Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет12/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

33

тіршілікке  әрекеті.  Жүктелім  артық  болғанда  адам  жағдайы  нашарлап  басқа 

белгілер пайда бола бастайды. «Күйзеліс» сөзі ағзаның тіршілік етудің күрделі 

жағдайына  бейімделуге  талпынған  күйін  айқындайды.  Адам  шамасынан  артық 

ауыр жұмыстар жасаса немесе психикалық ширығуға душар болса, оның ағзасы 

қорғана  бастайды.  Бірақ  көбінесе  ағза  ойға  немесе  денеге  келтірілген  артық 

жүктелімдері  көтеруге  қабілетсіз  болып  қалады.  Мұндай  жағдайда  кез-келген 

қосымша ширығу адамның қалыпты жағдайын бұзып, ауруға душар етуі мүмкін. 

Күйзеліс  -    ауру  емес,  ағзаның  қорғаныс  күші.  Егер  мұндай  қорғаныс  со-

зылмалы  болса,  адам  ауруға  осал  және  күйзелістің  әсері  жүрек  қағысының 

жиілігімен,  жоғары  артериялық  қан  қысымымен,  гастритпен,  іштің  қатуымен, 

шаштың түсуімен, бөртпе немесе аллергия, етеккірдің бұзылуы және т.б. білінуі 

мүмкін. Жеке күйзелістерді талдау тәсілі ретінде өзінің қажеттілігін дәлелдеген 

күйзелістер  күнделігі  болып  табылады,  ол  күйзеліске  төзімділікті  қамтамасыз 

етуге көмектеседі. 

Жалпы ереже

Оқыту  процесінің  қатысушыларының  денсаулығының  басты  факторы  мен 

көзі денсаулыққа ықпал ететін өмір салты болып есептеледі. Өмір салтынының 

құрылымында  басқарушы  фактор  –  өмірлік  мінез-құлық.  Адамның  салауатты 

өмір салтын қалыптастыру аурудың алдын алу мен адам денсаулығын қамтамасыз 

етудің жетекші факторы ретінде қарастырылады. 



Релаксация тренингі 30 минут

Қатысушылардың  барлығы  өздерінің  күйзелістік  жағдайын  бағалағаннан 

кейін  психолог  релаксация  жаттығуларын  жасатуға  кіріседі,  ол  әркімге 

күйзелістен  шығуға  көмектеседі  және  кез  келген  жағдайда  қолдануға  болады: 

үйде, жұмыста және т.б. Психолог тыныштандыратын/классикалық әуенді, мыса-

лыШуман, Шопен, Вивальди қосып, катысушыларға оған құлақ салып, барынша 

беріліп тыңдау керектігін өтінеді. Қандайда бір құбылысқа беріліп көңіл аудару 

толық релаксацияға ықпал етіп, жағымды көңіл-күйді тудырады. Релаксация 1-2 

минутқа созылады. Сонан кейін күйзеліске қарсы тыныс алуды жасай бастайды. 

Орындықта отырып, ақырын мұрынмен терең дем алады, дем алу шегіне жеткен-

де демді ішке ұстап тұрады, одан кейін ақырын демін шығарады. Бұл 5 минуттың 

ішінде жасалады. Мұндай тыныштандыратын дем алу 5 ретке дейін қайталанады. 

Бұл мезгілде жаттықтырушы қатысушыларға әр терең дем алып, дем шығарған 

сайын күйзелістер арылуды көз алдына елестетуге тырысуларын ұсынады. 

Күйзеліске  қарсы  дем  алғаннан  кейін  минуттық  релаксация  жүргізіледі.  Ол 

үшін жаттықтырушы қатысушыларға ауыз бұрышын еркін ұстап, ерінді ылғалдап 

және  иықты  босаңсытуды  ұсынады.  Өзінің  бет  әлпеті  мен  дене  қалпына  көңіл 

аударуларын  сұрайды.  Өздерінің  көңіл-күйін,  ойын,  ішкі  жағдайын  көрсетіп 

тұрғанын ескертеді. Ешкім өзінің күйзелістегі жағдайын айналадағылары білгенін 

қаламайтыны белгілі. Бұл релаксация 1 минутқа созылады.

Одан  кейін  жаттықтырушы  қатысушылардан  өздерінің  айналасына  қарап, 

өздері отырған мекеменің ішіне және оны жақсы білсе де болар-болмас заттың 




34

бәріне аса назар аударуларын ұсынады. Сондай-ақ асықпай оймен барлық заттарды 

рет-ретімен бір-бірден алуға және «мүлікті түгендеуге» толық көңіл аударуға ты-

рысуларын сұрайды. Өз-өздеріне ішінен айту: «Қоңыр жазу үстелі, ақ перде, гүлге 

арналған қызыл гүлсауыт» және т.б. Бұл әрекетті жаттықтырушы әр затқа көңіл 

аудара  отырып,  айналадағы  жағдайды  үйлесімді  қабылдауға  назарын  бағыттай 

отырып, әр адам өзінің ішкі күйзелісін ұмытады. Мұндай релаксация 10 минутқа 

созылады.  Релаксация  аяқталғаннан  кейін  жаттықтырушы  бәрінің  тұруларын, 

аяқтарын иық деңгейіне қойып, алдыға еңкейіп және өздерін бос ұстауларын, ба-

сын, иығы мен қолын еркін жіберіп тыныш дем алуларын сұрайды. Бұл қалыпты 

1-2 минут ұстап тұрып, одан кейін ақырын бастарын (бастары айналып кетпеу 

үшін) көтеру керек. Аталған жаттығу 8 минут ішінде 2 рет қайталанады.Жалпы 

релаксация уақыты 30 минутқа созылады. Күйзеліске төзімділік жөнінде берілетін 

ақпарат 35 минутты құрайды. 

Барлық адамдарды күйзеліске төзімділік бойынша 4 топқа бөлуге болады:

Күйзеліске  төзімді  адамдар  кез  келген  өзгеріске  дайын  және  оны  жеңіл 

қабылдайды. Олар дағдарыс жағдайында қиындықты оңай жеңеді.



Күйзеліске төзімсіз адамдарға кез келген өзгеріске бейімделу қиын, оларға өз 

мінез-құлқын, мақсатын, көзқарасын өзгерту қиын. Егер бір нәрсе дұрыс болмаса, 

олар күйзеліске түсіп кетеді.

Күйзеліске жаттықтырылған адамдар өзгеріске дайын, бірақ тек тез және 

ғаламдық өзгерістен басқа. Бұл адамдар артық қозғалыссыз айналадағы жағдайға 

өздігінен біртіндеп бейімделеді және ол мүмкін болмаған жағдайда күйзеліске тез 

түседі. Егер күйзеліс тудыратын оқиға қайталанса, күйзеліске жаттықтырылған 

адам оған дағдыланып, оған сабырлықпен қарайды.

Күйзеліске тежелетін адамдар сыртқы оқиғаның әсеріне өзгермейді, олардың 

өзінің  тұрақты  ұстанымы  және  дүниеге  көзқарасы  бар.  Дегенмен  мұндай 

адамдардың басында күйзеліс ылғи қайталанса, ол адам өзін-өзі жоғалтып алады.

Күйзеліске төзімділік – бұл туа біткен қасиет емес және жаттығуға өте жақсы 

беріледі. 



7-сабақ. Қарым-қатынас жасау дағдылары

Дауласу мен психологиялық денсаулық

Сабақ ұзақтығы 100 минут

Сабақ құрылымы

1. Кіріспе бөлім

2. Ақпараттық бөлім

2.1. Қарым-қатынас дағдылары дегеніміз не

2.2. Ептілік тренингінің негізгі техникалары

2.3 Релаксация тренингі

3. Сұрақтар мен жауаптар




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау