ә) Оқыту мазмұнындағы пәнаралық байланыстардың типтері мен түрлері.
Жалпы оқу пәндерiнiң арасындағы байланыстарды уақыт бойынша (хронологиялық) және мазмұндық немесе ұғымдық (идеялық) деп екi типке бөледi. Оның алғашқысы әртүрлі пәндер бағдарламаларының өтуін уақыт бойынша сәйкестікке келтіруді көрсетсе, соңғысы – ғылыми фактілерді, ұғымдар мен теорияларды ортақ әдістемелік қағидалар негізінде үйлестіре түсіндіруді көрсетеді.
Уақыт бойынша сәйкестікке келтіру кезінде пәнаралық байланыстардың қазiргi ғылымда белгiлi мынандай үш түрi шығады:
а) бұрын өтiлген материалға сүйенетiн жағдайдағы пәнаралық байланыстар;
ә) iлесе жүретiн пәнаралық байланыстар;
б) алдағы уақытта қолданылатын пәнаралық байланыстар.
Физика курсында бұрын өтiлген материалға сүйенетiн жағдайдағы пәнаралық байланыстар неғұрлым жиі кездеседі. Алайда пәнаралық байланыстардың басқа түрлері сирек кездескенмен, олардың да маңыздылығын ескермеуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |