Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет71/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92

155
1989 жылы  Еуропада, Ядролық  сынақтар  бойынша  еуропалық  кеңес
(CERN) қабырғаларында  Бүкілəлемдік  тор  концепциясы  пайда  болды. Оны
əйгілі  ағылшын  ғалымы  Тим  Бернерс-Ли  ұсынды, ол  екі  жыл  ішінде HTTP
протоколын, HTML тілін жəне URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен  бəсекелестікке  шыдай
алмай, өз  жұмысын  тоқтатты. Осы  жылы  Интернетке  телефон  арқылы
қосылудың сəті түсті (Dialup access).
1991 жылы  Бүкілəлемдік  тор  Интернетте  пайда  болды, ал 1993 жылы
əйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды,
енді  Интернеттің  барлық  траффигін  маршрутизациялаумен  Ұлттық  ғылыми
қордың  суперкомпьютерлері  емес, желілік  провайдерлер  айналыса  бастады.
Осы  жылы  Бүкілəлемдік  тор FTP  арқылы  файлдарды  тасымалдау  протоколын
трафик  жөнінен  басып  озып, Интернеттегі  ақпарат  тасымалдаудың  негізгі
көзіне айналды, Бүкілəлемдік  тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкілəлемдік
тор  Интернетті  өзгертіп, оның  қазіргі  заманғы  бет-бейнесінің  қалыптасуына
əсер  етті  деп  айтуға  болады. 1996-жылдан  бастап, Бүкілəлемдік  тор  Интернет
түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1990-жылдары  Интернет  сол  уақыттағы  желілердің  көпшілігін  біріктірді
(Фидонет сияқты  кейбір желілер интернет құрамына  кірген  жоқ). Интернеттің
техникалық  стандарттары  ашық, ал  оны  басқаратын  белгілі  бір  компания  жоқ
болғандықтан, интернеттің  дамуы  жекелеген  желілердің  бірігуіне  көп  əсерін
тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам
домендік  аттар  тіркелді. Интернет  ақпарат  алмасудың  ең  танымал  құралына
айналды.
1998 жылы рим папасы  Иоанн Павел II Бүкілəлемдік Интернет Күнін 30
қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі  кезде  Интернетпен  тек  қана  компьютерлік  желілер  арқылы  емес,
сонымен  қатар, байланыс  спутниктері, радиосигналдар, кабельдік  теледидар,
телефон, ұялы  байланыс, арнайы  оптикалық-талшықтық  желілер  жəне  электр
желілері арқылы да байланысуға болады.
Интернеттің жетістіктері
Интернет  технологиясы  жылдам  өзгеріп  отырады. Интернетпен  жұмыс
істеу  оңайланғандықтан, қазіргі  өзгерістер  торапты  кім  немесе  қандай
мақсатпен  қолдануында  болып  отыр. Дегенмен, «Web-тен  білгім  келген  нəрсе
туралы, информация  таба  аламын  ба?» - деген  сұрақ  туындайды. Сол  себепті
бір  жаққа  телефон  соғудан  бұрын  немесе  кітапханаға  барар  алдында Web-тен
информация алады.
Адамдарды  іздеу.  Егер  қажетті  адамыңыздың  қайда  екенін  білмесеңіз,
оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін
сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді  немесе  басқа  да  қызметтерді  іздеу. Сары


156
парақ (Yellow Page) атты  жаңа  каталог  қызметі- сізді  қызықтыратын
мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез
табу үшін сіз сол облысқа сəйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз
жетпей жүрген затыңызды да табуға болады.
Зерттеу.  Заң  кенселері  бұрын  қажетті  информациялар  үшін  сағатына
$8600 төлесе, қазір  олар  оны  Интернеттен  өте  аз  бағаға  ала  алады.
Жылжымайтын  заттармен  айналысатын  фирмалар, олардың  бағасын  бағалау
үшін  Интернетке  сай  келетін  демографиялық  мəліметтерді  пайдаланады.
Ғалымдар  өздерінің  соңғы  зерттеу  нəтижелерімен  ауысады. Интернет
көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.
Білім.  Мектеп  мұғалімдері  бүкіл  əлемдегі  оқыту  программаларын
бақылап  отыра  алады. Колледж  оқытушылары  өз  шанырақтарымен
электрондық  почта  арқылы  хабарласып, сонымен  қатар  телефонмен  сөйлесу
ақысын  үнемдейді. Студенттер  компьютерде  курстық  жұмыстарын  жасайды.
Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын жəне
басқа да қажетті материалдарды алуға болады.
Сапар.  Үлкен, кіші  қалалар, штаттар  жəне  бүкіл  мемлекеттерді Web-те
туристік жəне басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар
шегушілер  ауа  райы  туралы  мəліметтерді, транспорт  қозғалысының  уақыт
кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мəліметтер ала алады.
Маркетинг  жəне сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы
компаниялар  өз  өнімдерін  сатып, желіде  жаңа  нұсқаларын  ұсынады. Желі
көмегімен  басқа  да  түрлі  өнімдер  сатылады. Электронды  кітап  жəне
грампластинка  дүкендерде  оперативті  режимде  істейді. Клиент  өзіне  қажетті
мəліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық  сақтау.  Науқас  адамдар  мен  дəрігерлер  денсаулық  сақтау
облысындағы  соңғы  ашылған  жаңалықтарды  біліп  отырады. Өз  білімдерімен
алмасып  жəне  медициналық  мəселелерді  шешуде  бір-біріне  көмектесіп
отырады.
Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға
жібереді. Кейбір  компаниялар  өздерінің  акцияларын  оперативті  режимде
ұсынады. Осылайша инвесторлар жаңа өнеркəсіптерді, ал өнеркəсіптер капитал
табады. Конференция  жəне  аукциондарды  ұйымдастырушылар  хабарлама
жасау, өтініш  жинау  немесе  қатысушыларды  тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те
жасайды. Мұнда  информация  барлық  уақытта  жаңарып  отырады, мұнда
қағазды жəне транспорт шығынын əлдеқайда үнемдеуге болады.
Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы айтып,
басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.


157
Қазақстандағы Интернет
1998 жылы  наурыз  айының  басында  Республика  телекоммуникациялық
компанияларының  басқаруымен  телекоммуникация  ассоциациясы  деген  жаңа
ұйым пайда болды .
Коммерциялық  емес  құрылымның  шығу  мақсаты - кəсіпорынның
іскерлігін 
байланыстыру, желілер 
телекоммуникациясының 
дамуын,
ақпараттық технологияны пайдалану жəне байланыс қызметін ұсыну.
Ассоциацияның негізгі сан есебінде: отандық жəне шетелдік операторлар
арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету көзделген.
Осыған  орай - тұтынушылар  мен  қолданушылар  арасындағы  қызметті  де
қамтиды.
Мұнда  электрондық World Wide Web - тің  өсуімен  қоса, көптеген
қызықты  жəне  арнайы  сайттар  пайда  болуда. Соңғы  уақытта  əртүрлі
анықтамалар, каталогтар  жəне  мəліметтер  қоры (солардың  ішінде  неше  түрлі
керекті  тақырыптар  ақпараты  бар) кіре  бастады. Мысалы, сайтта  өзіңізге
керекті  Голливудта  түсірілген  фильмді  таңдап  алып, сол  фильм  туралы  толық
анықтама  алуға  болады. Оның  жанрын, актерлік, режиссерлік  бөлімін  жəне
фильмнен  бірнеше  кадрларын  көрсетіп  шығарады. Сол  жерден  сізді
қызықтыратын  кино  актерлері, режиссерлері  жəне  дыбыс  операторлары
жайында толық мəлімет ала аласыз.
World Wide Web - қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі. Оны
көбіне  Интернетпен  теңдестіреді, бірақ  шын  мəнінде  бұл  оның  көптеген
қызметтерінің  бірі. Бір Web-серверде  бірнеше  сайттар  болуы  мүмкін.
Электронды Web - құжаттарды  принтерде  басу  үшін  емес, компьютер
экранында  қарап  шығуға  арналған. Web-парақтарды  қарап  шығуға  арналған
программалар браузерлер деп аталады .
World Wide Web түп-түгел  гипермəтіндерден  тұрады. Гипермəтін -
мəтіннің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық түрде ұсынылған мəтін.
Бізге кенеттен бір файл  керек болып қалды делік, оның  қай  жерде  екені
бізге  белгілі  болсын. Енді сол файлды  өз компьютерімізге  қалай  əкелу  жолын
қарастырайық. Мұндай  мақсат  үшін  файлды  тасымалдау  протоколы  деп
аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol-FTP).
FTP-серверінің  мəліметтерімен  қатынас  жасау  үшін  əркім  стандартты
кіру  сұхбатын  орындау  керек. Оның  бір  мысалы  мынадай  болу  керек: Open
named password-FTP - серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
- Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау,
- Қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonymous,
- Password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі.


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау