Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет12/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   192

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе 
онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      2. Егер осы әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, 
меншiк иесi, оператор немесе үшiншi тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл 
сол іс-әрекеттер –
 
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе 
онсыз, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір 
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      3. Меншiк иесiнiң, оператордың немесе үшiншi тұлғаның дербес деректердi қорғау 
жөнiндегi шараларды сақтамауы –
 
       жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі 
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.      
 
      4. Егер осы іс-әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, 
осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, дербес деректерді жоғалтуға, заңсыз жинауға және 
(немесе) өңдеуге әкеп соққан іс-әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті 
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 79-бап өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
 № 419-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      80-бап. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын
 
               сақтамау және оны сапасыз көрсету
 
      1. Медицина қызметкерiнiң медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын 
сақтамауы, кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды 
орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа зиян келтiруге әкеп соқпаса, 

 
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және 
комерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
және комерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Медицина қызметкерiнiң медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын 
сақтамау, кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды 
орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп 
соқса, –
 
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
және комерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi 


кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшіншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      лицензиядан және (немесе) маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, жеке 
тұлғаларға, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және 
комерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      81-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша
 
               жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру
 
               қағидаларын бұзуы
 
      1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе 
анықтаманы беру қағидаларын бұзуы –
 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол 
іс-әрекет –
 
      маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды 
адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      82-бап. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының
 
               заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу
 
               қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі
 
               талаптарды бұзуы
 
      1. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, 
дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы 

 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол 
іс-әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      82-1-бап. Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік
 
                 стандарттар және олардың кепілдіктері туралы
 
                 заңнамасын бұзу
 
      1. Осы Кодекстің 83, 84, 87, 89 және 91-баптарында көзделген жағдайларды 
қоспағанда, ең төмен әлеуметтік стандарттарды орындамаудан және (немесе) қамтамасыз 
етпеуден көрінген, Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және 
олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзу –
 
      лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау