Дәрістер тезистері 1 – дәріс



жүктеу 99,17 Kb.
бет5/38
Дата10.02.2022
өлшемі99,17 Kb.
#37425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Дәріс тезистері

Қорытынды.

Сонымен, пәнаралық байланыс – бұл бірқатар пәндердің оқу материалын таңдап алу мен оны оқушылар білімінің жүйелілігін күшейте отырып құрылымдауға ықпал ететін оқытудың заманауи принципі әрі ол оқыту әдістерін оқу-тәрбие үдерісінің бірлігін қамтамасыз ете отырып, белсендіруге, оқытуды ұйымдастырудың кешенді формаларын қолдануға жетелейді.


2 - дәріс

Тақырып: Интеграцияланған «Физика және астрономия» курсы (7 сынып)

Жоспары:

1. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.

2. Аспан денелері туралы түсініктер. Осы ұғымдардың 4-7 сыныптарда оқылатын пәндердегі білімдермен байланысы.

3. Пәнаралық сабақтарды ұйымдастыру.

4. Пәнаралық мазмұндағы есептерді таңдап алу, оларды талдау, шешу.

1. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.

«Физика және астрономия – табиғат туралы ғылымдар» такырыбын өткенде оқушылар физика және астрономия пәндерімен, олардың әдістерімен, физикалық шамалармен танысады. Сабақта бұл пәндердің техникамен байланысы жайлы айтылады. Осы алғашқы сабақтарда физиканың математика, дүниетану, еңбекке баулу, география сияқты оқу пәндерімен пәнаралық байланысын атап көрсеткен жөн. Мысалы, бірінші сабақта физика және астрономия туралы айтқанда, табиғат жайлы география, биология сияқты басқа да ғылымдардың бар екендігіне тоқтала кеткен тиімді. Олардың әрқайсысы табиғат құбылыстарының жекелеген аумағын зерттегенімен, бұл жаратылыс ғылымдарының барлығы бір-бірімен өзара байланысты.

Табиғатты танып білудің эксперименттік тәсілін түсіндіргенде, оқушылардың қарапайым құралдар – мензурка, термометр және т.б. «Дүниетану» курсынан таныс екендіктері ескеріледі. Ал «Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу» мәселесін қарастырғанда оқушылардың «Математика» мен «Еңбекке баулу» пәндерінен өлшеуіш құралдарды пайдалану туралы алған білімдері пайдаланылады.

Бұл білім «Өлшеуіш құралдың бөліктерінің құнын анықтауға» арналған зертханалық жұмысты жүргізу кезінде қолданылады және одан әрі «Еңбекке баулу» сабағында дамытылады.

«Зат құрылысы» тақырыбын оқып үйрену қыздырған кезде ауаның ұлғаятындығы, қыздырғанда су көлемінің артатындығы, судың үш түрлі күйі жайлы оқушылардың «Дүниетанудан» (4-сынып) алған білімдерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

Диффузия құбылысын қарастырған кезде өсімдіктердің қоректенуі және тыныс алуы жайлы «Биологиядан» (6-сынып) алған білімдерін қоса пайдаланған тиімді.

Зат құрылысы жөніндегі білім «Химия» курсында (8-сынып) атом жөніндегі түсініктерді, молекулалар жайлы білімді дамыту кезінде, ал диффузия туралы білім жануарлар организмі мен адам организмінің қызметін оқып үйрену кезінде пайдаланылады.

«Қозғалыс және денелердің өзара әсері» тақырыбын өту барысында физиканың математикамен, географиямен (5-сынып) және еңбекке баулумен пәнаралық байланысын ескерген жөн.

Физика сабағында график сызу кезінде оқушылар математикадан алған білімдерін пайдаланады және олардың функционалдық тәуелділік жөніндегі түсініктері дамытылады.



Бірқалыпты қозғалыс, физикалық шамалар және оларды есептеу білімі математикада (7-9-сыныптар) пысықталады.

Математика курсында оқушылар санның жуық мәнінің абсолюттік және салыстырмалылық қателерімен таныстығы, стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдана алатындығы ескеріледі (Математика, 7-сынып).

Жылдамдық, масса, тығыздық, күш ұғымдарын оқып үйренуде шамаларды өлшеу және формулалары бойынша есептеп шығару, ұзындық, уақыт, жылдамдық, масса, аудан, көлем бірліктерін, тік төртбұрыштың, шеңбердің ауданын табу, масштабтар, пропорциялар және олардың негізгі қасиеттері, проценттер жайлы білімге сүйенеді, формулалар бойынша есептеулер жүргізу және ондық бөлшектерді дөңгелектеуді, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуді, қарапайым өлшеулерді сызғыш пен бұрыштықтың көмегімен сала білетіндіктеріне (Математика, 5-7-сыныптар), слесарьлық және басқа да еңбек құралдары туралы (Технология, 5-7-сыныптар) біліміне сүйенеді.

Шамалар бірліктерін еселік және үлестік бірліктерге айналдыра білуі (Математика, 5-6-сыныптар) есептердің мәнін табу және зертханалық жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылады.

«Қысымды» өткенде атмосфера, атмосфералық қысым, оның биіктікке байланысты өзгеруі, батискаф, барометр, биіктік өлшеуіш осы мәселелер бойынша «География» курсында (5-6-сыныптар) алған білім ескеріліп баяндалады.

Сондай-ақ қатынас ыдыстар, су құбыры, ауада жүзу жайлы айтқанда, «Дүниетанудан» алған білім пайдаланылады.

Ал формулалар бойынша есептеулер жүргізгенде пропорция мен оның негізгі қасиеттері бойынша «Математикадан» (6-сынып) алған білімдер қолданылады.

Атмосфералық қысым жайындағы тақырыпты өткенде «Физикалық география» курсынан (6-сынып) алынған білім пайдаланылады.

«Жұмыс. Қуат. Энергия» тақырыбын өткенде оқушылардың 3-5-сыныптарда өзге пәндерден алған білімдері ескеріледі. Мысалы, судың, желдің жұмысы, жел қозғалтқыштары жайлы айтқанда «Дүниетану» пәніндегі сәйкес материал еске түсіріледі, шамаларды өлшеу, процент ұғымы «Математикамен» (5-6-сьшыптар) байланыстырыла беріледі, ал жай механизмдерді қолдану мен иіндік таразы жасау «Технология» сабағымен байланыстырылады.

Механикалық энергия туралы, энергияның сақталу және түрлену заңы жайлы білім география сабағында (7-8-сыныптар) республикадағы гидроэнергетикалық қорлар, олардың еліміздің түрлі аудандарында қолданылуы жайлы деректермен дамытылады.

2. Әлем, Күн, Ай, Жер, Жұлдыздар, атмосфера және ауа, ауа райы туралы түсініктер мен осы ұғымдардың 4-7 сыныптарда оқылатын пәндердегі білімдермен байланысын қарастыру.

Әлем, Күн, Ай, Жер, Жұлдыздар, Атмосфера және ауа, ауа райы туралы алғашқы түсініктер басқа өткен пәндерде қалыптасады, бірақ осы ұғымдардың 4-7 сыныпта оқылатын пәндердегі білімдермен байланысы физикада түсіндіріледі. Күн, Ай, Жер, Жұлдыздар өлшемдері, тұйықталған орбитамен қозғалысы, ара қашықтары, айналу периоды ұғымдарын меңгеру үшін оқушыларда математикадан сандарды салыстыру, қашықтықты өлшеу, формула жазу және т.б. түсініктер қалыптасуы қажет.



3. Пәнаралық мазмұнды Сабақтардың жоспарын, оның құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, инновациялық технологияларды пайдаланып, жете зерттеп дайындау.

Пәнаралық байланыстар жайлы қажетті материалды таңдап алу бойынша мұғалімнің жұмысын жеңілдету үшін керек мәліметтерді қысқаша жазуға арналған карточкаларды пайдалануды ұсынған жөн:

– қай оқулықта берілген тақырыпқа (сұраққа, мәтінге, суретке) қатысты материал бар;


  • бұл материал іргелес пәндерде қашан оқытылады;

– іргелес пән материалының қысқаша мазмұны (фактілерді, мысалдарды, цифрларды, заңдарды толық жазып отырады);

– физика сабағында іргелес пәндердің материалдарын пайдаланған кезде қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді (еске салу, қайталап айтып беру, әңгімелеу, салыстыру, тарихи шолу, өздік жұмысқа арналған тапсырма, сурет немесе графикпен жұмыс, проблемалық сұрақ және т.б.);

– физиканың материалы болашақта қай пәнде пайдаланылуы мүмкін.

4. Пәнаралық мазмұндағы есептерді таңдап алу, оларды талдау, шешу.


жүктеу 99,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау