Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 30.09.2013
Төртінші басылым
Оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасы туралы ереже
Р ҚМПИ 26-01-08
Беті: 2
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқу пәндерінің
бағдарламасын әзірлеу 27 шілде 2007 жылғы № 319-ІІІ Қазақстан Республиксы
«Білім туралы» заңымен, 2 наурыз 2005 жылғы №195 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен бекітілген жоғары кәсіби білім беру бағдарламасын
жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарының қызметінің типтік ережелеріне, 10
наурыз 2004 жылғы № 58 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтының Жарғысымен, сонымен бірге осы Ережемен оның негізгі
құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
1.2. Оқу – әдістемелік құжаттар тізіміне міндетті түрде кіретін оқу пән
бағдарламасы оқу үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажет.
Бағдарлама білім алушылардың міндетті түрде меңгеруіне жататын мазмұны
мен пәнді оқыту көлемін, шеберлігін, білімін, оқу дағдысын анықтайды.
1.3. Функционалдық тағайындауды ескере отырып, оқу пәні бағдарламасы-
ның құрылымы мен мазмұны келесі түрлерге бөлінеді :
-типтік оқу бағдарламасы;
- оқу бағдарламасы;
- оқу жұмыс бағдарламасы.
1.4. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпы білім берудің міндетті стандартының тікелей құрамдас бөлігі болып
табылады. Бұл құжат пәнді оқытудың міндетті мемлекеттік компонентінің
мазмұнын анықтайды. Электрондық курстарды есептемегенде, типтік оқу бағ-
дарламасы оқу жоспарының барлық блогтарының әрбір пәні бойынша құ-
растырылады. Олар үшін типтік бағдарлама қарастырылмайды, өйткені оларды
құрастыру кезінде тек мемлекеттік емес, сонымен қатар жоғары оқу орындары-
ның компоненттеріне де үлкен мән беріледі. Типтік оқу бағдарламасының маз-
мұнының негізін мамандық бойынша білім бағдарламасының минималды маз-
мұны құрайды. Онда мамандық бойынша Қазақстан Республикасының мемле-
кеттік жалпы білім берудің міндетті стандартына кіретін пәндердің негізгі бө-
лімдері көрініс табуы керек. Типтік бағдарламалар оқу-әдістемелік бірлестік-
термен әзірленеді және Қазақстан Республикасының Білім мен ғылым министр-
лігімен бекітіледі.
1.5. Оқу бағдарламасы жоғары оқу орнында оқытылатын пәндердің мазмұ-
нын анықтайтын алғашқы құжат болып саналады. Пәннің жаңа курсын дайын-
дау бойынша жұмыстар осы құжаттың құрастырылуынан басталуы қажет. Оқу
бағдарламасы мамандықтар бойынша типтік оқу жоспарына кіретін пәндер
бойынша да, сол сияқты ЖОО компоненті бар жұмыс оқу жоспарында анықта-
латын пәндер бойынша да құрастырылады. Олар типтік бағдарламаларға қара-
ғанда барлық пән бойынша, сонымен қатар элективті пәндер мен практика
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 30.09.2013
Төртінші басылым
Оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасы туралы ереже
Р ҚМПИ 26-01-08
Беті: 3
бойынша да құрастырылады. Типтік оқу бағдарламасында қарастырылмаған
оқу бағдарламалары ретінде элективті пәннің, арнайы курстың, арнайы семи-
нардың, аймақтық компонент пәндерінің бағдарламаларын қолдануға болады.
Олар оқытушылармен немесе оқытушылар ұжымымен дайындалады, ка-
федрада талқылаудан өтіп институттың ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітіле-
ді. Бекітуді ресімдеу үшін ғылыми-әдістемелік кеңесте бағдараламаның өзімен
қатар кафедраның толық қорытындысы ұсынылады. Бекітуге ұсынылған бағ-
дарлама кафедра мәжілісінің хаттамасына енгізіледі. Аталған пән бағдарламасы
оқу пәнінің жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін Қостанай мемлекеттік педаго-
гикалық институтында қолданылатын құжат болып табылады. Бұл пән бойын-
ша типтік бағдарламаның құрылымы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірле-
неді. Элективті курстың қажеттілігі нақты мамандық бойынша студенттерді
дайындау бағдарламасының мазмұны мен міндетіне сай болуы тиіс, сондықтан
бағдарламаны құрастыру кезінде осы дерекке ерекше көңіл бөлу керек, ал қа-
жет жағдайда мамандық бойынша әдістемелік комиссияның қолдауына сүйену
керек.
1.6. Әрбір оқу пәнінің жұмыс бағдарламасын пәнді жүргізетін кафедра
оқытушылары жеке мамандық немесе мамандық топтары үшін құрастырады.
Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасында берілген пән бойынша оқу жоспарының
мазмұнын көрсету керек, мазмұнын ашу және пәнді жоспарлау кезінде мемле-
кеттік, аймақтық, ЖОО, кәсіби компоненттері ескерілуі тиіс.
2. ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
2.1. Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы осы пәнмен байланысты ғылымның,
техниканың, мәдениеттің және қоғамдық қызметтің өзге де аясындағы соңғы
жетістіктеріне негізделуі керек; осы аймақтың, республиканың (аймақтық ком-
поненттің), ЖОО мәртебесі мен (ЖОО компонентінің), кафедра мен автордың
(авторлық компоненттің) ғылыми мүдделерінің аясына басымдық берілуі қа-
жет. Типтік бағдарламаның оқу материалымен қатар оқу пәнінің жұмыс бағдар-
ламасында студенттердің мамандықтарын ескере отырып арнайы бағыттауға
(кәсіби компонент) мүмкіндік беретін жаңа тараулар мен тақырыптар қарасты-
рылуы мүмкін. Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы жаңа оқу жылының қарсаңын-
да (уақыт компоненті) үнемі қарастырылып және комиссияның шешімі
бойынша түгелдей жаңартылады немесе «өзгерістер мен толықтырулар» енгізі-
леді, олар жөнінде титул парағының артында тиісті жазылым жүргізіледі, өзге-
рістер мен толықтырулар жасалған сілтемелерімен бірге бағдарламаға қосымша
тіркеледі.
2.2. Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының мазмұнын баяндаудың тізбегін-
де типтік және оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгешеліктер болуы мүм-
кін және олар жөнінде алдын ала арнайы көрсетілуі тиіс.
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 30.09.2013
Төртінші басылым
Оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасы туралы ереже
Р ҚМПИ 26-01-08
Беті: 4
2.3. Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының мазмұны кейбір пәндерді оқыту
барысында бірін-бірі қайталамау мақсатында, сондай-ақ оқыту барысында
үздіксіздік пен сабақтастықты қамтамасыз ету үшін мамандықтың өзге де
пәндерін оқытумен өзара байланысты болуы тиіс.
2.4. Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы оқу үдерісін ұйымдастыру мен жос-
парлаумен байланысты қажетті ақпаратты қамтиды және келесі тараулардан
тұрады:
- титул парағы;
-кіріспе;
-тақырыптық жоспар;
- пән мазмұны;
- ұсынылатын әдебиеттердің тізімі;
- оқу пәнінің жұмыс бағдарламасына қосымшалар мен өзгерістер.
2.5 Титул парағы
Титул парағы (ішкі және сыртқы жағы) үлгіге сәйкес ресімделеді
(қосымша А,Б).
Титул парағында бақылау түрлері, оқу қызметінің түрлері бойынша жалпы
еңбек жүктемесі, пәнге бөлінген кредит саны көрсетілген мәліметтер беріледі.
Мәлімет оқытудың келесі түрлеріне байланысты бөлінеді: іштей, сырттай,
қысқартылған, жеделдетілген.
2.6 Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны міндетті түрде пән жүргізілетін
факультеттің әдістемелік кеңесімен және сол мамандықты шығаратын кафедра-
мен келісіледі. Мұндай келісу барысында бағдарламада факультеттің ескерту-
лері және ұсыныстары есепке алынуы қажет. Пән өтілетін келісілген бағдарла-
мада факультет деканының қолы және факультеттің мөрі қойылуы керек. Оқу
жұмыс бағдарламасы кафедрада қарастырылып, факультет келісімінен кейін,
институттың Ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітілуге ұсынылады, ҒӘК тө-
рағасының қолымен және оқу-әдістемелік орталықтың мөрімен бекітіледі.
2.7 Кіріспе
2.7.1 Оқу жұмыс бағдарламасының кіріспесінде оқылатын пәннің мақсат-
тары мен міндеттері сипатталады.
2.7.2 Пәнді оқытудың мақсаты мен осы кәсіптің мамандарын даярлаудағы
орны мен оқылатын пәннің сипаты арқылы беріледі.
2.7.3 Пәнді оқудың міндеттері болашақ маманның біліктілігімен анықтала-
ды және студент игеретін білім, іскерлік, дағдыға деген талап ретінде қалыпта-
сады. Егер білім студенттің теориялық дайындығын сипаттаса, іскерлік пен
дағдыда оның материалдық обьектімен практикалық әрекет қабілеті бейнеле-
неді. Олар білім мен тәжірибе негізінде қалыптасады. Дағды көп қайталаулар
нәтижесіндегі әдет ретінде қарастырылады.
2.8 Тақырыптық жоспар
Тақырыптық жоспарда пән бойынша міндетті түрдегі оқу үдерісін ұйым-
дастыратын ақпарат болуы қажет: тақырып, сабақтардың әр түрі бойынша
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 30.09.2013
Төртінші басылым
Оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасы туралы ереже
Р ҚМПИ 26-01-08
Беті: 5
сағаттар саны (дәріс, практикалық, зертханалық), СОӨЖ, СӨЖ. Пәннің мазмұ-
ны модульдік немесе дәстүрлі түрде бөлек тақырыптарға бөлінген болуы қажет.
Тақырыптық жоспар оқыту түрлерін (іштей, сырттай, қысқартылған) есепке
алып құрылады.
2.9. Мазмұны
2.9.1 Мазмұнында пәннің түсінігі мен дағдыларын міндетті түрде берік
игеру және әрі қарай практикалық қызметте қолдану үшін, базалық ережелерді,
өзекті мәселелерді айқындайтын оқу материалының қысқаша мазмұны (оқу
сабақтарының барлық түрлері) ашылады.
2.9.2 Дәрістің құрылымына (оқытушының қалауы бойынша) тақырыптың
қысқа мазмұны немесе негізгі сұрақтары кіреді. Сонымен қатар, бағдарлама дә-
ріс-конспектіге немесе жоспар-конспектіге айналмауы тиіс, алайда «мазмұн-
ның» сипаттамасы аталған тақырыптар мен сұрақтардың нақты мәнін ашу ке-
рек. Дәрістің мазмұнын ашу алдын-ала және бірізді жоспарлау үшін ғана емес,
әрбір мамандықаралық пәндердің мазмұнының сипаттамасын салыстырғанда
материалдардың қайталануын болдырмау үшін қажет.
2.9.3 Семинар және практикалық сабақтар мазмұнына берілген сабақ тү-
рінде қарастырылған тақырып атаулары, семинарда қарастырылатын нақты сұ-
рақтар және басқа да практикалық тапсырмалардың орындалу деңгейі мен ша-
мамен алғандағы саны кіреді. Қажетіне қарай бағдарламаның соңында ұсыныл-
ған әдебиеттер тізіміне сілтеме беріледі.
Егер сабақтың мазмұны тақырыптың құрылымына нақты сәйкес келіп,
міндетіне қарай түсініктемесі болса, құрастырушы-авторлардың қарастыруы
бойынша осы ұсынылған құрылыммен шектелуге болады.
2.9.4 Зертханалық сабақтар үшін тақырыптар тізімін көрсету жеткілікті.
2.9.5 СӨЖ тапсырмаларына дәрісханалық сабақтардан және студенттердің
оқытушымен өздік жұмыстарының тапсырмаларынан бөлек сұрақтар кіреді, со-
нымен қатар студенттерге тапсырмаларды орындау үшін әдебиеттер тізімін не-
месе бағдарламаның соңында ұсынылған жалпы әдебиеттердің тізіміне жасал-
ған сілтемелерді жүйелеу қажет. Міндетті түрде студенттердің уақыт бюджеті
есепке алынады. СӨЖ тапсырмаларын орындауға жіберілетін уақыт, пән
бойынша жоспарланған СӨЖ, бағдарламаның титул парағында көрсетілгендей
барлық дәрісханалық сабақтар түрлерінің дайындық уақыты жиынтығындағы
сағат санына сәйкес болуы керек.
2.9.6 Пәннің мазмұны модульдерге және құрылымдарға бөлінеді. Модуль –
ол өзіндік санаттық аппарат, ол арқылы басқа модульдермен және басқа пән-
дермен байланысты іргелі түсініктің бірі болып табылатын курстың негізгі құ-
рылымы. Пәнді оқытудың ерекшелігіне байланысты немесе сабақтардың бар-
лық түлерінің әрқайсысы (дәріс, семинар, практикалық және зертханалық са-
бақтар) модульдерге бөлінеді.
2.9.7 Әр модульде сабақтың түрлеріне байланысты мазмұнының сипатта-
масы беріледі, дәрісханалық сағаттардың көлемі, сабақтарды өткізудің аптасы
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 30.09.2013
Төртінші басылым
Оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасы туралы ереже
Р ҚМПИ 26-01-08
Беті: 6
(кесте бойынша), СӨЖ тапсырмалары, ағымдағы және аралық бақылаудың түр-
лері және оны өткізудің мерзімі көрсетіледі. Модульдерді қарастыру кезең
бойынша, студенттердің материалдарды игеру деңгейін жүйелі бақылаумен
жүргізіледі. Модульдік оқыту: студенттің модуль материалдарын кезең бойын-
ша игеру үдерісінде оқудың соңғы кезеңіне қарай, пән бойынша дайындық дең-
гейі мамандықтың мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес бола-
тындай жоспарланады.
2.9.8 Кезеңдік бақылауды жүргізудің түрлері (ауызша және жазбаша
коллоквиумдар, компьютерлік және жазбаша тест сұрақтары, жазбаша бақылау
жұмыстары, студенттердің пікірталаста қатысуларын бағалау, «дөңгелек
үстел», іскерлік ойындар, жағдаяттық міндеттерді шешулерін бағалау, экспеди-
ция және саяхат уақытын, бейнематериалдарды қарау және т.б. бақылаулардың
қорытындысы) кафедра мәжілісінде жұмыс бағдарламасын қарауда талданады
және анықталады.
2.10.Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі екі бөлімнен тұрады – негізгі және
қосымша әдебиеттер. Екі тізім де жаңа (жыл сайын жаңартылатын), студенттер
үшін қолжетерлік әдебиеттерден тұруы қажет. Негізгі әдебиет пән материалда-
рының барлық сұрақтарын қамтыған дереккөздердің минималды тізімдерінен
тұруы тиіс. Соның ішінде міндетті түрде мүмкіндігінше біржақты қабылдауды
жоятын, түрлі көзқарастарды қарастыратын сұрақтардан тұратын болу қажет.
Негізгі әдебиттер тізімін құруда, ЖОО-ның абонементінде және кітапхананың
оқу залында жеткілікті әдебиеттер саны болу жағдайы есепке алынады. Қосым-
ша әдебиеттер міндетті әдебиеттерге қарағанда ауқымдырақ келеді, бірақ ол да
шектен тыс шықпауы қажет. Бағдарламада жүздеген дереккөздер ұсынылып,
сонымен қатар оларды студенттердің қайдан алатынын білмеу жағдайлары
жіберілмеу керек.
Әдебиеттер тізімі қойылған талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
2.11.Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасына өзгерістер және қосымша
Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының өзгерістері және қосымшасы пән
бойынша (егер бағдарлама толық жаңартылмаса) жаңа ғылыми жетістіктер, қо-
ғамдық өмірдегі мемлекеттік және аймақтық жаңа жағдайлар, курс бойынша
жаңа әдебиеттердің басылымы, сұраныстардың талаптары, сонымен қатар ка-
федраның және бағдарламаны құрастырушы оқытушыларының жаңа қызығу-
шылықтары, әрбір оқу жылында өткізіледі, кафедраның мәжілісінде қарастыры-
лады және бекітіледі. Егер кафедраның мәжілісінде алдағы оқу жылында
бағдарламаға қосымшалар мен өзгерістер енгізудің міндетті еместігі туралы
шеөшім қабылданса, онда титул парағының келесі бетінде келісімді белгісі жа-
зылады.
2.12. Ескерту
2.12.1 Бағдарламалар түсінікті тілмен жазылу қажет.
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 30.09.2013
Төртінші басылым
Оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасы туралы ереже
Р ҚМПИ 26-01-08
Беті: 7
2.12.2 Күндізгі оқу бөлімінің жұмыс оқу бағдарламасына ұсынылатын бар-
лық талаптар, сырттай оқу бөлімдерінің бағдарламасын құрастыруда орындалу
керек.
Қосымша А
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
_____________________факультеті
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 30.09.2013
Төртінші басылым
Оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасы туралы ереже
Р ҚМПИ 26-01-08
Беті: 8
_______________________кафедрасы
«Келісілді»
«Бекітілді»
Факультет кеңесінің
Институттың
ғылыми-әдістемелік
кеңесінің
«____»_______20__ж. № ___ хаттамасы
«____»_______20__ж.
№
___
хаттамасы
Кеңес төрағасы_______________
Кеңес
төрағасы_______________М.Төлеген
ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
пән атауы ____________________________________
мамандығы____________________________________
оқу түрі___________________________________
кредит саны ____________________________________
Оқу түрі
күндізгі
сырттай
жалпы
орта білім
деңгей
інде (оқу
мерзімі 4
жыл)
қысқартыл
ған
техника
лық және
кәсіптік орта
білім
деңгейінен
кейінгі (оқу
мерзімі 3
жыл)
жалпы орта
білім
деңгейінде
(оқу мерзімі
5 жыл)
техникалық
және кәсіптік
орта білім
деңгейінен
кейінгі (оқу
мерзімі 3
жыл)
жоғары білім
деңгейінде
(оқу мерзімі 2
жыл)
ОЖЖ бойынша
сағаттар саны
Оның ішінде:
дәрістер
практикалық
(семинарлар)
зертханалық
СОӨЖ
СӨЖ
Емтихан
(семестр)
Пәннің бағдарламасы
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
( Т.А.Ә., қызметі, ғылыми атағы, дәрежесі)
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 30.09.2013
Төртінші басылым
Оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасы туралы ереже
Р ҚМПИ 26-01-08
Беті: 9
________________________________________________________ негізінде дайындалған
Кафедраның отырысында қарастырылған және ұсынылған
Хаттама № ___ «____»_________ 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі___________ Т.А.Ә _____________
Факультеттің әдістемелік бюросымен келісілген
Хаттама № ___ «___» ____________ 20___ ж.
Төрағасы_______________ Т.А.Ә.
Қайта бекіту туралы мәліметтер
№
оқу жылы
оқу пәнінің жұмыс
бағдарламасындағы
өзгерістер туралы
мәліметтер
қайта бекіту туралы
кафедра отырысының
күні мен
хаттамасының №
кафедра
меңгерушісінің
қолы
Достарыңызбен бөлісу: |