Д.Қ. Естаева «Ӛнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» Оқу-әдістемелік құрал Жезқазған 2020 2



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет4/65
Дата18.10.2022
өлшемі1,03 Mb.
#39722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу книга

нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай 
мемлекеттік қоры 
да бар.
Ӛнімнің сипаттамасы мен дайындаушылары туралы 
ақпаратты 
өнімді каталогтау жүйесінде
табуға болады.
Өнімді белгілі бір белгілер бойынша тану
оны сәйкестендіру негізінде 
жатыр. Ӛнім мен процестер қауіпсіз болуы тиіс, яғни қауіпті факторды іске 
асыру ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық дәрежесін ескере 
отырып, адамның ӛміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде 
ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтірумен байланысты жол 
берілмейтін тәуекел жоқ.
Ӛнім жобалау, ӛндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, ӛткізу, жою 
және кәдеге жарату процестерін қамтитын ӛмірлік циклмен сипатталады.
Ӛңірлік ұйым қабылдаған стандарт тұтынушылардың кең ауқымына 
қол жетімді – 
өңірлік стандарт
.
Өтініш беруші
аккредиттеуге және аудитке ӛтінім беруге құқылы. 
Процесс берілген нәтижені алу бойынша жұмысты, сондай-ақ ӛмірлік цикл 
үрдістерін қамтиды.



Өнімнің сәйкестік белгісі
, яғни ӛнімнің, қызметтің, техникалық 
регламенттерде, стандарттарда және ӛзге де құжаттарда белгіленген 
талаптарға сәйкестік рәсімдерінің ӛтуі туралы сатып алушыларды хабардар 
ету үшін қызмет ететін белгісі болуы тиіс.
Сертификаттау
- сәйкестікті растау жӛніндегі орган ӛнімнің, 
кӛрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша 
куәландыратын рәсім. 
Сәйкестік сертификаты
ӛнімнің, кӛрсетілетін қызметтің техникалық 
регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың және ӛзге де 
құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландырады.
Айналымға шығарылатын ӛнімнің, қызметтің белгіленген талаптарға 
сәйкестігі туралы дайындаушы Декларациямен растайды. Ӛнімнің, 
кӛрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа сәйкестігін (сәйкестік 
декларациясы немесе сәйкестік сертификаты түрінде) растау ерікті және 
міндетті болуы мүмкін.
Сәйкестікті растауды, аккредиттеуді, тауардың шығарылған елін, 
кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындауды 
сарапшы-аудиторлар, яғни уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен 
аттестатталған жеке тұлғалар орындайды. Сәйкестікті растауды 
белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға да орындай алады. 
Сәйкестікті растау нысаны нәтижелері ӛнімнің, кӛрсетілетін қызметтің 
техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген 
талаптарға сәйкестігіне дәлел ретінде қаралатын іс-қимылдар жиынтығына 
негізделген.
Стандарт 
- кӛп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық 
реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды 
белгілейтін құжат. Стандарттаудың кӛмегімен нақты бар және әлеуетті 
міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, кӛп мәрте және ерікті пайдалану 
үшін ережелерді белгілеу арқылы ӛнімге, кӛрсетілетін қызметке және 
процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне 
қол жеткізіледі.
Аймақтық стандарттау
ұйымы тек бір аудан үшін ғана 
географиялық немесе экономикалық болады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитет 
- стандарттарды 
әзірлеу және бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары 
бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу үшін 
ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультативтік-кеңесші 
орган.
Сынақ зертханасы
(орталығы) – бұл заңды тұлға немесе оның атынан 
әрекет ететін, зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлғаның 
құрылымдық бӛлімшесі.



Техникалық кедергі 
- техникалық регламенттер мен стандарттардағы 
талаптардың айырмашылықтары немесе ӛзгермелілігі салдарынан 
туындайтын кедергі.
Техникалық регламент 
- ӛнімге және (немесе) олардың ӛмірлік 
циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, 
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына 
сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Техникалық реттеу
- санитарлық және фитосанитарлық шараларды 
қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу жӛніндегі қызметті және 
белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды қоса алғанда, 
ӛнімге, кӛрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті 
талаптарды айқындауға, белгілеуге, қолдануға және пайдалануға 
байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.
Ұйым стандарты
- ұйым дербес бекіткен стандарт.
Үйлестірілген стандарт
- техникалық регламенттерде белгіленген 
талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт. 
Үкіметтік 
емес 
стандарт
– 
Қазақстан 
Республикасының 
коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт. 
Халықаралық стандарт
- стандарттау жӛніндегі халықаралық ұйым 
қабылдаған және тұтынушылардың кең тобына қол жетімді стандарт. 
Шет мемлекеттің стандарты 
- шет мемлекеттің стандарттау 
жӛніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың кең тобына 
қолжетімді стандарт.
Бақылау сұрақтары:
1) Стандарт және стандарттардың негізгі түрлері.
2) Сертификаттау, сәйкестік сертификаты.
3) Кедендік реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне қандай 
стандарттар кіреді, ал қандай стандарттар енгізіледі?
4) Стандарттау бойынша қандай ұйымдар бар және ӛңірлік стандарт 
деген не?
5) Сәйкестікті растау, декларация, сәйкестік сертификаты. 

жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау