«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Оралман мәртебесін беру»



жүктеу 116,01 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі116,01 Kb.
#6594

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

29-қосымша



«Оралман мәртебесін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) оралман мәртебесін алуға алғаш рет жүгінген жағдайда –Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) ХҚО-ға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толық топтамасын көрсетілетін қызметші берушімен тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

Аудандық (қалалық) ХҚО-ға жүгінгенде құжаттардың топтамасын және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жеткізумен қамтамасыз ету үшін – 5 (бес) жұмыс күні;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, ХҚО-да – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған;

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚО – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) отбасы отағасы, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің өлшемi 3х4 санитметр екi-екіден фотосурет;

3) көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (ықтиярхат куәлігі, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәліктері және қазақ ұлтына жататынын растайтын тағы басқалары).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, оларға көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге орналастырылған және Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған (аттестат, диплом, білім алған туралы куәлік, еңбек кітапшасы және тағы басқалар), сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын құжаттар беріледі.

Салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаяннан басқа) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтінішті тіркеу туралы хабарлама беріледі;

ХҚО-да:
      1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:

      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;

      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;

      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімнің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі бойынша нақты жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс жолымен немесе қолына көрсетілетін қызмет беруші, әкімдік немесе ХҚО-ның кеңсесінде беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін

ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) ХҚО-ның - www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

«Оралман мәртебесін беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша
Нысан

__________________________

(жергілікті атқару органының атауы)

___________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

________________________________

(мекенжайы бойынша тұратын)

Оралман мәртебесін беру туралы

өтініш
Қазақстан Республикасының __________ облысында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) тарихи отанда тұрақты тұру мақсатында келумізге байланысты маған және менің отбасымның мүшелеріне оралман мәртебесін беруіңізді сұраймын.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:

1) жұбайы (зайыбы) ___________________________________________;

2) өтініш берушінің ата-анасы және зайыбы (ерлі-зайыптылар)

_______________________________________________________________;3) балалары (оның ішінде асырап алған) және олардың отбасы мүшелері

________________________________________________________________;4) некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалары, інілері мен апалары, сіңлілері

_______________________________________________________________Өтінішке мына құжаттарды қоса беремін:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.


20__ жылғы «___» ___________       ____________________________

(өтініш берушінің қолы)

Құжаттарды қабылдаған: ________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

20__ жылғы «___» _________ ____________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

«Оралман мәртебесін беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша


Нысан

(тегі, аты, әкесінің аты,

немесе қызмет алушыны мекемесінің атауы)

___________________________________

(қызмет алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат


«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекен-жайын көрсету қажет) мемлекеттік қызметтің стандартында айқындалған тізіміне сәйкес Сіз толық емес құжаттар топтамасын ұсыну себебінен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады (мемлекеттік қызметтің стандартына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауы көрсетілсін), яғни:

Ұсынбаған құжаттардың атауы:


  1. _________________________________;

  2. _________________________________;

  3. _________________________________.

Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарапқа бір данадан.

(ХҚО қызметкерлінің тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)


Орынд. Тегі, аты, әкесінің аты_____________________

Тел. __________________________________________



Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (қызмет алушының қолы)
20___ жылғы. «___» _______
жүктеу 116,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау