қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда) осы бөліктің 1) – 7)
тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелерді көрсетпеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Бақылау-кассалық машинаны пайдалану кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын
толтырмау не ауысымдық есеп көрсеткіштерінің тиісті күнге қолма-қол ақшаны есепке алу
кітабының деректеріне сәйкес келмеуі не қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген
тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару
операцияларын бақылау-кассалық машинада жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу
кітабында жазба жүргізбеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Салықтық тексеру барысында анықталған, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есеп
көрсеткіштерінің қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге,
жұмыстарды
орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес, қолма-қол ақшаны қабылдау
және беру сомалары ескеріле отырып, фискальдық есепті алу кезінде кассадағы қолма-қол
ақшаның сомасына сәйкес келмеуі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ауысымдық есепті, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын, тауар чектерін,
бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасын жою немесе қайтару чегін, сондай-ақ жою
немесе қайтару операциясы сол бойынша жүргізілген бақылау чегін сақтаудың Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде
қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар,
көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын, өткізілген
тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге бақылау чегінің
түпнұсқасынсыз бақылау-кассалық машинада жүргізу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
16. Осы баптың он бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Мемлекеттік кіріс органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес
бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы жойылғаннан кейін пломба орнату үшін
бақылау-кассалық машинаны мемлекеттік кіріс органына ұсыну мерзімін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
18. Осы баптың он жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 284-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
285-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында белгiленген
мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi:
1) мемлекеттік кіріс органдарының, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеушi –
заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер,
жекеше нотариус, жеке сот
орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе
азаматтығы жоқ адамға хабарламалардың кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-
коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын ашқаны туралы олар ашылғаннан
кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде –
үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
2) клиенттердің төлем құжаттарындағы (вексельді және банктің қолма-қол ақша
қабылдауы және беруі соның негізінде жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда)
сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоттары бойынша операциялар жүргiзу;
3) салық төлеушiнің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді
төлеу тапсырмасын, салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен
айыппұлдар өндіріп алу туралы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін –
салық төлеушінің не мемлекеттік кіріс органдарының нұсқауын алған күннен кейінгі бір
операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезектегі тәртіппен орындамауы;
4) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу
есебінде тұрған
жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің,
қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес
–
заңды тұлғаның
құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында (корреспонденттікті қоспағанда) мемлекеттік
кіріс органдарының өкімінде көрсетілген салық берешегі
сомасының шегінде шығыс
операцияларын сондай өкім бойынша тоқтата тұрмау;
5) есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы
туралы есепті, ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде, уәкілетті орган белгілеген
нысан бойынша мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
белгіленген мерзім ішінде ұсынбау;
6) өз клиентінде осы банкте ашылған, мемлекеттік кіріс органдары инкассолық
өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
туралы
өкімдер қойған, банктік шоты болған кезде оған жаңа банктік шот ашу;
7) жұмыс істемейтін салық төлеушіге банк шотын ашу түрінде орындамауы
–
банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді
орындамаған кезеңі ішінде салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс
операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.