Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет55/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   192

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       3. Есепке алу құжаттамасында тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетін қызметтердi) 
есепке алу және өткізу жөнiндегi операциялардың көрсетiлмеуi – 
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, 
көрсетiлетін қызметтер) құнының – үш, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік 
құжаттаманың және (немесе) салықтық нысандардың, салықтық есепке алу саясатының, салық 
салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, 
сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың 
болмауы түсініледі.
 
      277-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да
 
                мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған
 
                (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару
 
      Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 
өкімінің қолданылуы кезеңінде берешек болған кезде, салық төлеушiнiң үшiншi тұлғалармен 
өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруы арқылы жасалған, салықтардың және бюджетке 
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден 
жалтаруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне жүргізілген есеп айырысулар сомасының – отыз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      278-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да
 
                мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету
 
      1. Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің сомаларын декларацияда, есеп-
қисапта, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кемітіп 
көрсету, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жекеше нотариустарға, 
жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi 
төлемдердiң есепке жазылған сомасының – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Салық төлеушiнiң есеп-қисапта ағымдағы төлемдер сомаларын кемітіп көрсетуi, 
егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының отыз, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 
салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан жиырма пайыздан астам 
мөлшерде асыру, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      ic жүзiндегi салықтың асып кеткен сомасының қырық пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
       4. 
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      Ескертпелер.
 
      1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке 
жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін 


қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты 
бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады.
 
      Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі 
салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген 
сома – осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн 
салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасы есепке алына отырып 
айқындалады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және 
жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын кемітіп 
көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа жататын болса, мұндай тұлға импортталған тауарлар 
бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын 
кемітіп көрсеткені үшін жеке әкімшілік жауаптылыққа жатпайды.
 
      3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан 
Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы 
бойынша аванстық төлемдердің есеп-қисаптарын ұсынбаған жағдайда да тұлға әкімшілік 
жауаптылыққа жатады. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге 
теңестіріледі.
 
      4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде 
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 335-бабының 3-тармағына және (немесе) 338-бабы 
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген 
түзетуге байланысты түзілген асып кету есепке алынбайды.
 
      
Ескерту. 278-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      279-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және
 
                (немесе) аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы
 
      1. Салық агентінің бюджетке ұстап қалуға және (немесе) аударуға жататын 
салықтардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде 
ұстап қалмауы немесе толық ұстамауы –
 
      жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салықтардың және басқа да мiндеттi 
төлемдердiң ұсталып қалмаған сомасының – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын 
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық 
аудармауы –
 
      жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 
– он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде 
көрсетілген салықтардың ұстап қалынған (ұстап қалынуға тиіс) сомалары бойынша, 
мемлекеттік кіріс органына қосымша салық есептілігін ұсынған күннен бастап үш жұмыс 
күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген 
әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
 
      280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
 
      Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір 
жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау