Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет10/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

27

-ымен, жатыр мойынының ісігі, қан аздық ауруларына байланысты қауіпті фак-

торларды төмендетуде маңызды рөл атқарады. 

Бұршақтар,  астық  тұқымдастар  секілді  темірге  бай  өнімдермен  қатар 

құрамында  С  дәрумені  бар  көкөністер  мен  жемістерді  тұтыну  темірді  сіңіруді 

жақсартады.  Оның  қайнар  көзі:  қырыққабат  тұқымдас  —  брокколи,  сумалдық. 

Көкөністер мен жемістерде В тобындағы дәрумендер мен минералдар бар: маг-

ний, калий және кальций, олар АҚҚ-ның жоғарылау қаупін төмендетеді.

Ботқалар  мен  бутербродты  тұтыну  кезінде  «көзге  көрінетін»  майды  шектеу 

қажет. Ишемиялық жүрек ауруы, инсульт, ісік пен инсулинге тәуелді қант диабеті 

секілді басты жұқпалы емес аурулардың даму қаупі көп мөлшерде жануар майы 

мен «көзге көрінетін» майды тұтынуға байланысты. 



3-сабақ. Шылымқорлықтың алдын алу.

Сабақ ұзақтығы 100 минут.

Сабақ құрылымы

1. Кіріспе бөлім

2. Ақпараттық бөлім

2.1. Темекі түтінінің компоненттері. Денсаулыққа темекінің әсері. Жеңіл 

темекілер туралы жалған мағлұмат

2.2. Сауалнама әдісі: шылым шегу қылығының түрі мен шылым шегу дәрежесін 

анықтау 

2.3. Никотинге тәуелділік. 

2.4. Шылымқорлықты емдеудің заманауи әдістері.

3. Сұрақтар мен жауаптар.

Шылым  шегу  өкпе,  қуық,  асқазан  ісігінің  даму  қаупін  арттырады  – 

шылымқорлар шылым шекпейтіндерге қарағанда ісікпен 10 есеге жиі ауырады; 

обструктивтік  өкпе  аурулары;  асқазанның  жарасы;  мидағы  қан  айналымының 

бұзылуы; шеткі артерияның, сүйектің (остеопороз дамиды – сүйек тінінің жой-

ылуы,  сүйектің  сынуы),  терінің  (ол  сары,  бос,  құрғақ,  ерте  әжім  түседі,  шы-

лым  шегетін  адамдар  өздерінің  құрдастарынан  айтарлықтай  үлкен  көрінеді), 

тістердің (олар сары және айтарлықтай бейім) зақымдалуы, барлық жүйке жүйесі 

бұзылады:  шылымқорлар  ашуланшақтықпен,  көңіл  күйінің  жиі  өзгеруімен, 

шаршағыштығымен ерекшеленеді; ұрықтың саны мен сапасына әсер ете отырып, 

еркектерде  қауқарлық  пен  ұрықтылық  төмендейді;  шылым  шегуді  тастамаған 

егде тұлғаларда темекі ақыл-парасаттың кемдігі мен Альцгеймер ауруының да-

муна ықпал етеді. Жоғарыда айтылғандар шылым шегудің ағзаға зиянды әсерінің 

толық  көрінісі  емес,  бірақ  осының  өзі  шылымқор  адамға:  «Шылым  шегуден 

кідірмей бас тарту қажет пе?», - деген сауал тудыру қажет.

Темекі түтінінің құрамында 3400-ден аса компонент пен химиялық қосынды 

бар. Оның 200-ден астамы адам үшін улы және ағзаға дәл зиянды соққы береді. 

Соңғы уақытта, әсіресе жастар арасында ерекше танымалдылықты темекінің 

«жеңіл» деп аталатын түрі тұтынылуда. Кез келген шылым ағзаға зиянды әсер 




28

етеді. 


Сол  сияқты  зияны  ұзақ  уақыт  бойы  әлемде  бағаланбаған  пассивті  шылым 

шегу  де  ағзаға  кері  әсер  етеді.  Шылым  шегілген  мекеме  ішінде  ұзақ  уақыт 

отырған  тұлғаларда  жүрек-қан  тамыр  ауруларының  даму  қаупі  айтарлықтай 

өседі, ал ісікпен ауыру қаупі 5 есеге артады. Егер шылым шекпейтін адам шылым 

шегетіндердің арасында бірнеше сағат қатарынан отырса, ол кемінде 10 темекі 

шеккен болып есептелінетіні дәлелденген. 



Шылым шегушілік мінез-құлық түрлері

«Шылым шегушілік мінез-құлық» – нақты бір жағдайда шылымқорды емде-

уге оңтайлы әдіс таңдауға басқа да (жас, жыныс, өтіл мен шылым шегу жиілігін, 

шылым шегу сатысын, кіші әлеуметтік орта, темекіден бас тартуға психологиялық 

дайындық) сипаттамаларымен қатар мүмкіндік беретін шылым шегушінің мінез-

құлықтық ерекшелігінің кешенді сипаты, шылым шегу себебі, шылым шегу си-

паты және т.б.

Емдеу жағынан қарағанда темекі шегу әдеті мен темекіге тәуелділікке шылым 

шегуді саралау ұсынылады. Шылым шегушілік мінез-құлық түрін анықтау үшін 

Д. Хорнмен әзірленген сауалнама ұсынылады (Темекіге қарсы орталық бөлімін 

қараңыз).  Бұл  сауалнаманың  негізінде  шылымқорлық  мінез-құлықтың  келесі 

алты түрін анықтайды: «ынталандыру», «темекімен ойнау», «босаңсу», «қолдау», 

«қалау», «рефлекс». 

Көп  жағдайда  шылымқорлық  мінез-құлық  түрлері  аралас  сипатта  болып 

келеді, бірақ Д. Хорн сауалнамасы бойынша сұрақ-жауап оны анықтауға мүмкіндік 

береді:


• шылым шегудің басым түрі;

• үйреншікті мінез-құлық жағдайы;

• шылым шегу себебі.

«Ынталандыру».  Шылым  шегетін  адам  темекінің  еліктіретін  әрекетке  ие 

екенін  біледі:  сергітеді,  шаршағандықты  басады.  Осы  типтегі  шылым  шегетін 

адамдарда никотинге психологиялық тәуелділік деңгейі жоғарылап, астения мен 

қантамыр дистониясының белгілері болады.



«Темекімен  ойнау».  Адам  шылым  шеккенде  «ойнап»  отырғандай.  Оған 

«шылымдық»  аксессуарлар:  оттық,  күл  салғыш,  темекінің  түрлері  қажет.  Әдет 

бойынша ол жиі түтінді түрлі қылып шығаруға тырысады. Негізінен «өзгелермен 

бірге»  әңгімелесу  кезінде  шегеді.  Темекіні  аз  шегеді,  әдетте  күніне  2-3  темекі 

шегеді. 

«Босаңсу». Ыңғайлы жағдайда ғана темекі шегеді. Темекі шегу арқылы адам 

демалыстан «қосымша рахат» алады. Темекіні шегуге бірінші рет орала отырып,  

ұзақ уақытқа тастайды.  

«Қолдау».  Бұл  шылым  шегу  түрі  қобалжумен,  көңіл-күйдің  түсуімен, 

қолайсыздықпен байланысты. Темекіні ызаға берілмеу, ұяңдықты жеңу, күш-жігер 

жинау,  жағымсыз  жағдайды  шешу  үшін  шегеді.  Темекіге  ашу-ызаны  түсіретін 



29

құрал ретінде қарайды. 



«Қалау». Аталған шылым шегу түрі адамның темекіге құштарлығын көрсетеді. 

Адам  қан  құрамында  никотин  мөлшері  төмендегенде  шылым  шегеді.  Тыйым 

салуға қарамастан кез келген жағдайда шылым шегеді. 

«Рефлекс». Осы типтегі шылымқорлар өзінің темекі шегуінің себебін түсінбей 

ғана қоймай, шылым шегу әрекетін де байқамайды. Бірден темекі шегеді, күніне 

қанша шегетінін білмейді, көп шегеді: тәулігіне 35 немесе одан да көп. Демалған 

уақытқа қарағанда жұмыс істеу кезінде көп шегеді; жұмыс қарқынды болған сай-

ын қолынан шылым түспейді.

Темекіге тәуелділікті анықтау тәсілдері:

1) сауал беру арқылы осы қауіп факторының бар-жоғын анықтау (Сіз темекі 

шегесіз бе?);

2)  темекі  шегу  кезеңін  анықтау  (Сіз  қанша  жылдан  бері  темекі  шегесіз? 

Күніне орта есеппен қанша шылым шегесіз?). Ұдайы темекі шегушінің белгілері 

- күнделікті немесе кейде темекі шегеді;

3)  фармакологиялық  тәуелділік  деңгейін  анықтау  (оянғаннан  кейінгі 

таңертеңгілік бірінші шылым шегу уақыты);

4) темекі шегудің себептерін анықтау үшін Хорн сауалнамасы бойынша темекі 

шегу типін анықтау.



Темекі шегу кезеңдері:

I кезең (кездейсоқ темекі шегу) - өтілі 5-10 жыл, орта есеппен күніне 5 шылым 

шегіледі. Негізінен психологиялық тәуелділік. Соматикалық өзгерістер жоқ не-

месе вегето-тамыр өзгерістері аздап білінеді. Темекі шекпеген кезде абстиненция 

болмайды.

II кезең (әдет болған темекі шегу) - өтілі 10-20 жыл, орта есеппен күніне 5-20 

шылым шегіледі. Фармакологиялық тэуелділік, темекіге төзімділік жоғарылаған. 

Соматикалық  патология.  Темекі  шекпеген  кезде  абстиненция  белгілері  айқын 

білінеді.

III кезең (құлшыныспен темекі шегу) - өтілі 20 жылдан асады, күніне 20 шы-

лым шегіледі, көбінесе аш қарынға, түн ортасында, Фармакологиялық тәуелділік, 

темекіге төзімділік жоғары. Сомато-неврологиялық патология. Темекі шекпеген 

кезде тұрақты әрі айқын абстиненция болады.

Сабақ  өткізу  технологиясы.  БМСК  медицина  қызметкерлері  темекі 

шегушілікті  кез-келген  басқа  медициналық  мәселе  ретінде  бағалауы  тиіс.  Ем-

хана  дәрігері  күнделікті  жұмысында  темекіні  тастау  бойынша  пациенттермен 

профилактикалық жұмыс жүргізудің мынандай негізгі стратегияларын ұсынады:

1) темекі шегуді тоқтату туралы ұсыныстар берілетін алғашқы кеңес беру, онда 

пациенттерге ақпараттық брошюралар мен лифлетер таратылуы мүмкін;

2) темекі шегуден бас тартуын нығайту үшін қайта немесе жүйелі түрде кеңес 

беріп отыру ( алғашқы кеңестен кейінгі 1,3 және 6 айлар);

3)  пациенттерге  дұрыс  пайдалану  туралы  егжей-тегжейлі  нұсқаулықтары  бере 

отырып  никотин  жоқтық  әсерді  уақытша  жеңілдеті  үшін  ауыстыру  терапиясын 



жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау