17
күшейтіп, олардың зерттеу жұмыстарына икемделуіне және оқушылық деңгейден
шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне мол мүмкіндіктер әкелетініне көз жеткіздім.
Енді аталған педагогикалық технология бойынша сабақтың өту барысына тоқталайын.
І кезең (5-7 минут)
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
2.
Үй жұмысын тексеру.
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін
тексеру.
Бұл жерде үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді
немесе дәптерлерін бір-бірімен алмасып тексереді. Тексеруден соң әрбір оқушы сыныптағы
және үй жұмысының жалпы
балын санап, мұғалімге айтады. Мұғалім әрбір оқушының балын
“Ашық журналға” жазады, тиісті бағасын қояды.
ІІ кезең (20-25 минут)
Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеру.
Бұл жерде 10-15 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырылады. Мысалы, оқушыға 5
сұраққа жауап беру ұсынылады (сұрақтар параққа жазылған, әрбір оқушыға немесе жұпқа,
немесе топқа беріледі). Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді
(жаңа тақырып бойынша) оқиды. Мәтінмен жұмысты төмендегі әдістер бойынша
ұйымдастыруға болады.
ІІІ кезең (12 минут + 3 минут)
1.Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады:
1- деңгей – оқушылық (репродуктивтік), стандарт.
2- деңгей – алгоритмдік, орташа қиындық.
3- деңгей – эвристикалық, күрделі.
1- деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттер жасайды. Олардың қызметіне
мұғалімді мұқият тыңдау, зерттеліп жатқан объектіні бақылау, нұсқа бойынша практикалық
әрекеттерді жасау жатады. Бұл деңгейде олардан ұғымдарды, фактілерді, ережелерді білу
және оларды үлгі бойынша қолдана білу талап етіледі. (Сұрақтар түрі: Не? Қашан? Қай
жылы? Қайда? Неге? Аяқта т.б.)
2- деңгейдің тапсырмалары оқушылардан өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуін
қажет етеді. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни
тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру жатады.
(Тапсырмалар түрі: түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, құрылымы
қандай,
классификация жаса, т.б.)
3-деңгейде
оқушылар
танымдық-ізденушілік
сипаттағы,
білімнің
тереңделуінебағытталған тапсырмаларды орындайды. Бұл тапсырмалар оқушылардан жаңа
әдістерді пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс жағдайда қолдана білуін талап етеді
(Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар,
жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ме,
қорытындылар дұрыс па, т.б.)
1-деңгейдің тапсырмаларын барлық оқушы (үлгерімі төмен де, жоғары да) орындауға
міндетті. Бұл деген сөз мұғалім барлық оқушыға бірдей қарайды, оларды алдын ала
қабілетті және қабілетсіз деп бөлуден аулақ болып, оқушы көңіліне кірбің келтірмейді. Әрі
барлық оқушы мемлекеттік стандарт білімін меңгергеніне кепілдік болады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындауды оқушылар барлығы бір уақытта бастайды және
әрқайсысы өз білім шыңына өзінің жеке қабілеттеріне қарай жетеді. Әрбір оқушы жоғарғы
деңгейге жетуге мақсат етеді, өйткені әрбір деңгейлік тапсырманы орындағаны үшін оқушы
балл жинап отырады:
1- деңгей – 5 балл (5 тапсырма)
2- деңгей – 4 балл (4/2 тапсырма)
3-деңгей – 3 балл (2/1 тапсырма)
18
Деңгейлік тапсырмалардың барлығын сыныпта орындап бітіру мүмкін емес,
сондықтан үй жұмысына сол деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Сабақтың соңғы 3 минутында сыныптағы балдар саналып, “Ашық журналға”
белгіленеді.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың
барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан
шығармашыл тұлға. Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі,
білім беру сапасының жоғары болуы,
кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Жиырма бірінші ғасырға лайық жоғары мәдениетпен өмір сүргеніміз кім-кімге де
жоғары мәртебе емес пе? Өз тағдырымыз бен болашағымыздың жарқын да, кемелді болуы
тек ұстаздар қолында екенін ұмытпайық. Біз салатын әрбір ізбен келешек ұрпақ, яғни қазақ
жастары жүретінін ескерейік. Ал сол жастар, міне, бүгінгі алдарымызда отырған оқушылар.
Бұлардың атар таңы арайланып атсын, батар күні тыныштықпен батсын десек, оқушылардың
өздеріне сенімін арттыра отырып бар білімін іс жүзінде қолдана алуға бағыттауымыз керек.
Қазақ елінің шырқар биігі, шығар шыңы тек дара болсын! Егемен еліміздің ертеңіне тірек,
іргесіне сүйеу болатын ұрпағымыздың азаматтық келбеті, адамгершілік қасиеті артып,
болашағы жарқын болғай!
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кобдикова Ж.У «Үшөлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ) нәтижеге бағытталған білім
берудің тиімді механизмі»
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті » журналы 2012ж
УДК 574:37.015.3(045
ЖАҢАША ОЙЛАУ МЕН ЖАҢАША ІС-ӘРЕКЕТ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Аскарова Амангуль Курбанбаевна
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Алматы облысы, Қарасай ауданы,
almaaskar96@mail.ru
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ жеткізу ұстаздың міндеті.
«Болашаққа болжам жасау үшін өткен тарихыңа көз сал» – деген халық даналығына жүгінсек
қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанға дейінде көптеген тар жол тайғақ кешулерді бастан
кешірген. Намысы мен өресі биік ұлтжанды азаматтарының арқасында өз білімдерін жойған
емес. Керісінше кез-келген қиындыққа қасқая тұрып ұлт сауаттылығы мен дәстүрін, ділі мен
дінін қатар сақтаған. Өз заманының білім шамшырағын алғаш жаққан Ы.Алтынсарин
«Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» – деп ұрпақ
болашағының тірегі ұстаз екендігін айқындап кеткен. «Халықтың кемеліне келіп өркендеп
өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» – деп ұлы ғұлама Ш.Уәлиханов айтқандай
бүгінде азаттығын алған қазақ еліде өзінің өркендеп өсуі үшін білім саласына көптеп назар
аударуда.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын,
мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің
қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес,
солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу,
талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты
өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді