Дєрістердіњ ќысќаша курсы



жүктеу 1,66 Mb.
бет6/11
Дата23.02.2018
өлшемі1,66 Mb.
#10579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бақылау сұрақтары:

  1. Жоспарлау дегеніміз не және оның ерекшеліктері?

  2. Жоспарлаудағы жаңа енгізілімдерге сипаттама бер.

  3. Мектептің даму бағдарламаларының білім беру бағдарламаларының,жасалу мақсатын аш.

  4. Мектептің педагогикалық жүйесін басқарудың негізгі әдістері мен формаларын ата.


6- дәріс

Басшының басқарушылық мәдениеті

Жоспар:

  1. Басқарылатын нысан ретіндегі мектептің стратегиялық ұстанымын ұйымдастыру.

  2. Жалпы мектептік басқарудағы дәстүрлі және жаңа қызмет түрлері.

  3. Педагогикалық ұжым дамуының барлық деңгейіндегі басшылық жасаудағы басшының атқаратын функциясы.

  4. Мектепішілік басшылық.

Ұғымдар: басқару стратегиясы,функциясы, орталықтанған басқару,орталықсызданған басқару.

1 Мектепішілік басқарудың міндеттері мектеп түрлеріне,миссиясына,деңгейіне,орнына,мерзіміне және жұмыстың талап етілетін сапасы мен көлеміне байланысты болып келеді.

Қазіргі заманғы мектептер өз алдына стратегиялық сипаттағы мақсаттарды қоюда:жалпы білім беретін мектептен жоғары үлгідегі-мектеп-кешен,мектеп-бірлестік,мектеп-гимназия,лицей,колледж,арнайы мектептерге;жеке меншік мектептерге,экстернаттық және жанұялық оқыту формаларына т.т. өтуде.

Мысалға,тек Семей қаласында осы мәселелерді шешумен бірнеше білім беру мекемелері айналысып жатыр.

Басқару нысаны ретіндегі мектептің стратегиялық тұғырының ұйымдастыру құрылымы міндеттердің бөліну ауысымдылығы,әдістердің функциялануын және қызметтің стратегиялық бағдарының маңызын ашатын ұйымдастыру құрылымын,байланыстарын, тетіктерін ашып береді.



2 Дәстүрлі жалпы мектептік басқарудағы бұрынан бар ұйымдармен(педкеңес,ата-аналар комитеті, оқушылар кеңесі) қатар жаңалары да пайда болды:мектеп кеңесі,қамқорлық кеңесі (попечительский совет),мектептің стратегиялық дамуын жобалау ұйымы,құрылтайшылар кеңесі,эксперттік кеңес,қабылдау комиссиясы(мыс:қаламыздағы қазақ-түрік лицейіне т.б.), ғылыми-әдістемелік кеңес, гимназистер кеңесі,лицеистер кеңесі,мектеп парламенті т.т. Осы біз атаған ұйымдардың құрамы әр типті мектептерде олардың қызметінің көлемі мен атқарушы мүшелері әр келкі;ұйымдар мен мүшелердің өз тарапынан мектептегі ұйымдастыру ісіне қатысулары да әр қилы деңгейде болып келеді. Тап осы басқару буындарының араласуымен мектептің даму стратегиясы жобаланады,әрі ол көпшіліктің мақұлдауымен бекітіледі.

Дамушы мектептер өздерінің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда орталықтану мен орталықсыздану басқарушылығының арасындағы «алтын аралықты» іздеу негізінде басқару құрылымын қайыра түзеді. Орталықтану әдісі-мектеп жоспарын жобалауға сеп болса,орталықсыздану амалы-оның жүзеге асуына көмектеседі. Дамушы мектептерде:жаңа енгізілім топтары,жобалау топтары,жобалаушылар топтары,эксперттік топтар енгізілген.



2 Орталықсызданған басқарудағы ұжым дамуының барлық деңгейіндегі басшылық функциясы икемді де,орайлас сипатқа ие болып келеді. Жоғарғы деңгейдегі басшылық функциясы айтарлықтай өзгеріске түседі. Кезектегі, шұғыл шешілуді талап ететін проблемалардан олар ендігі жерде стратегиялық проблемаларға ауысады. Бұл дегеніңіз басқарудың ортаңғы және төменгі дәрежесіндегі басшылар мақсатты түрде стратегиялық мәселелерді шешуге жұмылдырылады.

Басқарудың екінші деңгейінде білім беру қызметінің түрлі деңгейі мен бағыттары бойынша Оқмеңдер(завуч) саны артады,сонымен бірге қызметтік ұйымдар мен комиссиялардың: әлеуметтік,эксперттік, психологиялық, санаттық,аудиторлық тексеру(қаржылық,әлеуметтік) т.т. көбейеді.

Екінші деңгейдегі басшыларға мүдірдің орынбасарлары, психологтар,әлеуметтанушылар,медицина қызметкерлері ,инженерлер, бағдарламашылар, ҒЗИ,ЖОО оқытушылары,сонымен бірге, кафедра, комиссия, орталық,маңызды бағыттағы мектеп,пән циклін басқарушылар т.т. жатады. Олар тек қана педагогикалық және оқушылар ұжымдарын,білім беру мен тәрбиелеудің барша үрдістерін ұйымдастыруды жүзеге асырып қана қоймайды,сонымен бірге стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға септесетін құралдар мен жағдайларды,тактикалық іс-әрекеттерді де белгілейді.

Стратегиялық бағыттағы ерекше рөлді мұғалімдер,педагог мамандар,тәрбиешілер шешеді,әрі олар осы мақсаттарды тек педагогика тұрғысынан ғана қарастырып қоймайды,сонымен бірге тұлғаның әлеуметтік,әр келкі психологиясы тұрғысынан да қарастырады.

Міне,осы деңгейде орта мен оқушылардың ата-аналары арасындағы өзара әрекеттестік тетігі өмірге келіп,олардың іс-әрекетіне үздіксіз қадағалау ұйымдастырылады.

Тек осы деңгейде стратегиялық,тактикалық деңгейдегі, тұлғаның интеллектуалды және физикалық дамуы деңгейлерінде орын алуға тиісті қандай өзгерістерді талап етілетіні анықталады.

Кәне,мектепішілік басқаруды ұйымдастырудың тұғырнамасын қарастырып көрелік,онда менеджмент идеясы,педагогикалық басқару теориясы қолданылып,олар мотивация,ынталандыру,өзін-өзі ұйымдастыру,өзін-өзі басқару идеялары және озық тәжірибелермен ұштасады.

Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру өзара қарым-қатынастың жаңа сипатын жүзеге асырады. Мектеп мүдірі бір жағынан-жұмыс беруші,әкім,басшы болса,екінші жағынан-мектеп қызметкері,мектеп ұжымының мүшесі,педагогикалық қызмет бойынша әріптес,кафедра,әдістемелік,бірлестік мүшесі т.т. болып табылады. Ол өзін жетекші басшы,ұстаздардың ұстазы немесе әдіскер,кәсіпқой сипатында танытады.

Мектеп мүдірі өзінен шені төмен басшыларға қарағанда бір қатар құқық пен билікке ие болғандықтан,күнделікті күйбең тіршіліктен аулақтап, бірыңғай мектеп дамуының стратегиялық проблемаларын шешуді,республика,облыс,аудан және қалалық деңгейде мектеп атынан сөйлеуді;мектеп дамуының бағдарламалары мен орталықтанған үйлесімділіктің стратегиялық жоспарларын және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарды; қаржылық, материалдық-техникалық т.б. құралдарды табуды өз мойнына алады.

Мектеп мүдірінің орынбасарларының саны мектептің ауқымына орай 2-5 адамға дейін болып келіп,олардың істейтін жұмыстары: тактикалық, стратегиялық реттегі міндеттерді шешуге ұйыстырылған.

Олардың желілік басшылар ретіндегі арнайы білім берудегі маманданған сатыларын атап айтар болсақ,олар:білім беру қызметінің деңгейі бойынша;пәндер циклі бойынша;ауысым бойынша;жекелеген бағыттар бойынша;сонымен қатар,ғылыми-әдістемелік,ақпараттық, әкімшілік-шаруашылық,әлеуметтік-құқықтық қорғау,үйлестіру жұмыстары,тәжірибелік-зертханалық және басқа да білім беру жүйесінің ерекшелігімен мектептің ұйымдасу деңгейінің күрделігі бойынша басшылық жасайды.

Генарал директор қызметі енгізілген ірі мектептерде(ТМД бойынша сөз етіп отырмыз-авторлар) мүдірдің орынбасарлары бөлім директорлары функциясын атқарады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай,тап осы деңгейдегі басқаруда басшылардың менеджер функциясын атқару тенденциясының игерілуі сезіледі. Осы деңгейде бағдарламалар жобаланып,дамудың стратегиялық бағыты нақтыланады да,инновациялық ой ұшқыны мен бағдарламаларды жүзеге асыру тактикасы жасалынып,ұжымның қалыпты да, бірізге түскен жұмыс жасауына жағдай жасалады. Осы деңгейдегі басшылардың қызметі жаңа функциялар бойынша жұмыс істеуімен сипатталады, олар:модельдеу, тәжірибе жасау,зерттеу;ақпараттандыру; ынталандыру; уәждау(мотивация), конфликтінің алдын алу мен реттеу т.т.түрінде болып келеді.

Субъектілік басқарудың дәстүрлі амалдары: статустық (мәртебелік),атқарушы, сатылықтармен қатар көптеген мектептерде позициялық-рөлдік(ұстанымдық-рөлдік) әдістер қолданыс табуда. Бұнда қызметкердің лауазымы ғана емес,одан ұжымы күткен рөлі де ескеріледі.

Әр мектеп ұйымы белгілі бір заң аясында арнайы бекітілмесе де,ескерілмесе ле,ойластырылмаса да өзінің рөлдік құрылымына ие. Тап осы рөлдік құрылым мектептің өзіндік ерекшелігіне орай штаттық кестесімен,бейресми бірлестігімен,мектептің ұйымдастыру мәдениетімен анықталады,

Ұйымдастыру қызметіне рөлдік әр келкілік беретін құрылымдық элементтерге тоқталуға тырысып көрелік.

Біріншіден,рөлдер ресми мәртебе статусымен беріледі,онда оған ие қызметкер не ана,не мына лауазымның талабына және осы талапқа байланысты функциялық міндеттерді(мүдір,мүдірдің орынбасары, мұғалім,сынып жетекшісі т.т.)атқарады.

Екіншіден,рөлдер мектепішілік басқару жүйесімен,оның құрылымдық ұйымдастыру ерекшелігімен немесе басқа ұйымдастыру құрылымымен,адамның шартты немесе басқа ұйым мен қызметі түрінде беріледі.

Үшіншіден,рөлдер бейресми мектеп бірлестіктеріне ортақ ниет пен өзара көмекке негізделген достық,әріптестік қатынас сипатын береді.

Байыпты,салиқалы,көреген мектеп басшысы, әлбетте,өз ұжымында бейресми жетекші, ұйымдастырушы,бастамашы,іскер т.т. атқарушы адамдарды саралай зерттеу барысында,оны «ашық жағдайға»көшіріп,жалпы мектептің іскерлік, формалдық құрылымына қызмет етуге жегеді.

Осылайша,бақылаулардың көрсеткеніндей, мектептерде басқарудың ұйымдастыру құрылымын жаңалау қажеттілігі біршама арта түсуде.

Ұйымдастыруды жаңалаудың немесе қайта құрудың басты себебі,біздің ойымызша,мыналардан тұрады:1) басқару нысаны ретіндегі мектептің дәстүрлі құрылымын бұзу;2)білім беру мен тәрбиелеу үрдісінің мазмұнын өзгерту;3)басқару шешімін қабылдауда орталықтану мен орталықсызданудың арасындағы «алтын көпірді» іздеу;4)жаңа уақыт үндеуін,қоғамдағы жаңа қажеттілікті,әрі оқушылар тұлғасын ескере отыра білім беру жүйесіндегі басты жобалауды жасау;5)оқушылардың тұтыну сұранысын ескере отыра,білім берудегі басым бағыттарды таңдау;6) мәдени-ағарту,білім беру т.т.аясында мектептен тыс байланысты аймақтық(қалалық) мекемелермен орнатып,оны тиімділікпен жүзеге асыру;7)педагогикалық үрдістің ерекшелігі т.т.

Бір сөзбен айтқанда,ұйымдастыру құрылымын басқаруды қайта құру немесе жаңалаудың себебі жаңа басқару жүйесіне өтуден келіп шығады.



4 Мектепішілік басшылықтың басты тағайындалудан педагогтар мен басқа да мектеп қызметкерлерінің, мектептің табысқа жетуі мен құндылықтарының принциптерін жүзеге асыруға бағытталған өнімді,шығармашылық табысты қызмет етулері үшін тиімді жағдай жасауынан көрінеді.

Осындай жағдайға жататыны:



  • Қызметкерлер өздерінен күтілетін табыстың мерзімі мен нәтижесін жақсылап ұғынуы;

  • Алға қойылып отырған нәтижелерге деген қызметкерлердің ықыласы;

  • Жұмыс жағдайы мен қол жеткізілген нәтижелерге деген қызметкерлердің қанағаттанушылық ахуалын қамтамасыз ету;

  • Мектеп ұжымында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалдың болуы.

Әлбетте,күтілетін нәтиже мен орындалатын жұмыстың мазмұны мен мерезімін жақсы түсіну үшін әрбір қызметкер мыналарды ескеруі шарт:

  • қызметкердің өздері(мұғалім,тәрбиеші,әкімшілік және техникалық қызметкер) осы нәтижелерді уақытысында жоспарлай алуы;

  • аталған қызмет түрін басқаратын қызметкерлердің осы жоспарды(жобаны) түзетін мектептің басқару субъектілерімен қажетті жағдайдағы келісімділігі;

  • қажет етілген нәтижені түйіндеудегі нақтылық пен шынайылықтың көрініс табуы.

Қызметкер алдына қойылған міндетті шешуі үшін ол жұмыс оған сыртан таңылмай,ол осы міндетті атқарып шығуда оның мәнін түсініп,жан-тәнімен қабылдап атқаруы барысында істеген ісінен жаны жай тауып,ләззат алуы керек.

Ал,мұғалім үшін бұл аталған мектептің білім,дағды,машық бағалау жүйесіндегі БДМ(Білім.Дағды.Машық.) сапасын артыру мен оқу үлгерімін жақсарту болып табылады. Ал бұл білім беру сапасын басқарудағы білім берудің құндылық-сезімдік бөліктеріне қатысты.Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығының дамуы жақсы жағына ауып өзгереді. Білім берудің сапасының артуы білім беру үрдісінің дәстүрлі қабылданған немесе жаңғарған (инновациялық) мазмұн мен технология аясында жүзеге асуы мүмкін. Осының соңғысы педагогтарға біліктілігін арттыруды,қайыра оқуды,өз бетімен білім алуына көмек беруді талап етеді.

Осы біз ауызға алған мектеп басшылары мен қызметкерлер арасындағы(әрбір педагогпен,әкімшілік қызметкері және техникалық қызметкермен) тізе қоса атқарылатын аталған бірлескен жұмыс дер кезінде(келешек оқу жылын ескере отырып,4-ші тоқсанда) жүргізілуі керек. Осындай жосықтағы іс-әрекетік және нақты мақсатты ұйғарылым қызметкер іс-әрекеті мен осы қызметтің басқарылуының міндеті мен ахуалына талдау мен өзіндік талдау жасаудың алдына келеді. Мектепті дамыту мен функциялаудың басты проблемалары мектеп бірлестіктері мен ұйымдарында(қоғамдық,педагогикалық,әдістемелік кеңесте,әдістемелік бірлестікте,мақсатты шығармашылық топтар,кафедраларда т.б) талқыланады.

Жүзеге асырылуды күнделікті қадағалау қазіргі қаржылық және материалдық жағынан там-тұмдап қамтамасыз етілу жағдайында педагог еңбегін бағалап,нәтижесіне көңілі толуына жағдай жасайды.

Бұдан басқа мектепішілік басқару мынандай жағдайлар үшін де қарастырылған:


  • мектеп ұжымында өнімді қызмет етуге жағдай жасайтын моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру;

  • оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекеттеріне жағдай жасауды ұйымдастыруда тұрмыстық жайлылықты орнатып,оны сақтау;

  • өнімсіз дау-дамайдың алдын алып,оны дер кезінде ушықтырмай шешіп отыру;

  • білім алушылар мен жұмысшылардың әлеуметтік жағынан қорғалу шарасын барынша қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары:

  1. Мектепішілік басқарудың міндеттерін атап көрсетіңіздер.

  2. Дәстүрлі және қазіргі заманағы жалпы мектеп ұйымдарынның басқарылуына сипаттама беріңіздер.

  3. Мектепті орталықтандырып және орталықсыздандырып басқару дегенді қалай түсінесіз?

  4. Түрлі деңгейдегі басшылардың функциясын айқындаңыздар.

  5. Педагогикалық ұжымның тиімді қызмет жасауы үшін қажетті жағдайды атаңыз.


7- дәріс

Мектептің білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
Жоспар:

  1. Дәстүрлі нұсқадағы:әдістемелік кеңес,оқушылар бірлестігі т.б.бойынша мектептегі әдістемелік жұмыстардың мазмұны мен міндеттері.

  2. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді(жаңаны енгізуде,үздіксіз өзгерістерге бейімделуде) жаңалау,мектеп кафедраларын құру және олардың өз алдына атқаратын функциялары.

  3. Педагогикалық кеңес.Мазмұны.Өткізу әдісі.

  4. Мұғалімдердің біліктілігімен, өз бетінше білім алуын арттыру.

Ұғымдар: экспертиза,диагностика,біліктілікті арттыру, рецензия, эклектика.

1 Қазіргі қазақ мектептерінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жүйелі түрде әдістемелік бірлестік түрінде жүргізіліп келеді,оның мақсаты мұғалімдерді жұмыстың әдістемелік амал-тәсілдерімен және оқытылатын ғылым салаларындағы жаңа зерттеулер нәтижесімен таныстыру. Білім беруде техникалық құралдарды қолданудың жаңа технологиясы қазақ педагогикасындағы әлемдік озық тәжірибе негізінде зерделенуі мектептің нақты жағдайына орай қарастырылады. Мұғалімдердің өздерінің қызметіндегі нәтижелері туралы хабарламалары тыңдалады.

Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі бір пән бойынша 4-5 ұстаздың басын қосуы да мүмкін немесе 2-3 қала мектептерінің мұғалімдерінің бірігуінен тұруы да мүмкін. Онда олар қажетті теориялық дәйектелген сабақтарды талдаудың қазіргі заманғы талаптармен таныса алады.

Әдістемелік бірлестіктермен қатар әдістемелік жұмыстың құрылымында басты рөлді озық тәжірибе мектебі атқарады. Тәжірибелі ұстазға 2 немесе 4 мұғалім аталған мамандық бойынша бекітілініп беріледі,бұндай жұмыстың мақсаты: әдістемелік көмек беру болып табылады. Осындай жұмыс үрдісінде(әңгімелесу,сабақтарды бақылау, тақырыптық жоспарды бірлесе құру,әдебиеттерді оқу)тек бекітілген мұғалімдердің ғана емес,жетекші ұстаздардың да жұмыс істеудегі педагогикалық технологиясы жетіледі.

Семейдегі бір қатар қала мектептерінде озат тәжірибені тарату және хабарлаумен,жүйелеумен айналысатын проблемалық топтар құру күнделікті педагогикалық өмір тәжірибесіне ену үстінде. Осы бағыта жүргізілген педагогикалық іс-әрекетті белгілі бір әдебиетті зерделеуден,мұғалімдердің сабағына қатысудан басталып,белгілі бір гипотеза(жорамал),ұсыныстарды анықтап, өңдегенен кейін барып,оны тәжірибе жүзінде жан-жақты нақтылап,қажетті деңгейге жеткізеді.Проблемалық топтар ұжымда шығармашылық ахуал қалыптастыруға себепші болады,әрі өз құрамына жаңа мұғалімдерді энтузиазммен өзіне бірте-бірте тарта түседі.

Әдістемелік жұмыстың ең бір маңызды формасы болып ұстаз мұғалімнің тәжірибесін таныту үшін оқу және тәрбие жұмыстарының әдістерін ұсынатын ашық және көрсету сабақтарын өткізу мен ұйымдастыру болып саналады.

Мысалға айтар болсақ,ашық сабақтағы техникалық оқыту құралдарын пайдалану,оқулықпен жұмысты немесе проблемалық оқыту сабақтарын қарастыру жатады.

Оқу жылының ішінде бір рет мектепте ғылыми-теориялық конференция және педагогикалық оқу ұйымдастырылып онда мұғалімдер не ана,не мына проблемалар бойынша өздерінің шығармашылық ізденістерінің есебін береді.

2 Көзіміздің айқын жететіні дәстүрлі әдістемелік жұмысты басқаруды ұйымдастыру құрылымының формасы-мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі-ғылыми-әдістемелік,шығармашылық іс-әрекет деңгейін тиісті дәрежеде қамтамасыз етуге қауқарсыздық танытады.

Қазіргі заманғы жаңашылдыққа ,шығармашылық іс-әрекетке ұмтылған мұғалім бүгінгі таңда субъективтік және объективтік сипаттағы көптеген қиындықтарды өз басынан өткеруде.

Сараптаулар атап көрсеткендей,эксперменттік жұмыстардың кең белең алуы жағдайындағы мұғалімнің басына түскен ең үлкен қиындықтар:теориялық жағдай мен өмірлік тәжірибені біте қайнастырылуы,ойлаудың логикалық бөлігіндегі бір жақты бағдар,БДМ-ны өнімсіз игеру т.т.болып табылады.

Мектеп дамуының жаңа сатысын сипаттай келе,қадап айтарымыз,мектептегі білім берудің жүйеішілік инновациялық жаңа құрылымы-мектеп кафедрасының өмірге келуі. Бұл ЖОО құрғақ еліктеу емес,мектептің инновациялық даму сатысындағы ғылыми негізделген іс-әрекеттерде ұстаздар мен басшылардан басым бағыттарды таңдауды,басқару мен педагогикалық еңбек сипатын өзгертуді қажет еткен сәтте кафедралар пайда болады. Кафедралар өз мойнына: мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмысына басшылық етуді;жаңа оқу бағдарламалары мен курстарына түзету мен талдау жасауды;эксперттік бағалау мен рецензиялауды; ЖОО,ҒЗИ,мәдени орталық сияқты т.б. алады.

Кафедра басқаруға институттың ғалым зерттеушілері,ЖОО оқытушылары шақырылады. Сонымен,кафедраларды басқару процесі оның түп негізіндегі өзгерістерді айқындайды. Ол тәжірибені игеруді,мәдениет аясындағы,білім саласын жетілдірудегі инновациялық ұйымдастырушылықтарды мазмұндық жағынан кеңейте түседі.

Осындай кафедраны мектеп тұрмысына енгізуге байланысты педагогикалық қызметтің ғылыми ауқымы күнен-күнге арта түсуде,оны ұстаздық өмірдің өзі көрсетіп отырған жайы бар. Соның негізінде қала мектептерінде ұйымдастыру қызметінің мүлде жаңа функциялары мен мүлде жаңа салалары:зерттеушілік,жобалау, экспермент, рецензия, болжау және диагностика т.т. пайда болды деп нық сеніммен айта аламыз.



3 Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тиімді формаларының бірі-Педагогикалық Кеңестің қызметі мен оның дұрысты ұйымдастырылуы болып табылады. Үштен артық мұғалімі бар,жалпы білім беретін мектептің «Педагогикалық Кеңес туралы ережесімен» Педагогикалық Кеңестің қызметі белгіленеді. Педагогикалық кеңес құрамына мыналар енеді:мектеп мүдірі(ол кеңес төрағасы),оның орынбасарлары, мұғалімдер,тәрбиешілер, кітапханашылар,дәрігер,ата-аналар комитетінің төрағасы және Мектеп Кеңесі.

Педагогикалық кеңестің қызметі екі бағытқа бағытталып:өндірістік-жұмыстық(жылдық жоспарды бекіту,мектептің тоқсандық,семестрлік жұмысының қортындысын шығару,емтихандарды өткізу мен дайындау, түлектерді бітірту,сыныптан-сыныпқа көшіру,оқушылармен жаз кезінде жұмыс істеу жоспарын бекіту) және ғылыми-педагогикалық (басшылар ұсынысын,ғылыми ізденістер нәтижесін,озық тәжірибенің мақсаты мен енгізілуін талқылау мектептегі педагогикалық үрдіске жан-жақты байыпты талдау жасау)болып келеді.

Осы бағыттағы жұмыстар педагогикалық ұжымның жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілігі жөнінде мәлімет бере алады.

Педагогикалық кеңесті дайындау мен өткізу 4 кезеңнен тұрады:



  • Педагогикалық кеңесті басым бағытта жоспарлау;

  • Нақты педагогикалық кеңеске алдын ала дайындық жасау;

  • Педагогикалық кеңестің тікелей өткізілуі;

  • Педагогикалық кеңестің шешімін орындау бойынша жұмыстар.

Әдетте,оқу жылы бойында 5 рет педагогикалық кеңес өткізіледі:әр тоқсан сайын және оқу жылы соңында. Осы соңғы педагогикалық кеңес үш отырыстан тұрады:

  • Емтиханға,БҰТ –қа жіберу;

  • Емтихан қортындылары;

  • Түлектердің БҰТ тапсыру қорытындылары.

Педагогикалық кеңестің барша шешімдері хаттамаға түсіріліп,мұғалімдер назарына ұсынылып,оқытушылар бөлмесіне ілініп қойылады. Бақылау нәтижелері жұмыс ретімен талқылануға тиісті,ол турасында келесі педагогикалық кеңесте кеңінен баяндалып,мектептің барша мұғалімдеріне жеткізіледі. Осылайша, мектеп басшылары педагогикалық кеңестегі ұсыныстар мен шешімдерді барлық мұғалімдердің тәжірибесіне енгізеді, әрі оларға қажетті нақты көмектерді жасайды.

4 Мұғалімдердің өзіндік білім алуы мен біліктілігін арттыруы-мектеп қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі.

Қайта даярлықтан өту,біліктілікті арттыру және өз бетінше білім алудың кең тараған мынандай формалары бар:ұжымдық және жеке бастық.



  • Біліктілікті арттыру институттарының курстары;

  • Аудандық(қалалық)әдістемелік бірлестік(пән, проблема т.т.бойынша);

  • Дәрістер(лектории);

  • Семинар-практикумдар.

Өздік білім алудың жеке бастық формасына мыналар жатады:

  • Практикумдар(мектептік немесе қалалық /аудандық/ көлемдегі)жұмысына қатысу мен дайындық;

  • Жаңа бағдарлама мен оқулықтарды зерделеу,олардың ерекшелігі мен талабын түйсіну;

  • Қосымша жаңа материалдарды оқып үйрену;

  • Міндеттерді шешу бойынша өз бетімен жұмыс жүргізу;

  • Зертханалық пен тәжірибелік жұмыстарды; тәжірибе және жаттығу жасауды ұйымдастыру;

  • Қазіргі замананғы ТОҚ-ты(техникалық оқыту құралдарын) игеру;

  • Оқушының ойлау іс-әрекетінің әр келкілігіне орай оқытудың өзіндік технологиясын жасап шығу;

  • Өз пәні бойынша сабақ пен сабақтан тыс оқудың арасындағы байланысты орнату;

  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді оқып үйреніп,оны өз іс-тәжірибесіне енгізу.

Мектеп басшылары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері,ұстаз жетекшілер жекелеген мұғалімдердің сабағына қатысып,олардың жұмыстарына өз түзетулерін енгізіп,дер кезіндегі әдістемелік қажетті көмекті көрсетеді.

12 жылдық білім беруге қатысты тұжырымдамалық жобада мұғалім кадрлардың біліктілігін арттыру мен кәсіби даярлығы туралы жете ашылып айтылады. Бұдан шығатыны:мұғалімнің әлеуметтік мәртебесінің өсуі;мұғалім тұлғасына оның субъективті дамуы мен өзіндік дамуына,жалпы және кәсіби білімін көтере алу қабілетіне бағдар ұстау;кәсіпке дейінгі және қайыра даярлықтан өту аралықтары арасындағы түрлі сатылардың өзара байланысын орнату.

Педагогикалық білім алушының бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби біліктілігі орынды енгізілген мақсатты қосымша мамандықтар мен элективті(таңдамалық) курстар арқылы арттырылады. Осының негізінде білім беру жүйесін басқару саласындағы мамандарды даярлау қажеттілігі де келіп туындайды.

Әр қилы оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалім диагностика әдісі мен бала дамуының жалпы психологиясымен ғылыми негізде қарулануға тиісті.

Үздіксіз,үзіліссіз педагогикалық білім беру жүйесі болып табылатын педагогикалық кадрларды даярлау тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін арттыру елеулі түрде заман ағымына орай жаңаруы қажет.

Осы жүйені дамыту тенденцияларының бірі ЖОО мен мектепті,мұғалімдер біліктілігін арттыру институтары т.б. білім беру мекемелерінің кәсіби бағдар,даярлық,қайыра даярлау,мұғалім қадрлардың біліктілігін арттыру бойынша бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз ететін педагогикалық тұтастықтың жоғары деңгейіне қарай қозғалыс болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Мектептің-ғылыми жұмысындағы дәстүр және жаңарған нұсқаларға сипаттама бер.

  2. Мектеп кафедраларының құрылуы мен оның функциялары жайлы өз позицияды білдір.

  3. Педагогикалық кеңестің мақсаты,мазмұны мен әдістемесін сипатта.

  4. Қазіргі жағдайдағы біліктілік пен мұғалімнің өздігімен білім алуының қажеттілігін дәлелде.


8- дәріс

Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар
Жоспар:

  1. Ақпарат және оның оны басқару қызметіндегі мәніс.

  2. Білім беру жүйесі басшыларына ақпараттық қызмет ету.

  3. Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар.

Ұғымдар: ақпарат,ақпараттық басқару,ақпараттық қажеттілік,ақпараттық жаңа технологиялар.

1 Білім беру жүйесіндегі өзгерістер жаңа типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің күшейтілген дамуының пайда болуымен,басқару құрылымдарын реформалау және жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуымен байланысты болып келіп,істің ахуалына үнемі талдау жасайтын басшы қызметкерлердің басқару стилін,объективті түрде қойылған міндеттерді шешуін анықтайды. Басқару тікелей ақпарат және ақпараттық үрдістермен тікелей байланысты болып келеді. Басқарудың тиімділігі қолда бар ақпараттың толықтығы мен шынайылығының деңгейіне қатысты.

Ақпарат дегеніміз-адам немесе арнайы құрылғы қабылдайтын қоршаған орта мен жүйенің ахуалы туралы мәлімет. Басқару жүйесінің қызмет етуіне оңтайлы ақпарат-басқарушылық ақпарат деп аталады. Басқару ақпаратты өзінің түрлі нышандары бойынша тармақталған:уақыт кеңістігі бойынша-күнделікті,апталық,айлық ,тоқсандық, жарты жылдық,жылдық,ұзақ(қысқа) мерезімдік;басқару функциясы бойынша-аналитикалық,бағалаушы, құрылымдық, ұйымдастырушылық;түсім көздері бойынша-мектепішілік, ведомствалық,ведомствадан тыс;құзырлық мақсаты бойынша-директива,таныстыру,ұсыну т.т.болып келеді.

Білім беру саласын басқарушылардың ақпараттық қажеттілігі қаншалықты және ол басқаруды қалай қанағаттандырады?

Ақпараттық қажеттілік дегеніміз-алға қойылған міндетті шешуге қажетті маманның белгілі бір ақпаратқа деген қатысының формасы. Басшылардың ақпараттық қажеттілігін қалыптастыруға ықпал ететін негізгі объективті факторлар:басқару қызметінің мамандығы мен түрі,білім беру жүйесіндегі басқарушылық қызметтің түрлі деңгейімен байланыстылығы;мамандардың орындайтын функциясының ерекшелігі т.т.болып табылады.

Ақпаратқа деген субъективтік(адами)қажеттілік нақты басшының тұлғалық қасиетіне байлаулы болып,оның біліміне,еңбек өтілі мен басқару жұмысындағы тәжірибесіне қатысты. Білім беру мекемесі басшысының ақпараттық қажеттілігінің мынандай ерекшеліктерін бөліп алып көрсетуге болады:


  1. Басқарудың кең көлемді мәселені шешумен байланысты ақпараттық сұраныстың жиі өзгеруі;

  2. Нақты басқару жағдайларындағы міндеттердің жылдам шешімін табуын қамтамасыз ететін шұғыл талап;

  3. Өткенді қайта қарау принциптерінің сақталуы мен басым ақпараттың керектігі даму жүйесінің басымдығы мен тенденцияларын бағалау мен талдауға мүмкіндік береді;

  4. Шектеулі уақыт жағдайындағы үйлескен ақпаратты алуға мүмкіндік беретін қысқа да,нұсқалықты талап ету.

Міне, біз атап көрсеткен осы 4 жағдай өз кезегінде төмендегідей амалдармен өтеледі,оларды санамалап атап айтар болсақ:

  1. Мектепішілік ақпаратты жинау,өңдеу,сақтау және орнымен пайдалану. Осы мақсатта бақылау,сауалнама жүргізу,тестілеу,нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс істеу әдістері қолданылады.

  2. Ұйымдар жүзеге асыратын ғылыми-педагогикалық ақпараттың ақпараттық қызмет атқаруы(әр тектіленген,тақырыптық бір реттік,жаздырып алатын БАҚ бойынша т.т.) болып табылады.

2 Басшыларға әр қилы ақпараттық қызмет етуді (БӘАҚе) біршама түгесе қарастырарлық. БӘАҚе абоненттерінде ұсынылған ақпараттар әрдайым ықшамды көлемімен ерекшеленіп, фактографиялық (дерекнамалық)мәліметтерден,отандық және шетелдік педагогиканың даму деңгейіне жасалған салыстырулар мен бағалаулардан,жалпы қорытындылардан,түйіндеулер мен қарастыратын сауалдар бойынша ұстаздардан түскен ұсыныстардан тұрады. Бұл арада бір ескеретіні,абоненттердің өзіне керек кезінде түпкі дерек көзіне жүгіне алатындығы.

Ақпарат өзін қажет етіп отырған абоненттерге төмендегі негізде негізгі ақпараттық құжаттар түрінде ұсынылады:



  • Ақпараттың қажет етуіне лайық абоненттерді ағымдағы ақпараттандыру үшін ақпараттық хабарлама;

  • Абоненттің жекелеген проблема мен міндеттерді,экспресс-бюллетеньдерді(арнайы сұраулар бойынша немесе ғылыми-педагогикалық ақпарат ұйымдарының бастамасы бойынша)шешу үшін қажетті сараптамалық анықтама,мәселе ахуалы жайындағы шолу,рефераттар,газет-журнал мақалалары,аудармалар, тақырыптық іріктемелер, дерекнамалық, әлеуметтік-педагогикалық статистиканың материалдарымен қамтамасыз етілуі.

Ақпараттық хабарлама білім беру саласындағы ең маңызды деген нәтижелер турасындағы қысқаша салыстырмалы мәліметтерден тұрады. Ол,әдетте,бірнеше ақпараттық дерек көздері бойынша ғылыми-педагогикалық ақпарат ұйымының анықтамалық-ақпараттық қорына ағымдағы түсіп отыруынан әрі кесте,графика,сызбалар т.б. құрылған мәліметтер мен фактілердің салыстырмалы анализдерінің негізінде құрылады. Әлбетте,бір хабарламаның көлемі үш бетке дейінгі мәтіндік баспа бетінен аспауы шарт.

Сараптамалық анықтама не еліміздегі (қаламыздағы),не шетелдергі білім берудің жекелеген даму тенденциялары мен аспектілерін бойынша жүйеленген,қорытылған, сыни бағамдалған мәліметтерден тұрады. Бір анықтаманың көлемі он бетке дейінгі мәтіндік баспа бетінен аспауы шарт.

Шолу педагогика ғылымының жаңа жетістіктері мен жағдайы жайлы кең көлемді материалдардан және ғылыми-педагогикалық маңызды шешімдердің шолуынан тұрады. Шолуға ақпарат материалы ретінде соңғы үш жылда жарияланған сараптама нәтижелері мен қорытылған алғашқы дерек көздерінің ақпараттары енеді.

Реферат- негізгі деректік мәліметтер мен қорытындылардан тұратын алғашқы құжаттың(немесе оның бөлігінің)мазмұнын қысқартып мазмұндау.

Ол өз бойына алғашқы құжаттан тұратын көлемді ақпаратты енгізіп,назарды жаңа мәліметтерге аударып,құжатққа жүгінудің мақсаттылығын айқындайды. Материалдық рефератта құжаттың мазмұнымен,мәліметтер санымен және ғылыми құндылығымен айқындалады.

Экспресс-бюллетеньге шетелдегі білім берудің дамуы мен ахуалы туралы материалдар енеді.

БӘАҚе-ге құжаттар түрін таңдау және ұсынылатын ақпараттардың мерзімділігін айқындау БӘАҚе абоненттерінің дербес талаптарын ескеруден,сонымен бірге ғылыми-педагогикалық ақпарат ұйымдарының мүмкіндігі мен БӘАҚе абоненттерімен алдын ала келісіп алу арқылы жүзеге асады.



3 Техникалық құралдар мен компьютерлендірудің енгізілуі басқару ісіндегі ақпарат жинау мен өңдеудің уақытын айтарлықтай қысқартады,басқарушылардың шешімдерінің тиімділігі мен шұғыл да бірден қабылданушылығын арттырады.

Қазіргі таңда ретін тауып,жөнімен қолданылған компьютерлік техника мектепті басқарудың білім беру жүйесінде кең қолданыс тауып,білім беру мекемелерін басқару жұмысын жетілдіру үшін үсті-үстіне үлкен де,айырықша маңызды мәнге ие болып келеді. Бұл арада біз солардың ішіндегі ақпараттық құралдардың нақты қолданылуының(соның ішінде өз қаламыздағы) бірнешеуін дәйекті мысал есебінде келтіре кетелік:

а) аталған оқу орындары үшін ең тиімді сабақ кестесін жасау;

ә) оқу-тәрбие ісінің ағымдағы нәтижелері турасында аса қажетті мәліметтер мен деректерді бірізге түсіре жию мен жүйеге түсіру;

б) оқу-тәрбие үрдісінің сапасына бақылау жасау;

в) ғылыми деректер банкі мен базасын құрып,оны жағдайға лайық үздіксіз жаңартып отыру,сонымен бірге білім берудің мазмұнындағы не ана,не мына өзгерістерді: өндіріс, техника,ғылым саласына сай басым дамудың мәліметтері үшін енгізу;

г) оқушылар мен мұғалімдердің оқу-тәрбие жүктемесін белгілеу;

ғ) білім беру жүйесін басқарудың телекоммуникациялық ақпараттық жүйесін құру.

Бірақ та қазіргі басшылық жасауды жетілдіруде басқарудың барлық деңгейінде дерлік жаңа ақпараттық технологияны қолданбай еңбек ету еш мүмкін емес екендігін педагогикалық өмірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі жан-жақты танытып отырған жайы бар.

Басшылық шешімдерін қарқынды қабылдаумен жүзеге асыру,басқару үрдістерін жетілдіру мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізіне мына төмендегі принциптер жатады:



  • Негізігі және көмекші ақпараттық үрдістерді ауқымды автоматтандыру;

  • Қолданушының ақпараттық және есептегіш ресурстарға оңай да,ыңғайлы қол жеткізе алушылығы.

1-сызба

Басқару ісін ақпараттық автоматтандыру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар



Басқарушылық шешім қабылаудағы жасанды интеллекті құралдарын қолдануды жаңа ақапаратық технологиямен автоматтандыру


автоматтанған жұмысорнын пайдалану негізіндеіс жүргізу кезінде ақпаратты өңдеудегі жаңа ақпа-раттық технология

ЕЭМ желілерін тарту және дербес пайдалану негізінде коммуникацияны жаңа ақпараттық технологямен қамтамасыз етіу



Қолданылуы



Жобалауды шұғыл жобалауды және педагогикалық жүйені басқаруды автоматтандыру

Іс-қағаздарын жүргізуд-

егі басқарудағы ақпарат

ісінің автоматтандыр-

ылуы


Ғылыми зерттеу-лерді басқаруда-ғы ақпарат ісін

автоматтандыру


Ақтараттық-әдістемелік қамтамасыз ету мен оқу орнында іс-қағаздарын жүргізуді басқаруды автоматтандыру

Жоғарыдағы сіздердің назарларыңызға ұсынылған бірінші сызбада басқарудағы орын алып жатқан ақпараттандыру үрдісінің негізгі салалары мен қолданылып жүрген жаңа ақпараттық технологиялардың құрылымы беріліп отыр.

Жаңа ақпараттық технология басқару ісін ақпараттандыру үрдісінде төмендегідей функцияларды атқарады:


  1. Құжаттардың жалпы өңделуі,олардың құрастырылуы мен әрленуі;

  2. Құжаттардың дербес сақталуы;

  3. Құжаттардың бәріне ортақ қол жеткізілімдігі мен көшірмелік(дубдикатық) болмауы және ұжым мүшелерінің құжаттармен бірлесе жұмыс істеуі;

  4. Жұмыс орнында қызметкерлердің өзара қағазсыз қарым-қатынас жасауына ден қою;

  5. Электронды почта;

  6. Мәліметтерді дербес өңдеу;

  7. Электронды және вербальды(сөздік) коммуникациялардың бірігуі;

  8. Дербес мәліметтер базасын енгізу;

  9. Мәліметтер арасындағы ақпарат алмасу;

  10. Мәлімет пен формаларды енгізу//шығару.

Басқаруды жетілдіруде ХХІ ғасыр ақпарат айдынында адамзат бұрын-соңды ойына кіріп-шықпаған жетістіктерге қол жеткізе алды.

Кезінде өмірге теледидар қалай енсе,енді компьютер мен ғаламтор(интернет)солай енуде. Тордың(желінің) көмегі арқасында білім берудіңдегі бұрынғы ұлттық тар кеңістіктен шыға бастаған қазақ педагогикасы ғаламдық аймаққа бірте-бірте ат басын бұра бастады.

Болашақ үй кітапханасын көз алдыңызға бір сәтке елестетіп көріңізші,алдыңыздан қазақ ақыл-ой жауһарларының дискет пен лазерлік дискіге жазылып,әр қазақ төрінен орын алып тұрғанын байқар едіңіз. Компьютерлердің белсенділігі арқасында мультимедиялық оқулықтардың таралу мүмкіндігі арта түсуде. Ғаламтордағы бағдарламалармен танысу,оны педагогикалық өмір тәжірибесінде қолдану-қазақ педагогикалық қоғамдастығының өрісі мен өресін кеңейтетін тың бағыт.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат дегеніміз не? Басқару ісіндегі оның алар орны қандай?

  2. Білім беру жүйесінің ақпараттық қажеттілігіне сипаттама бер. Оның өтелу жолдарын санамала.

  3. Басқару ісін компьютерлендірудің негізгі бағыттарын ата.

  4. Басқаруды жетілдіруде жаңа ақпараттық технология қандай мүмкіндіктерге ие?

9- дәріс



Мектепішілік бақылау жүйесі. Педагогикалық кадрларды санаттау
Жоспар:

  1. Мектепішілік бақылаудың мәні мен маңызы. Мектепішілік бақылаудағы жаңа енгізілімдер.

  2. Мұғалімдерді санаттау. Мақсат. Ұйымдастыру. Мұғалім еңбегін бағалаудағы жалпы талап. Мұғалім еңбегін бағалау үшін әр текті көрсеткіш.

  3. Мұғалімдерді санаттау технологиясы.

Ұғымдар: мектепішілік бақылау, санаттау, мектепішілік бақылау жүйесі.

1 Мектепішілік бақылау,оның сапасы,оның кәсіби және имани негізі-ең бір мәңгі де,ең бір күрделі басқару проблемасы болып табылады.

Мектепішілік бақылау-мектеп дамуы мен функция атқаруындағы ішкі және сыртқы жағдайлардыдың өзгеруі турасындағы ақпарат алу үрдісі,ол жоспарланған іс-әрекеттердің жүзеге асуына не қауіп төндіреді,не жаңа мүмкіндіктерге жол ашады,-мектеп жұмысын бағалау үрдісі,сонымен бірге,оған өзгеріс енгізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мектепішілік бақылау дегеніміз-мектепішілік басқару жүйесі мен басқару нысаны ретіндегі мектеп элементтерінің арасындағы кері байланыс рөлін(функциясын) атқаруға арналған басқару ісінің түрі.

Мектепішілік басқарудың заманауи теорияларында әлі күнге дейін «мектепішілік бақылау үрдісі» мен «мектепішілік бақылау жүйесі», «бағалау нормасы» және «бақылау стандарттары» ұғымдарының басы-жігі ажыратылмай отыр(кітап соңында берілген түсіндірме сөздікті қараңыздар).

«Мектепішілік бақылау жүйесі» дегенде-біздің түсінеріміз-басқару ісінің мектепішілік бақылау үрдісін түзуші «көлденең» және «тігінен» келетін барша деңгейдегі басқарудағы келісушілік пен байланыстықтың жиынтығы деген қордаланған ұғым-түсінік.

Біршама толық қамти алу үшін мектепішілік объектілерді қалай анықтауға болады?-деген сауал алдымызды кес-кестейді. Енді осыларға жауап бере кетелік.

Бақылау объектілері айтарлықтай көп,оларды қилы принциптер бойынша:орындалу сипаты,бақылау объектілерін қамту аясы, әдістері,логикалық жүйелілігі,мерезімділігі т.т. негізінде жіктеуге әбден болады.

Төменде сол негізгі аспектілер бойынша жасалынған бақылаудың кестесін беріп отырмыз.



1-кесте

Мектепішілік бақылау нысандарды


Бақылаудың негізгі аспектілері


1. Оқу үрдісі



Оқу жоспарын орындау;

Оқушылардың білім дағдыларының деңгейі;

Мұғалім жұмысының өнімділігі;

Дарынды балалармен дербес жұмыс;

Сабақтан тыс пәндік жұмыстың сапасы;

Білім алушылардың танымының әдістемелік дағдысы.

2.Тәліми үрдіс



Білім алушының тәлімдік деңгейі;

Білім алушының қоғамдық белсенділік деңгейі;

Сынып жетекшілерінің жұмысының сапасы;

Жалпымектептік дәстүрлі іс-шаралар сапасы;

Сабақтан тыс пәндік жұмыстың сапасы;

Оқушылардың салауатты өмір салтына дайындығы;

Ата-ананың қарауынсыз қалған балалармен педагогикалық жұмыс жүргізудің сапасы


3.Әдістемелік жұмыс


Әр мұғалімнің әдістемелік деңгейі;

Әр сынып жетекшісінің әдістемелік деңгейі;

Педагогикалық озық тәжірибені тарату тетігі;

Педагогтардың біліктілігін арттыру.

4.Ғылыми және зерделеушілік жұмыс


Мектептің даму тұжырымдамасына осы істердің сай келуі. Жаңа енгізілімдерге негізделген ғылымилық деңгейі.

Жаңа енгізілім нәтижелігі;

Педагогтардың ғылыми деңгейі;

Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері.


5.Ұжымның психологиялық ахуалы

Мұғалім мен шәкірттер үшін психологиялық жайлылық(жайсыздық) дәрежесі.

Әлдебір проблеманы шешудегі,әлдебір жаңа бағдарламаны,құрылымды т.б.енгізудегі ұжымның психологиялық жақтан даярлығы.



6.Оқу-тәрбие үрдісінің жағдайы

Еңбекті қорғау;

Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы;

Оқулық және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі;

Оқу-техникалық құрал-жабдықтармен қамтылуы.



  • Кез келген бақылау белгілі бір жүйелілікпен жүзеге асырылып отырады. Бұл тексерудің дәлелді негізі: неліктен не ана,не мына мектеп қызметінің бөлігі тексеріледі;одан кейін алға қойылатын мақсат жүйеленеді:оны осы іске кірісерде бірден қолға алу керек,осыдан соң барып қана керекті ақпарат қажет;бұдан кейін алда тұрған тексерудің алгоритмі, құрылымдық түзілімінің жобалануы іске асырылынып; бұдан соң арнайы жасалынған кесте бойынша тексерілетін объектінің жағдайы туралы ақпаратты жинау мен өңдеу ұйымдастырылады да; қалғаны қорытынды кезеңнің соңғы бөлігінде тексеру нәтижесі бойынша айқындалған негізгі түйіндеулер тұжырымдалып: кемшіліктердің (жетістіктердің) басты себептері ашылады;нұсқаулықтар (қызметтік міндетін атқару бойынша міндеттемелер әдістемесі);басқарушылық(кадрларды ауыстыру, тәжірибені жиынтықтау т.т.) шешімдері қабылданады;онда келесі болатын бақылаудың мерезімі белгіленеді;тексерудің нәтижесі (педагогикалық кеңесте, кафера отырысында,әдістемелік кеңесте талқыланады.

Мектепішілік басқару формасы төмендегідей болып келуі мүмкін:

  • Орындалу тәсілі бойынша(ұжымдық,өздік тексеру,әкімшілік тарапынан жүргізілетін тұрақты және жоспардан тыс тексеру);

  • Бақылау объектісінің сипаты бойынша(2-кестені қара.);

  • Қолданылатын әдістері бойынша:бақылау, құжаттарды тексеру,ауызша,жазбаша сұрау, бақылау жұмыстары, сауалнама,тестілеу, шұғыл (сабаққа)сараптама,респективті(өткен жылдардағы түлектер мен ұстаздар іс-әрекетіне) сараптау жасау;

  • Логикалық жүйелілік белгісі бойынша: ағымдағы,алдын ала,аралық, қорытынды;

2-кесте

Тексеру формасы


Бақылау нысаны



Сыныптық-талдамалы



Қандайда болсын сыныптағы тәрбие мен білім деңгейі.

Сыныптағы талдамалы оқытудың сапасы мен әдістері.

Сынып жетекшісінің жұмыс сапасы.

Бала-тәрбиесіндегі ата-аналық мінднттің орындалуы


Фронтальды


Барлық сыныптағы немесе жекелеген пәндердің оқытылу жағдайы.

Барлық сынып жетекшілерінің немесе жекелегендерінің жұмыстары т.т.

Тақырыптық


Ұжымның қандайдабір мәселе бойынша жұмысы.

Пәндердің бірінің қандайдабір тақырыбы бойынша білім алушылардың білімі мен дағдысының деңгейі.

Сынып жетекшілерінің қандайдабір бағыттағы(мыс:оқушы күнделігімен жұмыс) шаруасының жағдайы т.т.


Өнімділік


Ұстаздық қызмет атқарудың және тұтастай алғанда әдістемелік деңгейінің өнімділігі немесе оның қызметінің басқа деңгейінің(мыс:оқушылардан білімді талап ету деңгейі) т.т. өнімділігі


Шолулық

Мектеп құжатнамасының жағдайы.

Мұғалімдердің еңбек тәртібінің жағдайы.

Оқу-техникалық құралдарының жағдайы.


*мерзімдік өткізілу бойынша:эпизодтық/кезеңдік/(оқу жылындағы белгілі бір ай мен тоқсан) уақыттық(күн сайынғы,апта сайынғы т.т.).

Енді сыныптық-талдамалы бақылаудан мысал келтіре кетелік. Ол үшін бақылаудың үшінші кестесін жасап шықтық. Бұндағы бақылауға №5 мектептің психологы (аталған мектеп мүдірінің тікелей бұйрғы бойынша бақылаудың барлық сауалдары бойынша анкета жасады) оқу ісі мен тәрбие ісінің меңгерушілері пәндік кафедра жетекшілері тартылды. Сонымен тексеру кестесінде бақылаудың сауалы,әдісі мен объектілері нақты айқындалған.

Жүргізілген бақылаудың нәтижесі:кіші педагогикалық кеңесте, оқушылар отырысында,ата-аналар жиналысында, ұстаз және сынып жетекшісімен,оқушымен,ата-анамен жеке әңгімелесуде талқыланады. Осы соңғы жайттағы ұстазбен әңгіме өз жетістігін бере алады.

3-кесте


Бақылау нысаны

Бақылау мәселелері

Бақылау әдісі

Ең көп үлгермеуші-лері мен сабақ босатушылары бар ұстаздардың жұмы-сына дербес бақылау жасау

Білімді бақылау мен есепке алу жүйесі.

Оқушылар біліміне қойылатын талап деңгейі.

Баламен жұмыс істеудің қилы жолы.

Түсінік берудің қол жеткізілімдігі.

Пәнге деген оқушы ынтазарлығын арттырудың өзіндік әдіс-тәсілдері мен бағыттарының болуы.

Оқушымен қарым-қатынас жасау стилі.

Сабақтағы тәртіп.

Сабағындағы танымдық іс-әрекеттердің белсендендіру әдісі.



Сұхбат.

Бақылау жұмысы.

Қадағалау.

Сауалнама жүргізу.

Шұғыл талқы.


Сынып жетекшісінің жұмыс

Оқу-тәрбие жоспары.

Күнделіктер.

Журналмен жұмыс.Ата-анамен жұмыс(жеке сұхбаттар,ата-аналар жиналысы).

Әр оқушымен жеке жұмыс.



Құжатпен жұмыс жүргізу.

Қадағалау,ата-анамен сұхбаттасу.

Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.


Оқушы

Оқу үлгерімі нашар және сабақ босатулары көп оқушыларды қадағалауға алу.

2-3 күн ішіндегі сыныбының барша сабақ кестесіндегі сабақтарға қатысуын бақылау.



Жіті қадағалау(2-3 күн ішіндегі сабақтарына кіріп)

Сыныптағы психологиялық ахуал

Оқушылардың өзара,

оқытушылар мен оқушылардың арадағы,ата-анасы мен оқушы және оқытушы мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастар сипаты



Сауалнама,әңгімелесу,қадағалау

Мектепішілік басқарудағы жаңа енгізілімдерге мыналарды жатқызуға болады:



  • Барша ауыртпалықты әкімшілік басқарудың мойына артудан ұжымдық бақылау формасына көшу;

  • өздік бақылау мен өзара бақылау сияқты формалар негізінде қадағалау жұмысының сенімділігін арттыру;

  • жариялық негізінде бақылаудың үлесін арттырып,бақылау құжаттарына мектеп ұжымының қатыса алу мүмкіндігі мен құқығын беру;

  • тұлғалық бақылаудың кәсіби біліктілігінің деңгейін арттыруда,ең алдымен,мүдір орынбасарларының құзырлығын:мына бағыттар бойынша:кәсіби кафедралар, әдістемелік бірлестіктер,мұғалімдермен жұмыс т.т. кеңейту есебінде жүзеге асыру.

Осылайша,мектеп өміріндегі жаңа тұрпаттағы бақылау іс-әрекеті ескірген моралдық іс-әрекеттерден батыл бас тарта отырып,жаңа функциялық салаларды қамтуға мүмкіндік бере алатын дәстүрлі бақылау іс-әрекеттерін жаңа формалармен толықтыруға деген ұмтылыстан тұрады.

2 Мектеп басшылары мен педагогтарының өз еңбектеріне деген мотивациясы мен талпынысын мектеп қызметкерлерінің санатталу жүйесін пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Санаттау мақсаты:педагог және басшы қызметкерлердің кәсіби деңгейін,оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру.

Санаттау мұғалімдердің қалауымен өткізіледі. Белгілі бір санатқа көтерілуінің мүмкіндігі мен талабын мұғалімдердің өздері айқындайды, сонымен бірге санаттаудың формалары:сабақ топтамасын өткізу, оқушылармен сабақтан тыс жұмыс, шығармашылық есеп беру,ғылыми-әдістемелік жобалау жасау т.т. таңдауға құқылы.

Сондай-ақ,санаттаудың ең басты мақсаттарының бірі-үміткердің кәсіби және жалақылық сәйкестігін анықтау.Біздегі қазіргі жағдайға қарағанда мектеп ішінде Ұлыбританияда 1993 жылдан бері қолданып жүрген 18 баллдық шкаланы педагогикалық өмір салтына енгізу басшылық тарапынан ұстаз қасиетін бағалауда бүгінгі олар тарапынан бой көрсетіп қалатын өкпелеулердің алдын алар еді.

Санат көтеруге тілек білдіруші мұғалімдер жалпы және әр текті(дифференциялды) ҚР білім саласына қатысты заңдамалары талабымен жақсы таныс болуға тиіс.

Ұстаздар еңбегін бағалаудың жалпы талабы төмендегідей критерийлер бойынша сипатталады:

Нәтиже критерий.Бұл мұғалім жұмысындағы шешуші көрсеткіштердің бірі,әрі оның педагогикалық қызметінің нәтижесі. Оқушылардың тәрбиелігі,пән бойынша білім сапасы:


  • пән бойынша шынайы білім қоры;

  • алған білімін(сауатты жазу,тапсырма орындай алу) қолдана білу дағдысы;

  • табиғат пен қоғамда орын алған құбылыстар мен процестердің мәнісін ұғына алу;

  • оқушылардың маңызды техникалық, экономикалық және тәжірибелік дайындығының өмірмен байланыстылық деңгейі;

  • оқушылардың қоғамдық іске араласуы, мектептегі тәрбиелігі, қоғамдық жұмыс пен еңбек ету қызметінің белсенділігі,дене тәрбиесі мен эстетикалық мәдениеті;

Үрдіс критерий. Ұстаздар үшін оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінің маңыздылығын есте ұстай отыра,құр осымен шектелушілік педагогтардың жеке басының қасиетін толық ашып бере алмай қалады.

Тап осы мақсатта мыналар зерденеленеді:



  • мұғалімнің өзінің біліктілігін көтеру жолындағы жұмысы(БКИ//ИПК курстары);

  • оқудан тыс және оқу-тәрбие сабақтарының сапасы;

  • ұстаздың оқу мен тәрбие беру үрдісіндегі оқушылардың әрқайсының жеке дара дербес тілін таба білу машығы;

  • ата-анамен бірлесе балаға тәрбие бере білу қасиеті.

Мұғалімдердің еңбегін бағалаудағы әр текті көрсеткіштердің санаттық жіктелісі:

Екінші санатты мұғалім болу үшін ол мұғалімнің 1-2 жыл жұмыс өтілі бар,өз сабағын жоғары деңгейде өткізе алатын,пәндік үйірме мен факультативтік сабақ жүргізе алуы шарт.Егер сынып жетекшісі болса, жетекшілігіндегі сыныбы қоғамдық жұмыстар мен пәндік үлгерімнен жоғарғы көрсеткіштер көрсетуі керек. Сонымен бірге ол ұстаз ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істейтін,жүйелі түрде өз білімінің артуына әр кез көңіл қойып отыратын, жан болуы керек.

Бірінші санатты мұғалім болу үшін мұғалім екінші санатты иеленіп,БКИ курстарынан кәсібилікпен өткен, бірді-екілі не бастауыш,не он бірінші жылдықты бітіртіп,шығарып салған,өз оқушылары алған білімін жоғарғы деңгейде таныта алатын жан болуы керек. Сынып жетекшісі ретінде шығармашылық жігермен тынымсыз жұмыс істейтін жан болуы керек. Қарауындағы оқушылары өз тәлімділігі мен көзге түсіп,мектеп өмірінде алдыңғы орындардың бірін иеленуі шарт. Ата-аналардың ол турасындағы пікірі де ескеріледі.

Жоғары санатты мұғалім атану үшін- мұғалім бірінші санатты иеленіп,БКИ курстарынан кәсібилікпен өтуге тиісті. Жас және тәжірибесіз мұғалімдерге қомқорлық көрсетуші; Жұмыстың амал-тәсілдер мен әдістерін жетілдіріп, жосықтаушы; Мақалалары БАҚ бетінде мақалалары мен ізденістері үнемі жарық көретін,түрлі педфорумдарға қатысушы адам өзін осы санатқа лайықтымын деп есептейді.

3 Педагогикалық қызметкерлерді санаттау технологиясы кезең-кезеңмен өткізіледі.

Бірінші кезең- білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінің шешімімен және осы аталған мекеменің басшылығының бекітуімен аттестациялық комиссия құрылады;аттестацияны ұйымдастыру үшін жауапты адамдар тағайындалады. Екінші,яғни кезекті санатқа өту үшін мұғалім мектептің аттестациялық комиссиясына,ал,бірінші санатқа өту үшін аудандық комиссияға ал,жоғары санатқа өтуі үшін облыстық комиссияға өтініш түсіреді.

Семей қаласы жағдайында бірінші және жоғарғы санаттың ұстаздарға берілуінің алғашқысы-қалалық білім беру бөлімінде, соңғысы-облыстық білім беру департаменті құрған арнайы комиссия алқасында шешіледі.

Санаттаудандан өту үшін педагогикалық қызметкердің бас жұмысының құжаттық тізімі ұсынылады,оған:санаттауға өтініш,кәсіби біліктілігін арттыруының нәтижелері туралы құжаттың көшірмесі, тексеру және басқада кәсіби жұмыстардың орындалуының нәтижесі туралы эксперттік қорытынды, аттестациялық парақ,білім беру мекемесі басшысының шығарған бұйрығының көшірмесі.

Келесі кезең-мұғалім біліктілігінің деңгейін бағалауды ұйымдастыру,оның кәсіби қызметінің нәтижелігін бағамдау.

Үшінші кезең-бұнда талапкердің біліктілігі мен іс-әрекеті деңгейінің өз бағасын алуы.

Ал,соңғы кезең-санаттау комсиссияның өз шешімін шығаруы және санаттау нәтижесі жайлы бұйырық шығару. санаттау комиссияның осы шығарған шешімі негізінде білім беруді басқару ұйымдары мен білім беру мекемесінің басшылары педагогика қызметкерінің санаты мен соған сай алатын айлығы жайында төленетін ақшаны бекітіп,бұйырық шығарады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мектепішілік бақылаудың түрлерін атаңдар.

  2. Мектепішілік бақылау жүйесіне сипаттама беріңдер.

  3. Мұғалім еңбегін бағалаудағы жалпы талапқа сипаттама беріңіз.

  4. Мұғалімдерді санаттау кезеңін атаңыз.


10- дәріс

Тұлғааралық қатынас пен оның қалыптасуы.

Педагогикалық ұйымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал

Жоспар:

  1. Педагогикалық ұжым. Оның тыныс-тіршілігінің ерекшеліктері.

  2. Тұлғааралық қатынас пен оның қалыптасуы. Педагогикалық ұйымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал.

  3. Педагогикалық ұжымдағы конфликтілер.

Ұғымдар:педагогикалық ұжым,тұлғааралық қатынас,әлеуметтік-психологиялық ахуал,конфликт.

1 Мектепке педагогикалық жүйе ретіде қарау қалыптасып отырған көзқарас тұрғысынан екі түрлі өзара байланыстағы ішкі жүйелерден тұрады:басқарушы(педагогикалық ұжым) және басқарылатын(оқушылар ұжымы),олар өз кезегінде іштей ішкі жүйелерге ары қарай бөлшектеніп кетеді.

Мұғалімдердің барша іс-әрекеттері оқушылар ұжымымен тығыз байланыста өтеді. Тұлға-тұлғааралық қатынас қоғамдасқан ұйым негізінде қалыптасып,мектептің хал-ахуалын тұтасқан педагогикалық жүйе ретінде біршама толық таныта алады.

Педагогикалық ұжым адамдардың кәсіби бірлестігі ретінде ұжымның барша сипатына: іс-әрекеттік мақсатының қоғамда алар орнына,басшылықтың болуына,қызмет атқаруының шартты тұрақтылығы мен жалғастығына ие. Солай бола тұрғанымен,ол өзіндік ерекшелігімен де еректене алады.


  • Полифункциялылық.

Қазақ мектептеріндегі қазіргі заманғы ұстаздар бір мезетте пән мұғалімі,сынып жетекшісі (тәрбиеші),үйірме жетекшісі және қоғам қайреткері қызметтерін қоса атқарады. Жеке мұғалімнің полифункциялық қызметі бүткіл педагогикалық ұжымның полифункциялық іс-әрекетінде өз ізін қалдырады. Өзінің кәсіби міндеттерін шеше отыра,педагогикалық ұжым мектеп аясынан шығып:қоғам мен ата-аналар арасындағы педагогикалық мәдениетті қалыптастырады.

  • Өзін-өзі басқарушылық.

Педагогикалық ұжымның тыныс-тіршілігінің негізгі мәселелері басқарудың түрлі деңгейінде талқыға түсіп отырады. Басқарудың әріптестік ұйымдарының іс-әрекеті өзін-өзі басқару мен педагогикалық ұжымның мүшелерінің жеке бастамаларын дамытады. Келесі қырынан алып қарағанымызда,ұстаздардың қызметтік міндеттері анық айқындалып, міндетті түрде орындалуға тиіс, бақылаудың қилы түрлері мен өздік бақылау формалары өмір сынынан өткізілген.

  • Еңбектің ұжымдық сипаты мен қызмет нәтижелері үшін ұжымдық жауапкершілік.

Жекеленген мұғалімдердің жұмыс істеу ерекшелігі өз тиімділігін бере алмауы да мүмкін,егер оның осы әрекеттері басқа ұстаздар әрекетімен үйлеспесе,онда егерәки мектептің жұмыс кестесін,оқушы білімінің сапасын бағалауды дұрыстап ұйымдастыруда қатаң талап орын алмаса,істелген істердің бәрі құмға сіңеді.

Педагогикалық ұжым мүшелерінің іс-әрекетіндегі тұтастық,бөле-жарылмау, бағыт,ұстаным, көзқарас бірізділігін білдергенімен,еш уақытта педагогикалық қызмет технологиясының сүреңсіздігін танытпайды.



  • Мұғалімнің жұмыс күнін белгілеу,яғни,не ана,не мына қызметті атқару барысындағы уақыттық аяның болмауы.

Бұл педагогикалық ұжымның тыныс-тіршілігіне кері салқынын тигізіп,әдетте, мұғалім үшін жүктеме ауыртпалығын туғызып,кәсіби жетілуіне еш уақыт қалдырмайды,осы ахуал өз кезегінде стресстік жағдайдың туындауына бастап алып келеді.

  • Әйелдер құрамының басымдығы.

Әйелдер ұжымы өте сезімтал көп жағдайда еркектері басым жұмыс орындарына қарағанда,конфликтіден бұрын көңіл ауанының ауысымына өте көп қарайлайды.

Сонымен қатар әйелдер қауымы Аллаһ берген өз табиғат ауанына орай тәлімдік қызметке бейім,педагогикалық әсер етудің тәсілдері мен амалдарын икемді таңдай білуге оралымды болып келеді.



2 Педагогикалық ұжымның тыныс-тіршілігінің ерекшелігі ондағы тұлғааралық қатынастың қалыптасуына өз әсерін тигізеді.

«Қатынас» деген түсінік тәртіпаралық мәнге ие. Қарастыратын саласына қатысты осы ұғымның мәнісі де өзгеріп отырады. Тұлғааралық қатынас астарындағы әлеуметтік псхология дегеннен ұғынарымыз адамдар арасындағы жеке бастық сезімдік қобалжудың пайда болу сипаты мен өзара әсерінің сыртқа беріліп,әріптестердің бірлесе жұмыс істеуіндегі,қарым-қатынастарындағы білінуі.

Сонымен тұлғааралық қатынас төмендегісінше сараланады:


  • ресми және бейресми,

  • бастық пен бағыныштысы арасындағы қатынас,

  • іскерлік және жеке бастық,

  • рационалды және эмоцияналды.

Ресим қатынас дегеніміз-адамдар арасындағы лауазымдық негізде туындайтын қатынас. Ол ресми бекітілген жағдайды заң мен нормаға сай реттеп отырады. Бұған керісінше, бейресми қатынас адамдардың жеке бастық әрекеттестігіне құрылады. Бұл жағдайда олар үшін ешқандай құқықтық негіздегі жалпыға ортақ заңдылық еш қажет емес.

Іскерлік қатынас өз кезегінде бірлескен іс-әрекет негізінде қалыптасып,бейресми бірақ та сол ұжымда жұмыс істейтін жанның басқаларға тигізер игі әсері арқасында туындап отырады.

Тұлғааралық қатынас қатып қалған дүние емес,үнемі өзгеріске түсіп отырады. Әуелі,педагогикалық ұжымның дамуының басқы кезінде олар шартты түрде енжар (бірін-бірі мүлде білмейтін,не нашар білетін жандар бір-біріне өз қатысын аша алмайды)болады,содан кейін барып,жеке бастық қақтығысқа ұласады,қолтыққа су бүркіп,дем берілер болса, бүткіл ұжымды шарпиды. Тұлғааралық қатынасты адамдарға ғана теліп қоюға болмайды,сонымен қатар,осы қатынастар әлеуметтік жағдайларға да тұрлаулы,міне осы жағдайда олар қалыптасып,әрі дамиды.

Мынандай заңдылық айқындалған: ұжымға өз даму деңгейлері дәрегейлес топтар ұйысса,онда бұндай ортада тұлғаның өздік жақсы сипатының көрініс беруіне жағдай жасалып,жаман әдеттердің тежелуіне септігін тигізеді,не болмаса керісінше.

Тұлғааралық қатынас адамға көп қырлы әсер етеді. Оған тек қана сезім ауаны ғана емес,адам денсаулығы да байлаулы. Татарстан зертттеушісі Р.К.Шакуровтың зерделеуінше мұғалімнің көңіл-күйі жұмыс үстіндегі оның ата-анамен, оқушылармен,мектеп басшыларымен қалай жұмыс істейтінін анықтап бере алады. Ұжымдағы тұлғааралық қатынас оқу-тәрбие жұмысының сапасына,ұстаздың шығармашылық белсенділігіне,өз кәсібіне қанағаттанушылығына әсерін тигізеді. Әсіресе,бұлардың ішінде үлкен маңызға иесі бағыныштылар мен мектеп басшылығы арасындағы қатынас болып табылады. Педагогикалық ұжымды басқаруда оның мүшелерінің сенімі мен құрметіне бөленбеу басшы адамға еш опа әпермейді.Тұлғааралық қатынас ұжымның әлеуметтік-психологиялық негізін құрайды.

Әлеуметтік-психологиялық ахуал дегеніміз-топтағы(ұжымдағы) тұлғаның жан-жақты дамуы мен әріптесе қызмет етуіне не қозғау болатын, не бөгесін болатын психологиялық ахуалдың жиынтығы. Әлеуметтік-психологиялық ахуал төмендегідей функцияларды атқарады:


  • Бірігу. Оқу-тәрбие міндеттерін бірлесе шешуге байланысты ұжым мүшелерінің топтасуы.

  • Қанаттану. Ол ұжымның «сезімдік әлеуетінен», өмірлік қуатынан құрылып,педагогикалық қызмет нәтижесінде жүзеге асады.

  • Тұрақтандырушы. Ұжымішілік қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңадан келген ұстаздардың өз орталарына қысылып,қымтырылмай енжарқын енуіне қолайлы жағдай жасайды.

  • Реттеуші (ырықтандырушы). Алдыңғы қатарлы эстетикалық қалып негізінде өзара қарым-қатынастың бекуі негізінде,ұжым мүшесінің мінез-құлқын бағамдау жүзеге асады.

Әлеуметтік-психологиялық ахуал ұжымдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасқан қалыпты жағдайына, жеке тұлғаға өзінің не жағымды,не жағымсыз әсерін тигізе алады. Әлеуметтік-психологиялық ахуалдың ең басты белгілері болып:

  • ұжым мүшелерінің арасындағы бір-бірлеріне деген өзара сенімі мен аса жоғары талабы,

  • ақжарқын және іскер сын,

  • ұжымның тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді талқыға салу кезіндегі өз ойын бүгжектемей ашық білдіру,

  • басшылық тарапынан бағыныштыларға қысым көрсетілмеуі және ұжымдық шешім қабылдау үстінде адам құқығының сақталынуы,

  • орындалуға тиісті істің жай-күйі мен міндеті жайында ұжым мүшелерінің тиісті дәрежеде хабардар болып отыруы,

  • ұжымның мүшесі болып табылатынын әрқайсының мақтаныш етуі,

  • ұжымның әрбір мүшесінің ондағы істің ауаны жайында өзін өте жауапты сезінуі.

3 Әлеуметтік-психологиялық ахуалдың жағымды қалыптасып,жайлы өтуіне кедергісін тигізетін факторлардың қатарына педагогикалық ұжымдағы орын алатын конфликтілер жатады.

Конфликті дегеніміз- екі не одан көп жақтың күресі мен қарама-қайшылығының шұғыл шелнісуі-әр тараптың бір-біріне байлаулы проблеманың шешімін табуға байланысты қатысушылардың пікірінің екіге айырылуы.

Конфликті өз табиғатына қарай төмендегідей болып келуі мүмкін:


  1. Тұлғаішілік/тұлғааралық терминімен шатыстырып алмаңыздар/-қай кезде жеке адамға қарама-қайшы талап қойғанда немесе өндірістік талап етушілік тұлғаның қажеттілігімен қабыспаған шақта туындайды.

  2. Тұлғааралық-тұлғалар арасындағы қақтығыстан туындайды.

  3. Жеке тұлға мен топ арасындағы-топтың үміті мен тұлғаның үміт етуі арасындағы қайшылық негізінде өрбиді.

  4. Топаралық-ресми және бейресми топтар арасындағы өткір келіспеушілік.

Педагогикалық ортада туындаған конфликті әдетте тұлғааралық болып келіп,өзінің адамдарға әсер ету жүйесін кескіндеп,олар оны өз іс-әрекеттеріне лайық емес деп тауып,әрқайсы өзінше шешім табу қарекетіне жүгінеді.

Конфликтілік жағдай өз кезегінде түрлінше себептерге байланысты шығады. Негізінен олар педагогикалық қызметтің бірлесе орнатылған өзара әрекеттестігімен,қалыптасқан үрдістерінің бұзылуы салдарынан туындайды. Олар іскерлік,рөлдік және жеке бастық байланыс сипатында болып келуі мүмкін. Осы себепті педагогикалық ұжымдағы конфликтілерді ТМД ғалымдары негізінен үш топқа бөліп жүргенін сөз арасында айта кеткіміз келеді.



Бірінші топ-кәсіби конфликтілер. Олар іскерлік байланыстың жібі үзілген шақта кәсіби-педагогикалық мақсатқа жетуге қарсы туындайды. Бұған ұстаздардың жұмыстағы жетесіздігімен,істің байыбына бармай байбайлам салуы жәрдемші болады.

Екінші топ-күтілінген конфликті. Бұндай шетін оқиға туындайды сол жағдайда,егерде мұғалімнің мінез-құлқы педагогикалық ортада қалыптасқан ахуалға сай болмаса,үміттің ақталмауы осындай конфликті түріне ұрындырады.

Үшінші топ-өзара сыйыспайтын тұлғалардың шекісуі(конфликті). Конфликтінің бұндай түрі педагогикалық үрдіске қатысушылардың жеке бастық ерекшелігі басынан сөз асырмау мен бірді-бірге қосатын сөз тасушылар кесірінен жеке тұлғалар арасында өрістейді. Өз қабілетін асыра бағалау мен алып ұшқан тыз етпелік,басынан сөз асырмау-аталған конфликтіге бастар тіке жол.

Конфликтілердің логикалық жүлгеленуі төмендегідей әрекеттерден тұрады:конфликтінің боларын ескерту; егер орын ала қалса,өршітпей дер кезінде алдын алу,конфликтілік жағдайда ешкімнің шамына тимей бәріне оңтайлы шешім қабылдай білу,конфликтінің оң шешімін табуына көмегін тигізеді. Осы жолда мынандай алгоритм ұсынылады:



  • Конфликтілік жағдайға шынайы қатысушыларды анықтау;

  • Конфликтіге барша қатысушылардың мотивін,мақсатын,қабілетін,

мінездік ерекшелігін,кәсіби біліктілігін мүмкіндігінше терең зерделеу;

  • Конфликті орын алғанға дейінгі аралықтағы оған қатысушылардың тұлғааралық қатынасын ақыл сарабынан өткізу;

  • Конфликтінің тууының шынайы себебін анықтап,оған қатысушылардың санын мүмкіндігінше азайта білу;

  • Оған қатыспаған бейтараптардың осы конфликті деген пікірін білу;

  • Конфликтіні жоюдың амалы мен жолын анықтау мен табу үшін:

а) оның табиғатына сай келетін;

ә) конфликтіге араласқандардың мүмкіншілігін есепке алу;

б) коструктивті сипатта болуын;

в) тұлғааралық қатынастың жақсаруы мақсатына сай келушілік;

г) ұжымның дамуына септесуді жүзеге асыру қажет.

Қажетті жағдайда конфликті өз шешімін табу үшін оған белсене қатысушыларды біраз уақыт бойы өзара аралас-құралас болмауына немесе қатынастың шектеуі болып келуіне жағдай туғызу керек. Кәсіби және рөлдік күтілінген конфликтілер еңбек жағдайының,оқу-тәрбие үрдісінің, мектеп жұмысына түзетулер енгізілуі арқылы өзгеруі негізінде шешіледі. Тұлғааралық конфликті өз түйінін шешудің қиынның-қиыны,сондықтан бұндай жағдайда келісімге келмейтін екі жақты да олардың ұстанымдарынан мүлде бөлек басқа да топтық,жеке бастық пікірлердің бар екендігіне көздерін айқын жеткізіп,өнбес даудың тамырына балта шабуға болады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогикалық ұжым басқа ұжым түрлерінен несімен еректенеді?

  2. Тұлғааралық қатынас дегеніміз не? Педагогикалық үдіріске ол қалайша өз әсерін тигізеді?

  3. Әлеуметтік- психологиялық ахуалдың атқаратын функциясына сипаттама бер.

  4. Педагогикалық ұжымдағы қолайлы псхологиялық ахуалдың нышандары қандай?

  5. Төмендегі конфликтілердің: кәсіби, рөлдік күтілген, сай келмейтін тұлғалықтардың алгоритмдік шешімін табуды түз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алферова Ю.С.,Курдюмова И.М.,Писарева Л.И.Оценка и аттестация кадров образования за рубежом.-М.,1997.

  2. Вересов.Н.Н.Формула противостояния,или как устранить конфликт в коллективе.-М.,1998.

  3. Внутришкольное управление:Вопросы теории и практики/Шамова Т.И.-М.,1991.

  4. Временное положение о государственных образовательных учебных заведениях в РСФСР//Вестник образования.-1991.-№5.

  5. Журавлев В.И. Основы падагогической конфликтологии.-М.,1995.

  6. ҚР «Білім туралы»заңы. Алматы. 1996.

  7. Зверева В.И. Аттестация(Диагностика и экспертиза педагогической деятельности аттестуемых учителей).-М.,19987

  8. Зигерт В.,Ланг.Л.Руководить без конфликтов.-М.:Экономика,1990.-С.25.

  9. Кальней В.А.,Шишов.Е.А.Технология мониторинга качества обучения в системе «учитель-ученик».М.,1999.

  10. Конаржевский.Ю.А.Внутришкольный менеджмент.-М.,1993.

  11. Конаржевский.Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательнонго процесса и управление школой.-М.,19867

  12. Кодаков.М.И. Теоретические основы школоведения.-М.,1982.

  13. Менеджмент в управлении школой /Шамова Т.И.-М.,1992.

  14. Моисеев.А.М..Капто. А.Е.и др.Нововведения во внутришкольном управлении.М.,1998.

  15. Ольшанский.В.Б. Психология-практикам:учителям,родителям и руководителям.Изд.-во Тривола,1996.

  16. Орлов.А.А. Управление учебно-воспитательной работой в школе.М.,1991.

  17. Педагогическая информатика:теория и практика.Ч.І,ІІ.-М.,1994.

  18. Портнов.М.Л. Труд руководителя школы.-М.,1987.

  19. Поташник.М.М. Инновационные школы России.-М.,1996.

  20. Раченко.И.П. НОТ учителя.-М.,1987

  21. Сантурова.С.М. Менеджмент в образовании: теория и практика.М.,1993

  22. Симонов.В.П. Педагогический менеджмент. М.,1999.

  23. Стрюков.Г.А. Стандартизация уровня и оценивания учащихся//Педагогика.-1995.-№6-С.12-17.

  24. Супцов.Н.С. Управление общеобразовательной школой.-М.,1982.

  25. Управление качеством образования/Под ред.М.М.Поташника.-М.,2000.

  26. Управление современной школой:Пособие для директора школы/ М.М.Поташника.-М.,1992.

  27. Фриш.Г.А. Документация(Краткое практическое руководство по написанию управленческих справок).-М.,1999.

  28. Фролов .П.Т. Школа молодого директора.М.,1988.

  29. Фишман.Л. Моделирование образовательного менеджмента// Школьные технологии.№3.-1999.-С.41-50.

  30. Шакуров. Р.Х. Социально-психологические основы управления: руководитель и педагогический колликтив.-М.,1990.
Қосымша
Терминдер сөздігі

Адамдардың психологиялық лайықтылығы –адамдардың басқалармен іскерлік,кәсіби т.т.жағынан өзара түсіністікпен тіл табыса алу қабілеттілігі.

Ақпарат-адам өзі бетімен немесе арнайы құралдың көмегімен қабылдайтын жүйе мен қоршаған ортасының жағдайы туралы мәліметтері.

Ақпараттық басқару –басқарылатын жүйенің тиімді қызмет атқаруы үшін қажетті ақпарат.

Ақпараттық қажеттілік-алдыға қойылған міндетін шешу жолында маманның( педагогикалық қызмет иесінің) белгілі бір ақпаратқа деген қатынасының формасы.

жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау