«Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух» Рухани жаңғыру, яғни кез келген қоғамның, ұлт болмысының мәдени дамуы мемлекеттің рухани өміріндегі қоғамдық сана түрлерінің заман талабына сай жетілуі арқылы көрінеді



жүктеу 22,8 Kb.
бет1/5
Дата16.03.2023
өлшемі22,8 Kb.
#41802
  1   2   3   4   5
Я.Аружан БӨЖ


«Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух»
Рухани жаңғыру, яғни кез келген қоғамның, ұлт болмысының мәдени дамуы мемлекеттің рухани өміріндегі қоғамдық сана түрлерінің заман талабына сай жетілуі арқылы көрінеді. Қоғамдық сана дегеніміз мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында, ұлттың тұлғалануында ұлттық мүддені қалыптастыру, қорғау және нығайтуда мәдени құбылысқа айналып отыратын тәжірибелер мен білімдердің, рухани - әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы.
Мемлекетті қалыптастыру мен дамытуда, ерекше құбылысқа ие қоғамдық сананың тарихи формалары тіл, мәдениет, тарих, дін, өнер, дәстүр, ғылым, білім, экономика, құқық, саясат және т.б. Философия тарихында ірі ойшылдардың ілімдерінде зерделенгендей, жеке адам өзінің рухани қалыптасуында мемлекет азаматына айналуы үшін қоғамдық сананың барлық формаларын толық меңгеру тиіс. Егер бұлардың барлығы жеке адамның танымында, қоғамдық ортада өмір сүретін болса қоғам тегістей дамиды. Қоғамдық ортада әділеттілік, шынайылық дәстүр, білімді, өнерді кәсіп ету қоғамның ұстанымына айналады. Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды».
Уақыт өзгерген сайын адамзат қоғамы да өзгереді, өзгеру үстінде. Қазақ даналығындай айтылған, «елу жылда ел жаңа» деген өсиет қоғамның уақыт талабына сай өзгеріп отыратындығын зерделеуден туындаған. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ (тарихтағы бабаларымыздың ұғымымен зерделесек), қоғамдық сананың рухани жаңғыруы дегеніміз, ұлттың және оның мемлекетінің қалыптасу жолындағы құндылықтар мен мәдени игіліктерді сақтай отырып, жаңа уақыттың өрісінде қалыптасып жатқан дүниелерді игеруі, қабілеті, білімі және өнері арқылы бағындыру, соған ұмтылу. Мәселен қазіргі таңда адамзат қоғамының әлеуметтік, мәдени және саяси дамуы, дамудағы ерекшеліктер әдемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілік арқылы көрінуде. Ал бәсекеге қабілеттілік қазіргі әлемдік өркениетте биікке қол жеткізген мемлекеттердің тарихында осыдан біраз уақыт бұрын басталып кеткен. Бүгінгі адамзат әлемінде қоғамдық сананың тарихи формаларының қатары бәсекеге қабілетті болудың жаңа дүниелерімен толығуда. Осындай жағдайда уақыт болмысы, қоғамның болашағы өскелең ұрпақтан жаңа дүниелерді меңгеруді талап етуде. Тағыда алаш зиялысы Әлихан Бөкейхановтың сөзіне жүгінсек, «Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу – аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік». Бүгінгі заманда мұратқа жетудің талабы адам бойында ұлттық сананың, рухтың, білімнің және жігердің болуы. Бұлар адамның бойына тәрбие, адамның ақыл-парасатымен келмек. Ұрпақтың өз заманындағы жаңа дүниелерді бағындыруға ұтымды ұмтылысын және осы жолда халыққа игілігі ортақ дүниелерді бағындырудың тәсілдерін меңгеруін рухани жаңғыру дейміз.
Рухани жаңғырудың элементтері адамның санасында жатады және оның құбылысы ұлттық сана арқылы идеяға, өмірлік ұсанымға айналып отырмақ. Мәселен тарихи дүние ретінде бабаларымыз ертеден бастап ұрпақтың танымын тәрбиелейтін ертегілерді шығарды. Ұрпақты ерлікті иеленіп, елді қорғайтын дәстүрді қалыптастыруға үндеді. Батыр, би-шешен болып жаңа дүниелерді жасауды үйретті. Соның негізінде сонау көне заманда мемлекетті басқарудың үлгісін жазған грек философтары Платон мен Аристотельдің, «мемлекетті ойшылдар басқаруы керек» - деген идеялары дәстүрлі қазақ қоғамында орын алды. Трихтағы қазақтың рухани өмірінде ойшыл адамдар қабілеті, ұлттық санасы және даналығы арқылы қоғам өміріне рухани өзгеріс әкелді. Сол арқылы ұлттың бірегейлігі, ұрпақтың азаматтық бірегейлігі сақталып отырды.
Тарихтың тағылымы және бүгінгі уақыттың талабы негізінде қарайтын болсақ, рухани жаңғыру әр ұрпақ буынның тарихи сана негізінде өзіндік санасының қалыптасуы. Ұлттық сананы иеленген (ұлттық санасы бар) және өзі өмір сүріп отырған қоғамның өрісін кеңейте білген ұрпақ болмысын рухани жаңғыру құбылысымен өлшейміз.

жүктеу 22,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау