30
көп қайтара тағайындау (никотині бар сағыз немесе никотині бар теріге жапсыра-
тын таспа, және т.б. типтегі заттар).
Қатысушыларға арналған кеңестер. Темекіден бас тарту - ұзақ әрі күрделі про-
цесс; бас тарту стратегиясы әр пациент үшін, соның жағдайына және темекіге
тәуелділік деңгейіне байланысты жеке тағайындалады.
4-сабақ. Алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу
Сабақ ұзақтығы 100 минут.
Сабақ құрылымы
1. Кіріспе сөз
2. Ақпараттық бөлім
2.1. Алкогольді қауіпті мөлшерде тұтыну. Алкогольдің денсаулыққа әсері.
2.2. Алкогольді тұтынуға байланысты мінез-құлықтың өзгеру деңгейі
2.3. МСАК деңгейінде алкогольді қиындықтары бар пациенттерді оқыту.
2.4. Шылымқорлықты емдеудің заманауи тәсілдері
3. Сұрақтар мен жауаптар
Алкогольді қауіпті мөлшерде тұтыну алкогольдің адамның психологиялық
және тәни жағдайына зиян келтіруі мүмкін деңгейі ретінде қабылданады: алко-
голь тұтыну (96° спирт) аптасына ерлер үшін * 350 г және одан көп және әйелдер
үшін 210 г немесе одан көп мөлшерде. ДДҰ деректеріне сүйенсек 10 мл алкоголь:
1 саптыаяқ (кружка) кәдімгі сыраға (285 мл); 5 кружка алкогольсіз сыраға; 1 бокал
асхана шарабына (120 мл); 1 рөмка күшейтілген шарапқа (60 мл); 1 кішкентай
стақан (стопка) араққа немесе коньякқа (25 мл) сәйкес болады.
БМСК дәрігерінің кеңесіне келесі элементтер кіреді:
1) пациенттің алкоголь тұтынуы қауіпті болатыны туралы ақпарат;
2) осындай тұтынуды жалғасыра берсе болуы ықтимал қауіптер туралы ақпарат;
3) алкогольдік мінез-құлықты өзгерту туралы мақсат қою;
4) мұндай тұтынудың тәуелділік еместігі, және адамның өз әдеттерін өзгертуге
қабылетті екендігі туралы айтып қолдау көрсету.
Алкогольді тұтынумен байланысты мінез-құлықты өзгерту кезеңі
Мінез-құлықты өзгерту моделіне келесі кезеңдер кіреді: зерделеу алды, ой-
лану, әзірлену, әрекет ету, қолдау, өршу. Алкоголь мәселелері бар пациенттердің
40%-ға жуығы кез-келген сәтте зерделеу алды кезеңінде болады, яғни алкоголь
тұтыну әдетін өзгертуге - оны азайтуға немесе тоқтатуға дайын емес. Тағы 40%-
ға жуығы осындай өзгерістер туралы ойланып жүреді, міне дәл осындайларға
шешім қабылдау үшін жалпы медициналық тәжірибе (бұдан әрі - ЖМТ)
дәрігерлерінің кеңесі мен көмегі қажет. Тек кемеліне жеткен науқастардың 20%-ы
ғана алкогольдік әдеттері өзгерту үшін дәрігерлердің кеңесін дереу орындай ба-
стайды. Әрекетке көші кезеңіне кіріскен пациент осы шешімді жүзеге асыру үшін
өзіне жауапкершілік алады да өзгере бастайды. Ақырында, өзгерістерді қолдау
сатысында ЖМТ дәрігерлері қол жеткен нәтижелерді нығайту және бақылау үшін
пациенттермен қарым-қатынас жасауды жалғастыру керек.
31
Алкоголь мәселелері бар пациенттерді БМСК жағдайында оқыту
БМСК дәрігері өткізетін оқуға келесі мәліметтер кіреді:
1) алкоголь туралы жалпы мәліметтер;
2) тұтынудың қауіпсіз деңгейі туралы деректер;
3) тұтыну мен соматикалық бұзылыстардың байланысы;
4) залалды төмендету тәсілдері туралы ақпарат;
5) тәуелділіктің даму себептері мен қауіп факторлары;
6) негізгі тәуелділік белгілері;
7) ағымы және болжамы;
8) терапия түрлері: препараттар (антидепрессанттар, дисульфирам) және психо-
терапия.
Бұл кеңестерді барлық мамандық дәрігерлері үшін ДДҰ ұсынған:
1) кез-келген себептермен кеңес алуға келген барлық (16-дан 74 жасқа дейін) па-
циенттерден олардың алкоголь тұтынуы туралы үнемі сұрау керек;
2) тахикардиясы, артериалдық гипертензиясы және асқазан-ішек жолдарының
қызметі бұзылған (гастрит, панкреатит), мазасызданғыш әрі ұйқысы қашқан па-
циенттерден жағдайын сұрау;
3) медициналық құжаттамаларда алкогольді тұрақты тұтынатын барлық
пациенттердің алкогольді тұтынғаны (мөлшері мен жиілігі) туралы жазып қою;
4) бұрын алкоголь ішіп көрмегендерге спирт ішімдіктерін тұтынудың қажетсіздігі
туралы кеңес беру;
5) алкогольді шамадан тыс тұтынатын пациенттерге оны тұтынуды нақты азайту
(күніне екі стандартты дозадан кем) немесе алкогольден мүлдем бас тарту туралы
кеңес беру және оның ықыласы нығайғанға дейін бақылап отыру;
6) қысқа мерзімді араласуларды қолдану, әсіресе алкогольді денсаулыққа қауіпті
мөлшерде тұтынатындар және осыған байланысты мәселелері бар адамдар үшін,
олардың әдеттерін өзгертуіне көмектесу.
5 сабақ. Жеке гигиенаны сақтау
Сабақ ұзақтығы 100 минут.
Сабақ құрылымы
1. Кіріспе сөз
2. Ақпараттық бөлім
2.1. Жеке тазалық дегеніміз не.
2.2. Жеке тазалық ережесін сақтау талаптары
2.3. Қатысушыларға арналған кеңестер
3. Сұрақтар мен жауаптар
Сабақ өткізу технологиясы. Жеке гигиена - денсаулықты нығайтуға ықпал
еттін ережелер жиынтығын орындау. Оған денені, киімді, іш киімдерді, үй-жайды
таза ұстауға, сонымен қатар тамақ әзірлеуге қойылатын талаптар жатады.
Алдыңғы кезекте денені таза ұстау керек. Теріні дер кезінде әрі жүйелі түрде
32
жуу керек, әйтпесе оның қорғаныс қабілеті мен микрофлорасының гомеостазы
бұзылады. Әсіресе дененің ашық жерлері тез ластанады. Қоғамдық тамақтандыру
мекемелерінде, үйде тамақ істеген кезде міндетті түрде қол таза болуы керек.
Теріні тазартуға қажетті негізгі құралдар - сабын мен су. Күнделікті, әсіресе
жұмыстан кейін, душ қабылдаған абзал, судың температурасы 37-38° жоғары бол-
мау керек. Аптасына бір реттен жиілетпей ваннада немесе моншада сабын мен
жөкені қолданып жуыну керек; жуынғаннан кейін іш киімдерді міндетті түрде
ауыстырады. Төсек жаймаларды ваннаға (моншаға) түскеннен кейін ауыстырған
дұрыс. Және де ұйықтар алдында күндізгі іш киімдерді түнгі жейдеге (пижамаға)
ауыстыру ұсынылады. Жатарда аяқты сабындап жуады, әсіресе жазда күн сайын
жуған жөн.
Шашты жұмсақ суда жуған жақсы. Майлы немесе құрғақ шаштарға арнайы
күтім қажет. Жеке гигиенаға сыртқы жыныс органдарының күтімі де кіреді. Бұл
арнайы гигиеналық шараларды бала туылған сәттен бастау керек және жүйелі
түрде жасау қажет. Жеке гигиенада ішкиімдердің, киімдердің тазалығын сақтау,
күн сайын шұлықтарды ауыстыру маңызды орын алады.
Осы күнделікті қажет гигиеналық шаралардың бәрі отбасында біреу ауы-
рып қалған кезде ерекше маңызға ие болады, өйткені гигиена талаптарын бұзу
науқастың төңірегіндегі адамдардың, әсіресе балалардың жұмысқа қабілеттілігі
мен денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
Қатысушыларға арналған кеңестер:
1) алынған ақпараттар негізінде жеке гигиена саласында жол берген өзіңіздің
қателіктеріңізді талдаңыз.
2) алынған ақпараттар негізінде отбасы мүшелеріне жеке гигиена нормалары мен
ережелері туралы айтып беріңіз.
6 сабақ. Күйзелістің алдын алу және күйзеліске төзімділік дағдыларын
қалыптастыру
Сабақтың ұзақтығы 100 минут
Сабақ құрылымы
1. Кіріспе бөлім
2. Ақпараттық бөлім
2.1. Күйзеліс дегеніміз не?
2.2. Күйзелістік жағдайға бейімделу
2.3 Релаксация тренингі
2.4 «Күйзеліске төзімділік» ұғымы
2.5. Күйзеліске қарсы дем алу
2.6. Қатысушыларға арналған кеңестер
3. Сұрақтар мен жауаптар
Күйзеліс дегеніміз не?
Күйзеліс – ағзаның артық күш жұмсауына, қобалжу мен күнделікті күйбең
Достарыңызбен бөлісу: |