операцияларын тоқтатпауы түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының
мiндеттi әлеуметтiк
сақтандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы
және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар
сомасының жиырма,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында
көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен әлеуметтік аударымдарды
төлеушiнің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;
2) әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау
(банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-
қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға
енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде
қателер жiберу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс
органдарының әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын
өндiрiп алуға инкассолық
өкiмдерiн орындамауы түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк
сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы –
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында
белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде төлеушiлердiң банк шоттары
бойынша жасалған
шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнiң мақсаттары үшiн тұлға, егер
төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған)
әлеуметтiк аударымдар сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданыста болған
заңға сәйкес белгiленетiн бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаған жағдайда,
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015
№ 408-V
Заңымен (01.03.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
10-тарауды 92-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 16.11.2015
№ 406-V
Заңымен
(01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды
қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес өндірістік
ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) болмауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес
қызметкерлерді міндетті және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерден және ауысым
алдындағы медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі талаптарды бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес
емдік-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу
–
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қызметкерлерді оқыту
мен
даярлықтан, басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша білімін тексеруден өткізу талаптарын орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, ескерту
жасалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама беру (кіріспе нұсқамадан басқа) талаптарын
орындамауы және осы құжаттардың болмауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
94-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама
талаптарын бұзу
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген
өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу
жөнінде заңнама талаптарын бұзуы –
ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
95-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу
Ескерту. 95-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015
№ 415-V
Заңымен
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.