Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет7/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

19

мен  сақтауға,  дене  белсенділігін  арттыру  мен  дұрыс  тамақтануға  бағытталған 

бастапқы профилактика түрі денсаулық сақтау саласының бастапқы буынымен па-

циентке көрсетілетін топтық кеңес беру (ХАК-10 XXI –класс, Z30 – Z31, Z71-Z73 

бойынша гигиеналық оқыту мен үйрету) медициналық профилактикалық қызмет 

түрлері болып табылады.

Мінез-құлықтық  қауіпті  факторлар  мектебі  Қазақстан  Республикасының 

«Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесін  ұйымдастыру  туралы» 

Кодексінің  87-бабының  6-тармағы,  154-бабының  1-тармағына  және  05.03.  2012 

жылғы № 146 бұйрыққа сәйкес ұйымдастырылады.



Оқытудың  мақсаты  –  салауатты  өмір  салты  дағдысын  халыққа  үйрету, 

аурулардың  дамуына  мінез-құлықтық  қауіп  факторларының  дамуының  алдын 

алу  бойынша  мақсатты  түрде  науқастың  қабілетін  жеткізу  және  профилакти-

касы  бойынша  араласу  жүргізу,  оны  қоршаған  жағдайларды  және  өз  өмірін 

өзгерту дағдысына оқыту және денсаулығына қарайтын мәселелерде құзырлықты 

жоғарылату. 



Мінез-құлықтық қауіпті факторлар мектебінің міндеті:

•  адамдардың  өз  денсаулығына  байланысты  мінез-құлықтарын,  қатынастарын 

өзгертуге ықпал етуге бағытталған, тұрақты түрде жұмыс істейтін, ақпараттық-

білімдік оқу жүйесін үнемі жүргізіп отыру;

• пациенттерге аурудың даму қаупі бар факторлар жайында ақпарат беріп отыру 

және денсаулықты сақтау үшін жауапкершіліктерін арттыруға шақыру;

•  пациенттердің  аурулар  қатерінің  мінез-құлықтық  факторларының  өздерінің 

денсаулықтарына  тигізетін  әсерлерін  болдырмаудың  іскерлігі  мен  дағдысын 

қалыптастыру  (дұрыс  тамақтану,  қозғалыс  белсенділігі,  стрессті  жеңе  білу, 

ішімдіктер ішу және нашақорлықпен айналысу сияқты зиянды әрекеттерден бой-

ын алшақтау);

• пациенттің өз денсаулығын сақтау мен мұқият болу және емделу-сауығу үшін 

өзіне жағдайлар жасау, сондай-ақ  медицина қызметкерлері берген ұсыныстарын 

ұстануға бағыт беру;

• пациенттің өз денсаулығын, қал-ахуалын өзі бақылаудың іскерлігі мен дағдысын 

қалыптастыру;

• пациенттің өз денсаулығына, қал-жағдайына әсер ететін себеп-салдарлы фактор-

ларды талдау бойынша іскерлік дағдыларын қалыптастыру және пациенттердің 

жеке бастарын сауықтырудың жоспарларын құруға үйрету.

Мінез-құлықтық қауіпті факторлар мектебінен алатын білім:

•  мінез-құлықтық  қауіпті  факторлардың  (зиянды  әдеттер,  дұрыс  тамақтанбау, 

қимыл-қозғалыстың аздығы және т.б.) денсаулыққа әсері туралы ақпарат;

• дұрыс тамақтану, қозғалыс белсенділігі, күйзелісті басқару, зиянды әдеттерден: 

шылым  шегу,  алкогольді  шамадан  тыс  тұтынудан  бас  тарту  негіздері  туралы 

ақпарат;


• семіздік, жоғары артериялық қан қысымы, май алмасу мен т.б. ағзаның бұзылу 

өзгерісі кезінде емдәм қағидалары туралы ақпарат.




20

Мінез-құлықтық  қауіпті  факторлар  мектебінде  оқу  кезінде  үйретілетін 

практикалық дағдылар:

• денсаулық жағдайын өздігінен бақылау үшін алынған білімді қолдану;

•  дене  салмағын  бақылау,  дене  салмағын  анықтау,  шылымды  тастауға  шешім 

қабылдау, күйзеліс деңгейін және т.б. бақылауда ұстау;

• өз артериялық қан қысымын бақылау;

дәрігердің нұсқауын орындау;

• дәрігералды көмек және өзінен-өзі көмектесу құралдарын пайдалану.

Мінез-құлықтық  қауіпті  факторлар  мектебіндегі  сабақтардың 

тақырыптары:   

• дене белсенділігі; 

• дұрыс тамақтану;

шылымқорлықтың алдын алу;

• алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу;

• жеке тазалық гигиенасын сақтау;

• күйзелістің алдын алу мен сабырлық сақтау дағдыларына машықтану;

• коммуникативтік дағдылар, дауласу мен психологиялық денсаулық.

Сабақты жүргізудің сатылай алгоритмдері келесідей:

1 - сабақ. Дене белсенділігі

Сабақ ұзақтығы 100 минутқа дейін (физикалық денсаулық, жас ерекшелік пен 

жыныстық көрсеткіштеріне сәйкес есептеледі).

Сабақ құрылымы:

1. Кіріспе бөлім. 

2. Ақпараттық бөлім. 

2.1.Дене белсенділігі дегеніміз не? 

2.2.Физикалық жаттыққандықты қалай анықтау керек.

2.3.Аэробтық дене белсенілігі денсаулыққа қалай әсер етеді.

2.4.Физикалық жаттығу кезінде кедергіні қалай болдырмау керек.

2.5.Күнделікті дене белсенділігін қалай арттыру керек.

2.6.Жаттықтыратын сабақ бағдарламасын қалай ұйымдастыру керек.

2.7. физикалық жүктеменің жиілігін қалай бақылау қажет.

3.Сұрақтар мен жауаптар



Дене  белсенділігі  –  адамның  түрлі  мінез-құлықтық  үлгілерінің  жиынтығы, 

«энергия шығынымен бұлшық еттің көмегімен жүзеге асатын дене қозғалысы» 

басты  зат  алмасу  арқылы  энергия  шығынының  арту  деңгейімен  анықталады 

(ДДҰ, 1994).

Қарқынды  механизациялану,  көп  саланың  компьютерленуінің  дамуына  бай-

ланысты  аз  қозғалысты  өмір  салты  әдеттегі  өмір  құбылысы  болып  отыр.  Сол 

мезгілде  ғылыми  зерттеулердің  нәтижесі  шылым  шегу,  артық  дене  салмағы, 

қандағы  холестерин  мөлшерінің  артық  болуымен  қатар  дене  белсенділігінің 

төмендігі  ишемиялық  жүрек  ауруы  мен  инсульт,  қант  диабеті  мен  остеопароз 



21

секілді аурулардың дамуына ықпал ететінін дәлелдеп отыр.  Сауықтыру шарала-

рымен іске асырылатын дене белсенділігі жалпы өлім-жітімді төмендетіп және 

өмір  сапасын  арттырады.  Дегенмен,  кез  келген  физикалық  жүктеме  жоспарлы, 

үнемі денсаулық жағдайын және жүрек қан-тамыр жүйесінің жұмысын бақылау 

арқылы мөлшерленген болуы қажет. Дене жүктемесінің барлық түрінде «бастау-

аяқтау»  ережесін  жіті  сақтау  қажет.  Яғни,  ең  аз  жүктемеден  бастау  арқылы 

мөлшерді  біртіндеп  арттырып,  егер  жаттығуды  тоқтату  қажет  болған  жағдайда 

жүктеме мөлшерін біртіндеп төмендету арқылы аяқтау қажет. Әр жаттығу нақты 

сызба бойынша құрылады: дененің құрысын жазу – негізгі бөлім – соңғы бөлім. 



Дене белсенділігінің деңгейін арттырудың мақсаты не?

Дене  белсенділігінің  деңгейін  арттырудың  мақсаты  физикалық  жаттығудың 

жеткілікті деңгейіне жету, ағзаның төзімділігін, сондай-ақ қозғалыс  пен бұлшық 

ет  күшінің  икемділігін,  үйлесімділігін  арттыру  арқылы  денсаулықты  жақсарту 

үшін ағзаның бейімделген мүмкіндігін арттыру болып табылады. 

Күнделікті дене белсенділігінің деңгейін қалай арттыруға болады?

Күнделікті  дене  белсенділігінің  оңтайлы  деңгейіне  жету  үшін  келесілер 

ұсынылады:

• қоғамдық жергілікті көлік пен кейде жедел сатыдан бас тартып, жаяу жүру;

• таңғы гигиеналық гимнастикамен және жаттықтырушы гимнастикамен айналы-

су;


• қандай да бір сауықтыратын дене шынықтыру (жүру, жүзу, велосипед, шаңғы 

тебу, ақырын жүгіру және т.б.) түрлерімен үнемі жаттығу жүргізу;

• физикалық еңбекпен (үйдегі жұмыс, үй жанындағы жерде және т.б.) айналысу;

• қозғалыс (волейбол, бадминтон, теннис және т.б.) ойындарымен ойнау.

Физикалық жаттығуды  абайлап, кезең-кезеңімен және біртіндеп бастау қажет. 

Егде  жаста  дене  белсенділігімен  айналысу  кезінде  келесі  қағидаларды  ұстану 

қажет:

•  дене  белсенділігі  жаттығуын  дене  құрысын  жазу  (ақырын  жүру,  аяқ-қол 



алшақтығына арналған жаттығулар мен біртіндеп жүктемеге барлық қан айналы-

мы құралын қосу) арқылы бастау;

• пациенттер күніне 30 минутқа дейін жаттығуды біртіндеп арттыру қажет. Егер 

оған дейін аз қозғалысты өмір салтын ұстанса, бұл кезең кемінде үш аптаға со-

зылуы қажет;

•  ойлы-қырлы  жерлермен  жаяу  жүру,  жүзу,  велосипед  тебу,  велоэргометрде, 

жаттығу құрылғысында жүру және т.б., сондай-ақ күнделікті таңғы гимнастика 

(немесе тоғайда, саябақта, гүлзарда ұзақ серуендеу) өте тиімді.

Дене  белсенділігін  арттыру  бойынша  ұсыныстар  көп  көңіл  аударуды  талап 

етеді  және  дене  жүктемесіне  төзімділікке  тестілеуден  өткеннен  кейін  маман-

мен  жүргізілгені  жөн.  Қарт  адамдардың  жаттығуына  жарақат  пен  тірек-қимыл 

аппаратының ауруына себеп болатын жүгіру, секіру, ауыр затпен жаттығу секілді 

жүктеме түрлері аса сақтықпен қосылуы қажет. Сондай-ақ осындай тұлғалар са-

натына барлық жарыс түрлері, демді ұзақ уақыт ұстап тұратын, тез қозғалатын, 




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау