ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
8
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
және чиптің IC (integrated circuit) технологиялары.
Бұл технология тікелей тауарлар мен қызметтерді
сату нүктелерінде аздаған сомаға төлемдерді жүзеге
асыруға арналған және операцияларды жоғары
жылдамдықпен жүргізуді қамтамасыз етеді, әсіресе
қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу жүйелерінде, жыл-
дам тамақтану орындарында, ақылы тұрақтарда және
сауда автоматтарымен өзара іс-қимыл жасаған кезде
қолдануға қолайлы. Бұл технологияның жұмыс істеу
қағидаты бірнеше сантиметр болатын ультрақысқа
қашықтыққа деректер беруге мүмкіндік беретін арнайы
чип мобильді телефонға (арнайы модельдерінде)
немесе SIM-картаға орнатылатындығында. Соның
арқасында мобильдік қондырғыларды пайдалана
отырып жүргізілетін ақы төлеудің басқа тәсілдеріне
қарағанда төлем контактісіз тәртіппен тез арада жүзеге
асырылады. Тиісінше, технологияны пайдалану SIM –
картаны жаңғыртуды немесе ауыстыруды не мобильді
телефонның арнайы моделін, сондай-ақ клиенттерге
қызмет көрсету пункттерінде осы технологияға қолдау
көрсететін есептейтін қондырғыны пайдалануды талап
етеді.
Төменде мобильдік төлемдер саласында жобалар-
ды ендіру және дамыту жөнінде әлемнің жекелеген
елдері бойынша қысқаша шолу берілген.
Жапония. Бұл ел мобильдік байланыс құралдарын
пайдалана отырып төлемдер жасау нарының
дамытудағы әлемдік көшбасшылардың бір болып
табылады. Жапониядағы мобильдік төлемдердің
қозғалысындағы жетекші рөл мобильдік байланыс опера-
торларына тиесілі. Мәселен, 2004 жылғы маусымда NTT
DoCoMo телекоммуникациялық компаниясы бірінші бо-
лып «мобильдік әмиян» функциясы бар мобильді теле-
фондарды сатуды және өзінің абоненттеріне мобильді
телефондарды пайдалана отырып төлемдерді жүзеге
асыру бойынша қызмет көрсете бастады. Мобильді
телефон арқылы банк шоттарын, ақша қозғалысының
мониторингін басқару, үшінші тұлғалардың қызметтері
үшін ақы төлеу (мемлекеттік төлемдер, коммуналдық
қызметтер, байланысты және т.с.) ұйымдастырылды.
Осындай қызметтерді 2005 жылдан бастап басқа байла-
ныс операторлары – KDDI және Vodafone көрсетеді.
Жапонияда мобильдік төлемдерді дамыту
және танымал жасау көбінесе «ФелиКа» («FeliCa»)
картасының технологиясын дамытуға байланысты.
Карта орталық процессордан және «Sony» корпорация
арнайы әзірлеген операциялық жүйеден тұрады, бұл
оған авторизация процесін жүзеге асыруға, сондай-ақ
төлемдерге бастама жасалған кезде қандай да болма-
сын ақпаратты оқуға және алуға рұқсат алуға мүмкіндік
жасайды. Осы технологияның мәні процессордың
ақпарат өңдеудің жоғары жылдамдықтағы процесін
қолдайтынынан тұрады және қауіпсіздіктің жоғары
дәрежесімен ерекшеленеді, мұның Жапонияның
жылдам өсіп келе жатқан мобильдік сегменті үшін
ерекше маңызы бар. Картадан ақпаратты оқу арнайы
контактісіз құрылғы арқылы жүргізіледі.
Алғашқы жұмыс істеген жылдары мобильдік
төлемдер сауда автоматтарында және сату
пункттерінде ақы төлеу үшін пайдаланылды. Одан
кейін қоғамдық көлік үшін ақы төлеу бағытында
белсенді қолданылды. Бүгінгі күні мобильді
телефондардың көмегімен авиа және теміржол
билеттерін сатып алуға, магазиндер мен мейрамха-
наларда сатып алуға (бүкіл ел бойынша 100 мыңнан
астам сауда нүктесі), арнайы шағын терминалдармен
жабдықталған қоғамдық көлікпен жүру, тұрақ және так-
си қызметі үшін ақы төлеуге болады.
Телекоммуникациялық операторлар тауарлардың,
қызмет көрсетулердің және контенттің ауқымды тізімін
сату жөніндегі ауқымды реселлерлер және агент-
тер ретінде іс-әрекет жасайды. Сауда ұйымдары,
қоғамдық көлік кәсіпорындары және басқа да қызмет
көрсетулерді жеткізушілер мобильдік төлемдер
жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады. Банктер
төлем агентінің функциясымен шектеле отырып, өзінің
дағдылы сапасымен іс-әрекет жасайды.
Бүгіні күні «ФелиКа» технологиясы Сингапур,
Қытай, Үндістан және Таиланд елдерінде кеңінен
таралған.
Оңтүстік Кореяда мобильдік төлемдер 2002
жылы пайда болды. Мобильдік байланыс оператор-
лары елдің ірі банктерімен кооперация (LG Telecom
және Kookmin Bank, SK Telecom мен орта және шағын
банктер тобы, KTF банктер тобымен) жасай оты-
рып, төлем қызметінің толық спектрі үшін мобильдік
төлемдерді іске қосты.
Техникалық шешім сондай-ақ IC (integrated circuit)
чипті қолдануға негізделді, сондай-ақ контактісіз
тәсілге негізделген арнайы телефондарды, есептеуіш
құрылғыларын талап етеді.
Жапониядан айырмашылығы, онда мобильдік
төлемдерді дамытудағы көшбасшылық рөлді банктер
атқарады. Осы мақсаттар үшін мобильді телефонда
пайдалану үшін SIM-картаның мөлшерімен бірдей
арнайы төлем карточкасы сертификацияланды. Іс
жүзінде, мобильдік құрылғыларды пайдалана отырып
төлемдерді жүзеге асыру кезінде төлем карточкала-
рын қолдану таратылуда (телефон және төлем кар-
точка біріктірілген, транзакциялар құны айтарлықтай
қысқарды).
Еуроаймақта мобильдік төлемдерді ендіру және
қозғалысы бойынша көшбасшы Скандинавия елдері
болып табылады. Атап айтқанда, Финляндияда
мобильдік байланыс операторлары мобильді теле-
фонды пайдалана отырып автомобильдік тұраққа
қою және қоғамдық көлікпен жүру үшін ақы төлеу іске
асырылды, бұл ретте төлем оператордағы абоненттік
шоттан не банк шотынан (төлем карточкасы) жасала-
ды. Осы қызмет Скандинавия мен Балтияның көптеген
елдерінде одан әрі таралды. 2004 жылы Radiolinja
фин мобильдік байланыс операторы елдің екі жетекші
банкімен (Nordea және Sampo) бірлесіп «Мобильдік
ақша» деп аталатын жаңа сервисті ендірді, ол клиент-
терге мобильді телефонды пайдалана отырып әртүрлі
қызмет көрсету үшін төлемдерді жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Жүйедегі төлемдер клиенттерге та-
уарлар мен қызметтерді жеткізушінің тиісті нөміріне
SMS-хабар жіберу арқылы «мобильдік әмияннан»
жүзеге асырылады. Тауарлар мен қызметтерді
жеткізуші
транзакцияларды
жасағаннан
кейін
жүргізілген төлем туралы хабарды лезде алады, ал
нақты ақша оның банк шотына келесі банктік рәсімдер
бойынша аударылады. Жүйеде транзакцияның ең көп
сомасына шектеу және мобильдік әмиянның ең үлкен
балансы көзделген.
Норвегияда мобильдік төлемдердің сервисі
мобильдік
төлемдердің
тәуелсіз
провайдері
Contopronto компаниясының базасында ендірілді.
Испанияда 2000 жылдардың басында Banco Bilbao