Ескерту. 10-тарау 82-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015
№ 315-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк
қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:
1) мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін
қамтамасыз етпеу;
2) мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды
қамтамасыз етпеу;
3) жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіби
ауруға шалдыққан мүгедектерді жұмыспен қамту және
кәсіптік оңалту саласындағы
міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
84-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк
қызметтер туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасын:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудегi қажеттiлiкке бағалау жүргiзудiң және
оны
айқындаудың, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету
туралы шешiм шығарудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы
шешiмдi орындамау түрiнде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
85-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу
барысында белгiлi болған мәлiметтердi жария етуi
1. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында белгiлi болған
мәлiметтердi осы ақпаратты берген тараптың
рұқсатынсыз жария етуi, егер бұл әрекетте
қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу
1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты
жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 86-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015
№ 415-V
Заңымен
(01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
87-бап. Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу
1. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан
төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының үстеме жұмысқа, мереке және демалыс
күндеріндегі жұмысқа
ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі
талаптарын бұзу –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015
№ 415-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
88-бап. Демалыс бермеу