Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет14/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ       1 /2013

18

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР



ешкім  әзірше  ынталы  емес.  Сауда  және  сервистік 

ұйымдарда  төлемдер  РОS-терминалдар  арқылы 

аз  мөлшерде  жүргізілсе,  ЕДБ  филиалдары  дара 

және  заңды  тұлғалармен  эквайрингтік  қызмет 

көрсету  жөніндегі  шартты  тек  қана  тоқтата  ала-

ды.  Егер  барлық  сауда-сервистік  субъектілердің 

бәрінде 

РОS-терминалдар 

орнатылғанымен, 

тұрғындар  тауар  және  қызмет  көрсету  төлемдерін 

үнемі  төлем  карточкалары  арқылы  тұрақты 

жүргізуге  бейімделмесе,  тиімді  нәтиже  болмайды. 

Ал  төлемдерді  қолма-қол  ақшасыз  немесе  қолма-

қол  ақшамен  төлеуді  сатып  алушылардың  өздері 

шешеді.

Сол  себепті,  аталған  қаулыны  жүзеге  асыру 



нәтижелігін артыру үшін «төлем карточкаларын қолдану 

саласын кеңейтуге кедергі келтіріп отырған» факторлар-

мен  жұмыс  жасау  қажет.  Бірінші  және  басты  фактор  – 

психологиялық:  ең  бірінші  пластикалық  карточкаларды 

пайдалана  отырып  қолма-қол  ақшасыз  төлемдер  фор-

масына  халықтың  көзқарасын  өзгерту  керек.  Бұл  үшін 

түсіндіру  жұмыстарын  жандандыру  арқылы  күнделікті 

өмірде  пластикалық  карточкаларды  пайдалана  оты-

рып сауда операцияларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін 

әрбір  төлем  карточка  ұстаушылардың  сана-сезіміне 

жеткізу  қажет.  Әсіресе,  күнделікті  телеарна  каналдары 

арқылы  есте  қаларлық  жарнамалық  ролик  көрсетілсе 

қазақстандықтардың  төлем  карточкаларын  пайдалана 

отырып  есеп  айырысуы  ұлғайар  еді.  Сонымен  қатар, 

тауар  және  қызмет  көрсетулер  үшін  төлем  карточка-

ларын  пайдалану,  ең  алдымен,  сатып  алушылар  үшін 

экономикалық тұрғыдан тиімді екендігін түсіндіру. 

Екінші,  маңызды  фактордың  бірі  –  банктердің 

эквайрингілік  қызметінің  жүргізілген  операция 

сомасының  1,5-ден  3%  құрайтын  комиссиялық 

сыйақы  мөлшерінің  жоғары  болуы.  Сондай-ақ, 

кәсіпкерлер  шоттарына  төлемдердің  әжептеуір 

кешігіп  түсуіне  де  шағым  етуде.  Бұл  жағдайлар 

кәсіпкерлердің тауар мен қызмет көрсету бағаларын 

өсірулеріне немесе төлем карточкалармен есеп ай-

рысу  барсында  қосымша  комиссияларды  енгізуіне 

әкеп  соқтыруы  мүмкін.  Нәтижесіне  қарапайым 

тұтушылар  зардап  шегеді.  Осыған  байланысты 

транзакция тарифтеріне нақты шектеулер белгілеу 

бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туын-

дап отыр.

Осы  мәселелердің  шешілуі  рыноктың  барлық 

сегменттерінде  қолма-қол  ақшасыз  төлемдерді 

дамытуды  тездетіп,  «көлеңкелі»  экономи-

каны  қысқартуға,  бюджетке  түсетін  салық 

түсімдерінің  өсуіне  және  ақша  айналымын 

қадағалауға мүмкіндік береді. 

Қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысу  еліміздің 

болашағы екені сөзсіз және электрондық ақшалар 

бір  кездерде  монеталарды  қағаз  ақшаның 

ығыстырып шығарғаны сияқты қолма-қол ақшаны 

толық ауыстыратыны күмән тудырмайды.

Әдебиеттер тізімі

• Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  Кодексі  2011  жылғы  30 

қаңтардағы №155;

• Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 

29 маусымдағы №237-I «Ақша төлемi мен аудары-

мы туралы»;

• Қазақстан Республикасының Заңы 2012 жылы 

21  маусымдағы  №19-V  «ҚР  кейбір  заңнамалық 

актілеріне  заңсыз  жолмен  алынған  кірістерді 

заңдастыруға  (жылыстатуға)  және  терроризмді 

қаржыландыруға  және  ақшаны  қолма-қол  ақшаға 

айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

• Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  2012 

жылғы 29 желтоқсандағы №1743 қаулысы «Қазақстан 

Республикасының  аумағында  жүзеге  асыру  кезінде 

дара  кәсіпкерлер  немесе  заңды  тұлғалар  өз 

қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточ-

каларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға 

арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз 

етуге,  сондай-ақ  төлем  карточкаларын  пайдалана 

отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген 

қызмет түрлері туралы»;

•  Атырау  облыстық  әкімиятының  2008  жылғы  6 

қазандағы №251 қаулысы «Қазақстан Респубикасы 

Үкіметінің  2004  жылғы  15  желтоқсандағы  №1328 

қаулысын іске асыру туралы»;

•  Атырау  облыс  әкімінің  орынбасарымен  2010 

жылғы 10 қыркүйекте бекітлген 2010-2012 жылдарға 

арналған  ақшасыз  есеп  айырысуларды  дамыту 

жөніндегі іс–шаралар жоспары; 

•  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі 

Атырау филиалының 2011-2012 жж. Статистикалық 

бюллетені;

•  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкінің 

ресми  интернет-ресурсы  «Төлем  жүйелері»  - 

«Төлем құралдары»- «Төлем карточкалары»;

•  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкінің 

ресми  интернет-ресурсы  «Талдамалы  ақпарат»- 

«Электрондық  банк  қызметтері  және  төлем 

жүйелері нарығының шолуы».



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сейданова Ғ.Б. – «Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан 

филиалының экономикалық талдау және 

статистика бөлімінің бас экономисі

Сыртқы  экономикалық  қызмет  –  бұл, 

шетелдік  серіктестің  нарықтағы  таңдаулы 

сыртқы  экономикалық  стратегиясын,  жұмыс 

істеу  нысандары  мен  әдістерін  есепке  ала  оты-

рып,  кәсіпорынның  өндірістік-шаруашылылық, 

ұйымдастырушылық-экономикалық  және  жедел-

коммерциялық функцияларының жиынтығы. Алай-

да, сыртқы экономикалық қызмет нысандарының 

көптүрлілігіне қарамастан, сыртқы сауда жалпы 

аталған бағытты көрнекті сипаттайды. 

Мақаланың мақсаты, соңғы үш жылға сыртқы 

сауда мысалында Оңтүстік Қазақстан облысының 

сыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктерін 

анықтау,  серіктес-елдермен,  соның  ішінде 

Кедендік  одақ  (бұдан  әрі  –  КО)  елдерімен  сауда 

жасау  ерекшелігі,  аймақтың  проблемалары  мен 

оларды шешу жолдары болып табылады.


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау