№ 10 орта мектеп
Тақырыбы:
Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру
Құрастырушы: бастауыш сынып мұғалімі
Аккубекова Гүлстан Тұрсынқызы
Қарағанды 2013 жыл
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түміну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екішшісі - әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасадаы. Мұғалім бұл үшін жұмыстың ір түрлерін, оқыту әдіс – тәсілдерін тиімді пайданалары сөзсіз.
Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймай, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор.
Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті- ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын активтендіреді. Штирхтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады.
Оқушылар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек ұғымдарды меңгереді. Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз- көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс -әрекет. Әр әріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет.
Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек.
Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін бірінші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.
Дыбыс саны мен әріп үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы, аяқ сөздеріне әріп саны артық екенін және себептерін түсіндіріп отыру қажет.
Жаттығулар балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. «Орынын белгіле» жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орынын белгілейді.
«Әріпті тап» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалаған элементін тауып жазып көрсетеді.
«Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.
Баланың әлемі – бұл нақты заттың әлемі, егер баламен жақын болам десеңіз, оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу – мұғалімнің төл ісі.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.
Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғарғы сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығуларды орындатады. Бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал келесі жаттығу көз бен қолдың координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады.
1-ші сыныпта тілдің дыбыстық жүйесіне берілетін білім кеңейтіліп, күрделене түседі. Қысқа й дыбысымен ң дыбысының жазылу емлесінде өзіндік қиындықтары бар. Оны былай жинақтап көрсетуге болады. й – ы,і дыбысынан кейін жазылмайды, тек мына түбірі тый,сый сөздеріне жазылатындығы ескеріледі. ң әріпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды. Бұл дыбысты н дыбысымен шатастырып жазуы жиі кездеседі. Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынансының өзгертетіндігіне көз жеткізу керек. Және н – тіл ұшы дыбысы, ң тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек.
Сауатты жазуға тиімді әдістерінің бірі – жатқа жазу. Мысалы: ақ түйіншек секеңдейді, сары түйіншек жетем дейді. Жұмбақты қызыға шешу (қоян, түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып сауатты жазуға төселдіреді.
Жұмбақтың шешулерін дұрыс жазу және осы сөздердегі әріптерден бірнеше сөз құрау арқылы сөздік қорын байытуға болады. Ю әрпі бар сөздердің жазылу ережесі де осыған ұқсас.
Қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерге Ь, Ъ белгілері дыбыс қатарына жатпайды. Бұлар орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады.
Оқушыны сауатты жазуға дағдыландырудың негізгі жұмысы – диктант. Ал, диктанттың бірнеше түрі бар.
Оқушылар бақылау диктантын 20-30 минутта жазып бітеді. Содан кейін мәнерлеп оқып шығып, өздеріне 1-2 минут шолып шығуға тапсырамын. Тапқан қателерін қарындашпен белгілетемін. Таппаған жағдайда қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайындағы түсініктерін, ережелерін еске түсіру арқылы қатемен жұмыс ұйымдастырамын. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Үзбей жазуға жаттықтыру жүмыстары балаға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылық оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғалімнен ізденушілік талап етеді. Әр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп, білім деңгейіне сай тапсырма беріледі. Жаттығуларды жазғанда әріптердің ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |