Біз интернациональдық



жүктеу 46,5 Kb.
Дата15.11.2018
өлшемі46,5 Kb.
#20391
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Композиция орталығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың орталықтуралы білімдерін кеңейту. Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету. Сурет салудың заңдылықтарына баулу, акварель бояуымен дұрыс жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылық: Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Оқушының ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бояулардың әр алуан қолдану әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға, ұқыпты сурет салуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, суретшілер шығармалары, Астана көрінісі, сәйкестендіру тесті, СКТ

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақ әдісі: Қызығушылығын ояту, сұрақ-жауап, топтық жұмыс,

Пәннаралық байланыс: тарих, география

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа дайындықтарын, сынып тазалығын қадағалау. Оқушылармен сәлемдесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ұлттық натюрморт салу.(Сурет дәптерлерін тексеріп шығу)

ІІІ. Өтілген тақырыпты қайталау. Ой қозғау стратегиясы.

(Өтілген сабақтан сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.)

1. Ертегілердің, шығармалардың мазмұнын ашатын сурет қалай аталады?

Жансыз заттардан құралған шығарма?

Ұлттық бұйымдардан құралған суретті не дейміз?

Табиғатты бейнелейтін шығарма?

Қазақ суретшілерінің атасы?

Суда тез еритін бояу?

Айналамыздағы қоршаған заттардың бізден алыстаған сайын кішірейуін не дейміз?

Қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қаламұш, қылқаламмен салынатын шығарма?

Қымыз құятын ыдыс?

Ұлттық ыдыс-аяқтарды жасайтын адам қалай аталады?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Суреші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болу үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп , үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген- компазиция. Композиция латын сөзі, «ойлап шығару» , «құрастыру» деген ұғымды білдіреді. Композицияның қазақша атауы «үйлестіру» деп атайды. Салынған суретте болып жаткан оқиғаның өзегі немесе басты кейіпкерлері орналасқан белгілі бір орталығы болады. Оны үйлестіру орталығы деп атайды. Туынды жан-жағынан ешқандай нәрсемен қоршалмаған, адамның көзі ешқандай нәрсеге тоқталмайтын суретті ашық композиция деп атайды. Ал егерде салынған суретте кеңістік жоқ болса жан- жағы қоршалған болса оны тұйық немесе жабық композиция деп атайды

Әдетте шығармада оқиғаның негізі өтетін және басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық болады. Әсіресе қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында басты кейіпкерлерін қақ ортаға орналастырған және ол негізгі рөл атқарған.

Композция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлымайқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни ол-шығарманың құрлысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндау реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрлысы толып жаткан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерд өзара құрастырып, біртұтас етеді.

Бұл тақырып бойынша сурет салу өзіңді қоршаған ортадағы айшықты, әсерлі сәттерді көре және айқындай білуге, есте сақтау қабілетін, қиялдау мен аңғарымпаздықты дамытуды көп қажет етеді. Сонымен қатар бояуларды бір – бірімен үйлестіру оңайға соқпайды, себебі акварель немесе карандашпен бояғандағыдай тәсілдерді бұл жерде қолдану біраз қиынырақ болады.

Композиция – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланысып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішімді нақты табу, шығарма көлемін табу, т.б шешімдерді дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты.

V. Бейне ролик.

Бейне ролик арқылы Қазақстанның көрнекті жерлері, табиғаты, асқар-ала тауларын, сарқырап аққан өзен-суларын тамашалау.

VІ. Сарамандық жұмыс.

Енді балалар көзімізді жұмып осы бейне роликтен көргенімізді елестету арқылы туған өлкеміздің табиғатын, өзен-көлдерін әсем ғимараттарын қағаз бетіне түсірейік.

“Менің Қазақстаным” тақыбында акварельмен сурет сал

Пейзаж. Қыс көрінісі


Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Қыс көрінісі
Сабақтың мақсаттары: а) Білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мәні: Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру. 
Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс көрінісі бейнеленген плакаттар, тақырып жазылған плакат, интерактивті тақта, слайдтар.
Құрал жабдықтар: Формат А3, акварель бояуы, қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап INSEPT әдісі.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі


II Жаңа сабаққа даярлық
III Жаңа сабақ
IV Оқушылармен өзіндік жұмыс
V Сабақты қорыту
VI Бағалау

I Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.


II Жаңа сабаққа даярлық Балалар, біз бүгін «Пейзаж. Қыс көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарыңды дайындап алайық. Енді қыс көрінісінің салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.

III Жаңа сабақ


Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? (графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері) Осы өнер түрлерінің қайсысы бояу түрлерін көп қажет етеді? (бояу түрлерін живопись кескіндеме өнерінде қолданамыз)
Живопись деген не? (живопись - жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма) Живопись орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше жанрға бөлінеді? Натюрморт, Портрет, Тарихи жанр, Батальдық жанр, Маринистік жанр, Анималистік жанр,

Пейзаж жанры. (оқушыларға слайдтағы сурет бойынша көрсетіп түсіндіреді.) Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.


Пейзаж жанры – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, күз, жаз, көктем. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша - ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты, қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.

«Перспектива» латынның тасадан көру деген сөзінен шыққан. Қазақша ұғымы «көрініс» дегенге келеді. «Перспектива» ұғымын дұрыс білмесек, алыстағы, жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады.


Сурет салу 3 - кезеңге бөлінеді.

1 - кезең - Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. 1 - ші тауларды, тау етегіндегі ағаштарды қарындашпен салу керек. 2 - ші ағаштарды, өзенді, көпірді саламыз. Ал өзен төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағашты, шыршаны, қояндарды көрсетеміз. Екі қоян салынған кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқан анық, көлемі үлкен болып саналады.

2 - кезең - Тау, ағаш, шырша, өзен, көпірдің көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары, сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады. 

3 кезең - Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.

IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс: Кескіндеме пәні сабағына байланысты тест алынады. Тест үлгілері: 1. Балама жауаптары бар тест 2. Таңдамалы тест 3. Толықтыруды қажет ететін тест.
Тест үлгілері:
I Балама жауаптары бар тест.
1 Негізгі түстер - үшеу
а) иә б) жоқ
2. Акварель - суда еритін мөлдір бояу
а) иә б) жоқ
3. Белгілі көңіл күйді беретін бірнеше түстер жиынтығы түстер гаммасы
а) иә б) жоқ

II Таңдамалы тест


1. Түстер шеңберінде бір - біріне қатар орналасқан бояу түстері
а) қарама - қарсы түстер
ә) қосымша түстер
б) жақын түстер
2. Бояу араластыратын тақта
а) пастель
ә) палитра
б) нобай
3. Қазақ халқының қымыз құятын ыдысы
а) ожау
ә) кесепқап
б) торсық

III Толықтыруды қажет ететін тест


1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы................................ейміз
2. Түс және бояумын алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін..................................................дейміз
3. Дайындық суреттері.................................... деп аталады.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары
Балама жауаптары бар тест
1. а)
2. а)
3. а)
Таңдамалы тест
1. б)
2. ә)
3. б)
Толықтыруды қажет ететін тест
1. Натюрморт
2. Живопись
3. Нобай

V Сабақты қорыту: Жаңа сабақты қорыта келе біз Пейзаж. Қыс көрінісі туралы және салыну жолдарымен таныстық. Өтілген сабаққа қорытынды INSEPT әдісі және сұрақ жауап арқылы жүргізіледі.


1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (ата?)
3. Кімге қай жыл мезгілі ұнайды? (әр оқушы өзіне ұнайтын мезгілдерін және не себепті ұнайтынын айту)
4. Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
5. Қыс мезгілі несімен көңілді?
Білемін
Живопись өнері жайлы. Пейзаж деген не екендігін. Қыс мезгілінің қызықтарын.
Үйрендім
Пейзаж «Қыс көрінісін» кезең бойынша жазықтық бетінде бейнелеуді немесе суреттеуді. Әр түрлі түстерді пайдалануды.
Білгім келеді
Жыл мезгілдерінің басқа техникамен салыну жолдарын.

VI Бағалау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау
жүктеу 46,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау