тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды лияцензияның
қолданылуы тоқтатыла тұрған мерзім ішінде жоймау –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), арақтарды және айрықша арақтарды
өндіру кезінде өндіріс қуатын пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз
көлемін сақтамау -
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Алкоголь өнiмiн денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-
сауықтыру, спорт және спорт-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының,
сауда рыноктарының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында сақтау және
өткізу –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 282-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-б
. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015
№ 364-V
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
283-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда,
алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен
және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен
таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
1. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының
алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік
таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене
отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз,
сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен
сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке
алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене
отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
Ескерту. 283-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
16-тарауды 283-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 03.12.2015
№ 432-V
Заңымен
(01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
284-бап. Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн
бұзу
1. Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету
кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын
немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-
кассалық машиналарды қолдану –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық
машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан
артық немесе кем сомаға беру –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол
ақшаны есепке алу кітабын немесе тауар чектерінің кітабын ауыстыру (қалпына келтіру)
үшін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес
бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы болған кезде салықтық өтініш беру
мерзімдерін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Бақылау-кассалық машинаның бақылау чегінде мынадай деректемелердің біреуін
немесе бірнешеуін:
1) салық төлеушінің атауын;
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-кассалық машинаның зауыттық нөмірін;
4) бақылау-кассалық машинаның мемлекеттік кіріс органындағы тіркелу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақытын;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу
сомасын;
8) фискальдық белгіні көрсетпеу не аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау
чегінде (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
Достарыңызбен бөлісу: |