Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшесі



жүктеу 39,19 Kb.
Дата27.11.2017
өлшемі39,19 Kb.
#2010
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшесі. Бастауыш. Адам болам десеңіз...

Сабақтың мақсаты:

-мәтінмен жұмыс жүргізе отырып, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері,оның ішінде бастауыш жайында білімдерін кеңейтіп, дамыту;

- бастауышты адам бойындағы адамгершілік, тәрбиелік сияқты жақсы мінез-құлықтарды ұлы адамдардың інжу-маржандай асыл да ұлағатты шешендік сөздері мен қанатты сөздерінен , нақыл сөздерінен, мақал-мәтелдерден мысалдар келтіре отырып меңгерту;

- студенттердің көзқарасын білдіре отырып сөйлеуін жетілдіру, ұлағатты сөздердің тәрбиелік мәнін ұғынуға, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.


Негізгі ұғымдар: сөйлем мүшесі, бастауыш , шешендік сөздер мен қанатты сөздер ,

мақал-мәтелдер, адамгершілік, ізгілік, тәрбие


Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: интерактивті тақтада мультимедиялық презентация, үлестірмелі қағаздар, сызба, кестелер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, практикалық жұмыстар, бекіту жұмыстары
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, қайталау, талдау, көрнекілік, практикалық әдіс
I. Ұйымдастыру кезеңі

1) оқушылармен амандасу;

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

3) сабақ бастауға жағымды жағдай жасау.

Топқа бөлу.

Топпен жұмыс істеу ережесі:



  1. Топта белсенді жұмыс жасау;

  2. Басқаның пікірін сыйлау;

  3. Уақытқа бағыну;

  4. Тапсырмаларды тиянақты орындау.

II. Жаңа материалды оқыту

Сөйлем мүшесі. Бастауыш. Адам болам десеңіз...

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Өтілетін сабаққа байланысты сұрақтар:



  • Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

  • Сөйлем мүшесі болу үшін қандай шарттар керек?

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқып, ат қойыңыздар, себебін түсіндіріңіздер.

«Сенің ата-анаң» Мағынасы екінші жақта айтылған сияқты болғанмен, барлығымызға ортақ ата-ана туралы айтылған.

Мәтінге байланысты сұрақтар:



  1. Ата-анаңа сен не үшін қарыздарсың?

  2. Ата-анаңды қадірлеу , оның жан дүниесін көре білу дегенді қалай түсінесің?

Егер жан дүниесін көре білмесең «ақ көз боп өтесің» деп жазушы нені айтқысы келген? «Ақ көз» деген тіркесті тағы қандай мағынада қолдануға болады?

  1. Ата-ананың бәрі бірдей тәрбие бере ала ма? Сен қалай ойлайсың?

  2. Ата-анаң үшін зор бақыт не?

Автордың қорытынды ойы қай жерде айтылған, сол арқылы ол не айтқысы келеді?

Сонымен, біз ата-ана , отбасы жайында айтып жатырмыз. Енді осы ата-ана , бала, тәрбие жайында сендер қандай мақал- мәтел білесіңдер?


Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.


Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің. ( Шал ақын)


Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің. ( Мақал)

Мағыналарын ашу.


- Бір отбасының өзінде тәрбиесі әр түрлі бала болуы мүмкін бе? Мақалмен жауап беріп көрші. ( « Бес саусақ бірдей емес»)

«Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді.» деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Бірақ бұл мақал тәрбиемен мінезді түзетуге болмайды деуге дәлел емес.» ( Ж. Аймауытов)

Мағыналарын ашу.


  • Осындай адам мінезі жайында айтылғанұлы Абайдың қандай нақыл сөзін білесіңдер?

«Егер заң қуаты қолымда болса «Адам мінезін түзетуге болмайды» деген кісінің тілін кесер едім.»

  • Ақынның айтпақшы ойын айқындаңдар.

Мақал, нақыл сөздерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Бастауыштардың жасалу жолдарын айтыңыздар, сызбамен көрсетіңдер.

Дәріспен жұмыс.

Топтық жұмыс.

Сөйлем мүшесі, бастауыш тақырыбы бойынша әр топ өздеріне берген тапсырмаларды

қорғайды, орындайды, көркем шығармалардан мысалдар келтіреді.

Бастауыштың сөйлемдегі орны. Қара сөзді сөйлем мен өлеңдерден мысалдар айтып, салыстыру.

Келесі тапсырма қыз бала, ер бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдер жазу.

IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс

Осылардың барлығын қорытындылай келе шын мәніндегі адам қандай болу керек? Ол туралы ұлы Абай не деп еді?

Адам болам десеңіз...

Қанағат,_рақым'>Талап, еңбек , терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз



  • Аталған қаиеттерге байланысты нақыл сөздер, Абайдың қара сөздерінен, өлеңдерінен мысалдар жазыңыздар, бастауыштың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Мысалы, Абайдың 44 қара сөзі ( талапқа байланысты)

Әбішке арналған өлеңіндегі метафоралық құбылыс .



Талаптың мініп тұлпарын...

Еңбек

«Еңбек етсең, ерінбей, тояды қарның тіленбей» .. т.б



Қанағат

Үш нәрсеге : махабатқа, асқа, ақшаға қанағат қылуды ұмытпа.

Сөзжұмбақ шешу

Бүгінгі адам болам десеңіз ...тақырыбына байланысты нені білдік?



  1. Бала тәрбиесінде отбасының тәрбиесінің маңызы зор екендігін;

  2. Адам мінезін түзетуге, тәрбиелеуге болатыны;

  3. Жақсы қасиеттерді бойға сіңіру үшін талаптану, еңбектену, ғылыммен, өнермен айналысу керек екенін;

  4. Халқымыздың ұлы адамдарының өнегелі, ұлағатты, қысқа да нұсқа мағынасы терең сөздерінің тәрбие берудегі , сөз өнеріне баулудағы рөлінің ерекше екендігі.

Қорытынды .Бағалау.

V. Үй тапсырмасын беру Сөйлем мүшесі. Бастауыш. Эссе. «Қыз қылықты, ұл намысты болсын»
жүктеу 39,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау