Д.Қ. Естаева «Ӛнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» Оқу-әдістемелік құрал Жезқазған 2020 2


Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет6/65
Дата18.10.2022
өлшемі1,03 Mb.
#39722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу книга

2. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және 
қадағалау 
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде 
белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және 
қадағалауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен 
қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті ӛзге де мемлекеттік органдар және 
олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады. 
Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, олардың лауазымды 
адамдары ӛнімді ӛткізу сатысында ӛнімге қатысты мемлекеттік бақылауды 
және қадағалауды жүзеге асырады. 
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті 
мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары: 
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ӛз 
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау және 
қадағалау бойынша іс-шаралар жүргізеді; 
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Техникалық реттеу 
саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сай 
келмейтін ӛнімді сатуға жол бермеу және жолын кесу бойынша ықпал ету 
шараларын қабылдайды. 
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде 
белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау 
объектілері ӛнім, процестер, сәйкестікті растау жӛніндегі органдар және 
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актінің күші 
қолданылатын зертханалар болып табылады. 
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын 
лауазымды адамдарға: 
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау 
жӛніндегі бас мемлекеттік инспекторы-уәкілетті органның басшысы; 
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау 
жӛніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті 
орган басшысының орынбасарлары; 
- облыстардың және қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау 
жӛніндегі бас мемлекеттік инспекторлары-аумақтық органдардың 
басшылары; 
- облыстардың және қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау 
жӛніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары-аумақтық 
органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық 
бӛлімшелерінің басшылары; 


10 
- мемлекеттік бақылау және қадағалау жӛніндегі мемлекеттік 
инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары. 
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын 
лауазымды адамдар ӛз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген 
тәртіппен аттестатталуға тиіс. 
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын 
лауазымды адамдардың құқықтары: 
- тексеру тағайындау туралы нұсқаманы және қызметтік куәлікті 
кӛрсеткен кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін 
кедергісіз қол жеткізуге; 
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 
жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу 
үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуға; 
- жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, ӛлшеу) жүргізуге 
арналған шығындарды бюджет қаражаты есебінен жатқыза отырып, 
мемлекеттік бақылау және қадағалау үшін ӛнімнің сынамалары мен 
үлгілерін іріктеуді жүргізу; 

ӛнімді 
ӛткізу 
сатысында 
ӛнімді 
дайындаушылардың 
(орындаушылардың), 
сатушылардың 
ӛнімнің 
техникалық 
реттеу 
саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға 
сәйкестігін растайтын сәйкестік туралы декларацияны немесе сәйкестік 
сертификатын немесе олардың кӛшірмелерін, егер мұндай құжаттарды 
қолдану Техникалық реттеу саласындағы тиісті нормативтік құқықтық 
актіде кӛзделген болса, ұсынуын талап етуге; 
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде 
белгіленген талаптарды бұзуды жою немесе бұзушылық сипатын ескере 
отырып белгіленген мерзімде ӛнімді сатуға тыйым салу туралы нұсқама 
беруге: 

ӛнімнің 
техникалық 
реттеу 
саласындағы 
нормативтік 
құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 

сәйкестігі міндетті расталуға жататын ӛнімге сәйкестік 
сертификаттары (сәйкестік сертификаттарының кӛшірмелері), сәйкестік 
туралы декларациялар (сәйкестік туралы декларациялар кӛшірмелері); 

ӛнімнің сәйкестік белгісімен таңбалануы, оған құқығы жоқ; 

ӛнімнің 
техникалық 
реттеу 
саласындағы 
нормативтік 
құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған 
жағдайда берілген сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестік 
сертификаттарын тіркеуді тоқтата тұру және (немесе) күшін жою; 

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық 
актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ӛнімді ӛткізетін 


11 
тұлғаларды 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарына 
сәйкес 
жауапкершілікке тарту; 

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен 
сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда ӛнімді жою 
жӛніндегі комиссияларға қатысу; 

дайын ӛнімнің техникалық реттеу саласындағы нормативтік 
құқықтық актілерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда ӛнімнің ӛмірлік 
циклінің кез келген сатыларында Сәйкессіздік себептерін тексеруді 
ұйымдастыру; 

Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
белгіленген 
тәртіппен сотқа жүгіну. 
Нұсқамаларға қол қою құқығы бас мемлекеттік инспекторларға 
тиесілі. Нұсқамалардың нысандарын және оларды беру тәртібін уәкілетті 
орган белгілейді. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын 
мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамалар барлық 
жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын 
лауазымды адамдар: 
- мемлекеттік бақылау және қадағалау жӛніндегі іс-шаралар 
барысында Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы 
заңнамасын 
қолдану 
жӛнінде 
түсіндіру 
жұмыстарын 
жүргізу, 
дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу 
саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер туралы 
хабардар ету; 
- коммерциялық және заңмен қорғалатын ӛзге де құпияны сақтау; 
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік 
бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға; 
- жүргізілген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері негізінде 
анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау. 
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын 
лауазымды 
адамдардың 
әрекеттеріне 
(әрекетсіздігіне) 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін. 
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын 
лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының, егер мұндай 
жағдайлар олардың лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты болса, 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ӛмірі мен денсаулығына 
келтірілген зиянды ӛтетуге құқығы бар. 
Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттік 
бақылау және қадағалау жӛніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде ӛздерінің 
қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған 
жағдайда және құқыққа қарсы іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасалған 


12 
жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға кінәлі мемлекеттік 
бақылау және қадағалау жӛніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын 
мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған 
шаралар туралы мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделері 
бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға бір ай ішінде хабарлауға 
міндетті. 
Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы) 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.: 
- нарықта сатылатын ӛнімдердің, қызметтердің қауіпсіздігі үшін; 
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен 
белгіленген талаптарды бұзғаны үшін; 
- мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органның 
ұйғарымдары мен шешімдерін орындамағаны үшін. 
Ӛнімнің, кӛрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы 
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі 
нәтижесінде азаматтың ӛміріне, денсаулығына немесе мүлкіне не заңды 
тұлғаның мүлкіне келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық 
заңнамасына сәйкес ӛтелуге жатады. 

жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау