Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет14/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   192

      Жұмыс берушінің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін 
қатарынан екі жыл бойы бермеуі –
 
      лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015
 № 415-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      89-бап. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру
 
      1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс 
уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған 
ұзақтығын заңсыз асыруы –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      90-бап. Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру
 
      1. Еңбек саласында қызметкердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы алу құқығын бұзудан 
көрінген кемсітушілікке жұмыс берушінің жол беруі –
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын 
көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос 
жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптар қамтылатын 
ақпаратты орналастыруы –
 
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
 
               қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының) 
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген, 
міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен 
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар (ерікті зейнетақы жарналарының есебінен 
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар) жасасу тәртiбiн, зейнетақы төлемдерiн, 
аударылымдарды және алып қоюларды жүзеге асыру мерзiмдерiн бұзуы –
 


      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V
 Заңымен (01.01.2018 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік 
корпорациясына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 
есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы 
мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты аталған салымшылар туралы анық емес 
мәлiметтердi ұсынуы –
 
       заңды тұлғаға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады. 
 
      3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      заңды тұлғаға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      4. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында 
көзделген, зейнетақыларды толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi 
мiндеттердi «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының лауазымды 
адамдарының орындамауы –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы 
қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзып, 
мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –
 
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      6. Жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, 
адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы 
заңнамасында көзделген міндеттерді:
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V
 Заңымен (01.01.2018 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      1) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 
бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының 
тізімін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V
 Заңымен (01.01.2018 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
       2) мемлекеттік кіріс органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті 
кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және 
аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен 
қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзімдерде ұсынбауы; 
 
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр 
қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi 
зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды 
жүргiзбеуi;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V
 Заңымен (01.01.2018 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      4) салымшыларға есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған 
мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау