Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет13/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

35

Адамзат  қоғамы  қарым-қатынассыз  мүмкін  емес.  Тұлға  аралық  қарым-

қатынас  адамның  тұрмыстық  жағдайында  қажетті  рөл  атқарады,  онсыз  тұлға 

ретінде  адамның  жеке  психологиялық  қызметін,  әрекеті  мен  қасиетін  толық 

қалыптастыру, ал бастысы – адамның психологиялық денсаулығын қалыптастыру 

мүмкін емес. 



Психологиялық  денсаулық  адамның  тіршілік  әрекетінде  оны  толыққанды 

қалыптастыру мен дамытуда қажетті жағдай болып табылады. Бір жағынан, ол 

адамның  жастық,  әлеуметтік  және  мәдени  (бала  немесе  ересек  адам,  оқытушы 

немесе менеджер, ресейлікті немесе аустралиялықтың) рөлінорындау әрекеті бо-

лып  табылады,  екінші  жағынан,  өмір  бойы  адамның  үздіксіз  даму  мүмкіндігін 

қамтамасыз етеді. 

Адам туылғаннан бастап басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болады, де-

генмен, кейде нақты өмір құбылысын зерттеуде жоғары жетістікпен ерекшеленетін 

адамдар  қарым-қатынас  жасау  қабілетін  білмегендіктен  тұлғааралық  қарым-

қатынаста дәрменсіз болып қалады. Қарым-қатынасты айқындаудың әр адам үшін 

де, қоғам үшін де маңызы зор.

Адамның  психологиялық  қарым-қатынасы  дамыған  түрде  объективті 

шындықтың әр түрлі жағымен тұлғаның жеке, таңдаулы, саналы байланысының 

толыққанды жүйесін көрсетеді. 



Сабақтың мақсаты:психологиялық денсаулықты нығайту үшін адамдармен 

өзара жақсы қарым-қатынас жасауға арналған қарым-қатынас қабілетін дамыту. 



Сабақ жүргізу технологиясы. Ептілік тренингінің негізгі техникалары:

1. Бақылаудағы мінез-құлыққа назар аудару.

2.  Десенсибилизация–ұқсас  қиындығы  бар  адамдар  тобына  қатысудың  және 

топтың қолдаушылық әрекетінің көмегімен тұлғааралық үрейді, сезімталдықты 

жою. Мысалы, өзін төмен бағалайтын адам топтың тарапынан өзі туралы пікірді 

естісімен, өзін түзетеді. 

3.  Мәселені  шешудің  оқыту  үлгісі.  Жетекші  назар  аударуға  шақыратын  мінез-

құлық түрі. Жетекші «не істеу қажет» үлгісін, жақсы оқытушының, басшының, 

ата-ананың және т.б. адамдардың қалай істейтінін көрсетеді. Мысалы, жақсы әйел 

жолдасын, жолдасының ата-анасын және т.б. басқа адамдардың көзінше сынамай-

ды.

4.  Мінез-құлықты  жаттықтыру.  Бұл  қиын  жағдайды  рөлдік  жеңу.  Мысалы, 



өтінішпен  жүгіну,  бас  тарту,  қошеметтеу,  ескерту.  Ептілік  тренингінде  өзінің 

қалауы,  жағдайы,  қуанышы,  агрессия  туралы  айтуды,  «жоқ»  деп  айтқың  келіп 

тұрғанда «иә» деп айтпау, ескерту жасау, кешірім сұрауды үйренеді.

5. 


Мінез-құлықты 

өзгертуде 

қол 

жеткізілген 



нәтижені 

бағалау. 

Психодиагностикалық  шараның  (тестілеу)  көмегімен  және  өзіне-өзі  есеп  беру 

мен топтық пікірдің негізінде іске асырылады.

6. Үй жұмысы. Күнделікті толтыру, өзіне-өзі есеп беру мен мінез-құлықтық тап-

сырмаларды орындау (мысалы, отбасында ешкімге ескертпей Қуаныш күнін, Ма-

хаббат күнін ұйымдастыру; бейтаныс адаммен сөйлесу, танысу, бір жерге шақыру 



36

және т.б.) аяқталады. 



Мінез-құлықты түрлендіру тренингінде көп таралған тапсырмалар:

2.1.  Өзіне-өзі  сенімді  болуға  жаттықтыру.  Топтың  әр  мүшесіне  өзінің 

сенімді  әрекет  жасағысы  келетін  жағдай  туралы  ойланып,  оны  сипаттауға  тап-

сырма  беріледі.  Сипатталған  жағдайлардың  ұқсастығын  негізге  ала  отырып, 

топты осы оқиғаны талқылайтын және сипаттайтын 5-6 адамдық топшаға бөлу 

іске асырылады. Одан кейін өз еркімен жаттығу үшін екі жұп құрылады. Олар 

рөлдерін  ауыстыра  отырып,  оқиғаны  ойнайды.  Басқа  топ  мүшелері  оларға  оң 

кері байланыс береді. Оқиға мен мінез-құлық, не ұнады (ұнамады), нені өзгерту 

керектігі  талқыланады.  Бұл  жаттығуды  кезекпен  барлық  топ  орындап  шығады. 

Осы оқиғаны игергеннен кейін ол қиындай түседі. Сонымен қатар, өзіне сенімсіз 

адамға әр оқиғада жеңіске жетуге,  оң тәжірибеден көңілін көтеруге мүмкіндік 

беру маңызды.  

2.2. Әңгімелесуге жаттықтыру. Мұндай жаттығудың мақсаты–тұлғааралық 

қарым-қатынасқа  байланысты  күмәнділікті  төмендету  және  қарым-қатынас 

икемділігіне  жаттықтыру.  Серіктестер  кезек-кезек  сұрақ  қоятындай  етіп  топты 

жұпқа бөледі және оған толық жауап береді. Одан кейін жұптар кезектесіп бірі 

өзі туралы айтады, келесісі бір-екі сөз айтады, түсіндіреді, дәлелдейді, сонымен 

әңгімені одан әрі өрбітеді. Бес минуттық диалогты ойнағаннан кейін серіктестер 

рөлдерімен алмасып, туындаған қиындық пен күйзелісті талқылайды. 

2.3.  Қорқынышпен  күреске  жаттықтыру.  Қатысушыларға  көзді  жұмып, 

өздерін еркін ұстап және аз ғана үрей тудыратын оқиғаны немесе затты көз ал-

дына оймен елестету ұсынылады. Одан кейін қайтадан еркінсіп, одан да күрделі 

экстремалды оқиғаны көз алдына елестетіп қайта еркінсуді ұсынады. Осылайша 

қатысушы үрейленбей барлық оқиға сатысын көз алдына әкелетін жағдайға жет-

кенше  жалғастыру  қажет.  Мұндай  тренингтің  басты  идеясы  үрейлі  әрекет  пен 

қорқынышты релаксациямен алмастырумен аяқталады. Бұл тәсіл жұрт алдында 

сөз сөйлеу, емтихан алдындағы және жыныстық бұзылулар кезіндегі қорқынышты 

жоюға тиімді қолданылады. 

3.  Қарым-қатынас  қағидалары  мен  даулы  оқиғаларды  шешу.  Адамның 

психологиялық және физикалық денсаулығына әсер ететін жетекші факторлардың 

бірі даулы оқиға болып табылады. 

3.1. Дейл Карнеги бойынша жағымды қарым –қатынас техникасы мен ережесі: 

а)  Сөзді  бөлме;  б)  Тыңда;  в)  Қарсы  келме;  г)  келісуге  тырыс;  д)  Кінәлама;  е) 

ұнамсыз сөздерден қаш; ж) мейірімді және жағымды сөздерді тауып айт.



3.2. Даулы оқиғаны шешу әдісі.

Дауласу – әрқайсысымыздың қоғамдық өміріміздің бір бөлігі. Дауласуды та-

нып және жеңудің бес сатысын анықтайды:

• Дауласуды тану  -  «Сіз қашан ренішті, наразылықты сезінетініңізді?» сұрау

• Сіздің сезіміңіз–Егер сіз дауға қалғаныңызды түсінбесеңіз, өзіңізден сұраңыз: 

«мен нені сезінемін, бұл сезім қайдан пайда болды? Екінші дауласушы не сезінуде, 

ол неден туды?»




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау