291-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті
аспаптармен және жылу тұтынуды реттеудің
автоматтандырылған жүйелерімен
жарақтандырылмаған, энергетикалық ресурстарды
тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау
1. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті аспаптармен және жылу тұтынуды
реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған,
энергетикалық ресурстарды
тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау –
лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол
қойған адамдарды түсіну керек.
2. Лауазымды адамдар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен
жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағат бойынша орташа тұтынуы кемінде 50 кВт-ты
құрайтын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау
шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді
пайдалануға беру жағдайларында, осы баптың
бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік
жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық
тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі
міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды
тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар
мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия
аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға
дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы
талапты бұзуы
Ескерту. 292-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық
тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық
ресурстарды және
суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне
энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын
төмендету туралы талапты энергия аудитінен өткеннен кейін бес жыл ішінде бұзуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015
№ 279-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектілерінің міндетті энергия аудитінен
өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі
келтіруі
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен
өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласында өнімді сату және пайдалану
жөніндегі шектеулерді бұзу
Ескерту. 294-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
1. Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25
Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын сату және пайдалану –
жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт
және одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт
және одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамасында және
этикеткаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпарат
қамтылмаған энергия тұтынатын құрылғыларды сату және (немесе) пайдалану –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Ескерту. 294-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015
№ 279-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29.10.2015
№ 376-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.