2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып,
лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
315-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау,
құрылыс материалдарын, бұйымдар мен
конструкциялар дайындау бойынша
құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру
жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк
құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық
құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу
Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен
конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын
жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы
ресiмдеу қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
– жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
316-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не
белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша
салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту,
техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi
жөндеу)
1. Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан
өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау,
реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) –
жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,
әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз алпыс, лауазымды адамдарға –
екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз,
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын)
құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі
–
авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай
мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жобаларға сараптаманы жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және тұрғызылып жатқан не тұрғызылған
объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын
беруі –
жобаларға сараптаманы жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты
ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың
сапасын, мерзiмдерiн, қабылдануын және объектiнiң пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда,
жобаны iске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі –
техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай
мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын
бұза отырып орындалған және ғимараттар, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе
жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың
беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын
қорытынды беруі –
ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-
қарауды жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзiмге тоқтата
тұрып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк
жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
көрсетілетін қызметтің және маманданудың тиісті түріне сарапшы аттестатынан айыра
отырып және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру
құқығына қызметке үш жыл мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға төрт жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 317-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015
№ 366-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк
қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және
жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды
(жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар
мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және
орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге
асыру кезінде Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзуы
1. Құрамында аттестатталған сарапшылары бар заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет
көрсетулерді (техникалық қадағалауды және жобаны басқаруды) және сараптамалық жұмыстарды
(жобаларға сараптама жүргізуді және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және
орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық
актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыруы, оның ішінде:
1) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық
шешімдерге сәйкес келмеуі;
Достарыңызбен бөлісу: |