2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған, бюджетке төленетін
салықтар сомаларын аудармауы немесе уақтылы аудармауы -
шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе уақтылы аударылмаған
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасының елу пайызы мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың салық заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеушi – заңды тұлғаға, резидент еместі
қоса алғанда, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот
орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе
азаматтығы жоқ тұлғаға хабарламалардың кепілдік берілген жеткізілімін қамтамасыз ететін
ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын жабу туралы ол ашылғаннан
кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде
–
үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015
№ 406-V
Заңымен (01.01.2017
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2018
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен
қабылдау;
3) көлік құралына салықты төлеу үшін төлем құжаттарын көлік құралының дұрыс
көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
4) уәкілетті органның берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірісті
мойындауды тоқтату кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаны
немесе заңды тұлғаны сыйақы есептеуді тоқтата тұру туралы есептi салық кезеңiнен кейiнгi
жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей хабардар етпеуі;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015
№ 406-V
Заңымен (01.01.2017
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2018
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, міндетті
зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік
аударымдарды аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (есебіне жатқызбау) не
банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа да ұйымға салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды
аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның кінәсінан төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қате жіберу;
6) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу
есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын
және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге мемлекеттік кіріс
органдарының лауазымды адамын жібермеу;
7) мемлекеттік кіріс органын қарыз алушы салық төлеушіде міндеттемелерді есептен
шығарудан табыс пайда болғаны туралы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке
тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар)
бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде
хабардар етпеу;
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015
№ 412-V
Заңымен (01.01.2017
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні
ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және
қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбау түрінде орындамауы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
286-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған
мәлiметтер ұсыну
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған
мәлiметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу
қамтамасыз етiлмеген кепілгерліктер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер
бұл әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқпаса,
–
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Құқық бұзушылық жасалған кезде екі мың айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнен асатын сома – жеке тұлғаға, жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен
асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
287-бап. Кеден одағында тауарларды экспорттау мен
импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді
көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында белгіленген
міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарды орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама
салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақтылы төлемеу –
жеке тұлғаларға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырма пайызы, бірақ
кемінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған салық
міндеттемесі сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде жиырма айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының
қырық пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне орындалмаған салық міндеттемесі сомасының елу пайызы, бірақ кемінде екі
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді ұсынбауы
және оларды орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Мемлекеттік кіріс органдарын мынадай жағдайларда:
1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан
Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің
аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
Достарыңызбен бөлісу: |