Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет9/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   192

      2) бұрын бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазаға тартылған, ол 
бойынша осы Кодекстiң 61-бабында көзделген мерзiмi өтпеген адамның оны бiр жыл iшiнде 
қайталап жасауы;
 
      3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
 
      4) кiнәлi адамға психикасының ауыр түрде бұзылуынан зардап шегетіні көрінеу 
белгілі адамдарды не әкiмшiлiк жауаптылық туындайтын жасқа толмаған адамдарды әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық жасауға тарту;
 
      5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша, басқа 
адамдардың заңды әрекеттерi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру 
немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
 
      6) адамға немесе оның жақындарына қатысты осы адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк 
немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
 
      7) кiнәлi адамға жүктiлік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ 
жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлi тұлғаға тәуелдi адамға 
қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
 
      8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
 
      9) дүлей зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық жасау;
 
      10) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп 
танылады. Әкiмшiлiк жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық 
бұзушылықтың сипатына қарай осы мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.
 
      58-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде
 
               әкiмшiлiк жазалар қолдану
 
      1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр 
құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
 
      2. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, оларды сол бiр судья, 
орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл адамға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған 
жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген, үш 
еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, ал әкiмшiлiк қамаққа алу үшін осы 
Кодекстiң 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асыруға болмайды.
 
      3. Егер әкімшілік айыппұлдар заңнамалық актілерде белгіленген, орындалмаған немесе 
тиісінше орындалмаған салық міндеттемесі сомасының пайызымен көрсетілген жағдайда, бұлар 
бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде айыппұл әрбір құқық 
бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.
 
      
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды
 
               өтеу
 
      1. Судья мүлiктiк зиян келтiрілген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай 
келiп, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешкен кезде, егер мұндай зиянның мөлшерi 
туралы дау болмаса, оны бiр мезгiлде өндiрiп алады.
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген мүлiктiк зиянның мөлшерi туралы даулар 
азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
 
      2. Өзге де уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк зиянды өтеу, кiнәлi тұлға оны өз еркiмен өтеуден 
бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүргiзiледi.
 
      3. Iскерлiк беделдi қорғау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген 
моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде 
көзделген негiздер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
 
      60-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу
 


      Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке немесе заңды тұлғаға берiлген 
арнайы құқықтан айыру, сондай-ақ рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру 
мерзiмi жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
 
      61-бап. Тұлға әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн
 
               мерзiм
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған тұлға әкiмшiлiк жаза 
қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде осы жазаға 
тартылды деп есептеледi.
 
   8-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЖАЗАДАН БОСАТУ 
      62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк
 
               жауаптылықтан босату
 
      1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, тұлға – әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және 
банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен 
кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
 
      2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, 
бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, Қазақстан 
Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру 
туралы, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар 
туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы саласында құқық 
бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк 
жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу 
және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны 
үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, бәсекелестікті 
қорғау саласында, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен 
қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар және 
реттелетін нарықтар туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған 
күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
 
      3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттiк 
қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол 
сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға 
жатпайды.
 
      Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа 
тартылуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай 
өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
 
      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен және бұл туралы қылмыстық iстi 
тергеп-тексеру немесе сот қарауы барысында белгілі болған жағдайларға қолданылмайды. Сот 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнiң 405-бабының бiрiншi бөлiгiнде 
көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi тұлғаға, егер әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза 
қолдануға құқылы.
 
      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң өтуі сараптама 
тағайындалған, сондай-ақ iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органның лауазымды адамына 
жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
 
      Бұл мерзiмдердi есептеу сараптама қорытындыларын алған кезден қайтадан басталады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау