ІІ-тарау егемен қазақстан жағдайындағы оңтүстік қазақстан облысындағы әлеуметтік мемлекеттік саясат.
2.1.Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың кезеңдері мен құқықтық негіздері
Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасу ерекшеліктері мен кезендері
Қазақстан республикасы егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, қоғамның барлық саласы демократияланды. Әлеуметтік саланы реформалау негізінен: таңдау бостандығын кеңейту, адамның өз мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған болатын. Бұл құндылықтар тоталитарлық тәртіп идеологиясына қарсы бағытталды. Оған жеке меншік пен мемлекеттік меншіктің қатар дамуы, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары болуы, бостандық, еркіндік принціптері тән.
КСРО тарағаннан кейін Қазақстан және басқада бұрынғы одақтық мемлекеттер ауыр, жүйелі дағдарысқа түсті. Бұл дағдарыс тек экологиялық, саяси, әлеуметтік салаларды ғана емес, сонымен бірге экологиялық , психологиялық, құрлықтық және тағы басқа салаларды да қамтыды. Жаңа, егеменді жүйеге өту Қазақстан қоғамына өте ауыр тиді. Әсіресе алғашқы жылдары (1991-1993 жылдары) өндіріс орындарының тоқтауы халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне алып келді. Ескі жүйенің орнына жаңа жүйенің келуі қоғамды тұрақсыз күйге түсірді. Ондағы жағдай тек бұрынғы жарым-жартылай өзгерген өрістің шегінуі емес, оның қирауы, "әлеметтік саясаттың" дағдарыстан өсіп, апатқа жетуімен сипатталды.
1990 жылдардың басындағы әлеуметтік саясаттың дағдарысы, шаруашылық байланыстың үзілуі, өндірістік өнеркәсіптердің құлдырауы мен инфляцияның өсуі нәтижесінде табыс деңгейінде болған құлдырауларды шешуге ескі жүйенің шамасы келмеді. Бұл ескі жүйені сақтап тұра беру, экономиканы терең дағдарысқа алып келер еді. Сонымен қатар Бұларға экономиканың жетістігінен күдер үзген халықтардың сенімсіздік психологиясы келіп қосылды.Көптеген экскеңестік азаматтар либералдық-экономикалық жүйенің өзгеріс алып келетініне сенген болатын. Бірақ бұл үміттері ақталмады. Әлеуметтік саясатта ескі амалдарды жаңа экономикалық және саяси жағдайларға өзгертуіне Қазақстанда экономикалық реформаға бағдар беретін әлеуметтік концепцияның жоқтығы себепші болды. Бірінші кезендегі экономикалык өзгерістер тек қажетсіз әлеуметтік амортизатордың жүзеге асуымен, ал ол қолданылған радикалды қадамның есепсіз салдарынан болды. Соның арасында бүгінгі күні мүлде айқын болған реформаның әлеуметтік шығыны халық үшін қолайды деңгейден асып кетті. Құрлымдық қайта құру, экономикалық өзгеріс бірінші жылдары Қазақстандықтарға нәтиже бермеді. Бұған куә: халықтың жаппай кедейленуі, инфляцияның өсуі салдарынан болған, 1992 жылдың 1-ші қаңтарына дейін халық иеленген сақтаған ақшасының экспроприациалануы және басты әлеуметтік кепілдіктерді жоғалтуы болды. Бұл кезеңнің басты мәселесі мемлекеттік еңбек ақыны реттеуде табыстың тіке көпшілікке таратылуын қабыл алмау нәтижесінде пайда болған әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің өсуі болды. Бұл, өз кезеңінде, халықтың жаңа топтары, байлар мен кедейлердің арасындағы шекараның анық сызылуына алып келді.
Қазақстанда төмен табыс деңгей, төмен еңбек ақы мен еңбек ақы саласы туралы "мемлекеттік әлеуметтік кепілдік" атты Қазақ ССР заңыда айтылды.Осы заңға сәйкес төмен еңбек ақы –төмен тұтыну бюджетіне тіркелуі керек еді. Бұл дегеніміз, әр отбасы мүшесі үшін "ғылыми өңделген норма", азық-түлікпен заттардың минималды қажет көлемі. Бірақ ғылыми өнделғен норма сол күйінде қағаз жүзінде қалды. Ал Қазақстан халық-тарының көбі үшін шын сан мемлекеттегі кедей тұрғындар санының өсуіне қарсы тенденцияны қамтып көрсеткен, төлемақының өсуімен, бағаның тоқтаусыз өсуі арасындағы айырмашылық болды. 1991-1993 жылдары кедейлер категорисына жататын адамдар саны көбейді. Елдің бюджетін толтыратын кіріс салығы халықтың төмен айлық алатын топтарына ауыр тиді. Бұл әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуі мен табыстың дифференциациялауының күшеюіне себеп болды. Қазақстан тәуелсіздіген алғаннан кейінгі алғашқы жылдары өзгеріске ұшыраған әлеуметтік саясаттың бір саласы-еңбек нарығы болды. Кеңестік жұмысқа тұрғызу жүйесі жағдайында еңбек ақы төмен болды, ал шкаласы-бір шама тар болуымен кепілденді. Еңбек ақы өнімділікке байланысты емес еді. Оның нәтижесі еңбектің сапасының төмендігінен болатын. 1992 жылы басталған құрылымды қайта құру нәтижесінде кәсіпорындарға бюджеттен ақша бөлу қысқарды. Кәсіпорын басшылары өз жұмысшыларын, толық емес жұмыс күніне немесе жұмыс орындарының сақтауынсыз, яғни ақысыз демалысқа жіберді. Сонымен Қазақстанның еңбек нарығында мынандай жағдай қалыптасты: ашық жұмыссыздық деңгейі төмен, ал жасырын жұмыссыздық пайызы көбейе берді. "Жұмыс бастылық туралы" заңға сәйкес (1991) "жасырын жұмыссыздар" жұмыспен қамтылған болып есептелді. Яғни, жұмыссыздар қатарына жатқызылмады. Дәл сол кезде өндірістердің толық және жарым-жартылай тоқтауына байланысты жұмыссыз қалғандар төлем ақысыз демалыста болуға мәжбүр болды. Бұл дегеніміз олар шын мәнінде жұмыссыз қалды.
Мемлекеттік несиелеудің қысқаруы мен жекешелендірген кәсіпорындар санының өсуі шамасына қарай жұмыссыздардың ресми тіркелуі көбейді (1992 жылы-33681 адам, 1993 жылы-40514) [11], бұл "ашық жұмыссыздар" саны болатын. 1991—1993 жылдары тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік қамтамасыздандыру және әлеуметтік көмек жүйесі Кеңес кезеңіне тән болған ерекшеліктерді сақтады. Мысалы, 1992 жылы мемлекет 9,5 млн адам [12] үшін белгілі формадағы әлеуметтік көмек көрсетті, 1993 жылы мемлекеттік зейнетақыға бөлінген қаржы деңгей Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 9,5 % құрады[13]. 1992 жылға дейінге әлеуметтік қорғаныспен қамтамассыз ету мемлекеттік кәсіпорындардың басты қызметі болды. Қазақстан тәуелсіз алғаннан кейін әлеуметтік қорғаныс жүйесі қайта қарауды қажет етті. Жаңа жүйе жұмыссыздар мен мұқтаж болғандар минималды ақшалай түсім алуын қамтамасыз етуі қажет еді. Сонымен қатар ол жұмьіссыздарға-жұмьіссыздықтан, мүгедектіктен, зейнетке шығу бірте — бірте сақтандыру қорын құру үшін мүмкіндіктері керек еді. Дәл осы кезеңде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік осал тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан республикасының заңы "Семейдегі ядролық сынау аймағындағы ядролық сынақ нәтижесінде зардап шекен азаматтарға әлеуметтік көмек туралы" (1992 жыл); Қазақстан Республикасының заңы "Арал маңындағы экологиялық апат нәтижесіндегі зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек туралы" (1992 жыл). Қазақсатан Республикасы президентінің жарлығы "Көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек шаралары туралы (1992 жыл) заңдарына сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтік сақтаңдыру" қоры құрылды (1992 жыл) және "Жұмыспен қамтамасыз ету туралы" мемлекеттік қор (1991 жылы),"3ейнет ақы қоры "(1992 жыл) құрылды. Бұл заңдар мен актілердің жеткілікті деңгейде жетілмеуіне үкіметтің басшылыққа алу талпынысы, мемлекеттік әлеуметтік қорғаныс, оның зейнетақы қорымен, тұрақты заң шығаруымен және зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қиыншылықтардан қорғайтын обьективті индексация механизмі принципімен қаралды.
Бірте-бірте әлеуметтік қызметтер, кәсіпорындар мен бюджет қаржысынан қаржыландыратындар шын мәнінде тез қысқаруға тап болды. Мұның себебі 1991 жылы 17 маусымындағы "Қазақ КСРО-да азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңның жетілмеуі болды. Ол әлеуметтік жүйе дағдарысы мен оның кардиналды өзгерту қажеттілігін алып келді. Оның нәтижесі ретінде, зейнетақы деңгейі төмен болып қалды. Зейнетақы қорына түсім—тұрақсыз, зейнетақы төлеудегі кешіктірулер созылмалы сипат тапты.
Кеңес Одағы тарқағаннан кейін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі бұрынғы кеңестік үлгі ретінде сипатталды, өйткені онда болып жатқан өзгерістер үлкен емес және бұрынғы конституция шеңберінде ұстанды. Осы конституцияның бір статиясы: тегін медициналық көмек көрсетуді міндеттеді, Бұл болып жаткан жетіспеушілік пен тарихи қалыптасқан қаржы жағдайында мүмкін емес еді. Нарық экономикасына өтудің бірінші өтпелі кезеңін бастан кешіріп жатқан Қазақстанда халықтың денсаулығының басты көрсеткішінің нашарлауы байқалды. Қазақстандық денсаулык сақтау материалдық техникалық базасы жарамсыз болды, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету нашарлады, әсіресе ауылды жерлерде медициналық қызмет көрсету тиімді болмады, медицина жұмысшылары арасында жұмысқа деген ынта мен мәртебенің төмендеуі болды. 90 ж.ж. басы ұлттық денсаулық сақтаудың құлауымен сипатталды: тәуелсіздік пен дербестік жағдайында Қазақстан жағдайдың обьективті өзгеру есебімен оның даму стратегиясын қайта қарай алмады.
Бұрынғы одақтағы басқа дербес елдер сияқты, Қазақстанда да жалпы денсаулық сақтау мен халықтың денсаулық жағдайы, аурулар котологиясының парадоксалды көрсеткіші бірмезгілді және оңай емес болды. Кедейленудің өсуі қатері алдынғы орынға, денсаулық сақтау проблемасы екінші орынға сырылып қойылды. Қазақстан ауыспалы экономикалы елдердің қайғылы жолын қайталады. Халықтың түрлі аурулармен ауруының өсуі тікелей құрылымды қайта құрудың бірінші жылдарындағы шығынмен байланысты болды: әлеуметтік өрістің игісіздігінен, еңбек ақы деңгейінің төмендігінен пайда болған стереотиптердің өзгеруімен 1991 -1993 ж.ж. Мемлекетте тұрғындардың жалпы аурушылдығының өсуінде тұрақты тенденция бақыланып отырды (1991 ж-1000 000 адамнан 122 адам, 1992 және 1993 жж 100000 адамнан 124 адам) [14].
Қазақстанның нарықтық экономикаға ауысуының алғашқы жылдарында демографиялық жағдайының басты проблемасы өлім-жетімнің көбеюі болды ( өлім—жетімнің коэффиценті 1991 жылы 1000 адамға 8,0 құрады, 1992 жылы -8,1. 1993 жыл -9,2) [15]. Осымен қатар туылғандар санының азаюы байқалды. (туылғандар коэффиценті 1991 жылы 1000 адамға 21,0 құрады, 1992 жылы - 19,9, 1993 жылы - 18,6 ) [16]. Сол себепті мемлекетте халық санының өсуінің басты Бұлағы болып есептелетін табиғи өсім кеміді. Қазақстанға Кеңес Одағынан мұраға қалған экологиялық проблемалар, аналар өлімінің өсуінің себепкері болды. Арал маңындағы, Семей полигоны маңындағы облыстарда оның деңгейі өте жоғары болды, жас балалар өлім деңгейі 1992 жылы біршама түссе де, 1993 жылы жоғарылау тенденциясы қайта көтерілді.( 1990 жылы 1 жасқа өлген балалар саны 1000 баланың - 26,4 құрады, 1992 жылы -26,2, ал 1993 жылы- 28,4) [17]. 1991-1993 жылдары Қазақстандағы халықтың ауыспалы жылжымалылығы өте жоғары болды, сондықтан дамографиялық жағдайға ықпалын тигізбеді. ,
Тәуелсіз Қазақстанның қайта құру әрекетінде білім мен ғылым күшті жасампаз, факторлы жөнге салушы болды. Дәл солардың арқасында қоғамдық менталитеттің ауысуы, өз өмірін сүріп қойған стереотиптердің құлауы, жаңа қоғамдық түсінік пен халықтың нарықты сауатының пайда болуы керек еді. Тәуелсіз даму жағдайында білім беру жүйесінің жетілмегендігі байқалды, нарық қатынасына ауысу мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру мүмкіндігін елеулі өзгертті. Көп кәсіпорындар бала-бакқшаларды жауып тастады, не жергілікті бюджетке өткізді. Жеке меншік құқығын пайдалана отырып кейбір кәсіпорындар өздеріне қарасты ғимараттарды сатты немесе жалға берді. Тұракты мектепке дейінгі мекемелер саны 1992 жылы 8578-ден, 1993 жылы 8053 дейін қысқарды[18]. Білім беру саласындағы еңбек ақының төмен деңгейі мен қаржыландырудың жетіспеушілігі перспективті жас оқытушыларды өз райынан қайтуға алып келді. Студенттер мен оқытушылар арасында білімге деген қызығушылық төмендеді. Өкіметтің жалпы қаржысынан білім беруге бөлінген қаржы үлесі 1991 жылы 45 %-тен, 1992 жылы 25 %-ке дейін түсті[19]. Оқушылар саны қысқарды. 1990-1991 жылдары-5762 мың, 1991 -1992 жылдары-4815 мың; 1992-1993 жылдары-4471 адам[20].
Осы жағдайда барлық білім беру саласында кезек күттірмейтін реформаға деген қажеттілік туды. Мемлекет "білім беру саласын" алғаш реформалауды 1992 жылы жүзеге асырды. Реформаның басты кезеңі: "білім беру" саласын реформалау, қаржыландыру, жаңа қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға "білім беру саласын" бейімдеумен байланысты болды. Бірінші кезекте заң шығарушы және нормативті-қүқьіқгық білім базасын құру, ұлттық-мәдени білім жүйесін дамыту, білім жүйесін басқаруда бұқаралық маңыздың терендеуі мен орнығуы болды. Реформа нәтижесінде кұқықтық және заң шығарушы база құрылды. Оның негізі жалпы орта білімнің баршаға тиімділігі мен тендігіне мемлекеттік кепілдіктің берілуі болды. 1992-1993 жылдары қабылданған нормативті-құқықгық актілер мен зандар жинағының қатарына Қазақстан республикасының Заңы "Білім туралы" (1992),"Жоғары білім туралы" (1993) заңдар жинағы жатады. Осы салада мемлекеттік саясатты жүргізуде әкімшілік қысымның шектелуі мен оқу орындарының дербестігінің кеңеюін қарастырды, сонымен бірге, білімді қолдаудың мемлекеттік-ұлттық бағдарламасы өңделді (1993), және осы бағытта мемлекеттік саясаттың концепциясы бекітілді (барлығы 17 концепция). Жоғары және орта білім министрліктері, Оқу министрлігі таратылып, осылардың негізінде Қазақстан Республикасының "Білім министрлігі" құрылды.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі ғылымның жағдайы, бір жағынан,"еңбек бөлінісімен", бұрынғы ортақ одақтық ғылым құрамында болды, ал екінші жағынан елдегі экономикалық жағдаймен белгіленген еді. Ортақ одақтық құрылымда Қазақстанның ғылыми-техникалық потенсиялы мен ғылыми қызығушылығына көңіл бөлінбеді, соның себебінен ортақ ғылымды ұйымдастыру жүйесі тараған кезде, Қазақстандық "бөлік" диграция мен дағдарысқа ұшырады. 1992-1993 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемінің азаюы салдарынан ғылыми-ізденіс және құрылыстық құрастыру жұмысын атқаратын мамандар саны айтарлықтай азайды. Мұның бәрі ғылымның кадр жөніндегі бағытының 1970 жылдардағы кезеңмен сәйкес келуіне алып келді. Қазақстан қоғамын жағырту процесі мәдени жүйеде құрлымдық алға жылжумен қатар жүрді. Бұлар бұрынғы тоталитарлық жүйені плюларизациялаумен сипатталады. 1991 жылдан бастап қоғамда идеологиялық және конфессионалдық плюрализмнің, ұлттық мәдени идеяның қайта туылуы байқалды.
1991-1993 жылдары қатал экономикалық дағдарыс жағдайында мәдени-ағарту мекемелерінің санын қысқарту, мәдениет пен білімнің барлық салаларында кадрларды қысқарту, мәдениет мекемесінің әрекетін қайта кескіндеу, олардың материалдық базасын басқа салада пайдалану етек алды. Осыған байланысты: 1992-1993 жылдары мемлекетте 462 кітапханалар мен 122 клуб мекемелері жабылды. Бұл кезеңде көп мәдени-ағарту мекемеле-рінің жабылу себебі, келушілер санының аздығы мен олардың жұмыстарының тиімсіздігі болды. Нарық қатынасына ауысу мәдениет саласындағы басты проблеманы жарқыратып көрсетті. Ол проблема: қаржы, маркетинг, менеджмент бойынша сауатты мамандардың жоқтығы болатын.
Қазақстан ұлттық өнеркәсібін құрылымдық қайта ұйымдастырудың бірінші жылдарындағы экономикалық басталуы тұрғын үй құрлысының көлемі тез қысқаруына алып келді. (1991 жылы 6130 мың квадрат метр тұрғын үй көлемі әрекетке енгізілген еді,1992 жылы-5046 мың квадрат метр, 1993—3797[21] мың квадрат метр) мұны көбінесе мемлекет қаржыландыратын еді. Мемлекеттік емес тұрғын үй нарығы сол кезде енді құрыла бастаған және барлық сұранысты қанағаттындыра алмайтын.
1993 жылы салыстырған өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқан жас отбасылар саны екі есеге қысқарды. Осы жылдары түрлі топтар арасындағы тұрғын үй қорын үлестіру өзгерді. Ауысу нәтижесінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан оң құндылықтар жүйесі бұзылды, оның орнына әлеуметтік саяси бейімдеушілік, сенімсіздік пен керенаулық келді. Жаңа құндылықты қабылдамау және әлеуметтік бағдарды жоғалту Қазақстанда қылмыстың көбеюіне алып келді. Жүйелі дағдарыс пен әлеуметтік саясаттың комунистік түрінің апатының басты практикалық қызметі шегіне жеткен әлеуметтік мәселелер мен олардың көлемінің бағасын көтеру болды. Бұл дағдарыс жағдайында әлеуметтік саясаттың қозғалысы мен приоритеттерін белгілеуге мүмкіндік беретін еді. Дәл осы кезеңде халықтың бай мен кедей топтарының арасындағы тұңғиықтың тереңдеу тенденциясы сақтала берді. 1993 жылдан бастап Қазақстанда күнелту минимуна баға берілді. Бұл жалпы елде әрдайым өсу тенденциясын қалыптастырды. Бірақ мемлекетте осы уақытқа дейін ресми белгіленген кедейлер категориясына жататын халықтар жоқ және халықтың орташа табысын анықтайтын мәлімет жоқ. Мұндай белгілердің жоқтығы мемлекетте кедейлік мөлшерін анықтауды қиындата түсті.
Қазақстандық отбасылардың жалпы пайда сомасында түсім салығы үлесінің өсу тенденциясы сақтала берді. Бұл кезеңде (1993-1995 жылдары) салық жүйесі адамның табысының көп бөлігін қамтыды, соған қарамастан қосымша пайда табуға рұқсат берілмеді. Халықтың шынайы табысының төмендеуінің тағы бір себебі: инфлятцияның нәтижесінен болған әлеуметтік кепілдіктің төмен болуы, еңбек ақының аздығы. Қазақстан халқының үлкен бөлігінің тұрмыс дедгейінің төмендеуі адам басына ВВП көрсеткішінің төмендеуімен дәлелденді 1993-1995 жылдары ( 1993 жылы-3751 $, 1994 жылы-2909 ), 1995 жылы-2757 $)[22] әсіресе ауыр жағдай аграрлы аудандарда болды. Ондағы халықтың үлкен бөлігінің күнелтуі минимум шегінен төмен болды. Ауыл тұрғындары ауыспалы кезең алдында осал болды. Колхозшылар мен ауыл шаруашылық кәсіпорындар ұжымының жұмысшыларының орта айлық еңбек ақысы өнеркәсіп саласындағы орта айлык еңбек ақысына қарағанда екі және оданда төмен болды. (1993 жылы 60 және 156,3 теңгеге сәйкес, 1994 жылы 733-2539 теңге, 1995 жылы—2122 және 7005,5 теңге) тереңделген әлеуметтік дифферентцация процесінде Қазақстан халқының кедей топтарының саны өсті, ал байлар үлесі сол күйінде қалды. Бұл жағдайда байлар мен кедейлер арасындағы орта таптың жойылуына қауіп тудырды. Осының нәтижесінде түтынушы нарығының екі түрі пайда болды, ал ондағы бағалар деңгейі арасында 3-5 есе айырмашылық болды. Екі полюс пайда болды, элиталы, екіншісі кедейленген халық. 1993 жылдан бастап жұмыссыздық деңгейінің бірте-бірте жоғарлауы басталды. 1993-1995 жылы еңбек секторында үкімет ролін делдалдық пен жұмысқа орналастыру қызметін қамтамасыз етуге алып келді. Еңбек секторында өкіметтің міндеті мыналар болды:
а)жұмыссыздар, қысқаруға ұшырағандар, жаңа мамандыққа ие болғысы келгендерді қайта даярлау.
б)жұмыс іздеушілерді потенциалды қабылдаушылармен қосу.
в)осал, бақталасқа жарамайтын адамдарды (әйелдер, жастар, жас өспірімдер мен мүгедектер) жұмыспен қамтамасыз ету.
г)экологиялық апаттардан зардап шекен облыстар үшін арнайы жұмыс бастылык програмасын жүзеге асыру және өндеу.
д)қысқа мерзімдік қыскарту тоқтату үшін өндіріс базасына жәрдем.
Ашық жұмыссыздык деңгейі әрдайым өсіп отырды (1993 жылы—40514 адам, 1994 жылы—70078 адам, 1995 жылы-139557 адам) [23]. Қазақстанда еңбек нарқының басты проблемасы ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейінің жоғары болып калуы болды. Қазакстандык еңбек нарығынын келесі ерекшелігі жұмыссыз әйелдердің жоғары пайызы болды және бұл көрсеткіш әрдайым өсіп отырды (1994 жылы 45409 адам, 1995 жылы—83892 адам) [24] жұмыс бастылық қызметі 1991 жылы құрылды және еңбек ақы қорынан, салық қорынан бөлінген екі процентпен қаржыландырды. 1991 жылы енгізілген жұмыссыздарға жәрдем ақша, жұмыс бастылық қор қаржысымен қаржыландырылды және бұл мемлекеттің әр аймағында әр түрлі мөлшерде болды. Нәтижесінде жәрдем ақы көлемі үлкен рөл атқарды. Өйткені осы арқылы жұмыссыздықты тіркеу дәрежесі анықталды. 1994 жылға шейін Қазақстанда сақтандыру жүйесі болмады. Бұны әлеуметтік қамтамассыздандыру жүйесі ауыстырып отырған болатын. Мемлекет зейнетақымен және халықгың түрлі топтарын әлеуметтік қорғау мәселесіне көңіл бөлді. 1994 жылы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дамуы нәтижесінде сапалы жаңа кезең басталды. Ол үлкен мекен-жайлық көмек пен мемлекеттік араласудьщ кеңейуімен ерекшелінеді. 1994 жылы 1 сәуірінен бастап республикада әлеуметтік жеңілдік көрсету механизмі енгізілді.Осы кезенде әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек түсініктері дифференцияцияланады. Әлеуметтік сақтандаруды терең өзгерту, оларды нарықтық экономика талаптарына сәйкес етуді қажет етті. Әлеуметтік корғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының жолдамасы ретінде, өте маңызды, өйткені барлық елдерде халықтың көпшілік бөлігін жұмысшылар құрайды. Олардың басты және жалғыз пайдасы -еңбек ақы болып табылады. Сондықтан олар экономикалық осал жандар. Тағы да мемлекетте жұмысқа жарамсыз адамдар мен және жұмысқа жарамдылығы төмен жетілген адамдардың көп бөлігі мемлекеттен ерекше көмек тілейді. Зейнетақы жүйесі тереңдетілді, өйткені 1993-1995 жылдар аралығында зейнеткерлер саны 2857000 адамнан (1993 жылы) 2939000 адамға дейін (1995 жылы) өсті. Бұл дегеніміз 1 қаңтарында зейнеткерлер бүкіл халыктың 1/5 бөлігін құрады. Ақырында зейнеткерлердің өсуі мемлекеттің "Зейнет қорына" ауырлық түсірді.1995 жылға дейін Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі өте ауыр жағдайда болды және құқықтық базаның жоқтығымен материалды, техникалық базаның ескеруімен, саланы жеткіліксіз қаржыландырумен және мемлекеттік емес сектордың жоқтығымен сипатталды. Превентивті медициналық қызметтің жоқтығы, оның тегіндігі мен тура еместігі, медициналық қызметті көрсетуде төмен деңгейлік, денсаулық сақтау саласының осалдығын күшейтті.
Экологиялық проблемалар, санитарлы-эпидемиялык жағдайдың төмендеуі, вирусты-инфекциялық аурулардың кең таралуы бір жағынан дәрі-дәрмектік жетіспеуінен, медициналық көмектің төмендеуіне, ал екінші жағынан халықтың денсаулығының төмендеуіне, өлім деңгейінің өсуіне және табиғи туылудың азаюына, сонымен қатар аналар мен сәбилердің көптеп өлуіне алып келді. Бұл жағдайлар Қазақстан республикасында 1995 жылдың ортасында "Денсаулық сақтау" туралы заңды қарастыруға алып келді.
1993-1995 жылдары Қазақстанның демографиялық жағдайы өте қиын болып қала берді. Халықтың өсу темпінің қысқаруы жалғасты. Кейбір аудандарда Бұл халықтың депопуляциясына (қырылу) процесіне айналу қаупі төнді. Бұл халықтың басқа ұлт өкілдерінің еліне көшуімен қосылып (1993 жылы мемлекеттен 683,5 мың адам көшіп кетті, 1994 жылы 811,3 мың адам көшті) демографиялық жағдайды одан әрі қиындатып жіберді. Сонымен қатар осы кезде жұмысқа жарамды жастағы ерлердің өлу деңгейі үлкен және қатерлі көлемде болды. 1990 және 1994 жылдары көлемінде орта өмір ұзақтығы Қазақстанда ерлерде 3,1 жылға және әйелдерде 2,0-те төмендеді. Ортақ жас осы жылдары ерлерде 71,1 жас болса, әйелдерде 60,7 жас болды.
Сонымен қатар осы жылдары айырылысудың нәтижесінде отбасы санының азайуы демографиялық балансқа өзінің кері әсерін тигізді. Жоғарыда көрсетілген мәселелерге байланысты демографиялық саясаттың алдында: тууды көбейту және халықтың табиғи өсуін көбейту, жас отбасыларға мемлекеттік қолдау және халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру сияқты мәселелер қойылды. 1992-1993 жылдары басталған Қазақстанның білім беру жүйесінің реформасының нәтижесі: орта білім беру саласында үміт етерлік нәтиже берді. Бұл кезде мектеп, гимназия және лицейлерде ұлттық білім беру жүйесі де дами бастады. Оқулықтар мен қаржының жетіспеуі білім саласында біраз қиыншылықтар туғызды. Оқулықтардың шығуы 1991 жылы қарағанда екі есе төмендеді. Компьютермен қамтамасыздандыру жүйесінде 1991 жылы бір мектепте 5,1 компьютерге келді. қаржының жетіспеу салдарынан мектептерде жұмыс орындары қысқарды. Бұл өз кезеңінде училищелердің жабылуына алып келді. 1993-1995 жылдары ғылым жүйесі Қазақстанда бұрынғысынша ауыр дағдарыс жағдайында болды. Қаржыландыру көлемінің қысқаруы, ғылыми өнімге сұраныстын төмен болуы Қазақстандық ғылымның өз-өзінен құлау процесінің дамуына алып келді. Жаңа ғылыми зерттеулерді қаржыландыра алатын отандық жеке қор жүйесінің жоқтығы, ғылымды дамытуда қосымша пайда көзін тандау шын мәнінде шектелген еді. Осы кезеңде Қазақстан мәдениетінің жағдайы жыларлық десе де болады. Мемлекеттік әлеуметтік кепілдікке сүйенетін мәдени қызмет кұлау ширегін де тұрды. Мәдени-ағарту мекемелердің саны қысқара берді. 1995 жылы мемлекеттік кітапханалар 491 бірлікке қысқарды. 1994 жылы жұмыс істеген 3226 мәдени мекемеден, 1995 жылы шамамен 2887 мекеме қалды. Бұл мәдени мекемелердің тиімсіздігі мен келушілер санының аздығынан болатын. Бұл идеологиялық сфераға да байланысты болды. Коммунистік идеология құлағаннан кейін діни кітаптар көбейді, әсіресе мұсылмандық діни орталықтар саны көбейді. Тұрғын үй мәселесінде тұрғын үймен қамтамассыз етілген отбасылар саны қысқару тенденциясы жалғасты.
1995 жылдың ортасынан бастап мемлекеттік реформаның басты мақсаты елде тұрақты жағдай орнату, яғни Қазақстан қоғамындағы халықтың жоғарғы деңгейде өмір сүруіне жағдай жасау болды. Дәл осы кезде өкімет әлеуметтік доктрины өңдеуге кірісті. Мұның басты мақсаты республика халқын әлеуметтік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, мемлекеттік механизмдердің құрылуы болды. Бұл консцептуальды жұмыста әлеуметтік саясаттың келесі ерекшеліктері бөлінді:
•елде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және тұрақтандыру. Жаңа конститутцияда белгіленген басқарудың формасы оның басты кепілі болып табылады;
•әлеуметтік саланы нарық қатынасының белсенді обьектісіне айналдыру;
•рухани өндіріс саласында реформаны құқықпен бірлесе жүргізуін қамтамасыз ету;
•әлеуметтік бағдар алған реформа концепциясы әлеуметтік саясаты приоритетін шын мәнінде қарастыратын. Олардың міндетті;
•тұтыну мен табыс дифференциясын бақылау жолымен адамның сапалы дамуының төмендеуін жою және тоқтату, тұтыну мен табыстың орта деңгей, мемлекеттік білім үлгісін жүзеге асыру ғылым деңгейін дамыту, жұмыссыздық, кедейлік деңгейін дамыту;
•позитивті үйренудің әлеуметтік родикалды өзгеріске түрткі болуы, экономикалық белсенді адамдар стимулын құру;
•халықтың экономикалық белсенділігін дамыту;
•нарық механизмі мен құралдарының рөлінің күшеюуі, халықтың қаржысы мен түсімін, инвестициясын, әлеуметтік жүйені қамтамасыз етуді қаржыландыруға тарту;
•әлеуметтік қамқорлық, медициналық қызмет, білімнің мемлекеттік жүйесі маңызында түрлі деңгейдегі бюджетті құру;
•қоршаған ортаның деградациялаудан сақтау. "Кедейлікпен1' күрес жаңа әлеуметтік саясаттың ерекшіліктерінің бірі болды.
Бұл жүйедегі жағдай әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуі мен әлеуметтік дифференцияциялаумен, күшеюуімен сипатталады. Кедейлік қазір тек халықтың тұрмыс көрсеткіші ретінде көрінбейді сонымен қатар барлық қоғамның "көңіл күйін" білдіреді. Қаржы қоры шектелген жағдайда кедейлікпен күрес мынандай болу керек: халықтың әлеуметтік осал топтарына тіке адрестік қолдауды күшейту бірінші кезекте жұмыссыздар, әйелдер, жастар мен мүгедектер түрлі қаржылай жеңілдіктер көрсету. "Қазақстан Республикасында күнелту минимумы туралы" заңның қабылдануы кәсіпорындар мен жергілікті билік орындарынан материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді жоғарлату, әлеуметтік төлемді есептеу үшін төлем көрсеткішін енгізу. Зейнетақы жүйесін жүзеге асыру стратегиялық тәртіпте және кейінге қалдыруға болмайтын мәселелерді шешуді болжайды. Солардың ішінде мыналарды бөліп айтуға болады:
• зейнетақымен тұрақты қамтамасыз ету, тура индекцация, қосымша және компенцациямен бірге жүру және тағы басқа;
•адрестік әлеуметтік көмек көрсетуді күшейту. Ол мына жолдармен жүзеге асады:
а)кедейлік белгісімен, күнелту минимум деңгейін ресми белгілеу;
б)жәрдем ақша алуды тәртіпке келтіру;
•балалы отбасыларға жәрдем аьды туралы заңның қайта өнделуі;
•аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік — тұрмыс жүйесін тексеру және тәртіпке келтіру.
1997 жылы денсаулық сақтауды қаржылаңдырудағы шығын бір адамға 46898,4 миллион теңгеге немесе 2,71 процент. 1997 жылы бір адамға шығын 3720 теңгені құрды. 1996 жылы 1 қарашадан бастап мемлекетте ауруды қарау тек сақтандыру полисімен ғана жүзеге асырылды.
Білім жүйесіндегі реформаның бірінші нәтижесі дифференцияланған білімге ауысу болды: яғни білім мекемесі, білім профилі, программасы, оқулықтар, ақырғы емтихан мен білім алу формасын таңдау. Қазақстандық оқулықтар мен оқуметодикалық комплексін ортақ білім беру мектептерде уақытша құрылды. 1995 жылдан бастап мемлекет саясатының мәдени саласында жаңа кезең басталды, осы өрісті дамытуда стратегиялық приоритеттерін белгілеу кезеңі. Осы кезеңде мемлекеттік саясат мәдени өрістерді қаржыландыру, мәдени өрісті функциялау механизмін белгілеу проритетін жаңа база құруға жолданды. 1996 жылы ғылым саласы оның модернизациялануымен сипатталды. Осы кезеңде ғылым министрлігінде жаңа технологияның ұлттық Ғылым Академиясымен мен ауылшаруашылық ғылым академиясының қосылуы болды. Жаңа құрылым Ғылым Министрлігі- Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы салаларды тиімді жүзеге асыру жағдайын құруға шақырылған еді. Қабылданған шаралар— нарыққа ауысуы жағдайындағы қажеттілік, бірақ олар ғылым құндылықтарын девальватциялауға алып келуі мүмкін еді.
Тұрғын үй саласында: тұрғын үй саясатының басты мағынасы президенттің Қазақстан халқына жіберген үндеуінде көрінген еді. "1997 жыл ішік және сыртқы саясаттың басты жолдары мен елдегі жағдай туралы." Қазір "...әр азамат пайда көлеміне қарамастан, тек аз ақшасына тұрғьш үйді құру немесе сатып алу қажет"[25] деген сөзімен сипатталды.
Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты келесі үш кезеңмен сипатталады:
•Бірінші этапта (1991-1993 жж.) ескі әлеуметтік саланы басқару әдісін жаңа экономикалық және саяси жағдайға ауыстыру;
•Екішігі кезең (1993-1995 жж.) қоғамдағы көрініс пен дағдарыс процессінің өсуі халықгы әлеуметтік қорғаудың ұлттық механизмінің қирау процесінің басталуымен сипатталады;
•1995-1997 жылдары үшінші кезең ; дәл осы кезенде әлеуметтік реформаны жүзеге асыру басталды.
Реформаның басты мінездемесі: бюджет қаржысын шығындау есебінен әлеуметтік саланы экономикалық қамтамасыз етуге жаңа жолдарды енгізу, жеке құқығын тәртіпке келтіру мен қаржыландыруға бюджеттік емес көздерді тарту. Қазақстандағы реформаның стратегиялық мақсаты шын мәнінде нәтижеге жету болды. Реформаның әлеуметтік бағдары: тактика, стратегия, қаржы базасы, заң шығарушы құқықтық қамтамасыз ету мен басқару шараларының бір—біріне байланыстылығын талап етеді. Әлеуметтік—мәдени ортаны жаңартуда мемлеттік рөлі: әлеуметтік шығындарды болдырмаудың жолын іздеу. Өтпелі кезендегі әлеуметтік-мәдени ортаның жай-күйіне талдау жасағанда, оның жағдайының күрделі және біркелкі емес екендігін көрсетті.
Мемлекет пен кәсіпорындардың нарықтық экономикаға көшу мезгілінде қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау туралы 1995-1997 жылдары қабылдаған әртүрлі шараларына қарамастан, әлеуметтік ортаны өзгерту қиын және ауыр жүрді. Жаңа қалыптасып келе жатқан жағдайда жүргізілген күрделі бұрынғы әлеуметтік, экономикалық және саяси қатынастарды күрделі өзгертуден халық кері әсерді басынан кешті. Сонымен бірге, мемлекетте экономикалық жүйенің ауысуы кезеңінде әлеуметтік ортаның жұмыс істеуі моделі ауысуға тиіс кезенде денсаулық, білім беру, мәдениет, ғылым және әлеуметтік ортаның басқа да салалары нашарлап кеткенін бұрынғы кеңестік әлеуметтік жүйенің қазіргі жаңа экономикалық және өндірістік қатынастарға сай болмауынан болып келді және бұл сай келмеушілік жылдан-жылға күрделене берді.
Экономикалық сферада кедейліктің өсуі жағдайында болған (1993-1994 жылдары) әлеуметтік мәселелері, өкінішке орай, мемлекеттің бірінші кезекті назарында болмады. Осылар жөне әлеуметтік ортаның мемлекеттік және бюрократтық сипаттамасы, оның жоспарлығы мен тегіншілігі, бізге мұра болып қалған қаржыландырудың "қалдық принципі", басқарудың әкімшілік әдісі экономикалық қажеттілік принципіне өткір қарама-қайшылықтар кіріп, әлеуметтік ортаның дағдарысына алып келді. Посткоммунистік қоғамның әлеуметтік сферадағы дағдарысы нарықтық экономикалык қатынастардың енгізу жағдайында әлеуметтік саясаттың түрлі кемшіліктерін толықтыратын кейбір қосымша шараларды Қазақстанның қазіргі мен келешегі үшін тіпті басқа негізделғен әлеуметтік ортаның барлық салаларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құрама,жан-жақты жүйені қалыптастыруды талап етеді. Жаңа меншік, өндіріс пен тұтынуды бөлісуге сай әлеуметтік ортаны қалыптастыру тек қоғам мүддесін қорғау маңызды ғана емес, сонымен бірге, Қазақстанда іске асырылып жатқан өзгерістерді жетілдіру мен мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық реформаларды іске асыру, отанымызда әлеуметтік саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін де өте кажет. Дағдарыс экономикасын өтпелі кезенде әлеуметтік жүйелердің салалығына жету, азаматтардың өмір сүру үшін жаңа экономикалық жағдайларға жету өте қиын. Бұл жерде тек әлеуметтік ортаның түзетіп қоя салу туралы емес, әңгіме әлеуметтік қорғаудың жаңа уақытылы адресті жүйесін, денсаулығын сақтаудың, білім берудің қоғамдық жүйесін құру туралы болып отыр. Қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік -мәдени ортаның өзгеру ерекшелігі—жаңа қоғамдық құрылымдарды жасау, мемлекеттіктерден ерекше, тарихи даму мен табиғи жетілу жолдары бойынша емес, мемлекет билігі бағытта отырған мақсатылық және тездетілген процесс болды. Әлеуметтік ортаны өзгерту, қайта құру қоғамдық саланы тұтас алғанда посткеңестік менталитетті өзгертумен байланысты терең процесстерді қозғайды. Бұл мынаны білдіреді: мемлекеттік саясат тек қоғамдық ережелер мен құрылыстық өзгерістерге бағытталған болуы тиісті емес, ол сананың мүлдем жаңа түрлерін, экономикалық моделді, саяси тәртіпті және адамдар арасындағы еңбек қатынастарды қалыптастыруға бағытталған болуға тиіс. Тоталитарлық, Кеңестік, ескілік қанша кері бағаланса да, социалистік ескілікке тән ерекше қоғамдық құралдарды, ерекше өмірлік көзқарасты, ерекше менталитетті Қазақстандықтардан жою оңайға түспейді және жақын арада жүзеге асуы мүмкін емес. Бірінші кезекте бұл адамдардың әлеуметтік ортадағы, өз уақытыңда тегін болған, кейбір жетістіктерге байланысты. Бұл салада Кеңес жүйесінде әлеуметтік ортада шын мәнінде жетістіктерге жеткені де рас. Осыған байланысты республика жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат өте икемді және халқымыздың көпшілігінің санасындағы либералдық-демократиялық түсініктеріне сай келуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |