ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
22
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР
Ағаш, ағаштан жасалған
материалдар және қағаз-
целлюлоза бұйымдары
25 924,4
2,49
22 645,7
2,02
31 419,6
2,68
Тоқыма және тоқыма
бұйымдары
18 833,6
1,81
36 498,7
3,26
54 316,2
4,63
Аяқ киім, бас киім
бұйымдары мен
галантереялық тауарлар
2 389,2
0,23
5 477,7
0,49
6 160,2
0,52
Құрылыс материалдары
14 343,8
1,38
11 935,7
1,07
22 172,2
1,89
Металлдар және олардан
жасалған бұйымдар
116 677,4
11,22
49 651,9
4,43
47 168,3
4,02
Машиналар, жабдықтар,
көлік құралдары, аспаптар
мен аппараттар
432 014,4
41,55
346 369,8
30,91
416 455,8
35,49
Басқа тауарлар
47 790,2
4,60
55 699,7
4,97
52 105,6
4,44
Барлығы
1 039 835,7
100,0
1 120 409,2
100,0
1 173 608,1
100,0
*- Кедендік одақ елдерін есептемегенде
Сонымен, минералды өнімдер (жанармай-
энергетикалық
тауарларды
қоса
алғанда),
экспорттың негізгі бабы болып табылады, олар
тұтыну көлемдерінің жартысынан көбін алады, және
де бұл байланыс жылдан жылға өсуде. Осылайша,
егер 2010 жылы аталған топтың тауарларының
үлес салмағы экспорттың 54,35%-ын құраған бол-
са, ал 2012 жылы – 75,24%-ын дерлік құрайды.
Импорттың тауарлық құрылымының ең көп бөлігін
машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар
мен аппараттар (2010 жылғы 41,55%-ға қарсы 2012
жылы 35,49%), мал және өсімдік тектес өнімдер,
дайын азық-түлік өнімдері (2010 жылғы 13,52%-ға
қарсы 2012 жылы 28,0%) құрайды.
Шикізатты экспорттауға және дайын өнімдерді
импорттауға – тек Оңтүстік Қазақстан облысын-
да ғана емес, сонымен бірге жалпы республика
бойынша да байқалатын үрдіс. Облыста импорт-
ты алмастыру проблемасын шешу мақсатында
меншікті өндірісті дамытуға және жаңғыртуға көп
көңіл бөлінеді. Осылайша, жылдамдатылған инду-
стриалды – инновациялық дамыту бағдарламасы
шегінде «Юсталькон» ЖШС, «ПетроКазахстан Ойл
Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентце-
мент» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» сияқты
кәсіпорындар өз жобаларын жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнес жылдам қарқынмен да-
муда, онда «FERRUM-VTOR» ЖШС, «Балмұздақ»
ЖШС, «Визит» АҚ, «ЖБИ-С» ЖШС және ондаған
қолданыстағы кәсіпорындар көшбасшылар бо-
лып табылады. ОҚО-да «Оңтүстік» Индустриалды
зонасы құрылған, оның аумағында 32 кәсіпорын
«Бизнестің жол картасы – 2020», «Өнімділік – 2020»,
«Экспортшы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020»
секілді мемлекеттік бағдарламаларды қолдау бой-
ынша жұмыс жасауда. Мақта кластері өз дамуын
алды – «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Шым-
кент-Кашимир» ЖШС және «Oxy Textile» ЖШС
тоқыма бұйымдарын, киім мен аяқ-киімді өндіруге
мамандандырады. Осылайша, Оңтүстік Қазақстан
облысының сыртқы сауда көрсеткіштерін талдай
келе, мына төмендегі үрдістерді бөліп ккөрсетуге
болады:
– барлық кезең ішінде (2010-2012 жылдар)
аймақтың сыртқы сауда айналымының ілгерлемелі
өсуі байқалады, және де Кедендік одақ елдерінен
импорттау айтарлық өсті, бұл кедендік шектеулерді
алумен байланысты;
– экспорттың шикізатқа бағытталуы және соның
салдарынан сыртқы нарықтағы бағаларға жоғары
тәуелділік. Экспорттағы негізгі үлес минералды
өнімдерге (шикі мұнай мен мұнай өнімдері, уран
кендері), мал және өсімдік тектес өнімдерге (бидай,
ұн, мақта талшығы) беріледі;
– жергілікті өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің
төмендігі: экспорттың тауарлық құрылымында
негізінен тау-кен өнеркәсібінің өнімдері қатысады,
өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспорттау – бұл негізінен
технологиялық өңдеу деңгейі төмен тауарлар;
– ішкі тұтыну құрылымының импорттық өнімдер
пайдасына өзгеруі, импорттық жеткізулер бағасының
төмендеуі, бұл ақыр соңында жергілікте өндірушіде
теріс әсер білінеді;
Қазақстынның Кедендік одаққа кіруінің нәтижесі
ретінде Ресеймен ынтымақтастықты кеңейту.
Қорытынды: сыртқы сауда айналымын кеңейту
және жаңа байланыстарды жақсарту – аймақты
дамытуда үлкен плюс. Алайда, бүгінде, сауда бай-
ланыстарын басқа сапалы деңгейге көтеру – та-
уарларды сыртқы нарыққа шығара отырып ол
орындарда бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісін
дамыту, және шикізатты жеткізушінің рөлінен
шегіну қажет.
Әдебиеттер тізімі
• ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің сайты
www.stat.kz;
• Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің сайты
www.ontustik.gov.kz;
• ҚР Қаржы Министрлігінің Кедендік бақылау
комитетінің сайты www.customs.kz.