін білдіреді. Кейбір 

жағдайларда Интернет арқылы алдын ала тіркеу қажет. 

Мобильді  телефондар  сондай-ақ  жеке  тұлғалар  ара-

сында ақша аударымдарын, оның ішінде эмигранттық 

аударымдарды  жүзеге  асыру  үшін  пайдаланылады. 

Төлемдерді контактісіз технологиялар негізінде жүзеге 

асыру үшін мобильді телефонды пайдалану жөніндегі 

жобаларды  белгілі  Халықаралық  карточкалық  төлем 

жүйелері  (MasterCard,  Visa)  ендіруде.  Мысалы, 

MasterCard  нарықтарда  PayPass  технологиясын  да-

мытады, ол мобильді телефонның көмегімен бөлшек 

сауда мен қызмет көрсету желілерінде есеп айырысуға 

мүмкіндік береді. 

Кения  және  Филиппин  сияқты  дамушы  елдер-

де  де  мобильдік  операторлар  базасында  мобильдік 

төлемдер жүйелерін ендіру бойынша қызықты мысал-

дар бар. 

Кенияда  Safaricom  мобильдік  операторы  басқа 

белгілі  мобильдік  оператор  Vodafone  (Safaricom 

құрылтайшысы)  тікелей  қатысуымен  іске  асырған 

M-PESA  жобасы  әлемде  мобильдік  төлемдерді 

дамытудағы аса табысты жобалардың бірі болды. 

Жүйе  2005  жылы  экспериментті  негізде,  ал 

2007  жылы  коммерциялық  негізде  қолданысқа 

енгізілді.  M-PESA  қызметі  мобильдік  байланыстың 

банктік  қызметтермен  қамтылмаған  абоненттеріне 

бағдарланған.  Safaricom  мобильдік  операторының 

абоненті  тіркеудің  қарапайым  рәсімінен  өткеннен 

және  M-PESA  шотын  (мобильдік  әмиян)  құрғаннан 

кейін қолма-қол ақшаны енгізуге, төлемдер мен ауда-

рымдарды  жүзеге  асыруға,  сондай-ақ  оның  бөлшек 

агенттерінің  желісінде  қолма-қол  ақша  түрінде  ақша 

алуға  мүмкіндігі  болады.  M-PESA  жүйесінде  тек 

Safaricom  абоненттері  ғана  тіркеледі,  алайда  ақша 

аударымдарын алушыларда M-PESA шотының болуы 

немесе  олардың  Safaricom  абоненті  болуы  міндетті 

емес. Мобильдік әмиянға қолма-қол ақша енгізу және 

алу  үшін  бөлшек  агенттердің  рөлін  көптеген  сауда 

ұйымдары, дүкендер және бүкіл ел бойынша өзге сау-

да және сервис объектілері атқарады. 

Сервисті  пайдаланушылардың  саны  2  жылдан  аз 

уақытта 5,7 млн. клиентке жетті және осы елдің банк 

секторында  ашылған  банк  шоттарының  санынан 

асты.  M-PESA  операторы  Western  Union  компания-

сымен  ынтымақтаса  отырып,  халықаралық  ақша  ау-

дарымдары  бойынша  сервисті  ендірді,  нәтижесінде 

кейбір  елдерге  жіберушілер  M-PESA  жүйесінің 

пайдаланушыларының пайдасына олардың абоненттік 

шоттарына аудару түрінде немесе керісінше ақша ау-

дару үшін Western Union жүйесінің қызметін пайдалану 

мүмкіндігін алды. 



Филиппинде  Globe  Telecom  мобильдік  байла-

ныс  операторы  өз  клиенттеріне  «G-Cash»  мобильдік 

төлемдер  қызметін  ұсынады.  Осы  оператордың 

абоненттері  құнды  сақтау,  жүйенің  басқа  пайдалану-

шыларына қаражат аудару, әртүрлі қызмет көрсетулер 

үшін ақы төлеу және сатып алу үшін олардың мобильді 

телефондарына 

байланыстырылған 

виртуалдық 

«электрондық» шоттарды («G-Cash» электрондық ақша 

түрінде)  пайдалана  алады.  Абоненттердің  «G-Cash» 

әмиянды толықтыруы мобильдік оператордың қолма-

қол  ақша  қабылдауды  және  беруді  жүзеге  асыратын 

көптеген бөлшек агенттері арқылы жүзеге асырылады. 

ТМД  елдері  арасында  мобильдік  операторлық 

төлемдердің  белсенді  дамуы  Ресей  Федерация-



сында  байқалады.  Осы  ел  мобильдік  банкинг  және 

сол  сияқты  мобильдік  операторлық  төлемдер  қатар 

ұсынылған және дамып келе жатқан аздаған елдердің 

бірі  болып  табылады.  Ресейдегі  жетекші  мобильдік 

операторлар (БиЛайн, МТС және МегаФон) бүгінгі күні 

өздерінің  мобильдік  төлемдер  жобаларын  іске  қосты 

және  өздерінің  абоненттеріне  абоненттік  шоттарды 

пайдалану  негізінде  тауарлар  мен  қызмет  көрсету 

үшін ақы төлеу бойынша қызметтер көрсетеді.

2.  Қазақстанда  мобильдік  төлемдер  нарығын 

дамытудың қазіргі жағдайы 

Қазақстанда  мобильдік  төлемдерге  сұраныстың 

болуына  қатысты  ахуал  әлемдегі  жағдайдан 

айтарлықтай  ерекшеленеді.  Бөлшек  сауда  және 

қызметтер  саласындағы  тұтынушылық  төлемдердің 

негізгі массасы қолма-қол ақшаны пайдалана отырып 

жасалады.  Сату  нүктелеріндегі,  қоғамдық  көліктегі 

және  бөлшек  сауданың  басқа  сегменттеріндегі 

төлемдердің  басым  көпшілігі  қолма-қол  ақша  төлемі 

арқылы жүргізіледі. Төлем карточкалары негізінен бан-

комат желілерінің және банк бөлімшелерінің көмегімен 

қолма-қол ақшаны алу үшін қолданылады (операция-

лар көлемінің 86%). 

Қазақстан  банктерінің  көпшілігі  бүгінгі  күні  өз 

клиенттеріне  (төлем  карточкаларын  ұстаушыларға) 

«SMS  банкинг»  қызметтерін  көрсетеді.  Алайда, 




жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау