Да п а л ы қ дүниетаны мы Әрбір ғалы м


бет31/94
Дата13.09.2023
өлшемі
#43348
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
b892

Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға,
демек, шен-шекпен үшін қызмет ету, халық мүддесін со- 
ған айырбастау — бұл да пысықтық. Бір нәрсені ескерген 
жөн, «иысықтық» ұлттық емес, әлеуметтік тип. Олар 
барлық халықтарда ұшырасады. Б ірақ біздің тарихы- 
мызда өзіміздің пысықтар зардабы өте ауыр болды. 
«Пысықтық» қ а з а қ топырағында өте қордаланып кетті, 
оның себебі, пысықтық рулық санаға жайғасып, одан 
рушылдықды өрбітті. Сөйтіп, мүлдем күшейіп, халық 
бойындағы дертке айналды. Өз халқын өзі жем еткен 
«пысықтарға» деген сүраныс әр заманда да болып тұр- 
ды. Бір орталыққа бағынған әкімшіліктің бюрократия- 
лық жүйесі «пысықтардан» қүралуы заңды да еді. Осын- 
дай «пысық-болыстың» бейнесін Абай былайша сурет- 
тейді:
Үрысса орыс,
Елге болыс
Үйден үрген итке үсап.
Үйден үрген ит ешқашан нағыз ит болып жарытқан емес. 
Абай заманында халық біртүтас елдіктен, үлттық мүд- 
дені нысанаға алып өзін-өзі басқаруынан айрылған бо- 
латын. Біртұтас қ а за қ жері жырымдалып губерниялар- 
ға бөлінді. Оның басында генерал-губернаторлар отыр- 
ды, одан кейінгі әкімшілікте патша чиновниктері болып, 
қа за қта р үлесіне болыстық тиді. Шоқан кезінде болған 
аға сүлтандық та бертін келе жойылды. Этнос мүддесі 
мемлекеттік тұрғыда қаралудан қалды. Сейтіп, консоли- 
даңия проңесіне тоқтау салынды, ұлттық даму тежелді. 
Осының зардабынан рушылдық өрбіді. Күн тәртібінде 
үлттық мүдде емес, ру мүддесі тұрды. Рулар жерге та- 
ласты. Ж ақсы жердің түгел дерлік игілігі отаршылдар 
қолында қалды. Қалған жерге рулар таласты. Жесір 
дауы, жер дауы деген әбден асқынды. Бұдан отаршылар 
еш қиындық көрмеді, қайта керісінше, рулар таласы
109


бүлар үшін екІ ж ақты қолайлы болды. Біріншіден, өз- 
өзімен араздасқан ел патшаға қарсы енді бас көтермей- 
тін болды, екіншіден, таласқан д ар әділдік іздеп, орыс 
чиновниктеріне келіп, ісім оқға бассын деп пара беретін 
болды. Абай айтқан «пысықтар», өз бас пайдасын ойла- 
ған болыстар-билер пайда болды. Абай портретін жаса- 
ған, отаршылдық халді басынан кешіп отырғанда саңы- 
рау қүлақтай өсіп-өнген «пысықтарды» сталинизм дик- 
татурасы кезінде «Ш олақ белсенділер» деп атаған. 
«Пысықтар» мен «шолақ белсеиділердің» үқсастықтары 
көп. Әсіресе, оларды туыстыратын тоғышарлық пен на- 
дандық. Бүл екеуі де халық мүддесі мен үлттық мүдде 
өз жеке бастарында аса қажетті болғанда ғана соның 
жоқтаушысы болып шыға келді. Ал қарақан басы үшін 
өз халқын сатып, үлттық қазына-байлығын тоздыру олар 
үшін түкке де түрмады. Пысықтар және шолақ белсен- 
ділердің іс-әрекеттері адамгершілік негіздеріне қарсы 
бағытталды.
«А ЛЛ А Д Е Г Е Н СӨЗ Ж Е Ң ІЛ »
Төрт шумақ өленде Абай біршама мәселелерді қоз- 
гағаи. Ол алдымен «Алла» дегенге үстірт, жеңіл қарау- 
дан сақтандырған. Алла тек ауызбен айтылған ақиқат 
емес, ол жүрекпен қабылданатын шындық. Алла туралы 
сөз айту дегеніміз кеңілдің шындығын талап етеді. Бүл 
бір мәселе. Келесі шумақта ақын «жүректің ақыл суа- 
ты, махаббат қылса тәңірі үшін» — деп, махаббат тура- 
лы сопылық дүниетаным түрғысында түсінік берген. Ма- 
хаббат иесі — Алла, оны үғыну үшін жүрек нәрленуі 
керек. Ол жайды Абай «жүректің асыл суаты» деген. 
Үшіншіден, Алла ақыл арқылы танылмайтын шындық 
екеніне баса назар аударған. Б ар нәрсені ақылмен тану 
мүмкін еместігін Батыс Еуропада көптеген ғүламалар 
айтқан. Бірақ, Абай бүл мәселеде Батыс ойшылдарына 
еліктеп түрғаи жоқ. Ол бар нәрсенің барлығы туралы 
ой айтқанда ислам дүниетанымынан тыс кетпеген. Ислам 
философиясында Алланы ақылмен танудың мүмкін емес- 
тігі әлденеше рет айтылған. Абай бүл жағдайды «ақыл- 
ға сыймас ол алла, тағрипқа (түсіну білу) тілім қысқа 
аһ!» — деп суреттеген. Тіл қысқалығы, ақыл мүмкінші- 
лігінің образды бейнеленуі. Бірақ, бар нәрсеге шүбә жоқ, 
себебі, оның барлығын жүрек арқылы сезбекпіз. «Ақыл 
мен хауас (сапа, түр) барлығын білмейдүр жүрек, се- 
зедүр» — яғни сезімдік таным Абай дүниетанымында
110


ерекіііе айшықталған. Осы басы аш ық мәселе туралы
өзінше қисынды ой айтпақ болғандарға «Бекер б осқа 
езедүр» — деп Абай үзілді-кесілді пікір айтқан. С ебебі, 
бар нәрсені жоқ деп қанш ама «ойшылдар», А бай тілім ен
айтсақ, босқа сөзді езіп, аяқ астынан мәселе тауы п, ақы л - 
сынғанды ақын оқып та көрген, олармен кездесіп те бай- 
қаған. Абай «Алланьщ» барлығы туралы тал асты бекер 
сөз етпеген. Ақын түсінігінде Алла шүбәсіз іиьіндық, дү- 
ниедегі бардың есімі.
«ҚАНЫ ҚАРА БІР ЖАНМЫН, ЖАНЫ ЖАРА»
Абай заманы, өзі, әрі түстастары туралы а қ и қ а т шын- 
дықты ашық айтқан. Өзі туралы көңілінің то қ кезі тек
жастық шағы. «Жасымда албырт өстім, ойдан ж ы р а қ » — 
деп, ол ойсыз өткерген өмірін ғана қаны қ а р а й м а ғ а н , 
жаны жараланбаған дәуірге ж атқы зған . Ал, сан асы са- 
раланып, ой кіргеннен бастап кешкен ғұмы ры — азап .
Өзін-өзі азапқа салу данышпандар болмысы. А қы лды
жаннық қайғысыз өмір кешуі мүмкін емес. О ны ң ү стін е 
ғүлама тек дана, ойшыл ғана болып қ а л м ай , періш теге 
қызмет ететін ақын. Абай әрі ойшыл, әрі ақы н, сонды қ- 
тан мынау қиюы кеткен түрмысты көріп отырып, ү л гісіз 
болашаққа қүлаш үрған еркін арман — қ и ял сы з, ж ете- 
леген жетім ботадай әлдебір күш тің ж етегін де кетіп 
бара жатқан халқын көргенде қандай а с қ а қ ш абы т, ро- 
мантика болуы мүмкін. Б ір а қ осы сөз болып оты рған
өленде Абай қоғам, халы қ туралы айтып оты рған ж о қ , 
бар мәселе жеке өзіне тіреліп түр. Р ас, бүны л и р и к а л ы қ
геройдьщ толғанысы ретінде түсіндірер әдеби етш ілер.
Жоқ олай емес. Бүл жерде мөселе л и р и к ал ы қ гер о й д а 
емес, тіпті қажет десеңіз осы өлеңде еш қан д ай л и р и к а
жоқ. Әрине, бүл жеке адамның (субъектінің) дүн иета- 
нымдық толғанысы және де әлдеқандай д ер ек сіз, аты - 
жөні жоқ біреудің емес, Абайдың нақты лы д үн иетан ы м - 
дық ой-түжырымдары. Ол ештемеге ал а ң бо л м ай , ә л е к
болмай, өзін ішқүса қылған ойлары н а қ тар а с ал га н . О ны
®зі де аңғарып өлеңді «Сырымды тоқтатайы н а й т а бер- 
мей» — деп аяқтайды.
Ақынды қинап отырған ж еке өз басы ны ң қ а й ғы с ы
болса, мәселе сонша күрделеніп «қаны қ а р а бір ж а н - 
мъін» — деп күңіренбес еді, ж ағд ай д ы ң аүы рлы ғы сон- 
Да-. 
осъінау бір қайғылы болмысты өзінен езге бір еу лер
түсінсе немесе ақынның айтқаны на еріп, оны т ы ң д а с а , 
тіптен болмаған ж ағдайда ойдағысын то л ы қ айты д ке~
\\\


туге ерік берсе ғой. Жоқ, не тьіңдамайды, не еркейді, 
не ақынға ерік бермейді. Сонда осыншама ойды, ерікті 
тұншықтырып тұрған не, әлде кім? Менід ойымша ол — 
Тағдыр.
Адам өзін-өзі жедуі ықтимал, ал тағдырын жеде ал- 
майды. Біз тағдыр дегенді сырттан танылатын күш деп 
қате түсініп келдік. Рас, тағдыр фаталистік мәндегі күш, 
бірақ бұл оныд бір элементі ғана, одан өзге тағдырды 
құрастыратын, жасайтын күштер бар. Абай солар тура- 
лы айтқысы келіп, шарасыздық білдіріп, өзін-өзі қина- 
лысқа салып қаныныд қарайғанын жасырмаған. Әрине 
тағдыр деген мынау екен деп Абай жіліктеп берсе, оған 
қарап біз тағдырға анықтама берсек, тағдыр ұғымын 
ойыншыққа айналдырған болар едік. Мәселе, олай емес, 
тағдыр адамды талқыға салады, оны толғандырады, ой- 
ландырады, қапаландырады, қуантады. Неге бұлай бо- 
лады деп бір сөзбен айтылатын жай емес. Жалпы мәсе- 
ленід тас-талқанын шығарып, оны түсінікті, үғынықты 
қылып тастауға әуестенушілік ақылдылықтыд белгісі 
емес. Ақылды адам ақылдыд шектеулігін сезінеді, сон- 
дықтан да ол тағдырды да, болмысты да өзінше жете 
түсіне алмай қапа болады. Бұл заддылық. Бірақ оны 
ұғып-түсінуге әркімнід өресі жете бермейді. Әлемдегі 
баршама құбылысты түсіндіріп берген адамды мен 
ақылды деп айта алмаймын. Ақылды адам әлемнід тыл- 
сым екендігін, яғни сол тылсым дүниедегі өз орнын анық- 
тауға ынталанған жан. Әлем сыры Алланыд құпиясы, 
объективті ғылым тілімен айтсақ, табиғаттыд құпиясы. 
Адамға табиғат (Алла) білмекке құмарлық берген. Бірақ 
қүмарлықты өлшеусіз беріп, білуді шектеген, сондықтан 
адам болмысында қүмарлық пен білместік арасында 
қайшылық бар.
Абай білмекке өте құмар жан, алайда ол өз құмар- 
лығын әманда тежеуге мәжбүр. Өйткені ол жүрегінід 
мұз болатынын, амалсыз тағдыр бір күн кез болатынын, 
өткір тілінід де мұқалатынын біледі. Ақын өзінід бұл 
өмірдегі орнын анықтауға тырысып бағады. Байыппен 
қараған кісіге ақын өмірден .түділмеген, бірақ өмірдіц 
мәнсіздігі туралы ой қозғаған «ішім толған у мен өрт, 
сыртым дүрдей, мен келмеске кетермін түк ©ндірмей»— 
деп кәдімгі Батыста айтып жүрген экзистенциализмге 
де салынған. Бұл жақсы ма, жаман ба, ақынды мақта- 
ғанымыз ба, әлде даттағанымыз ба? Ойлаймын, екеуі де 
емес. Әдгіме Абай дүниетанымы туралы, бұл мәселеніц 
қойылысы сонымен құнды. Бізге қажеті әлемге Абай
112


I көзімен қарау. Сол арқылы ақыңды тану. Абайдық өлең- 
деріндегі түсінігі күрделі, ал сол түсінікті түсіндіру мүм* 
кін емес, біздіц айтып отырғанымыз үнемі Абай түсінігі 
болып шықпауы заңды, себебі біз ақыннан кейін әлем- 
дік мәденнеттен өзге кітаптар оқыдық, философняның 
арғы-бергі тарихымен таныстық. Сондықтан Абайдан 
кейінгі айтылған ойлар ақынды талдауда еріксіз арала- 
са береді. Олар Абайды тануда кей сәттерде өте болыса- 
ды, ал кей мәселелерде бөгет жасайтындары бар. Мы- 
салы, Абайдың «Қаны қара бір жанмын, жаны жара»— 
деген ойын түсіндіруде қазіргі Еуропалық философияның 
еш қажеті ^жоқ. Қаным қарайды деп атам қазақ ертеден 
айтып келеді. Оның мәнісі бар. Қанның қараюы басқа 
тускен ауыр қайғыны білдіреді. Бүл қазаққа түсінікті 
қайғы тек жалғыз адамға ғана тән емес, ол қайғыны 
жүртшылық ортақ болып бөліседі. Абай болса өзге жүрт- 
тан оқшауланып «қаны қара бір жанмын» — деген. Мүн- 
да ол өзінің бір, яғни жалғыз екендігін баса айтып отыр. 
«Моласындай бақсының жалғыз қалдым тап шыным» — 
дейтіні де сондықтан.
Жалғыздық даралықтың, данышпандықтың белгісі. 
Мың сан адамдардың ішінде жүріп жалғызсырау, ол 
адамның өзгелерден тым ілгері кеткендігі, теңін таппа- 
ғандығы, айтқан сөзін естір қүлақтың болмағандығы. 
Жалғыздық Абайдың рухани күйзелісі, оның қанын қа- 
райтып, жанын жаралап түрған да сол.

жүктеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау