Ф – ОБ – 001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент институты
Тарих факультеті
«Саясаттану» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы.
(1991-2006ж.ж)
Орындаған: Абдрахманов Ү.Б.
Тобы: 41-13
Ғылыми жетекшісі: оқытушы,магистр Ботабекова Г.А
Шымкент 2007
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Тарау.Оңтүстік Қазақстандаәлеуметтік саясаттың қалыптасуы.
1.1.Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі........................................................8
1.2. Әлеуметтік саясаттың механизмдері............................................................12
ІІ. Тарау. Егемен Қазақстан жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік мемлекеттік саясат
2.1.Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуының кезеңдері
мен саяси құқықтық негіздері……….................................................................20
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясаты....................................................................................................................47
Қорытынды..........................................................................................................59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................65
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Қарастырып отырған жұмысымның тақырыбы Оңтүстік Қазақстан облысы-кең байтақ қазақ жерінің тарихы терең құнарлы да құйқалы,өзгеше өңірі.Ол Қаратау мен Алатаудың баурайынан миллиондаған жылдар бұрынғы адамзаттың мекені болған орындар табылып ғылыми негізде дәлелденуі,сондай-ақ ежелгі түркі қағанаттарытұсында қалалардың жан-жақты өркендеп,өзіндік өркениет ретінде танылғаны талай-талай жәйттерді аңғартады,өзінің жағырафиялық,этникалық,саяси,әлеуметтік ерекшеліктері мен,жер қойнауындағы орасан мол байлығы мен адамзат қауымдастығында өте маңызды орын алады.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған,республиканың оңтүстігінде Сырдария алабында орналасқан.Жер көлемі 117,3 мың км2,бұл қазақстан аумағының 4,3 пайызын құрайды,облыста шамамен алғанда 2 миллион 400 мыңдай адам тұрады [1].
Әлеуметтік саясат тақырыбын зерттеу Қазақстанның өз егемендігін алғалы бері айтарлықтай маңызға ие болды. Өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі орталықты басқарудың жетегінде болған әлеуметтік саясаттың қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы орны бөлек. Тотаритарлық жүйеде әлеуметтік саясат орталыққа тиімді және әлеуметтендірілген коммунистік бағытта болды. Мұнда керісінше халықтың әлеуметтік саясатқа деген қызығушылығын, бостандығын, жеке көзқарасын жаныштап отырды.
Ал қазіргі демократиялық тәртіп-жоғарғы жақтан билеуші күштердің тарапынан жасалынатын бақылаумен сиыспайды. Басқаша сөзбен айтқанда мемлекеттің әлеуметтік салаға араласу шекарасы шеткі нүктеден (бірақ бұл жол бұл танда сирек кездеседі, өйткені әлеуметтік мемлекет туралы ойлардың басым болуына байланысты) қисынды "алтын ортаға" дейін. Бұл шекара аралығында "халықты әлеуметтік қорғау" мен "мемлекеттің экономикасын көтеру" қатар жүреді.
Мұндай әлеуметтік саясат түрі мемлекеттегі саяси жүйенің тұрақтануына, либералдық, демократиялық саланың дамуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда Қазақетан Республикасы әлеуметтік саясаттың жаңа бағытын тандаған болатын. Бұл бағытты таңдауға бірнеше себептер болатын. Оған себеп:
1.әлеуметтік шиеленістерді шешетін институттар саны мен тәжірибенің жеткіліксіз болуы ескі жүйеге деген сенімсіздік туғызды, жаңарған қоғам құруға итермеледі;
2.демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;
3.әлеуметтік саясат әр кезде биліктің легитімділігіне жағдай жасайды, ал өтпелі кезең легитімдіктің жетіспеушілігімен сипатталды.
Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуі саясатта алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуге итермелейді.
Тәуелсіздік алғалы бергі ондаған жылдардың ішінде Қазақстанның саяси, экономикалық өмірінде өте күрделі өзгерістер болып жатыр. Бұлардың ең бастысы Республиканың кешегі Кеңестік қоғамнан жаңа экономикалық, саяси-әлеуметтік құрылымға көшуі. Екінші сөзбен айтқанда, ел нарықтық эканомикаға бет бұрды. Нарықтық экономикаға көшу дегеніміз қоғамда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуымен, жеке меншіктің пайда болуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы бүгінгі таңдағы жүріп жатқан экономикалық процестер Батыс елдерінде баяғыда-ақ басталып, қалыптасқан экономикалық процестерге бірте-бірте ұқсауда. Ал, экономикалық процестердің-әлеуметтік құрылымының дамуында шешуші рөл атқаратындығы белгілі.
Әлеуметтік саясат анықталған қоғамдық қызығушылықтар мен басымдықтың арасындағы тандау болғандықтан оған мемлекеттің араласуы сөзсіз. Дәл қазіргі уақытта әлеуметтік саясат мәселесімен негізінен экономистер ғана айналысуда, ал оның саяси тұрғыдан зерттеп қарастыру керек. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті "Қазақстан халқына Жолдауында" айтып өткендей, бүгінгі таңда бірінші кезекте-ғылыми стратегиялы реформаны таңдау, реттеу және орындау . әлеуметтік тәжірибеде және мемлекеттің өзіндік дамуында ерекше орын алады. "Біз өзіміздің таңдаған бағытымызды нақты білуіміз және түсінуіміз керек, өйткені осы бағыт арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз. Өз бағытымызды дұрыс анықтап осы бағытқа жетуге төзімді де шыдамды болуымыз керек. Күшті және нақты бағыт таңдау арқылы біз кез келген қиыншылықтарды жеңе аламыз"- деген болатын [2].
Кез-келген мемлекет өркениетті елдер қатарына қосылу үшін алдымен өз халқының әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Осы көзқарастар тұрғысынан әлеуметтік саясаттың дамуын оқыту өте маңызды орын алады. Қазіргі танда әлеуметтік саясат айтарлықтай жоғары өзгеріске түсуде. Өткен тәжірибені, ондағы қателіктерді қайталамау үшін оларды оқып, реттеп отыру қажет.
Сондықтан да әллеуметтік саясатты зерттеп қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік маңызы бар. Сондықтан да мен диплом жұмысымның тақырыбын Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы деп таңдадым.
Тақырыптың зерттелу денгейі:Қарастырып отырған жұмыстың зерттелу денгейін оның мол мәліметтер мен деректерді тиімді әрі тианақты қолданудан көре аламыз.Жұмыстың зерттелу денгейі бұған дейін де зерттеліп келген ғалымдар мен ізденушілердің еңбектерінде көрінім тапқан.Мен бұл жұмысымды дәл осы тақырып денгейінің жоғарғы денгейде болуын алдыма мақсат етіп қойдым.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
1.Тақырыпты зерттеу мақсаты. нақты-тарихи зерттеулер арқылы саяси даму кезендеріміздегі әлеуметтік саясаттың қайшылықтық тұстарын ашып көрсету және егеменді мемлекетіміздің жаңа әлеуметтік саясаттын саясаттану ғылымы тұрғысынан сараптау.
2.Міндеттері.
Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін мынадай .зерттеу міндеттері диплом жұмысында алға қойылды:
• әлеуметтік саясат мәні, жіктелінуі және таратылу механизмдерін саясаттану ғылымы тұрғысынан сараптау;
• кеңестік Қазақстан тұсындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты тудырған қайшылықтардың негізгі себептерін ашып көрсету;
•тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы әлеуметтік саясаттың қалыптасу ерекшеліктері мен кезеңдері айшықтау;
•өтпелі қоғамдағы әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек саларындағы реформалардың саяси келбетіне тұжырымдамалар жасау;
•Қазақстанда әлеуметтік саясаттың қалыптасуының саяси-құқықтық негіздерін талдау;
•демократиялық қоғам құру кезіндегі мемлекетіміздін әлеуметтік саясаттың келешегіне болжамдар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл еңбекте Қазақстанның тәуелсіздігін алған жағдайындағы еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары саяси талдау арқылы сарапталады. Бұл жұмыстың ерекшелігі тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі әлеуметтік саясатын кеңестік әлеуметтік саясатпен салыстырмалы талдауында. Сонымен қатар жұмыста мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткізді:
•Оңтүстік өңіріміздің әлеуметтік саясаттының негізгі бағыты жалпы саяси даму сипатына тәуелділігі айтыла келе, еліміздегі әлеуметтік саясаттың негізгі кезендері анықталады;
•Оңтүстік өңіріміздің әлеуметтік саясатының бүгінгі ал-ахуалын талдау арқылы оның болашағы анықталған, әлеуметтік саясат тиімділігі, әлеуметтік етенелеу негізі екендігі тұжырымдалған;
•Оңтүстік жеріміз өзінің әлеуметтік саясатын жүргізу үшін қабылдаған заңдар жан-жақты, жүйелі сарапталынып, ондағы кейбір қайшылықтық тұстар ашылып көрсетілген;
•еліміздегі азаматтардың әлеуметтік белсенділігі жоғары болып тұрған бұл кезең билік құрылымдарының барлық деңгейінде жауапкершілікті талап етіп отырғандығын айта келе, өркениетке бастауға байланысты тұжырымдар келтіріледі.
Зерттеудің обьектісі:
Оңтүстік Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау.
Зерттеудің құрылымы:Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы атты дипломдық жұмысым кіріспе бөлімнен, екі тараудан,әр тарау екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І-тарау.Оңтүстік Қазақстанда әлеуметтік саясаттың қалыптасуы
1.1. Әлеуметтік саясат мәні және жіктелінуі
Қоғамдық қатынасты: экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани деп бөлу етек алған. Бұның ішінде:
• экономикалық қатынас—бұл адамдар арасындағы өндіріске қатысты материалдық қорды пайдалану және бөлу қатынасы;
• саяси қатынас—бұл азаматтардың билік жүйесі және мемлекетті басқаруға қатысуы жайлы;
• рухани қатынас—рухани қажеттілікті өтеу үшін және рухани байлықтың жеткілікті болуын қадағалау;
•экономикалық, саяси, рухани қатынастың негізінде әлеуметтік қатынас қалыптасады.
•әлеуметтік қатынастар адамның әлеуметтік статусы, жеке қатынастар мен топтық қатынас арқылы қалыптасады.
Әлеуметтік қатынастар азаматтың, этникалық, саяси, қызметтік айырмашылығы негізінде қалыптасатын әлеуметтік әділеттіліктің шекарасы және әлеуметтік қатынастардың негізі болып табылады. Әлеуметтік қатынас-әлеуметтік саясат негізінде дамиды. XX ғасыр көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің ішкі саясатының негізі болып, әлеуметтік саясат шешуші рөл атқарады.
"Әлеуметтік саясат"-мемлекеттің ішкі саясатының бір бөлігі, оның әлеуметтік программалары мен тәжірибесін, әлеуметтік топтардың қызығушылығые реттейді. Әлеуметтік саясат экономикамен тығыз байланысты. "Әлеуметтік саясат-қоғамның ең жоғарғы деңгейде дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мақсат-мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнықтыруға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы"[3] . Оларға ең алдымен :
• халықтың тұрмыс жағдайын көтеру, жалақының мөлшерін көбейту, денсаулығын сақтау, білімін жетілдіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады.
Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты: қоғамдық қатынастарды үйлестіру, саяси тұрақтылықты және азаматтық келісімді реттеу болып табылады. Бұған сонымен қатар, тұрғындардың ақшалай табысы мен товарлық ресурстардың арасындағы байланысты ұстап тұру, тұрғын үй проблемаларын шешу, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, халықтың денсаулығын сақтау, олардың мәдениеттілігін, білімділігін арттыру мәселелері де жатады. Үкіметтік деңгейде әлеуметтік саясат мақсаты: қазіргі таңда Қазақстан Республикасында тұрып жатқан азаматтардың өмірін тұрақтандыру, халықтардың кедейленуіне жол бермеу. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау керек. Яғни қоғамның, халықтардың жоғарғы деңгейде өмір сүруі үшін қоғамдағы жұмыс істеуге қабілетті азаматтар мен жұмысқа қабілетсіз азаматтар арасындағы байланысты ұстап тұру, жеке, адрестік әлеуметтік көмекті жоғарылату, кедейлікті жою, медициналық жағынан көмектесу, білім және мәдениетті көтеру, тұрғын үй мәселесін шешу, жұмыссыздықты қысқарту және еріксіз көшіп келген мигранттарға көмектесу секілді мәселелерге көңіл бөлу.
Қазіргі танда Қазақстан республикасының үкіметі басым бағытты-әлеуметтік саясатқа бұруда. Олардың қатарына: халықтың табыс деңгейінің төмендеуіне жол бермеу, жұмысшылардың экономикалық қызығушылығын арттыру, әлеуметтік саланы реформалау жатады. Негізгі әлеуметтік саясат мәселелерінің маңызды сұрақтарының бірі—кедейлік мәселесі.Бұл негізінен жұмыссыздыққа байланысты туындайды. Бұл үшін халықты жұмыспен қамтамасыз ету, Қазақстандықтардың өмір деңгейін тұрақтандыру және табыстың әділетті бөлінуін қадағалау көзделіп отыр. Сонымен қатар халықтың табысы төмен бөлігіне, яғни: көп балалы жанұяларға, жарымжан адамдарға, зейнеткерлерге, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету. Бұларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында: жәрдемақы, зейнетақы мөлшерін жоғарылату, үйсіздерге тұрғын үй мәселесімен көмектесу қажет.
Сонымен әлеуметтік саясатқа: халықты әлеуметтік қорғау, яғни халықтың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, еңбек саласын реттеу, миграциялық қызметті, зейнетақыны және жәрдемақыны реттеу кіреді. Бұл мәселелермен мемлекеттік органдар: Ішкі істер министрлігі, Білім және Мәдениет Министрлігі, Қорғаныс Министрлігі, ал мемлекеттік емес ұйымдардан: қайырымдылық қорлары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары және тағы басқада қорлар айналысады. Қоғамның әлеуметтік саласы мемлекеттің реформалық бағытта дамуында шешуші рөл атқарады, ал әлеуметтік ұйым тиімді әлеуметтік құрмет көрсететін және халыкты әлеуметтік жағынан қорғайтын мамандар дайындайды.
Кез-келген әлеуметтік саясат-тәжірибе жүзінде, әлеуметтік қызмет арқылы іске асады. Сонда ғана ол нақтылы нәтиже береді. Әлеуметтік саясатты шартты, ахуалды, динамикалық үлгідегі бағыт ретінде қарастырута болады. Өйткені ол қоғамда өз орнын табуға және қалыптастыруға тырысқан халыктың, азаматтардың өмірін қорғаумен айналысады. Заңға және құқықтық актілерге, мемлекеттік басқару органдарына сүйене отырып адамдардың жаңа қабылданған нормаларға, заңдарға бейімделуін, әлеуметтік саясатын реттеп отырады. Салмақты саясат-нақты әлеуметтік көмек пен жәрдемге негізделген заң жинақ болып табылады. Өйткені заңдар, құқықтық нормалар сөз жүзінде айтылып қана қойса, ал іс жүзінде орындалмаса, онда ол қоғамның дамуына айтарлықтай кедергісін келтіреді.
Қызығушылыққа байланысты, әлеуметтік, кәсіби, жасына байланысты топтарға бөлу—бұл қиын, әрі күрделі процесс. Сол себептен әртүрлі топтардың, олардың мүмкіндіктері мен шарттарын бірдей деңгейде, нақты және толық қарастырғанда ғана әлеуметтік саясаттың қызметі нәтиже береді деуге болады. Әлеуметтік саясатта сабақтасқан, өзара әрекетескен екі элементті қарастыруға болады: 1.ғылыми-танымдық; 2. тәжірибелік-ұйымдастырушылық.
1)Ғылыми-танымдық элемент-қоғамдық қалыптасқан қажеттіліктерді талдау және ұғыну, біржақты әлеуметтік процестің дамуын қадағалау ретінде қызмет атқарады. Ол қоғамның жәй-күйін және көзқарасын және мемлекеттегі әр халықтың тұрақты, орнықты дамуын реттейді. Осы әдістік құжаттар мемлекетте әлеуметтік саясаттың концепцияларының қабылдануына негіз болады.
2)Тәжірибелік-ұйымдастырушылық элемент-әлеуметтік саясаттың қабылдаған шешімдерін жүзеге асырушы. Мұнда негізінен әлеуметтік қызметтер мен халықтың жағдайын жақсарту жөніндегі іс -әрекеттер жатады.
Екі жақты өлшем: мемлекеттің әлеуметтік саясатының ғылыми тұрғыдан зерттелінуі және халықпен күнделікті санасуы - әлеуметтік жұмыстардың негізі болып табылады.
Әлеуметтік саясаттың ұйымдастырушылық қызметіне: әлеуметтік қызметтерді дайындау, алға қойған әлеуметтік шешімдерді шешу, олардың бағыттарын анықтау, еңбек бөлінісін реттеу және сонымен қатар қабылданған заңдылықтарды орындау жатады.
Осылайша, әлеуметтік саясат және әлеуметтік қызмет тығыз байланыста дамиды. Бұл қатынас диалектикалық мінезді: әлеуметтік қызмет-әлеуметтік саясат үлгісінде болады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат әлеуметтік қызметте іске асады. Алайда, әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қызмет толық сәйкес келеді деп айтуға болмайды. Әлеуметтік саясат өзінің мағынасы жағынан әлеуметтік қызметке қарағанда кеңдеу, жылжымалы. Әлеуметтік саясат әлеуметтік қызметті анықтаушы болып келеді [4].Әлеуметтік саясаттың маңызды қызметерінің бірі: қоғамның тең деңгейде дамуына қол жеткізу болып табылады. Оған:
•апаттың салдарынан, артықтан, аурудан, табиғи және техногендік апаттан (зіл-заладан), демографиялық "жарылыстан" және тағы басқа апаттардан сақтауға мемлекеттік кепілдік беру;
•өмірдің анықталған белгілі бір деңгейіне бағытталған және оның сапасын өзгертуге негізделген материалдық қорды және ұйымдастырушылық көмекті қайта бөлу. Әлеуметтік қиындыктарды төмендету;
•салықтың мөлшерін қысқарту, қаржы мен қайырымдылықты көтеру, кәсіпкерлік бастама секілді өмірлік нұсқауларды реттеу жатады[5].
1.2.Әлеуметтік саясаттың механизмдері
Әлеуметтік саясатты жетілдіруде мемлекет алдында әлеуметтік артықшылық немесе әлеуметтік мәселе жайлы сұрақ туындайды. Бұл сұрақтарға нақты кезеңде, алғашқы кезекте қоғам жауап беруге міндетті. Себебі әлеуметтік орта, азаматтық құқық үшін күрес, әлеуметтік қажеттілік талаптарды қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік саясат осыны қарастыруы тиіс. Әлеуметтік саясаттың жүргізген межесі бойынша: қоғамдық өмірдің ұйымдасуын үш негізгі концепцияға бөлуге болады:
1.Мемлекет — "түнгі күзетші " ретінде .
2.Мемлекет — "жалпы жарылқаушы " ретінде.
3.Коммунистік бағыт концепциясы.
Мемлекеттің "түнгі күзетші" концепциясында басты ілімдік бағыттар: концерватизм мен либерализм. Концерватизм мен либерализм адамзаттың өркениетті дамуы ретінде: кейде шатысып, кейде бір-біріне қарсы тұрып әр қайсысы-жеке өзіндік даму жолынан өтті.
Концерватизм-саяси идеология ретінде ХҮІІГ ғасырда, яғни жаңа дәуірде пайда болды. Ең алғашқы концерватизмнің идеологы ретінде Англияның саяси қайраткері, философ, публицист Эдмунд Беркті айтуға болады. 1790 жылы оның "Франциядағы революция жайлы ойлар" атты кітабы жарық көрді. Бұл кітабъшда Берк алғаш рет концерватизм принциптерін қалыптастырды. Ол Европаның білімпаздық идеясына және Француз революциясы идеясына қарсы шықты. Берк қоғамдық өмір—салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, моралдік және материалдық байлықтар негізінде, алдыңғы ұрпақтан және өзара қатынас негізінде қалыптасады деді. "Қоғам-философ ойынша-тұрақтылық, тевдік және бірте-бірте жаңару сияқты принциптерге еру қажет. Осы жағдайда ғана қоғамның болашағы бар"[6]. Консерваторлық идеясын негізінде саясатқа мынандай қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар енгізді: О.Бисмарк. Б.Дизраэли. К.Метерних, У.Черчиль. Ш.Де Голль, Л.Эрхарт. В.Жискарт, Р. Рейган және М.Тэчер.
Ал консерватизм термині ең алғаш рет Француз жазушысы Р.Чато Брионның 1817 жылғы "Концерватизм" деген журнал шығарыла бастағанда қолданыс тапқан. Содан бері концерватизм және концервативтік сөздері айқын мағына беріп, еркін қолданыла бастады. Біреулер концерватизмді ашық ойлау нұсқасы деп түсінсе, келесі біреулер жүріс-тұрыс стилі, үшіншілер идеология формасы деп түсінеді. Біздің кезімізде концерватизмді идеология формасы немесе қазіргі постиндустриялды қоғамдағы концепция ретінде қарастыру қызыктырып отыр. "Саясаттану" энциклопедиясындағы "концерватизмнің" анықтамасына тоқталар болсақ, Мұнда концерватизм идеология формасы ретінде сараланып, оны үш түрге бөліп қарастырады:
• Концерватизмнің бірінші түрі-дәстүрлік концерватизм. Бұл әлеуметтік тұрақтылықты және нарықтық капитализмге тән моралдік дәстүрді сақтау. Бұл бағыттың өкілдері Э.Берк, Ж.дс Местр. Л де Бональд. XX ғасырда дәстүрлік бағыт АҚШ-та, жетпісінші-сексенші жылдары "жаңа құқықтық " қозғалысқа бағыт алды.
• Концерватизмнің екінші түрі - индивиттің бостандығын шектемейтін антиэтетизм идеясын уағыздаушы либертализм. Концерватизмнің Бұл теориясын негізін салушылар: Ф.Хайек. Дж.Роулс. Бұлардың ойынша индивит құқығы-коллектив қызығушылығынан басым тұрады. Мемлекеттің экономикаға араласуына негіссіз, барлығын жарылқайтын мемлекет-социализм түрі ғана. Либертализм поцизиясы әсіресе XX ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында күшейді.
• Концерватизмнің үшінші түрі — неоконцерватизм. Неоконцерватизм саяси және әлеуметтік сұрақтарға жауап беру жағынан неолиберализмге ұқсас. Қоғамдық даму, адамның табиғи, әлеуметтік және саяси белсендігі, саясат және әлеуметтік қатынасты демократизациялау принциптері ұқсас. Неоконцервативтік экономикалық саясаттын негізгі әлеуметтік тиімсіз және кейнсиандық әдістік мемлекеттік реттеу[7].
Концерватизм өзіндік даму тарихында өзгеріп тұрады. Соңғы екі ғасырда ол өзінің эволюциясын ескі бағытын жоғалтып, жаңа бағыттық сипат тауып, жаңарып отыр. Бірақта оның негізгі бағыттары сол күйінде сақталып, оның ары қарай дамуына негіз болып отыр. Концерватизм либерализммен, социалистік-демократиямен және коммунизммен қатар идеология ретінде өмір сүріп отыр. Бірақта бұл бағыттардың концерватизмнен ерекшелігі-дейді В.Н.Горбузов ол ерекше қасиетке ие. Себебі ол осы бағыттардың әр қайсысының ішінде, құрамында өмір сүреді[8]. Ал енді келесі бағыт: либерализмге келер болсақ ол алғаш идеология ретінде ХҮП-ХҮШ ғасырларда Англияда және АҚШ-та пайда болды. Европада XIX ғасырдьщ 30-40 жылдары либерализм түсінігі енгізідді. Бұның негізін салушылар: Д.Локк. Э.Бекон. Юм.Кант. Монтеське. И.Бентам.Т.Джефферсон, А.Смит, Дж. Дьюи және тағы басқалар.Өз кезеңінде либерализм туыстас идеологиялардың жиынтығы болып табылады. Либерализмге адамдардың бостандығы тән. Либерализм ерекшелігі "бостандық рухы"- өзі ғана емес, осыны құру үшін құқықтық институттар қалыптастыруы.
XX ғасырда либерализм мен консерватизм бір-біріне қарама -қарсы ағым ретінде өмір сүрді. Концерватизм-бүкіл халықгық бірлікті және қандайда бір таптық талап етуге қарсы мемлекеттік бағыт болса, либерализм-жеке адам бостандығын жақтаған және ұйымдасқан көпшілік билікті жақтады. Ал көпшілік биліктің демократиялық жолмен ұйымдасама немесе авторитарлық жолмен ұйымдасама, ол жағына көңіл бөлмеді.
XX ғасырда классикалық либерализм бірте-бірте өз бағытын жоғалта бастады. Бұл өз кезегінде либерализнің құндылықтарының дағдарысқа ұшырауына алып келді. Батыс Еуропада және Солтүстік Америкада ескі либерализмді екінші орынға қалып, социалистік-демократиялық бағыт бірінші орынға шықты. Мысалы: Ұлыбританияның партиялық жүйесінде либерализм толық консерваторлық бағдарламаның экономикалық бөлігіне айналды. Басқаша сөзбен айтқанда: либерализм консерватизмен бірігіп, эволютциялық өзгеріске ұшырады. Бұл жерде экономикалық либерализм: экономиканы-адамдар қызметінің және мемлекет пен қоғамның дамуының доминанты ретінде қарастырды. Ал саяси либералим болса-ХХ ғасырдың өзінде-ақ адамзат тарихында,батыс қоғамында шешуші рөлдердің бірін атқарды деуге болады. Кейіннен ол экономикалық либерализмге жол берді. Экономикалық либерализм консерватизм бағытымен бірігуі нәтижесінде әлемдік дамуда жаңа бағыт либералды-неоконсервативтік бағыт қалыптасты. Бұл ағым: жеке меншік және еркін нарықтык экономика, қоғамның эволютциялық дамуы, мемлекеттің экономикаға аз мөлшерде араласуымен сипатталады. Неоконсерваторлар реалистік және рационалистік бағытты ұстанады. Жаңа либерализмнің ерекшелігі: азаматтық қоғамның негізі-саясаттан бөлінген экономика.
Осылайша либералдық-неоконсерваторлық ағым өкілдері мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеп, азаматтардың экономиканы жүргізуін қалайды. Басқа сөзбен айтқанда, неоконсерватизм идеологиясы: мемлекетті әлеуметтік шектеу саясатын қолдайды. Өйткені, олардың ойынша кез келген мемлекеттің әлеуметтік бағдарламасы экономиканың құлдырауына алып келеді.
Мемлекеттің "жалпы жарылқаушы" концепциясы мемлекеттің "түнгі күзет" рөлі ретіндегі және комунистік концепцияларының альтернативасы болып табылады. XX ғасыр бірінші жартысындағы батыстық капитализмнің дамуындағы терең дағдарыс (АҚШ және Англияда ) капитализмді өзгеріс жолына түсуге алып келеді. Классикалық капитализм өзгеріп демоқратиялық-социализм бағытына ауысты. Бұл бағытқа ауыса отырып классикалық капитализм, социализмнің қазіргі бағытын өзінше демократияландырды. XX ғасырдың жартысында ескі капитализмнің орнына тұрақты әлеуметтік-нарықтык постиндустриализм бағыты келді. Бұл бағыт екі қоғамдық жүйені: капитализм мен социализмді ұқсастырды. Бұл жайлы кезінде американдық экономист Д.К. Гелбрейт жазса, атақты XX ғасыр гуманисті А.Д. Сахаров армандаған болатын.
Әлеуметтік-экономикалық бағыттың негізгі концепцияларының бірі мемлекеттің "Жалпы жарылқаушы" теориясының негізін салған автор Джон Кеннет Гэлбрейт. Бұл концепсияның XX ғасырдың елуінші жылдың аяғында және алпысыншы жылдың басында дамыған бағыттардан айырмашылығы қазіргі капиталистік мемлекет бейтарап "тап үстілік" күш, барлық қоғамдық қабаттың қызығушылышн қанағаттандырады. Мемлекет барлық жұмысшы халықтың кірісін реттеп, әлеуметтік теңсіздікті жояды. Яғни, әділ реттеп, қоғамның әрбір мүшесінің мүңсыз өмір сүруіне жағдай жасады. Бұл теорияны жақтаушылар "аралас экономиканы" яғни, жеке және мемлекеттік меншікэкономикасын жақгайды. "Аралас экономиканы" концепциясы өз бастауын XX ғасыр бірінші жартысынан алады. Сол кездің өзінде-ақ капиталистік елдерде мемлекеттің экономикаға араласуы, әлеуметтік және экономикалық салаларды реттеуі көрініс бере бастады. XX ғасырдың аяғында "аралас экономикаға", мемлекеттегі экономиканың дамуына үлкен үлес қосқан "кейсиандық төңкеріс" ілімі келіп қосылды. Бір шетшен кейсиандық теория неоконцерваторлық бағытты өзіне қарсы койды, екінші жаіынан Дж.Кейнс ілімі маркстік теорияға қарсы тұрды. Марксттік теория "тек қоғамдық меншік қана халықты жаппай жұмыссыздықтан және әлеуметтік шығыннан сақгайды" деген бағытты ұстанған болатын. Кейсиондық концепция нарықтық жүйеге, оның негізгі сипатына өзгеріс жасауға ұсыныс жасады.
"Кейсиондық төңкерістің" нәтижесінде мемлекеттің-экономикаға араласуы елеулі дәрежеде өсті және нарыктық доктринаның ажырамас бөлігі болып қалды. Кейіннен кейсиандық бағыттың үш болжамдық түрі қалыптасты: консерваторлық, либералды және радикалды[9]. Соңғылары дамыған капиталистік елдерде негізгі мәнге ие болды: олар: консервативтік орталықшыл түрі, либералды-реформалық және радикалды-реформалық. Сонымен қатар бұларға солшыл социал-демократиялық және әлеуметтік бағыттарды жатқызуға болады[10].Жоғарыда аталған кейсиандық концепциялар нотюкесінде түрлі "аралас экономика" байланысты теориялар пайда бола бастады. Мұнда негізінен: Әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономика немесе жеке кәсіпкердің қоғамға деген қызығушылығын қалыптастыруда мемлекеттің қызығушылықты реттеу жатады.
Либералды-реформалық бағыт секілді социал-реформистік экономиканың "әлеуметтендірілген", "экономикалық плюриализм" бағытын таңдайды. Әр түрлі меншіктердің қатар болуымен ерекшеленеді. Либералды-реформалық және әлеуметтік реформалық концепциясымен қатар "аралас эқономикада" консерваторлық концепция түрі де кездеседі. Бұл концепцияның ерекшелігі: мемлекет басты рөлде, яғни мемлекет басқару және мемлекеттік реттеу-жеке меншіктің тиімді дамуына жағдай жасайды және нарықтың шаруашылық жүйесінің дамуына өзінің оң әсерін тигізеді деген көзқарастарды жақтаған болатын.
Әлеуметтік саясаттың "коммунистік концепциясы", "жалпы жарылқаушы" және "түнгі күзет" концепцияларынан айтарлықтай ерекшелінеді. Дәстүрлі либералды-консерваторлық және кейнсиандық теориялармен қатар XIX және XX ғасырда коммунистік-социалистік даму жолын таңдаған концепция пайда болды. Комунистік концепция XIX ғасырда қоғам дамуының балама теориясы ретінде пайда болды. Қоғамда әлеуметтік әділдік орнатуды жақтаған Бұл концепция XX ғасырдың өзінде-ақ көптеген елдердің тарихында шешуші рөл атқарды. Сонымен бірге батыстық капиталистік мемлекеттердің ішкі өміріндегі өзгерістер негізінен маркстік сынға және коммунизмнің шынайы тәжірибесіне байланысты болды. Марксизм теориясы тек коммунистік концепциясының бастауымен ғана емес, сонымен бірге социал-демократиялық бағыттардың да бастауы болды. Бұл концепцияның ерекшелігі: халыктың табысын тең дәрежеде бөлу, яғни меншікті ортақтастыру негізінде әлеуметтік теңдік орнату. Әлеуметтік жүйеде халықтың төлем ақысы төмен болды. Бірақ оларға сол кәсіподақ тарапынан әлеуметтік көмектер көрсетіліп тұрды. Жұмысқа жарамды тұрғындар тәртіп бойынша: жұмыстан босатылудан сақтанды. Сонымен бірге дене еңбегімен айналысушылардың, ой еңбегімен айналысқандарға қарағанда табысы жоғары болды. Осындай концепциялар арқылы маңызды әлеуметтік саяси тандау арқылы саяси жүйе тұрақты дамиды. Қоғамдағы әр түрлі концепцияның дамуына байланысты әлеуметтік саясаттың келесі бағыттарын қарастыруға болады.
Мемлекет "түнгі күзет" концепциясында әлеуметтік саясатта келесі бағыттарды ұсынады:
• шексіз индивид бостандығы;
• тиімсіз әлеуметтік және кейнсиондық әлеуметтік реттеу;
•әлеуметтік қатынасты "адам бостандығына" қауіпті анархиядан сақтау;
• нарықтық қатынасты әділ реттеу;
• әлеуметтік шектеу саясаты кез-келген әлеуметтік бағыттар шешімі қоғамды тек дамытып қана қоймайды, сонымен бірге экономиканың құлдырауына да алып келеді.
Мемлекеттің "жалпы жарылқаушы" концепциясында әлеуметтік саясат келесі бағыттарды ұсынады:
•қазіргі мемлекет бейтарап "тап үстілік" күш, ол қоғамның барлық мүшесінің қызығушылығын реттейді;
•мемлекет табысты реттейді, әлеуметтік теңсіздіктің болмауын қадағалайды;
•мемлекеттің қызығушылығын реттейтін институттың және әлеуметтік-қоғамдық қызығушылыққа жеке кәсіпкерлердің бағынуы;
•адрестік-әлеуметтік көмек көрсету;
• тандаған реформалар "әлеуметтік кернеу" нсмесе "әлеуметтік жаратылыстан" сақтаушы "катализатор" ретінде қызмет атқарады.
Мемлекеттің коммунистік концепциясы әлеуметтік саясаттың келесі бағытын қарастырады:
меншік этатизмі;
табыстың эгалитарлы бөлінуі;
әлеуметтік теңдіктің ерекшеліктері;
жұмыс істеп жатқан кәсіподақтарға әлеуметтік көмек көрсету.
әлеуметтік теңдікті ұстап тұру;
Осы мақсаттарда нарықтан тыс тауарларды және көмектерді реттеу.
• "жаңа адам" құруға талпыну;
• толық мемлекеттік биліке ие болу;
Қазіргі танда қалыптасқан осы концепциялардың бірін тандау демократиялық даму жолына түскен Қазақстан үшін тәжірибелік-әдістік және теориалық маңызы зор. Сонымен қатар мемлекеттік билікті дұрыс таңдау-биліктің өміршендігін көрсетсе керек. Әсіресе постсоциалиалистік тоталитарлық жүйенің құрсауынан— демократиялық даму жолына өткен Қазақстан үшін бұл бағыттардын маңызы зор. Қазақстан егемендігін алған жылдар-дан бастап, жаңа әлеуметтік саясат бағыттарын таңдау үстінде. Осы бағыттардың негізінде жыл сайын Қазақстанда көптеген заңдар мен кұқықтық-нормативтік қаулылар қабылдануда. Бұл заңдар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, денсаулығын көтеру, білімі мен мәдениетін жоғарылатуға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |