Дєрістердіњ ќысќаша курсы



жүктеу 1,66 Mb.
бет5/11
Дата23.02.2018
өлшемі1,66 Mb.
#10579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі басқару және оған жүйелік қадам жасау дегеніміз не?

  2. Мектепішілік басқару функцияларын бөліп көрсетіңіздер.

  3. Мектепті басқарудағы жаңа тенденцияларға сипаттама беріңіздер.

  4. Қазіргі мектептердегі басқару қызметінің бағыттарына сипаттама беріңіздер.


5- дәріс.

Мектептердің педагогикалық жүйелерін басқарудың әдістері мен формалары.

Жоспар:


  1. Жоспарлаудың мәнісі.

  2. Жоспарлау құрамын басқару қызметі ретінде түсінудегі жаңа ұғымдар.

  3. Оқу жоспарларымен мектептердегі білім беру бағдарламасын дамытудың жосығын жобалауды дамыту.

  4. Мектепішілік педагогикалық жүйелерді басқарудың әдістері мен формалары.

Ұғымдар:Жоспарлау, педагогикалық жүйе, жүйелік амалы, жоспарлау әдісі, басқаруды ұйымдастырудың формалары, принциптері, басқарушылық шешім.

1 Қазіргі заман жағдайында барша ғалымдар мен ғылыми мектептерді(педагогикалық) басқару қызметінің бір түрі саналатын жоспарлауға жеткілікті назар аударуда. Бұл кездейсоқтан туындаған жағдай емес, басқарудың басты тағайындалуы болып табылатын: бірлескен қызметтің ұйымдастырушылығы мен мақсатты бағыт ұстауын қамтамасыз ету амалы болып табылады. Бір айқын нәрсе, мақсатсыз туындайтын жоспарлаусыз алға қарай жылжуға қарай педагогикалық еш қадам баса алмаймыз. Бұдан шығатыны, мақсатты бағытталған қызмет мүмкіндігінің жан-жақты,әрі сәтімен туындауы ғана ұстаздар қауымына шығармашылық, кәсіби бақыт сыйлайтыны дер едік.Психология ғылымы-өз кезегінде жоспарлауды кез келген адамзат ойлауының ең басты функцияларының бірі деп қарастырады. Жоспарлаудың болуы – адамзатты хайуанаттан еректейтін ұлы артықшылықтардың бірі, солай бола тұрса да, жоспарлау басқарау қызметінің түрі ретінде адамдар (тұтас ұжым) әрекетінде айырықша ерекшелікке (мектептің басқару субъектілерінің жоспарлауындағы) ие.

Сондықтан,жоспарлауды тағайындау осы сөздің кең мағынасында мынадан тұрады, ол өз бастына тек қана мақсатты ұйғарылым мен жобалаудың жоспарын ғана емес, мектептің ішкі және сыртқы ортасын болжамдау мен сараптау, қажетттілік пен мүмкіндік, түрлі концепцияларды жасап шығудың жоспарлау тиімділігіндегі өздік байыптауды т.т. сыйдырады. Енді жоспалаудың басты ерекшеліктерін бөліп көрсетелік:



  • Жобалау мектептің барша қызметіне айқын бағыт пен құлшыныс беруге жұмылдырылған;

  • Болжам мен байыпқа негізделген жоспарлау мектептің болашақта қол жеткізілуге тиіс жағдайы мен нәтижесін модельдеуге арналған;

  • Жоспарлаудағы мақсаты ұйғарым мақсаты түзу процесіндегі – мақсаттың образын қалыптастыру үрдісін басқару субъектілердің санасындағы ішкі сезімдерге сүйенеді;

  • Жоспарлау мақсатқа қол жеткізудің құралдарын,олардың логикалық құрылымы мен құрамын,бірізділігін,қажетті ресурстар мен жағдайларын,орындаушыларын әрі олардың әрекеттестігін,мерзімін белгілеп талап етеді;істелетін жұмыстың мазмұнын,әдістерін,амал-тәсілдерін,формаларын және аралық нәтижелерді белгілейді, яғни,кім?не?қашан? деген сауалдарға жауап береді;

  • Жоспарлау қызмет стандартын,талапты,критерий мен бағалау көрсеткіштерін нақыт белгілеуді талап етеді;

  • Жоспарлау білім беруді қамтамасыз етумен бірге басқару қызметі үшінде жағдай жасауды ескереді.

Сонымен,жоспарлау басқару қызметінің ең маңызды түрі болып қала береді,оның мәні еш кішерейген жоқ,қайта оның сапасына деген талап өзгерді.

2 Мектепішілік жоспарлаудағы жаңа енгізілімдер мектеп жүйесіндегі бөліктердің мәнді өзгерістеріне ықпал етіп,сыныптан тыс,мектептен тыс тәрбие жұмыстарындағы жоспар құрушылық әрекетінің қысқаруына алып келеді. Солай десек те,жоспарлаудың,жобалаудың,бағдарлама жасаудың, модельдік тұжырымдаудың бірқатар жаңа объектілері пайда болды.

Дәстүрлі мектепті басқаруда жоспарлауға жауап беретін мектеп әкімшілігі мүшелерімен бірге мектеп бөлімшелері түріндегі жаңа субъектілер:кафедра, зертхана,МҒЗК(мектепішілік ғылыми-зерттеу комитеті) пайда болды. Мектеп ісін жоспарлауға көптеген мұғалімдер,оқушылар және олардың ата-аналары ат салысуда.

Ең бастысы,жоспарлаудағы жаңа енгізілімді не белгілеп,не айқындайды деген сауалға жауап берер болсақ,онда ол-оның осы өзгерістерден кейінгі «өнімді» жаңа номенклатура мен сапа бойынша шығару қабілеті. Сонымен қандай «өнімдер» баламалы түрде біздің мектептер үшін мүлде жаңа болып табылады? Олардың ішіндегі ең маңыздыларын атап көрсетелік:


  • қоршаған орта туралы анализдің қорытындысы;

  • мектептегі әлеуметтік тапсырыс пен ортаның өзгерісін болжау;

  • мектеп пен оның табысынның қол жеткізілінген деңгейі турасындағы дәлелді қорытынды;

  • мектеп ахуалының проблемалық байыбының қорытындысы;

  • мектеп жұмысына түрлінше қатысушылар үшін іс-әрекеттік мақсат;

  • нақты білім беру мекемесі және оның жүйесі мен буындарының атқаратын қызметінің миссиясы;

  • мектеп түлектерінің моделі;

  • мектептің оқу жоспары(ең алдымен олардың мектептік бөлігі);

  • оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары;

  • мектептің жүйелік бөлігін қамтамасыз етуші бағдарлар мен мақсаттар;

  • мектептің шынайы жүйелік жұмыс жоспарындағы келісімділік;

  • мектеп дамуының мақсаты мен жоспары;

  • мектептің тұтастай және жекелеген буындарының дамуының концепциясы(тұжырымы) мен бағдарламалары.

Жоғарыда біз санамалаған «өнімдер» мектепішілік жоспарлаудың іс-әрекетін басқаруда жасампаздық,шығармашылық сипатқа ие бола бастады. Осындай жаңа енгізілімдер мектепішілік жоспарлаудың бүгінгі ахуалын біршама өзгертуге қабілетті.

3Мектеп жұмысын жоспарлау жұмысындағы ең ірі және ауқымды жаңа енгізілімдердегі жобалаулар төмендегідей болып келеді:

  • мектепті дамыту бағдарламасы;

  • білім беру бағдарламасы;

  • оқу жоспарлары.

Мектепті дамыту бағдарламасы «жоғарыдан» берілмеген жаңашылдық болып табылады. Бұл дегеніңіз-ұжымның жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда өз орнын тауып,өз мүмкіндігі мен әлеуетін айқын да,жақсы түсіне білуі.

Даму бағдарламасын жасау барысында аталған білім беру мекемесінің айқын дәлелденген мектеп миссиясының қалыптасқан орта мен білім беру үрдісіндегі тұтасқан концепциясы жобаланады,атап айтсақ:



  • жаңа қол жеткізілуге тиіс,жаңа сипаттағы мектеп тұрпатына өтудің өзіндік стратегиясы жасалынады;

  • оқу орны ұстанған даму бағдарламасы алға қойылған мақсатың әрмен қарайғы бүкіл іс-әрекеттік қызметін қамтамасыз етеді;

  • жоспардың жүзеге асуының мектептік жүйелік бөліктерінің ең маңызды жаңа енгізілімдерінің,оның ішінде мектепішілік басқаруды қоса алғандағысын бағдарлама өз бойына сіңіреді;

  • мектепті дамытудың көзелген жаңа бағытын жүзеге асыру жоспары келісушіліктің жаңа тетіктерінің көмегі арқылы құрылады;

  • даму бағдарламасымен жұмыс істеуге көшу, шын мәнісінде, мектептің барша жоспарына өзгеріс әкеледі,өйткені, жалпы мектептік тактикалық жұмыс жоспары т.т.барынша нақтыланумен басты жүзеге асу бағдарына айналады.

1994-1995 оқу жылынан бастап оқу-тәрбие беру мекемелеріне білім беру бағдарламасын жасау тапсырысы«жоғарыдан» келеді. Бұл жаңа енгізілу даму бағдарламасына қарағанда мектептерде міндетті тәртіппен игерілуде,оның орындалуын бақылау мен бағалау жоғары тұрған басқару ұйымдары тарапынан қадағаланады. Білім беру бағдарламасын құрастыруда 8 модульді басшылыққа алу ұсынылады:

1-модуль-шәкірттерге білім беру,дамыту, тәрбиелеу бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс нәтижелігінің анализі;балалардың денсаулығы, қажеттілігі,білім беру қызметінің социумы туралы мәлімет;

2- модуль-білім берудегі басты бағыттар,мақсат пен міндеттер;

3- модуль-республикалық,облыстық,қалалық және аудандық мемлекеттік стандартқа сай келетін оқу пәндерінің жиыны;

4- модуль-мектеп бөлігінің білім мазмұнындағы оқу мен оқытудың пәндік тізімі және оларды қамтамасыз ететін бағдарламасының нұсқалық(мыс: «қызықты математика») қамтылуы;

5- модуль-міндетті және вариативті бағдарламалармен байланыстағы қосымша білім беру бағдарламаларының жиыны;

6- модуль-бағдарламаның вариативті бөлігінің оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі;

7-модуль-оқу-тәрбие процесін,оқушыларды оқыту формаларын және жаңа технологияларды ұйымдастыру ерекшелігінің сипаттамасы;оқушыларды аралық тексеру жүйесі;инновациялық іс-әрекет картасы;

8- модуль-бағдарламаны жүзеге асыруды басқару.

Мектептер жалпы үлгі негізінде білім беру бағдарламасын жазуда ұсынылынған басты позицияларды ескере отырып,өздерінің жағдайларына сай келетін(мыс, «Семейден шыққан математиктер») өздерінің бірқатар бағыттарын сыналап енгізе алады. Олар өз кезегінде мектептің ішкі әлеуметтік-экономикалық ауқымының сипаты;білім беру мекемесінің тағайындауы мен миссиясын т.б.айқын анықтайды.

Сонымен білім беру бағдарламасын жобалау дегеніміз-Алматы мен Астананың т.б.ірі білім орталықтарының педагогикалық тәжірибесі әсерімен дайындалған жеке оқу жоспарлары өзара бірлескен падагогикалық құбылыс болып табылады.

Қазіргі таңда қалалық білім беру мекемелерінде оқу жоспарларының екі түрін кездестіруге болады:

1.Нақты мектептің өздік ерекшелігін көрсете алатын ұзақ мерзімге жобаланған мектептің жалпы оқу жоспары.

2.Ағымдағы ахуалдарды есепке ала отырып,жасалған оқудың жұмыс жоспары.

Оқу жоспары жасалған кезде төмендегідей өмірдің өзі қойып отырған талаптарға жауап беруі керек:


  • толықтық;

  • тұтастық;

  • таңдау мен міндетті пәндер арасындағы тепе-теңдік;

  • білім сатылары мен сыныптар арасындағы мұраластық:

  • нақты уақытқа лайықтылық(икемділік,білім қоры,ауыр тимеушілік);

  • бәрі ескерілген әмбебап жоспар;

  • салалық ресурстармен жан-жақты (кадрлар,бағдарламалық-әдістемелік ) қамтылу.

Өз бетімен жобалау,жоспарлау тәжірибесі басқарушыларға жобалаудың жаңа типтерін меңгеруге мүмкіндік береді.

4 Басқару әдісі дегеніміз-педагогикалық үрдістің басшылық тарапынан басқарылу әрекетінің мақсатын,мазмұнын, принциптерін жүзеге асыруға қатысушылардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудың амалы.

Басқару әдістерінің негізгі функциялары дегеніміз-мектепті басқару мазмұнының жүзеге асырылуы,осы қызметті жетілдіретін балаларды іздеу;басқару қызметі бойынша:шоғырлануды ұйымдастыру, келісілген іс-әрекетті реттеу болып табылады.

Басқару әдістері қилынша жіктеліске ие. Сол себепті, оларды төмендегіше топтастыруға болады:


  • басқару нысаны бойынша(республикалық, облыстық,аудандық және қалалық);

  • басқару тұлғалары бойынша(әкімшілік, шаруашылық);

  • мақсаты бойынша(стратегиялық, тактикалық, шұғыл басқару);

  • әсер ету тетігі бойынша(әлеуметтік-саяси,ұйымдасқан-тарату,педагогикалық ұйымдастыру);

  • стилі бойынша(авторитарлық,демократиялық және либералдық);

  • басқару қызметінің уақыты бойынша(ағымдағы,ұзақ мерезімді,басты).

Білім беретін мектептегі әдеттегі көз үйренген басқару әдістері мектептерде пайда болған психологиялық қызмет,психофизиологиялық зертханалар есебінен жаңа әдістермен молықты. Мысалға,сараптаулар зерттеулермен ауысса, диагностика(гр.diagnostikos=танып-білуге бейімді) жүйесінде: тестер,карталар,сауалдар мен сауалнамалар қолданылады;бақылау мен сұхбаттасуға қатысу әдістері де пайдаланылады.

Басқаруды ұйымдастыру формасы түрлі құрылымдар мен бағыттарда болып келуі мүмкін:нұсқау-әдістемелік, теориялық семинарлар, оқушылар ұжымының отырысы,педагогикалық кеңес,әдістемелік бірлестік, жетекшілік,мектеп конференциясы,педагогикалық оқулар, ата-аналар сауатын ашу курстары.

Әлеуметтік-педагогикалық әдістердің жүзеге асырылу формасы мыналар:ішкі тәртіп ережесін,мектеп жарғысын, «оқытушы-оқушы» қарым-қатынасы ережесін құру түрінде келуі де, әбден мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз.

Сонымен,мектептің педагогикалық жүйесін басқарудағы ең бастысы басқару қызметін жоспарлауды ұйымдастыру жүйесі және осы бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру амал-тәсілдері болып табылады.



жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау