Интернет-ресурста жарияланған 03.03.2017 «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ
«Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:
1. Қоғамдық - саяси мәселелер жөніндегі бас маман «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, 1 бiрлiк.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-R-4.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейiн.
Негiзгi функциялық мiндеттерi:
Аудандық БАҚ өзара қарым қатынаста жұмыс жасау. Мемлекеттік органдар қызметін жариялау жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен мақсатты шараларды дайындауға және жүргізуге қатысу. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында өңірлердегі көкейкесті ішкі саяси проблемаларды қадағалау. Қажет құжаттарды, анықтама материалдардарын және ақпараттарды орындау. Сайлау алды акцияларды және кампанияларды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қатысу. Ауданда өткізілетін «дөңгелек үстелдер», пресс-конференциялар, қоғаммен кездесулер өткізуге қатысу. Діни бірлестіктер бойынша ақпаратты жинау және өңдеу. Ауданда діни бірлестіктермен өткізілетін іс-шараларға қатысу. Аудандағы діни жағдайды талдаумен ақпаратты дайындау. Тоталитарлық секталардың, діни сенімдерге байланысты әскер қызметінен бас тартудың, кәмелетке толмағандарға діни ұйымдардың әсер етудің болу фактілерін қадағалау. Көпшілік діни іс-шараларға қатысу. Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметін бақылау (үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар, балалар және жастар ұйымдары, кәсіподақтар). Ауданда саяси партиялармен өткізілетін, қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларға қатысу. Ауданда мемлекеттік жастар саясатын үйлестіру және жүзеге асыру. Жастар саясаты жөніндегі аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу. Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметін қамтамасыз ету. Аудандық деңгейде республикалық мемлекеттік жастар бағдарламаларының жүзеге асырылуын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу. Облыстық және аудандық жастар ұйымдарымен қарым-қатынас жасау. Ауданның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі жастардың жағдайы мәселелері жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру. Жастар арасында діни экстремизмді алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Жастардың мәдени-көпшілік іс-шараларын, «дөңгелек үстелдерді», конференцияларды және акцияларды өткізуге қатысу. Азаматтардың өтініштерін қарастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Жоғары білім: «Білім» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Білім» немесе «Құқық» немесе «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «Е-R-4» санаты үшiн мемлекеттiк тiлдi бiлу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлу тестілер, сонымен қоса бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк құзыреттілігін анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлу.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлу.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары (әрі қарай - Қағида) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
осы Қағидаларға белгiленген нысандағы өтiнiш;
3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);
конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.
Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда еңбек қызметiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-нің электрондық почтасына не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бір күн бұрын кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін құрылған бірыңғай конкурстық комиссиямен (әрі қарай - Бірыңғай конкурстық комиссия) әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.
Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер оны «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-де әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың Бірыңғай конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.
Бірыңғай конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде Бірыңғай конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 30-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күнi iшiнде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиiс: 150900, Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесi-12, 3-кабинет, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ немесе maml-sup@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде.
Анықтамаларды мына телефон 8(71541)22007, факс 8(71541)21788 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде Бірыңғай конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |