Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы.



жүктеу 1,02 Mb.
бет4/4
Дата14.05.2018
өлшемі1,02 Mb.
#12894
түріДиплом
1   2   3   4

ҚОРЫТЫНДЫ

Әлеуметтік саясаттың мағынасын және егемендік алғаннан кейінгі жағдайын салыстырып, және осы "Тәуелсіздік алғалы бергі" жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясатты қарастыра келе, мынандай негізгі қортынды жасауға боладьт. Кез—келген мемлекеттін ішкі саясатының негізгі бағытының бірі—ол "Әлеуметтік саясат". Ал "Әлеуметтік саясаттың" негізгі мақсаты: қоғамды белгілі бір тұрақтылыққа, тендікке жеткізу. Әлеуметтік саясат мемлекеттік жүйеде негізгі рөль ойнайды. Әлеуметтік саясат бағытын дұрыс таңдау; халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары деңгейлі болуының кепілі. Постсоциалистік елдердің, оның ішінде Қазақстанның "Жабық" қоғамнан "ашық" қоғамға өтуі, оның саясатында, экономикасында және мәдени саласында плюралистік сипаттың пайда болуына әкелді. Саяси жүйенің жаңаруы, сонымен бірге әлеуметтік саясаттың өзгеруімен қатар жүрді. Ал әлеуметтік саясаттың өзгеруі, өз кезегіңде жаңа жоне ескі әлеуметтік проблемалардың пайда болуына алып келді. Бұл қоғамда екі топтың 1) әлсіз, 2) күшті пайда болуына әсерін тигізеді. Мұнда: күшті топ: өтпелі кезде күш жинаған топ, осыған байланысты ол әлеуметтік салаға мемлекеттік патернализмнің (жанашарлықтың) болғанын қаламайды. Ал әлсіз топ бүған қарама - қарсы бағытты қалайды. Дегенмен білім беру денсаулық сақгау, мәдениеттің белгілі бір түрлері, салалары тегін жүргізілді. Мемлекет азаматтарды, халықтардың көбеюіне қажетті жағдайлармен көмектесіп отырды. Мемлекеттік патернализмнің кемшіліктерімен қатар, артықшылықтары да болды. Мемлекеттік патернализмнің тоқырауының басты кемшілігі : әлеуметтік, экономикалық және саяси процесстердің жоғары деңгейде болуы.

Тәуелсіз Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты келесі 3 кезеңнен тұрады:

•Бірінші кезең (1991 - 1993 жж.) ескі әлеуметтік саланы
басқарудың әдістерінен, жаңа экономикалык және саяси
жағдайларға көшу.

•Екінші кезең (1993 — 1995 жж.) халыққа әлеуметтік көмектің


дәстүрлі механизмдерін бұзу кезеңі.

•Үшінші кезең (1995-1997 жж.) әлеуметтік саланы реформалау кезеңі.



Бұл реформалар: жаңа экономикаға байланысты әлеуметтік саланы қаржыландыру, мемлекеттен тыс қаржыландыру көздерін тарту және меншікті құкықты реттеуге бағытталды. Бұл реформалар жүзеге асуы үшін барлық саяси күштер нақты бір бағыт "әлеуметтік саясатқа" тоғысуы керек. Әлеуметтік саясат пен мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттың тығыз байланыста болуы, негізгі бағытты саяси реформаларға бұруды қажет етеді.

Қазақстан саяси трансформациялануына айтарлықтай әсер еткен: бүкіл халықгың референдумдар. Атап айтқанда президентіміз Н.А.Назарбаевтың "өкілдік мерзімін" ұзарту жайлы және 1995 жылғы конститутцияны қабылдау туралы реформалар. Қазақстан қоғамының тұрақтылық пен халықаралық келісімде өмір сүруі үшін. Қазақстан халықтар ассамблеясы, Конститутциялық сотпен бірге "Президенттік өкілдікті 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкіл халықтың референдум өткізейік" деген ой айтқан болатын. 29 сәуір 1995 жылы Қазақстан Республикасында бүкіл халықтық референдум өтті. "Республика президенті Н.А.Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға" халықтың 95,46 % немесе дауыс берген 7932834 адамның (91,21 % не 8309637 адам) дауыс берді. Осылайша Қазақстанда неміс ғалымы М.Вебердің басшылығымен пайда болған "демократияның плебицитарлы моделі" жүмыс істей бастады. Бұл дегеніміз харизматикалық көсемнің өз халқынан қолдау табуы.

Сонымен бірге Қазақстан саяси жүйесінде тағы бір өзгеріс, ол парламенттік институттың өзгеруі болып табылады. Осылайша Қазақстан қоғамында "саяси билік" айтарлықтай өзгеріске түсті. Осы өзгерістер нәтижесінде саяси институттардың қызметтері де айтарлықтай өзгерді. Азаматтық қоғам мен мемлекет арасында байланысты нығайту мақсатында саяси жүйе жаңа әлеуметтік мақсаттарға бейімделді және жаңа институттар қалыптасты. Әлеуметтік мәселелердің көптігі және өткірлігі ел президентінің әр жылғы жолдауында осы салаға ерекше көңіл бөлуге және арнайы бағытталған реформалар қабылдауға негіз болады.

Салмақты және бағдарламалық әлеуметтік саясатты жүргізу кез—келген мемлекеттің алдында тұрған нақты мақсат ол бағытталған реформа — экономикасы өтпелі деңгейде тұрған мемлекет үшін, каржыға байланысты, қиын саяси мәселе. Сондықтан осындай мемлекеттер үшін шешуші әлеуметтік мәселелерді, атап айтсақ: жүмыссыздыққа, кедейшілікке байланысты, адамның жаңа экономикалық, саяси, әлеуметтік шарттарға бейімделуіне қатысты қажетті бағыттар тандап, олардың орындауын қадағалау керек. Тандалған әлеуметтік саясаттың бағыты: нақты халықтан, кедейленген жоне әлеуметтік қорғалған бөлігінің санын білу және әлеуметтік экономикалық қажетті қанағаттандыру керек. Экономикалық тұрақтылық пен еңбек нарығының жұмсақ түрін тандаған соңда, мемлекет, бұл көмек көрсетілмей қалған топтарға жеке адрестік көмек көрсету керек.



Әлеуметтік саясаттың неғізгі мақсаттарыньщ бірі: әлеуметтік қайшылықты шешу, қоғамның қызығушылығын реттеу. Әлеуметтік саясатты қалыптастыруда және жүргізуде қиын кезек күттірмейтін мәселелердің бірі: әлеуметтік приоритет. Адамдарда әсіресе, тұрмысы төмен бөліктердің дұрыс, көтеріңкі әлеуметтік көңіл—күй қалыптастыру, әлеуметтік көмек пен мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асады. Осыған сәйкес мемлекеттік көмек, әлеуметтік жәрдемді қажет етуші топтарға жүргізіледі. Әлеуметтік көмектің жеткіліксіздігі ең бірінші кезекте елдегі саяси тұрақтылықка әсер етеді. Сол үшін алғашқы кезекте мемлекеттің экономикалық өсуінде шешуші орын алатын еңбектік өндірісті көтеру керек. Осыған байланысты әлеуметтік саясатты мына топтарға бөлуге болады:

  1. Кедейшілікпен күрес.

  2. Адам "табысын" сақтау.

  3. Адам "табысын" экономика қажеттігіне бейімдеу.

Өмір деңгейін көтеру, әлеуметтік төлемді жоғарлату 4 негізгі факторға байланысты: табыс, экономикалық өсуді реттеу, жүмыс күшінің мобильділігі және қарттық жағдай. Бұның ішінде маңыздысы: Экономиканың өсу және әлеуметтік көмектің тиімді жүйесі. Ерекше белсенді мәселе - зейнеттік қамсыздандыру. Сондықган зейнеткерлік туралы нақты қысқа уақыттық реформа керек. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында зейнеткерлік жәрдем және ақы халықтың көпшілік бөлігін қамтыды, бірақ одақтық кезенде Қазақстанда зейнеткете 3 адам келді, ал қазір —1,8. Келесі әлеуметтік, әмбебап мәселені бірі—жұмыссыздық және нарыққа бейімделген, жоғары мамандардың жеткіліксіздігі. Бұл кемшіліктерді жою үшін: жұмыссыздарға жәрдем ақы беру, жаңа жүмыс орындарын салу, жүмысшыларды зандық негізде қорғау, жұмыссыздықпен күресу, азаматтарды кәсіби оқыту секілді іс -шараларды жүзеге асыру керек. Білім саласындағы реформалар: болашақта маңызы бар мамандар дайындау, ол мамандар азаматтарда қоғам өміріне араласуға көмектесуі керек. Білім саласындағы реформалардың тапсырмасы: бірінші кезекте финанстық миханизмді өзгертумен, оқу жоспарын өзгерту және білім реформасын ұйымдастыру болып табылады. Денсаулық сақтау саласында: халықтың денсаулығын жақсарту, өмір сүру деңгейін ұзарту, өлім және аурулардың санын қысқарту мәселелеріне көңіл бөлу керек. Бұл мәселелер жүзеге асыру мемлекеттің экономикалық өсуіне әсерін тигізеді, өйткені адам капиталы айтарлықтай бұл салаға әсерін тигізеді.

Мәдениет саласыңда негізгі мәселе, барлық әлеуметтік салалардағы секілді қаржыландыру мәселесі. Сондықтан қаржыландырудың жаңа көздерін тауып оларды тиімді жұмсай білу керек. Әлеуметтік саланы реформалау туралы айта келе белгілі бір әлеуметтік қаржыландыру туралы жаңа бағдарламалар қабылдау керек. Әлеуметтік сала идеологиялык бағыттардан және мемлекеттік патернализмнен құтылып, әлеуметтік салалары және мемлекеттік емес жеке демократиялық және либерализатциялау секторларға көңіл бөлу қажет.

Осылайша, әлеуметтік сала реформасы: радикалды өзгеріске түсуі, яғни ұйымдастырушылық, экономикалық, нормативті -қүқықтық, концептуалды, бағдарламалық өзгеріске түсіп, біз таңдаған нарықтық экономикалық, саяси демократиялық бағытта дами беруі керек.

Осы бағытта дамуда Қазақстан және де сонымен қатар оңтүстік қазақстанда бірталай жетістіктерге жетті. Өркен жая түскен экономика әлеуметтік міндеттерді де ойдағыдай шешуге мүмкіндік беруде. Кейінгі 3-4 жылдың ішінде ғана адамдарымыздың жан басына шаққандағы номиналды ақша кірісі 40 %- ға, нақты кірісі 16 % - ға жуық артты. Барлық әлеуметтік жәрдем ақы мен зейнетақы, бюджет ұйымдарындағы жалақы уақытылы төленіп келеді. Зейнетақының ең төменгі мөлшері 1999 жылғы 3 мың теңгеден 2003 жылы 6 мың теңгеге, яғни бір есе өсті. Сонымен бірге 2004-2005 жылдардан бастап зейнетақының көлемі тағы да артты. Жұмыс орындарының да саны артып келеді. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың еңбекке тартылуы 96,7 % - ға жетті. Тек ірі және орта кәсіп орындарда жұмыс істейтін адамдар саны 8,4 % көбейді.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Елдегі жағдай және 2003-2006 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы", "Қазақстан халқына жолдауына", "Әлеуметтік салаға" ерекше көңіл бөлді. Бұған тоқталар болсақ: Биылғы 2006 жылдағы 28-ақпандағы "Көп балалы аналарға" халық ахуалына қатысты стратегиялық міндеттерді шешу көп ретте біздің денсаулық сақтаудың сапасымен, халықтың халықтың әл ауқатын айқындалатын болады деген болатын. "Соңғы жылдары біз ана және сәби өлімінің төмендеуіне қол жеткізіп келеміз. Өткір ішек инфекцияларымен және вирустық гепатитпен, бактериялық дифтериямен, сүзекпен ауру азайды. Ең қауіпті дерт-полиомиелит жойылды. Медициналық қызығушылық сапасын жақсарту мен оның баршаға ашық болуын қамтамасыз ету хақында қоғамның қойып отырған талабын орындау керек.

Білім беру саласында: онбес жылдықтың соңына дейін Қазақстандық жоғары білім беру жүйесін ТМД-ң басқа елдерінің ең алдымен, Рессейдің, сондай - ақ, Орталық және Шығыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің білім жүйелерімен бәсекелестік дәрежеде болуын қалаған болатын. Мемлекеттік мәселелердің қызметкерлері: дәрігерлердің, мүғалімдердің және бюджет саласындағы басқа да қызметкерлердің, соның ішінде бастықтардың емес, қатардағы қызметкерлердің лауазымдық жалақыларға көтеру қажеттігін айтқан болатын. Бұл зейнетақы мен жалақыны арттыру біздің 2,7 миллион азаматты қамтиды екен.

Кез—келген мемлекеттің, соның ішінде Қазақстан да негізін құрайтын әлеуметтік топ. Әлеуметтік топтың, яғни халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру дегеніміз, мемлекеттің экономикасын көтеру деген сөз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай "Тәуелсіздік алған жылдардан бері нақты демократиялық институттар орныққан қоғам" құрды. Ал енді осы демократиялық институттарды біз халықтардың жоғары деңгейде өмір сүруге бағытталуымыз керек.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. НА. Назарбаев. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда. 11-октября 1997 г.

2. Аида Асқарова. Аймақтағы әлеуметтік жағдай №7 2003 Ақиқат 76 – 78 б.



3. Р.К.Алиев.,В.Д.Кокеев. З.М. Джанпаизова. /Саяси терминдер мен ұғымдар сездш. Шымкент.- 2ООО.-59б./1О-бет/.

4. Облыс әкімі есеп берді, қандай ой түйіндедік//Оңтүстік Қазақстан -2006 1 ақпан - 2 б.



5. Жуков.В.ИДСрасновБ.И. / Политология./ Москва,-1995.

6. Досымбай Е. Былтыр есеп беру қалай өтті, нені анықтады? //Оңтүстік Қазақстан 2006 – 2007 25 – қаңтар – 1б.



7. Политология: Энциклопедический словарь /Общ.ред.и сост; Ю.И.Аверьнов/. М., Изд-во Моек коммерч.ун-та, -1993.-358с.

8. ОҚО 2006 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі қорытындылары //Оңтүстік Қазақстан 2006 20 қаңтар 2 б.



9. Берк Э. Размышления о революции во Франции. М.,1993.

10. Ш.Өмірзақ Мемлекет қызметкерлер халыққа пайдалы пайдалы мәселемен айналысу керек. //Оңтүстік Қазақстан 2006 21 қараша 1 б.



11. Политология: Энциклопедический словарь. С. 139-141.

Гарбузов В.Н.,Консерватизм: понятие и типология (историографический обзор)// Полис. 1995. 4, С.68.

12. ОҚО әкімнің өкімі: ОҚО әкімі Ө. Шөкеевтің облыс және қала әкімшілігіндегі аппараттарға өзгерістер. // Оңтүстік Қазақстан 2006 28 қыркүйек 1 б.

13. Статистический ежегодник Казахстана за 1994 г. Алматы, 1994 г./57-бет./

14. Отчет Межведомственной Комиссии ООН по неотложным социальным вопросам в Казахстане. Алматы. 16 марта 1994г, /22-бет/.

15. Оценочный отчет. Республика Казахстан. Проект

социальной зашиты.Т. 1. Документ Всемиррного Банка. /11-бет/.

16. Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1995. Алматы. 995./31бет/.

17. Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1996. Алматы. 1996 г./34 бет./.

18. Осы жерде./34бет/.

19. Статистический ежегодник Казахстана за 1994./25-бет/.

20. Осы жерде./ 126-бет/.

21. Отчет Межведомственной Комиссии ООН по неотложным социальным вопросам в Казахстане ./5—бет/.

22. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Алматы, 1994 г./84-бет/.

23. Осы жерде /74-бет/

24 . Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1996./104-- бет/.

25. Статистически ежегодник Казахстана за 1995 г.Алматы. 1996 г. /43-55 стр/.

26. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Алматы, 1996 г. /27-бет/.

27. Статистически ежегодник Казахстана за 1995 г.Алматы. 1996 г. /43-55 стр/.

28. Краткий статистический ежегодник Казахстана Алматы, 1996 г./27-бет/.

29. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана '"О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики на 1997 г. Казахстанская правда. 8-октября 1996 г.

30. Кдзакртан-2030 стратегиясы//Егемен Кдзакртан 12.12.2001ж. 35. Из справки Государственного комитета Республики

Казахстан по статистике анализу 06-0631/82 от 26.09.95.



31. Кушербаева К.Е:" Некоторые вопросы эволюции внуренной политики Казахстана"Саясат. 1995.г4. 27-43 беттер

32. И.Н. Тасмаганбетов."Социальная политика и политическая трансформация" Алматы; 1997 г.

33. Н. Райханулы."Кедейлік, жұмыссыздық-бір қасірет." Ақиқат жур - ы. 2001ж . 3. (18-226)

34. Мемлекеттік атаулы көмек туралы. //Егемен Қазақстан. 25.01.2002ж

35. Резалюция 1-й сесий Ассамблей народов Казахстана "о всенародном референдуме".Казахстанская правда 1 апреля 1995 г.

36. Собщение об итогах голосования на республиканском референдуме 29 апреля 1995 г./ Казахстанская правда 4 мая 1995 г.

37. Атаулы әлеуметтік көмек туралы заң. //Егемен Қазақстан 2001 ж.

38. ОҚО әкімінің өкімі Ұ.С. Сәдібеков - 2006 ж 4 қырқкүйегінен баста ОҚО Бәйдібек ауданының әкімі. //Оңтүстік Қазақстан 2006 – 5 қыркүйек 1б.

39. Айнабеков Б., Төлтебаев Ә. басты назарда әлеуметтік реформалар (ОҚО облысының әлеуметтік және экономикалық дәрежесі туралы облыс әкімі Болат Жылқышиевпен сұхбат//Заң газеті 2005 мусым /1 – 2 бет/

40. Алдабергенов Қ. Классиктер жүйе қол созып тұр /Экономиканы дамыту және бәсекеге қабілетті/ //Оңтүстік Қазақстан 2005 19 қараша.

41. Барақ Е. Есеп берілді не істелінді /ОҚО – ның Отырар ауданы бойынша сараптама материал// Егемен Қазақстан 2005 27 шілде (№164 – 167) / 7 – бет./

42. Бурлагенка С. Облыс әлеуметтік – мемлекеттік экономикасы ілгері жылжып келеді. /Облыс экономикасын әлеуметтік көрсеткіштері// Оңтүстік Қазақстан – 2005 5 ақпан (№17) /2 - бет/

43. Жүзенов Б. Отандық тауар (Обылыстағы индустриалдық даму) Оңтүстік Қазақстан 2004 1 – Желтоқсан /5 – бет/.

44. Келген жылдан үміт көп, өткен жылға өкпе жоқ. /Облыс әкімі Б.Жылқышиевтің өткен жылды сараптап, алдағы атқарар аумақтар ауқымды тіршіліктер жайлы ой – пікірлер// Шымкент келбеті 2005 4 ақпан /3 - бет/.

43. Көшербаева Е.Тоғыз айдың қорытындысы толынды табыстар да, төзбес ксишіліктер де бар. //Оңтүстік Қазақстан - 2005 – 29 қазан / 1,2 – бет/.

44. Облысымыз 10 айда /Статистикалық көрсеткіштер// Оңтүстік Қазақстан – 2005 17 – қараша /2 – бет/.




жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау