Майлардың ерігіштігін анықтау
1-Тәжірибе
Жұмыстың мақсаты: Майлардың ерігіштік қасиетін бақылау.
Керекті материалдар мен құралдар:
Пробиркалар бар штатив
Этил спирті
Бензол
Хлороформ
Керекті шикізаттар: Әр түрлі өсімдік майлары (күнбағыс, жүгері, оливка).
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Төрт пробиркаға 5-7 тамшы өсімдік майын тамызамыз. Бірінші пробиркаға 2 мл су, екінші пробиркаға 2 мл спирт, үшінші пробиркаға 2 мл бензол, төртінші пробиркаға 2 мл хлороформ құйып, араластырамыз. Бірінші пробиркада тұрақсыз, тез екіге бөлінетін эмульсия пайда болады, екіншісінде ерітінді лайланады, ол майлардың спирттерде нашар еритінін көрсетеді. Үшінші және төртінші пробиркалардағы ерітінділер тұнық болады. Ол майдың бензол мен хлороформ ерітінділерінде жақсы еритінін көрсетеді.
Сұрақтар:
Кокос және пальма майларында стеародипальмитин, олеодипальмитин, миристидодипальмитин және пальмитодимиристин бары анықталды. Осы үшглицеридтердің формуласын жазыңыз.
Лаурин, миристин, пальмитин, арахидон қышқылдарының формуласын жазыңыз.
стеародипальмитиннің, олеодипальмитиннің, диолеиностеариннің ыдырау реакция теңдеуін жазыңыз.
№ 10. Зертханалық жұмыс
Пектиндік заттарды анықтау
1-Тәжірибе
Керекті материалдар мен құралдар:
Алма
Воронка
Фильтр қағаз
500 мл-лік стакан – 2 дана
25 мл-лік пипеткалар – 4 дана
1н СН3СООН ерітіндісі
AgNO3
0,1 н NaOH ерітіндісі
Жұмыстын орындалу тәртібі:
Фарфор кесеге 50 г алма үгіндісін өлшеп алып, оны біркелкі масса болғанша шыны таяқшамен араластырады. Содан соң сыйымдылығы 200 мл-лік колбаға ауыстырып, үстіне 450С- қа дейін жылытылған 100 мл су құяды. Жиі араластырып отырып, су моншасында 30 минут ұстайды. Колбаны каучукты тығынмен жауып, 15 -20 минут шуттель аппаратында араластырады. Сосын колбадағы сұйықтықты мақта және фильтр қағазы арқылы сүзеді. Сүзілген пектин ерітіндісін 250 мл-лік колбаға құйып, дистилденген сумен белгісіне дейін жеткізеді. 500 мл-лік стакан немесе колбаға пипеткамен 25 мл сүзінді құйып оның үстіне 100 мл 0,1 н NaOH ерітіндісін құйып, 30 минутқа қойып қояды. Осы уақыт ішінде еріген пектиннің сабындануы жүреді, пектин қышқылының натрий тұзы түзіледі. Оның үстіне 50 мл 1н СН3СООН ерітіндісін құйғанда пектин қышқылы түзіледі.
Осы тәсілмен алынған пектин қышқылын 5 минут өткеннен кейін 50 мл 2 н СаСL2 ерітіндісін құйып 1 сағатқа қояды, кальций пектаты деген тұз түзіледі. Тұнбаны ыстық сумен жуып, өлшенген фильтр қағазында СL ионын тексереді. Фильтрдегі тұнбаны өлшеп, 1000С температурада тұрақты салмағынаа дейін кептіреді. Пектин қышқылының % мөлшерін мына формуламен есептейді.
Х = A*V*92/C*V1
Мұндағы:
А – Са пектатының саны,
С - зерттелетін үлгінің салмағы
V – сабындануға дейінгі фильтрат көлемі
V1 – сүзіндінің бастапқы көлемі, протопектиннің гидролизат көлемі
92 – қайта есептеу коэффициенті.
№ 11. Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |