Тақырып Халықаралық жеке құқықтың түсінігі



жүктеу 18,72 Kb.
Дата17.01.2022
өлшемі18,72 Kb.
#33240
Тема 1, МЧП


Тақырып 1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі
Халықаралық жеке құқық – шетелдік элементтердің қатысуымен болатын мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін ұлттық заңдардың, халықаралық шарттар мен дәстүрлердің нормаларын біріктіретін кешендік құқық жүйесі.

Халықаралық жеке құқық нормалары шетелдік элементтері қатысуымен болатын азаматтық-құқықтық, отбасылық және еңбектік қатынастарды реттейді.

Шетелдік элементтер үш мағынада қолданылады:


  • Субъект ретінде (шетел азаматы, шетелдік ұйымдар немесе шет мемлекет)

  • Шетелде орналасқан объект ретінде

  • Шетелде орын алған оқиға, заңды деректер ретінде (зиян келтіру, шарт жасасу, қайтыс болу және т.б)

Халықаралық жеке құқық өзіндік реттеу объектісі, әдістерімен қағидалары, сол сияқты өзіндік ерекшелігі – коллазиялық нормалары бар бар дербес құқық саласы болып табылады. Құқық саласы ретінде жалпы, ерекше және халықаралық азаматтық іс жүргізу, яғни шетелдіктердің құқығын соттық қорғаудан тұрады.

Жалпы бөлім халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерін реттеу әдістері, коллазиялық нормалар туралы ілім, халықаралық жеке құқықтың қағидалары сияқты бірқатар ұғымдарды құрайды. Сол сияқты жалпы бөлімде халықаралық жеке құқық субъектілерінің құқықтық ережелері қарастырылады.

Ерекше бөлім мынадай бөлімдерден тұрады: меншік құқығы; есеп айрысу қатынастары; халықаралық тасымалдау; деликтік қатынастар; интелектуалдық меншік; мұрагерлік қатынас; еңбек қатынасы; халықаралық азаматтық іс жүргізу және коммерциялық арбитраж.

Халықаралық жеке құқытың бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде.

Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің интернацияландырудың обьективти процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернацияландырудың ең жаркын көрінісі ретінде жан - жакты экономикалық жане экономикалық – техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де XIX – XX ғасырда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі XX – XXI ғасырларда бұл тек тауар мен қызмен алмасу ғана емес, өндірістік қауымдастық, оның құрамына бірлескен кәсіпорындар мен өндірістер, бірлескен зерттеулер мен ізденістерді жүргізу кіреді.

Екіншіден, бұл жагдай – соғыстар мен түрлі сипаттағы қақтығыстарға байланысты , саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп – қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.

Үшіншіден, ғылыми – техникалық прогрес бір жағынан, комуникациядағығ кқлік жетістіктері арасында көптеген елдер өзара жақындасты, осының арөасында, жалпы адамзаттық қарым – қатынас дамыды, телерадио құралдары, бейнетехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер дүние жүзінде әр түрлі хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік береді; космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жагынан ғылыми – техникалық прогресстің кертертпа тұстары, атап айтқанда, Чернобль мен Ирактағы трагедиялар, қоршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп қана қоймайды.

Халықаралық жеке құқық үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе – халықаралық қатынастар гуманизациялануы болып табылад. Барлық мемлекеттердің – халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарында адам, оның жай – күй, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс.

Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұтастарынын да көрінеді.

Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орындары ерекше болып келеді.

Халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған.

Халықаралық жеке құқықтың мақсаты – әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.

Қатынастардың екінші бір тобы –шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуына болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық жеке құқыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.

Халықаралық жеке құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік жаәне мүліктік емес құқықтары турралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған кепіл болу халықаралық жеке құқықта басты орынға қойылады, әсіресе бұл аралас (шетелдің қатысуымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқық нормалары Қазақстандағы шетел азаматтарының шетел құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.

Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.

Халықаралықжеке құқық халықаралық жария құқықпен (не халықаралық құқықпен) тығыз байланысты. Халықаралық жеке құқық өз бетіндік, тәуелсіз құқық жуйесі болып табылады. Үстемдік етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сүйенсек халықаралық жеке құқық болып табылады.

Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары бір мақсат үшін – әр түрлі саладығы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғы шарттарын дайындау қызметін атқатуда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүлде: - осы жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекетаумағынан тыс туындайтытын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық жеке құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп тұрады. Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы - олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әртүрлігінде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сияқты саудалардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туындауына әкеліп соқтырады. Дегенмен олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынасты нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен панеттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жеке құқықтық реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.

Халықаралық жария құқықтан халықаралық жеке құқықтан тек озінің пәнімен ғана емес, сол субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемелекеттер халықаралық жария құқықтың негізгі субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін куресуші ұлттардыда осы топқа жатқызады. Ал халықаралық жеке құқықта қатысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар - бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар – бұл мемлекеттік ұйым, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.

Ендігі жерде халықаралық жеке құқықты халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық шарт халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық жеке құқықта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа ұшырайды.

Халықаралық жеке құқықта маңызды орынды (бұл халықаралық жария құқыққа барынша тәе қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.

Енді, халықаралық және құқықтық мәнін анықтағаннан кейін, оны құқықтық тұрғыдан алдыңғы түсінігіне байланысты пікірді қарастырған жөн.

Кеңестік дәуірінде осы ғылымның дамуының алдында тұрған сұрақтардың бірі халықаралық жеке құқық деген түсінікке байланысты болып табылған. Жалпы жағдайларда, лениндік түсінік – біз ешқандай жекелікті танымаймыз, бізде бәрі ортақ, сондықтан да, жария құқықтық деген түсінік қолданылуы керек деген де болды. Дегенмен де осы жеке құқық деген сөздің өзі тұтастай алғанда осы ғылымның ішкі мәнін және оның мазмұнын айқындап тұр, өйткені бұл сонау ерте римдік дәуірдегі құқықтарды жеке және жария деп бөлуді ары қарай дамытып отыр. Бұны Ульпиниан қалыптастырған болатын, оның айтуынша жария құқық мемлекеттің жағдайына байланысты, ал жеке құқық – жеке тұлғалардың құқықтарына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқықтағы халықаралық деген түсінік қазіргі кездің өзңне дейін даусыз болып келеді. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша халықаралық жеке барынша ішкі құқықпен тығыз байланыста бола отырып, құқық саласы ретінде танылады және ұлттық құқық жуйесінің бөлігі болып табылады. Ал енді сонғы авторлардың қатары құқық деген сөзге өздерінің қарсылығын білдірді, себебі олардың пікірі бойынша халықаралық жеке құқық ол реттеуші функциясы емес, тек қанап сілтемелік функцияны атқарушы болып табылады және мұндағы басты орынға коллизиялық ережелер ие деп тұжырымдалады.



Сонымен қатар, осы халықаралық жеке құқық деген түсініктеме өзгертулер еңгізуге байланысты жұмыстар одан әрі жалғасты. В.М. Корецкий өзінің «Очерки международного частного права» деген кітабында осы пәнді қамтиды, осы пәнді қамтиды деген 50-ден астампәннінатауын ұсынады. Олардыңқатарына келесі пәндерді жатқызуға болады:

1)халықаралық азаматтық құқық; 2) халықаралық шаруашылық құқық; 3) жеке құқықтық қатынастар; 4) халықаралық жеке құқық; 5) шетелдік құқықты қолдану; 6) халықаралық құқық қағидаларына сәйкес түрлі мемлекеттердің зағңдарын қолдану; 7) мемлекеттердің аумағынан тыс жерлерде құқықты тану; 8) құқықты тану; 9) шетелдіктердің жалпы жеке құқықтары; 10) бөлектейтін құқық; 11) жеке құқық саласындағы құқық конфликтерінің теориясы; 12) құқық конфликті т.б. Халықаралық жеке құқықтың мазмұнына аталған атаулардың қайсысы көбірек келетіндігін біз төменде көрсетілген бөлімдерден білуге боламыз, ал қазір біз халықаралық жеке құқық деген сөзді қолданған барынша дұрыс екендігін айта аламыз. Біздің отандық ілім халықаралық азаматтық-құқықтық, отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейді деген көзқарастар ұсынады. Осылайша, халықаралық жеке құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсібір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемелкеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да қозғап өту керек.
жүктеу 18,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау