ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР / ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ
6
УДК 372
АТА-АНА МЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Абилева С.Н., Кусаинова Н.С., Тлеужанова А.С., Досбаева З.А.,
Суфиянова Д.М., Тулепова К.К.
(Школа-детский сад №26)
Ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіңіре білген,
қалыптастыра білген адам, тәрбиелі адам.
Адамның басшысы – ақыл
Жетекшісі – талап
Жолдасы – кәсіп
Қорғаны – сабыр
Қорғаушысы – мінез
Сынаушысы – жолың (Халық сөзі)
Лайықты киім жоқпа бұдан басқа,
Керексіз кербезделік бос шатаспа,
Ақылды киім бермес, ғылым берер,
Ғылымын ал, өнерін ал, мұны таста! (Шәкерім Құдайбердіұлы).
Балабақша мен отбасындағы ынтымықтастықты біріктіре отырып оқу және
тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман
талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту.
«Баланы өмірге икемдеуде ата-ананың тәрбиелегені жақсы, ал өнерге баулуда
кәсіби маманның көмегіне жүгінген жөн» дегендей, баланың тәрбие, үлгі алатын
алғашқы ұясы – отбасы ортасы, ата-анасының жылы құшағы.
Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек
қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып
табылады.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне,
сондықтанда: «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай
бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз
ұрпағын «Адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Бала
тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Егер
баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы
қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса
баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір
сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен
қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың
мейірім шуағын сезінетін орын.
Қазіргі кезеңде қоғамда білімді де білікті ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп
өскен, жаңа адам тәрбиелеу міндетті тұр.
Сондықтанда да балаға кішкентайынан дұрыс тәрбие беріп, инабатты,
адамгершілігі мол, иманды ұрпақ тәрбиелеуге ата-анасына да, тәрбиешісіне де
үлкен жауапкершілік жүктелді.
Ата-ана мен балабақша ынтымақтастығы
7
Отбасында адамгершілік тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ата-ана – баласының
алдында үлгі. Баланың адамгершілігі мол жеке тұлға болып қалыптасуы ата-анаға,
оларға берген тәрбиеге байланысты.
Отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие
балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала этно – мәдени
білім мен тәрбие алары анық.
Отбасы тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда қазақ халқының
ағартушы
ғалымдары
А.Құнанбаев,
Ж.Аймауытов,
Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев тағы басқа еңбектерінің орны ерекше.
Баланың отбасынан кейінгі сүйікті мекені, екінші ұясы – балабақша. Ата-
аналар баланы өздігінен әрекет ете бастаған кезден бастап балабақшаға бергені
жөн. Отбасында балаға барлық жағдай жасалғанымен, өзі қатарлас балалармен
қарым-қатынас жетіспейді. Бала өзінен басқа да балалардың бар екенін көріп,
олармен тіл табысып, олардың қызығушылығымен санаса білуі қажет.
Балабақшада балаларды тәрбиелеу жұмысының негізі, баланың өмір
шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы
ой-өрістерін дамыту, білім және қабілетін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік
жұмыстар қамтылады. Балабақшадағы әртүрлі жұмыстар балалардың іскерлік
қабілетін дамытып, олардың қоршаған ортадағы заттардың ерекшеліктерін танып
–
білуіне бағытталған.
Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының
тазалығы өзін қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай
қабылдап, танып-білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектептегі оқу ісінің сәтті болуы сәбидің балабақшада, отбасында алған
білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай болса, балғын бөбектерді
әдептілікке, достық пен бауырымдылыққа, туған өлкесі мен Отанына деген
сүйіспеншілікке, оның ой-өрісін, сана-сезімін, өмірге қажетті білік-дағдыларын
кеңейтіп дамыту – тәрбиеші, педагогтар мен ата-аналардың ортақ ісі.
Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.
Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың
орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың
көзінше тудырмауға тырысуы керек. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін
тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен
қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері
қасиет пайда болуына тікелей себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық
өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, әдептілікке
баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның
бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың
алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола
отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты
тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала
әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз
сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы
ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетедіСонымен қатар
мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы
өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін
ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын
қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі
ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар: Баланы сәби ол әлі ештеңе
Абилева С.Н., Кусаинова Н.С., Тлеужанова А.С., Досбаева З.А.,
Суфиянова Д.М., Тулепова К.К.
8
білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан
тұлға. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты
ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.Баланың өз
ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың әр бір ісін қадағалап, оған
деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.Қандай жағдай болса да, ұрпағын
жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін
сіңіру, ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы.
Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең
негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін
толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке
дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін,
қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы
–
балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып
имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр
бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық
түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар
т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз
әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар,
ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана
сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды
кішкентай кезінен қалыптастырамыз.
Баланың негізгі қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ
халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың айтуы бойынша «Ойын ойнап, ән
салмай өсер бала бола ма?». Сондықтан ойынбаланың өмірінде ерекше орын
алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал
ететін. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы
түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына
көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа,
мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі
күндері тәрбиешілер алдында балаға білім., білім дағдыларын игеріп қана қоймай,
қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту
міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей
байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер.
Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім
баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші — тәрбиеші.
Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан
парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары
белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады.
Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде
қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет
түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды
көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгершілік,
физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі
дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас
жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.Іс-әрекеттің тап
осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала
дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек
Ата – ана мен балабақша ынтымақтастығы
9
ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір
сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін.
Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән
үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой
тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап
отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс.
Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-
өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген
сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы
қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын
педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда
балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз.
Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз.
Бірақ біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың
жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті
–
баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас
баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде
бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың
қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке
гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу –
тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке
дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш –
жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген
ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең
–
байтақ даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы
бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге
тиіспіз.
Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі –
баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол
болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата
–
ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі; көретіні
анасның аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген
оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата – анасының
өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе,
ұядан ұшқандада сол өнеге - өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.
«Баланы жастан» деген халық даналығына сүйенсек, тәрбиенін бесіктен
басталатыны әркімге аян. Сәбиінің өнерлі, талантты еңбек сүйгіш болып өсуін
мақсат еткен ата – ана бесік жырының, негізгі арқауын да ой өнеріне, қол еңбегіне
арнағанын мына бір үзік ойдан анғару қиын емес.
«Таңдайларын тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің,
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсін?»...
Баланы мақтап, көтермелеп, бағыт беріп отыру, оның интеллектуалдық ой -
өрісін дамытып, ойлағанын еркін – батыл жеткізуге мүмкіндік береді. Ата –
анамен арадағы мейірбандылық нығайып, баланың жеке басының шғармашылық
Абилева С.Н., Кусаинова Н.С., Тлеужанова А.С., Досбаева З.А.,
Суфиянова Д.М., Тулепова К.К.
10
деңгейі артады. Ата – ананың аузынан шыққан сөз бала үшін өмір, тіпті заң болып
та есептеледі. Бала өте сезімтал байқағыш, оларға ерінбей дұрыс жауап беру
түсіндіру, түра жолға бағыштау, ой-өрісін ұштау, ата – анаме тәрбиешінің
парызы. Балабақшада, ата – анамен тәрбиеші айтылған, көрсетілген нәрсеге
баланың ықылас зейін қойып тындауна ерекше зер салғаны жөн.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер
мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде.Балаларды
оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып,бірлесе жұмыс
жасау керек.
Әр бір тәрбиеші ата-анамен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі
заман талабына сай жаңа технологияларды қолдана отырып,ата-ананың
қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға,
тәрбиешіге деген көзқарасы өзгереер еді.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата-ананың өмірге деген көз қарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер
ететінін атап кету;
Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді;
Қоғам тарапынан көретілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен
болашаққа деген сенімін нығайтады;
Қазіргі уақытта балаларды тәрбиелеуге ата-анамен бірігіп жұмыс істеудің әр
түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолдануда.Балаларды тәрбиелеудің
дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік
жағдайын, отбасы мұшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін ата-
аналарды ұсыныс пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық
сұрақтар алуымызға болады.Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс
түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді.Себебі, ата-аналар заман
талабына сай өзекті мәселелрді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды
өздеріұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс -пікірлерімен санаса
отырып ата-анаға арналған әңгімелер, консультациялар, сұрақ-жауап кештері,
тәрбие жұмысын алмастыру коференциялар, ата-аналарды педагогикалық
әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
М.Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі
ниет,керек, содан соң күш керек, одан соң тәртіп керек». Өмірлік тәжірбие ұлы
жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп бағытты жұмыс
жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға, ата-аналар және топ
жиналыстарына ата-аналарды тартудың қажеттілігі:
Балаларда іс әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
Ұнайды;
Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
Ересектер тәрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
Ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға
қатысы бар екендігін сезінеді;
Использование приемов мнемотехники при обучении дошкольников
11
Тәрбиешілер ата-аналарға ақыл-кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында
төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:
Көзбе-көз қарау
Бір-біріне көңіл бөлу
Сыйлау
Тыңдау
Ғабиден Мұстафин айтқандай: «Ата – ана қадірін білген бала халық қадірін
білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз
халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз
болып үйрету керек».
Ендеше «Жұмыла көтерген жүқ жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе
ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргісе, елдін, халқының
дәстүрін сыйлайтын ұлт жанды, жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп
шығарамыз деген үміттеміз.
Әдебиет:
1.
Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002.
2.
С.Л. Рубинштейн Основы общей психологии. Т. 1-4. М., 1989.
3.
В.А. Бухвалов Развитие учащихся в процессе творчества. «Педагогический поиск», 2000.
4.
В.П. Беспалько Слагаемые педагогической технологии. «Педагогика», 1989.
5.
Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шарттары.
6.
Базарбаева Н.А. Педагогикалықкеңес, 2009, №1.
7.
Мектептегі психология 2010 ж. №2.
8.
Бала тәрбиесі 2006 ж № 2 , 2008 ж. №4.
9.
Отбасы және балабақша 1993, №4.
10.
«Өзіндік таным» 2007 ж. №2, 2006 ж. №5-6.
11.
Тәрбие құралы 2009 ж. №2.
УДК 372.3
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПРИЕМОВ МНЕМОТЕХНИКИ
ПРИ ОБУЧЕНИИ ДОШКОЛЬНИКОВ
Абуталипова Н.К.
(ГККП «я/с «Малыш»)
В Послании Президента Республики Казахстан - Лидера нации «Стратегия
развития Казахстана» Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 14 декабря 2012 г.
было подчеркнуто: «Особое внимание должно быть уделено системе
дошкольного образования как первой ступени непрерывного обучения,
стимулирующего развитие детей, обеспечив их эффективными программами для
развития творческих и интеллектуальных способностей».
Новая концепция обучения в детском саду направлена на развитие
компетентности у детей дошкольного возраста через познание мира,
Document Outline - ТМНДО Сборник конференции 28 янв 2016 Секция №1 стр. 6-105
Достарыңызбен бөлісу: |