Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет1/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192


 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 920-баптан қараңыз.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша:
 
      «салық органына», «салық органдарына», «салық органдарының», «салық органында», 
«салық органының», «салық органы», «салық органдарындағы», салық органын», «салық 
органдарын», «салық қызметі органдары», «салық қызметі органдарының», «салық қызметі 
органының», «салық қызметі органы», «салық қызметі органдарына», «салық қызметінің 
органдары», «салық қызметінің органы» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік кіріс 
органына», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдарының», 
«мемлекеттік кіріс органында», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс 
органы», «мемлекеттік кіріс органдарындағы», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік 
кіріс органдарын», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының», 
«мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс 
органдарына», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органы» деген сөздермен 
ауыстырылды;
 
       «кеден органынан», «кеден органының», «кеден органын», «кеден органына», «кеден 
органы», «кеден органдары», «кеден органдарының» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік 
кіріс органынан», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органын», 
«мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдары», 
«мемлекеттік кіріс органдарының» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 29.12.2014 № 272-V 
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      МАЗМҰНЫ
 
   1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
   1-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА 
      1-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық
 
              туралы заңнамасы
 
      1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы 
Кодекстен тұрады.
 
      2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың 
жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi.
 
      3. Әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының 
халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады.
 
      4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында 
басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ету 
туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы 
ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың 
қағидалары қолданылады.
 
      2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
 
      Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық 
белгiлерi бар іс-әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.
 
      3-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық
 
              үшiн жауаптылық туралы заңнамасының кеңiстiк
 


              тұрғысынан қолданылуы
 
      1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы 
Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.
 
      2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-
әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп 
танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және 
айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
 
      3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының 
шегiнен тыс ашық судағы немесе әуе кеңiстiгiндегі кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
жасаған тұлға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, 
осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери 
кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға да оның 
тұрған жерiне қарамастан, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
 
      4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де 
шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда осы 
адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес 
шешiледi.
 
      4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық
 
              үшiн жауаптылық туралы заңнамасының уақыт
 
              тұрғысынан қолданылуы
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта 
қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылыққа жатады.
 
      2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген іс-әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, 
салдардың басталған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт деп 
танылады.
 
      5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның 
күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзге түрде 
жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған 
және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаған құқық бұзушылыққа қолданылады.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты белгiлейтiн немесе 
күшейтетiн немесе тұлғаның жағдайын өзге түрде нашарлататын заңның керi күшi болмайды.
 
      
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
   2-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ 
МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ 
      6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың
 
              мiндеттерi
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері – адамның және азаматтың 
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, 
қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды 
жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен 
мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын 
алу.
 
      2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама 
әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң 
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын 
жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза 
қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы 
мүмкiн екенiн айқындайды.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау