Әлеуметтік көмекті көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 0,49 Mb.
бет1/3
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14345
  1   2   3

ЖОБА


Әлеуметтік көмекті көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 тармақтағы Заңы 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекітілсін.

2. Лисаков қалалық маслихатының осы шешімнің қосымшасына сәйкес кейбір шешімдері күші жойылғандеп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс сессияның орынбасары

КЕЛІСТІРІЛДІ


Лисаков қаласы әкімдігінің

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы



______________ Ш. Бекмухамедова
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін

белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санат тізбесін белгілеу

ЕРЕЖЕЛЕР
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрi - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.


      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) арнайы комиссия - келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті қоспағанда өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын, әлеуметтік көмектін ерекшелігімен, шарт негізіндегі комиссия;
      2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      3) әлеуметтік бейімдеу - жеке қажеттілігіне байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер, сонымен қатар жергілікті бюджеттің қаражат есебінен қарастырылған әлеуметтік қорғаудың басқа шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен көзделген әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары;
      4) әлеуметтік келісімшарт - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      5) ең төменгі күнкөрiс деңгейi - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
      6) келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      7) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      8) отпасын әлеуметтік келісім шартын активтендіру – еңбек етуге жарайтын жеке тұлғалардың шарт негізінде әлеуметтік көмекті көрсету үшін, отбасы атынан сөйлейтін және екі тарптың құқығын және міндеттерін белгілейтін келісім шарт; отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі

9 ) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – бір айда әр отпасының мүшесіне келетін , отбасының жиындық кіріс үлесі ;


      10) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
      11) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      12) уәкiлеттi ұйым – Қазақстан Республикасының денсеулық сақтау және әлеуметтік даму Министерстваның "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Лисаков қаласының филиалы;
13)    уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
     14) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      15) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. 9 мамыр - Жеңiс күнi мереке күнi болып табылады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаты тізбесі және әлеуметтік


көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      5. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және адамның (отбасы мүшелерінің) өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленетін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.


      Бұл ретте келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      6. Ай сайынғы әлеуметтiк көмек табыстарын есептемегенде:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінде соғыс қатысушыларына теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттiлiктеріне, 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде көрсетiледi.
      7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

2) барлық санаттағы мүгедектерге санаторийға және оңалту орталықтарына бару,келу жолдары шығындарын өтеу үшін, табыстардың есебі сіз, 3 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;



      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      4) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде, өтініш жасаудың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі - ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастардың, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты шығындарды өтеу үшін, оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен көп емес мөлшерде;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына, кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      6) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасыларға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      7) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiне орай, 150 000 теңге мөлшерде;
      9) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен соғыс қатысушыларына теңестiрiлген адамдардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс (қызмет) iстеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiне орай, 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде көрсетiледi.
      8. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      3) жергілікті өкілді органдар ең төменгі күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
      4) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін) негіздеме болып табылады.
      9. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегi Қостанай облысы бойынша белгiленген бiр еселiк ең төменгi күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде. Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негiздеме бойынша өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті адамдардың (отбасы мүшелерінің) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, адамдардың (отбасы мүшелерінің) әлеуметтік бейімделуден өтуге қатысуы шарттарында отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған кезде, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын адамдарға (отбасы мүшелеріне) беріледі.
      10. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетiлген жағдайлар туындаған күнінен бастап үш айдан кешiктiрiлмей көрсетiледi.
      11. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
      12. Әрбір адамға (отбасы мүшесіне) арналған келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы табысы мен Қостанай облысында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Мереке күнiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергiлiктi атқарушы органмен бекiтілген тiзiм бойынша көрсетiледi.
      14. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген адамдар ай сайынғы әлеуметтiк көмектi осы қағидалар күшіне енгеніне дейін алуы, алушыдан өтінішті талап етпеумен көрсетіледі. Жаңадан өтініш білдірушілерге өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) әлеуметтiк мәртебесін растайтын құжатты ;

3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты ұсынады;


       15. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
      3) Үлгiлiк қағидалардағы 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
      4) осы Қағидалардың 7-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген адамдарның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәлiметтердi;
      5) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты;
      6) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтерді;
      7) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.
      Осы тармақтың 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тек қана келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін ұсынылады.
      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Осы Қағидалардың 16-тармағының 3), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады.
      17. Адамға (отбасы мүшелері) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек үшін өтініш жасаған кезде уәкілетті орган, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі консультация беру деңгейінде оны көрсету шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасуға келісім берген жағдайда, адаммен (отбасы мүшелерімен) әңгімелесу өткізеді, оның барысында адамның (отбасы мүшелерінің) проблемалары туралы, өмiрлiк қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктері туралы ақпаратты нақтылайды, сондай-ақ:
      1) үміткердің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алуға құқығын;
      2) отбасы мүшелеріне олардың жеке қажеттіліктерін есепке алып, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлерін;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын алдын ала айқындайды.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, содан кейін өтініш беріледі.
      18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетіспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      21. Өтiнiш берушiнің қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      22. Уәкiлеттi орган:
      1) учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      2) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті көрсету кезінде учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қабылдайды.
      23. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуге үміткерлер адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда отбасының алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

Жиындық кіріс ( 2009 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасының әділет Министірлігінде тіргелге) 2009 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министірімен бекітілген бұйрығымен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алуға үміткер, тұлғаның (отбасы) жиындық кірісті бағалау Ережелеріне сәйкес есептеледі.


    24.  Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      25. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      26. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда - негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      27. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      28. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      29. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) учаскелік комиссияның әлеуметтік көмекті көрсетуге қажеттіліктің болмауы туралы қорытындының болуы;
      2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан артуы;
      3) табысы аз адамдар қатарынан өз бетінше жұмыспен айналысатындар, жұмыссыздар, еңбекке қабілетті жастағы адамдар санаттарына жатқызылған отбасының еңбекке қабілетті бір немесе бірнеше мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысудан бас тартқан;
      4) отбасының құрамында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға еңбекке қабілетті үміткерлер болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      30. Әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.
      31. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қостанай ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Отбасының белсенділігін арттырудың


әлеуметтік келісімшартын жасау

      32. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарды дайындау үшін және осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.


      Бұл ретте осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысатындар, жұмыссыздар қатарынан үміткерлер бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі немесе "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдамаларын ұсынады.
      33. Жеке жоспарда табысы аз азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін отбасының (азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімделу бойынша болжамды шаралар көрсетіледі, атап айтқанда:
      1) уәкілетті органның және (немесе) Жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеу және оларға ұсынылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
      2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өту;
      3) жеке кәсіпкерлік қызметті іске асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;
      4) халықтың нысаналы топтары мезгілді скринингтік тексеруден өту;
      5) отбасы құрамында жүкті әйел болған кезде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін, денсаулық сақтау мекемелеріне жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;
      6) әлеуметтік мәні бар ауруы (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) бар болған кезде ерікті түрде емделу;
      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақытылы алу;
      8) табысы аз отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша айқындалған, кәсіби және әлеуметтік бейімделу бойынша басқа да шаралар.
      34. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
      стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде);
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
      35. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай тағы алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.
      36. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.
      37. Уәкілетті орган барлық кезеңдерде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеуді және жеке жоспардың орындалуын жүзеге асырады.

5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті


жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау