Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет82/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92

179
əлеуметтік  институт  ретінде  жəне  қазіргі  қоғамның  инновациялық  жүйесінің
негізі  ретінде  қабылданады. Ғылым  философиясының  мақсаттары: философия
мен  ғылым  арасындағы  қатынастардың  механизімін  іздеу; əртүрлі  ғылымдар
мен  ғылыми  теориялардың  философиялық  мəселелері  мен  философиялық
негіздерін  зерттеу; ғылым, мəдениет  пен  қоғамның  өзара  қарым-қатынасын
анықтау. Қазіргі  ғылым  философиясының  негізгі  салалары: ғылым
онтологиясы, ғылым  гносеологиясы, ғылым  методологиясы  мен  логикасы,
ғылым  аксиологиясы, жалпы  ғылым  əлеуметтануы, ғылыми  қызметтердің
экономикалық  жəне  құқықтық  реттеуінің  жалпы  сұрақтары, ғылыми-
техникалық саясат пен ғылым меңгеруі.
Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы
əрі  нақты  мəліметтер  жиынтығы, олардың  адам  санасында  дұрыс, объективті
бейнелеуі.
Ғылыми  білім  рухани  дүниенің  құрамдас  бөлігі  есебінде  қашанда
жүйелілігімен, қисын  тұрғысынан  ұйымдасқандығымен  жəне  теориялық
сипатымен  ерекшеленеді. Ғылыми  білім  ғылыми  қиындықтар  мен
қайшылықтары  мол  ізденістің, шығармашылық  іс-əрекеттің  барысында
туындап, жинақталып  жүйеленеді. Əрі  ол  таным  процесінің  күрделі  нəтижесі
болып табылады.
Ғылым  тарихы  мен  философиясы  ғылыми  білімнің  тарихи  дамуы,
құрылымы жəне өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми
білімнің  эволюциясы  туралы  сұрақтарды  зерттейтін  философия  шеңберінде
қалыптасқан өзгеше сала, пəн.
Экстернализм бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына
сыртқы  əлеуметтік-экономикалық  факторлар  əсер  етеді  жəне  əскери  істің
қажеттіліктері  себеп  болады. Оның  өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А.
Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев
т.б. Яғни ғылымға əсер ететін - қоғамның сұранысы.
Интернализм - бұл  тарихи-ғылыми  ағым  бойынша  ғылымның  дамуы
ғылыми  идеялардың  өзіндік  заңдылығымен  негізделген  тарих. Өкілдері:
А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер  т.б. Өзінің
қорытындыларына  қарамай, интерналистер  ғылымның  нəтижелері  нақты
ғалымның іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады
деп тұжырымдайды.
Мəдениет - құндылық, процессуалдық, пəнділік  пен  нəтиже  түрінде
анықталған  адамзаттың (əлеуметтік) іс-əрекеті; өндіріс  қарулары  мен
құралдарынан, ғимараттар, əлеуметтік  институттар  мен  саяси  мекемелерден
бастап  тіл, өнер, дін  жүйелері  мен  ғылыми  шығармалары, адамгершілік  жəне
құқық  нормаларына  дейін  адамның  бүкіл  материалдық  жəне  рухани  мақсатты
қызметін қамтиды.


180
Өркениет - қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің
бастауында қоғамды өзіндік негізі жəне ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын
деңгейі жатыр.
«Өркениеттілікті» біз  қоғамның «жасамды» технологиялар  арқылы
қызметі  мен  дамуы  деп  түсінсек, сондай  да  рационалды  жоспарлауға,
қоғамдандыруға, қызметтерінің  нəтижелерін  өзі  анықтауға  негіздейтін
«өркениеттіліктің» мақсаттылығы  мен  кооперациялығы  жəне  еркіндік  сəттері
дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ықтимал түрінде автономды
жəне рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда.
Өркениет  пен  мəдениеттің  бағыттарын  ажырата  білу  қажет. Өркениет -
құралды  болса, мəдениет - адамгершілік  пен  ақылдың  биіктігі. Өркениетті -
былжырақтық, ал  мəдениетті - дүниеқорлық  бұзады. Мəдениет - даңққа,
өркениет - батырлыққа шақырады. Мəдениет талап етеді, ал өркениет борышын
атқарады. Мəдениет  рухани  маңыздылығымен  үстемді, ал  өркениет -
материалдылығымен бағындырады. Мəдениет тұтқасы - рухтың мұқияты болса,
өркениеттің тұтқасы - ұйымдастыру болады.
Дəстүрлі қоғам (индустриалды қоғамға дейін, қарапайым қоғам) - өзінің
мағынасында  дəстүрлі  əлеуметтану  мен  мəдениеттануда  адамзаттың
индустриалды даму кезеңге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын
ұғым. Бəріне  ортақ  дəстүрлі  қоғам  туралы  теория  жоқ. Ол  туралы  түсінік
негізінде  қазіргі  əлеуметтік-мəдени  модельге  ассиметриялы  түсінік  болады;
яғни, оны  индустриалды  өндіріспен  айналыспайтын  халықтардың  өмірінің
нақты фактілерін генерализациялау деген түсінік. Заттық қатынас мүлдем жоқ,
немесе  азғантай  əлеуметтік  таңдаулылардың (элитаның) жіктік  қажеттілігін
қанағаттандыруға  арналған. Əлеуметтік  қатынастың  құрылысының  негізгі
қағидасы  қоғамның  қатаң  иерархиялық  стратификациясы  болып  табылады,
сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі əлеуметтік қатынастарды
құрастыратын  түрі - жабық, бəрінен  ақшақталған, жабық  қауым. Осы
жағдаймен  мінез-қылықтың  дəстүрлі  нормаларын  қатал  түрде  ұстану  түбінде
тұлғаның  индивидуалды  белсенділігі  мен  құндылығын  жояды. Осының
салдары: əлеуметтік  жинақтың  мүмкіндігін  жоққа  шығарады; саяси  билік  бір
каста, клан, жан ұяның қолында жұмылдырылады; жазбаша  өнердің жоқтығы,
немесе ол нақты жоғары шенеуніктер мен абыздардың артықшылығы. Сонымен
қатар, жазу  көбінесе  қарапайым  тілдермен  емес, ерекше  жоғары  тілдермен
дамиды (орта  ғасыр  Еуропада - латын  тілі, Таяу  Шығыста - араб  тілі, Арғы
Шығыста - қытай тілі). Сөйтіп, мəдениетті ұрпақтарға жеткізу (трансляциялау)
вербальды, фольклор  түрінде болған; негізгі əлеуметтік институт - жанұя. Ұлт
туралы  қазіргі  теорияларда  дəстүрлі  қоғам  деген  ұғым  кездеспейді, оның
орнына «аграрлы» немесе «аграрлы  жазбаша  қоғам» деген  ұғымдар  кең
қолданылады (Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч).
Техногендік  қоғам (батыс  өркениеті) - ХV-ХVІІ  ғғ. Еуропа  аймағында
пайда  болған  техногендік  қоғамдар. Оның  даму  жылдамдығы  өте  жоғары.
Негізгі  қабылданған  ережелерді  жаңа  түрде  құрастыру  мен  жаңаландыру


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау