10) мұнай өндiрушiлерден, берушiлерден, импорттаушылардан мұнай өнімдерін сатып
алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін бөлшек сауда
арқылы өткізбейтіндерге немесе түпкілікті емес тұтынушыларға мұнай өнімдерін өткізуі
түрінде жасалған бұзушылық –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай
өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене
отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай
өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене
отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 281-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016
№ 500-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен
алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын
мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру және оның айналымы жөніндегі
декларацияларды ұсыну қағидаларын, этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе
жүкқұжаттарын ресiмдеу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртi мен
алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi декларацияларды, сондай-ақ этил
спиртi мен алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ұсынбау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және олардың орнын ауыстыру
шарттарын:
1) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жерлерден тыс
орындарда сақтау және өткiзу;
2) аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон қаптамадағы
және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас,
майысқан, анық сынық белгiлерi бар, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ
тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа)
алкоголь өнімінің айналымы;
3) алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайыздан кем градусы төмен
ликер-арақ өнімдерінен басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және
пластикалық сауыттардағы (сыраны құюды қоспағанда) айналымы;
4) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға
бөлшек саудада өткізу;
5) екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы
және көтерме саудада өткiзуі;
6) есепке алу-бақылау таңбаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе)
есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау
таңбаларынан ақпаратты оқи алатын аспаптарсыз сақтау және өткізу;
7) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы
және олардың орнын ауыстыру түрінде жасалған бұзушылық – құқық бұзушылықтың тiкелей
нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – елу,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз
елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып
табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып
табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
1) өндірушінің өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы
ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген
күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеу;
2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын,
сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық
желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын,
сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол
сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен
өндіру;
4) екi және одан да көп лицензиаттың нақ сол бiр стационарлық үй-жайда және нақ
сол бір жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық –
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiру және олардың айналымы
шарттарын:
1) осындай қызмет бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметтi
жүзеге асыру;
2) тағамдық емес шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiнен алкоголь өнiмiн өндiру
түрiнде жасалған бұзушылық –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген
мерзімдерде және мөлшерде төлемеу –
Достарыңызбен бөлісу: |